Бекмаханұлы Ермұхан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2015 в 14:59, реферат

Краткое описание

Ермұхан Бекмаханов 1915 жылы ақпанның 15 жұлдызында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағыпедагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатарАлматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған. 1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бекмаханұлы Ермұхан.doc

— 73.00 Кб (Скачать документ)

Кенесары көтерілісінің жеңіліс табуы себептерін тыңғылықты зерттеу айрықша маңызды, өтпелі қозғалыстың сипатын және оның сөзсіз жеңілетінін айқындаушы әлеуметтік-экономикалық және саяси жәйттардың бүкіл жиынтығы айнадан көргендей көз алдына келмекші. Кенасары өз талпыныстары, оның халқын біріктірмек болған қаракеті жол тауып, болмайтын кедергілерге кездескен. Қазақтардың феодалдық бытыраңқылығы және феодал басшы топпен өкімет билігіндегілер үсті-үстіне қоздырып отырған руаралықкүрес Кенесарының барлық бастамаларына қатты кедергі жасады.

Бұқара халықтың отарлауға қарсы пиғылын айқын көрсеткен Кенесары көтерілісі қазақ халқының тарихында оңға бастар роль атқарды. Көтеріліс бұқараны саяси тәрбиелеудің тамаша мектебі болып табылады. XIX ғасырдың 50-60 жылдары болған бұдан кейінгі көтерілістер нақ осы күрестің негізінде дамыған-ды. В.И.Ленин жазғандай: «Бұқараны шын тәрбиелеу бұқараның өзінің дербес саяси және революциялық күресінен ешқашан бөліп алынуы мүмкін емес, қаналған тапты тек күрес қана тәрбиелейді, тек күрес қана оның күшеюінің шамасын өзіне аңғартады, оның ой-өрісін кеңейтеді, оның қабілетін көтереді, оның ақыл-ойын саралайды, оның ерік-жігерін шыңдайды».


Информация о работе Бекмаханұлы Ермұхан