Бекмаханұлы Ермұхан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2015 в 14:59, реферат

Краткое описание

Ермұхан Бекмаханов 1915 жылы ақпанның 15 жұлдызында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағыпедагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатарАлматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған. 1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бекмаханұлы Ермұхан.doc

— 73.00 Кб (Скачать документ)

Бекмаханұлы Ермұхан (1915.2.15, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 1966.5.6, Алматы) — Ермұхан Бекмаханов 1915 жылы ақпанның 15 жұлдызында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағыпедагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатарАлматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған. 1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды. Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылыМәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымов бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды.[1] Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпейЖамбыл облысы, Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы дайын болды. Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тыңалыстағы лагерінің біріне айдалды. Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты. ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі А.М.Панкратованың бага жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі "Наука" баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді. Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше- корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Бірнеше жас ғалымдарды даярлауда ат салысты. Шәкірттері бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылыми өмірін жалғастыруда. Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары "Қазақ университеті" (қазіргі "Санат") баспасынан жарық көрді. Ермахан Бекмаханов жөнінде Халық қаһарманы, академик Шапық Шөкин былайша еске алған: "Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы Ермахан Бекмаханов уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан. 1947 жылы Қазан төңкерісінің 30 жылдығына байланысты Одақтық Академия бойынша үлкен салтанатты кеңес өтуі керек болатын. КСРО ҒА-ның басшысы Вавилов Сәтбаевқа телефон соғып, Қазақстан тарапынан баяндама жасайтын адамды айтуды сұрайды. Қаныш Бекмахановты ұсынады. Жиналыста қағазсыз сөйлеген жас баяндамашыға ғалымдар таң-тамаша болады".

Қазақстан тарихының айрықша көңіл аударарлық кезеңдерінің бірі XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы мүлде дерлік зерттелмеген. Ал, шындығында нақ осы 30 жылда қазақ халқының содан былайғы тағдырын айқындайтын оқиғалар болған еді. 20 жылдарда патша үкіметінің билігі Қазақстанда мықтап тұрып орын тепті, ал хан билігі бір уақытта, Орта жүзде, «Сібір қырғыздары туралы жарғының» (1822ж.) енгізілуімен және Кіші жүзде 1824 жылғы реформамен жойылған еді.

Алайда, 30 жылдардың аяғында қазақ мемлекетін құруға жаңадан тағы да бір талпыныс жасалды. Патшалы Ресейге бағынамыз ба, әлде Орта Азия хандықтарының қол астында боламыз ба, – деп ұзақ жылдар бойы толғанып келген қазақ халқы осы екі жолдың біріншісін таңдады. Бұл таңдау өзінің мемелекеттік тәуелсіздігін қорғап қалудың ең соңғы үміті үзілген соң қазақ қоғамы ішіндегі шиеленіскен саяси күрес жағдайында жасалған болатын. Қазақ халқын Ресейге бет түзеуге және өз тағдырын орыс халқының тағдырымен байланыстыруға итермелеген себептерді, сондай-ақ, патша саясатының Қазақстанды бағындыру, өзіне қосып алу және түптеп келгенде, оны отарға айналдыру әдістерін егжей-тегжейлі айқындау тарихшылар үшін, бірінші дәрежелі маңызы бар іс.

Қазақстан жерін одан әрі жаулап алу және отарлау қазақтарды жақсы қоныстары мен жайылымдарынан айырды. «Патша өкіметі» – деп жазды Сталин жолдас, бұратана халықты қу тақырға ығыстырып, ұлт араздығын өршіту үшін шет аймақтың шұрайлы жерлеріне отарлаушы мемлекеттерді қасақана орналастырды.

Сонымен жерді тартып алу қазақ бұқара халқының тіршілік ету жағдайына нұқсан келтірмей қоймады. Ол қазақтар өздерінің көшіп-қонып жүрген жерлерінен және бұрынғы тәуелсіздіктерін өз еркімен айырыла қоймайтын.

Қазақтар үшін жер мәселесі басты мәселе, себебі, жақсы жер, шұрайлы жайылым мен өзен-көлдері болмаса, мал өсіруге де болмайтын еді.

«Мал бағатын халықтарда»,– дейді Маркс, жердің табиғи өніміне меншік, мәселен, қойды меншіктеу – бұл сонымен бірге шабындықты да меншіктеу деген сөз, мал бағушылар сол шабындықтармен көшіп отырады.

Жекелеген округтерде қазақтар өздерінің қыс қыстауы мен жаз жайлауынан айырылуын аға сұлтандардан көреді. Атап айтқанда, Қарқаралы округінің аға сұлтаны Шама Абылайханов Омбы облысының бастығына былай деп жазды:

«Мен өз тарапымен Ресейге қызмет етуге әрдайым дайынмын, бірақ менің қарауымдағы қырғыздардың кәрі-жасы түгел мені кіналап, орыс бастықтар біздерге ешқандай көңіл бөлмейді деседі. Қазір де біздің жазғы және қысқы қонысымыз жайында өтініш жасапсың деп айыптап басымды қатыруда. Біз жаз жайлауымызды, қыс қыстауымызды орыстар қазір әсіресе, өзге де таулар төңірегіндей шөп дайындауда, әрі қарауыл, сол жерімізде қыстауымызға батылымыз жетпейді. Өйткені, біздің малымыз шөпті көп таптап тастайдыда орыстармен арада жанжал туады», – дейді. Сондықтан мен оларға не деп жауап берерімді білмейиін.

Жергілікті шекара үкіметінің зорлық-зомбылығы, орыс бодандығына өткен қазақтарға айуандықпен қарайтыны туралы мұны көзімен көрген біреу үрейлене жазды. Ресей қорғанышым болды деп сеніп, оған алым-салық төлеп көшкен қырғыз-қазақтарды бұл күнде генерал-губернатор казактардың шекаралық командаларының тепкісіне салып қойды,екеу ара жанжалдасып қалатын болмасы іс үшін де қырғыз-қазақтарды сап құрып, таяққа жығады,  ал олардың әйелдерін адам құрлы көрмей қорлайды, осының бәрі бейне бір осы қыруар халықты Ресейден сырт айналдыруды көздеп әдейі істейтіндей әсер қалдырады.

Әлейметтік-экономикалық қатынастарды сипаттау қажеттілігі, міне, осыдан туындайды, ао жоғарыда айтылған оқиғалар нақ осы әлеуметтік-экономикалық қатынастар жағдайында орын алған болатын.

«Диалектика» деп жазды В.И.Ленин – «нақты бір қоғамдық құбылысты оның дамуы жағынан алып қарауды және сыртқы, бұлдыр көрінетін нәрсені негізгі қозғаушы күштерге , өндіргіш күштердің дамуына және тап күресіне әкеп соғады. Жан-жақты зерттеудегі саяси оқиғаларды дұрыс түсіну мен дұрыс бағалау қазақ қоғамының экономикасын, әлеуметтік құрылысын, таптың, күштердің орналасуы зерттеу, сондай-ақ осы қоғамда болып өткен таптық күрес процесін түсіну негізінде ғана мүмкін болмақ».

Әңгіме етіліп отырған дәуірде патша өкіметінің әскери-саяси шабуылының және Қазақстанға тауар-ақша қатынастарының енгізілуінің ықпалымен әлеуметтік қайшылықтар күрт шиеленісіп кеткен-ді. Патша өкіметінің жерге қол сұғуы және делдал билеп төстенушілердің қауымдық жерлерді иемденіп алуы, көшпелі мал шаруашылығын қатты дағдарысқа ұшыратты. Малдың жайылуына қолайлы, шөбі күйгін жерлерден айырылған қазақтар жаңа жайылым іздеу өздерінің ғасырлар бойы қалыптасқан көшіп-қону бағдарламаларын өзгертуге мәжбүр болған. Бұрын ру-ру боп көшіпжүрсе, енді ауыл-ауыл болып көшу көбейген. Мұның бәрі қазақтың әр түрлі руларының алмасып кетуіне және олардың жиі-жиі қақтығысып қалуына әкеп соқтырған. Сұлтандар мен ру шонжарларының қауымдық жерлерді зорлық жасап иемденуі, сондай-ақ патша өкіметі орындарының жерді тартып алуы күшеюі салдарынан көптеген рулар отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен айналыса бастады.

Қазақтың қалың бұқарасы 2 түрлі езгінің қыспағында қалып қойды: өз шонжарлары бір жағынан және отарлық үкімет, екінші жағынан қара қазақтың жанын шығарды. Бұлай еткенде олар өздерінің көршілері қоныс аударып келген орыстардың – Сібір және Орынбор шаруаларының тәжірибесін үлгі етті. Осы негізде қалыптасқан қатынастар қазақ халқының тұрмысына көптеген вқпал тигізді және қазақтардың еңбекші орыс халқымен жақындасуына көмектесті. XIX ғасырдың ортасына таман егіншілік сала болып қалды.

Айырбастың шекарадағы айырбас жасалатын үйлерден қазақ даласының түкпіріне дейін жылжуымен байланысты ішкі сауданың өсуі мал өсіру шаруашылығының бағытына және ауыл шаруашылығынан іргесін бөліп, таза натуралдық күйден айырбас үшін тауар өндіретін өндіріске барған сайын көбірек айналып бара жатқан өнеркәсіп өндірісінің алға басуына ықпал етті.

Тауар ақша қатынастарының өсуінің және шаруашылық тұрмыстың өзгеруінің ықпалынан қазақ қоғамының таптық саралануы күшейді. Жаңа қалаушы болып әлеуметтік топ – байлар пайда болды, ықпалын күшейте бастады. Дала бекзаттары сұлтандардың , чингизидтерінің, ру шонжарларымен қосылуы байқалды. «Төре» деп аталатындар мен ру тайпалары арасында болып келген шек жойылды. Паркомдар институтының алғашқы мәнінен айырыла бастады да, XIX ғасырдың ортасына таман жалпы өмір сүруден қалды.

Екінші жағынан төменгі сатыға жататын әлеуметтік топтар – жатақтар, егіншілер мен бақташылар таптық күресте ірі роль атқара бастайды, әрі бұлардың саны көбейе берді. Құлдар мен төлеңгіттердің жағдайы барған сайын басыбайлы қызметшілердің жағдайына жақындай түсті. Осының бәрі қосыла келіп, халық бұқарасының отарлау езгіге қарсы күресі қазақ қоғамының ішіндегі шиеленісінен күреспен, өз ішіндегі феодал билеп-төстеушілерге қарсы күреспен астасуына әкеп соққан еді. Осының барлығы арылып болуы өте қиын патриархалдық рулық қатынастардың сарқыншақтары әрқашан да қанау мен шексіз билік жүргізу үшін таптырмайтыны белгілі.

Ресейдің Орта Азиялық халықтардың және Қытайдың аралығында орналасқан Қазақстанның аса зор стратегиялық маңызын еске алсақ, Ресей өкіметінің Қазақстанды отарлау фактісінің тарихи маңызы түсінікті болмақ. Орта Азия мен Қытайға және одан әрі Ауғанстанға, Үндістанға, сондай-ақ Орта Азияның арғы түкпіріне дейін апаратын ежелгі сауда жолы Қазақстан жеріне орналасып, өз әскерлеріңді осында орналастырсақ болды, ендігі жерде Орта Азияға одан әрі шабуылдауыңа жол ашық. Мұны негізі Энгельс айтқан еді, ол былай деп жазды:

«Осы жерлері қырғыз даласына өтсе жолды, оңтүстік-шығыс Түркістанның жақсы өңделген және құнарлы ойыстарына тап болады, бұл аймақты оп-оңай жаулап алады». Сөйтіп Энгельс патшалы Ресейдің бүкіл Орта Азияны жаулап алуының өздігінен атап айтуымен бірге, империя мен ортаазиялық хандықтар оны Қазақстанның оққағарлық рөлі деп айтып отырып, бұл соңғысы біз үшін ерекше көңіл аударарлық тұжырым. Қоқанға, Хиуа мен Бұқараға батыл шабуылдау үшін және оңтүстік-шығыста Қытайдың шекарасына жұмсақ тіреу үшін және оңтүстікте осы оққағар қалқанды айналдыру патша өкіметінің Орта Азиялық саясаттың аса маңызды міндеті тұғын және де бұл міндетті патша өкіметі XIX ғасырдың 20-40 жылдары бойында тамаша орындап шықты.

Бұл істі жүзеге асыру бірте-бірте жүргізілуі, оның қарқыны екі түрлі жәйтке байланысты болды. Бірі саясатқа байланысты еді, мұнда ағылшын орыстық Орта Азиядағы бәсекелестігі негізгі роль атқарады. Ал екінші жайы – ішкі саясатқа байланысты болды; мұнда патша өкіметінің отарлау саясатына қазақ халқының қарсылық көрсетуі роль атқарды. Егер патша өкіметі Кенесары көтерілісін басу үшін 10 жыл бойы еңбектегенде, бұл өкімет Қазақстанды әлдеқайда қысқа мерзімде өзіне бағындырып алатын еді де, Орта Азия бағытындағы соңғы шебіне көп бұрын барып жететін еді, бұл айдан анық нәрсе.

Патша өкіметінің Орта Азия мен Қазақстандағы өз саясатын жандандыруы XIX ғасырдың 20 жылдарында ғана қолға алынғалы белгілі. Бұл саясат әуелі Орта жүзде, содан кейін Кіші жүзде әкімшілік жүйеісі енгізілуімен басталған болатын, 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» дейтіннің шығарылуы осы істің аса маңызды элементі болып табылады. Патша өкіметінің ауыз салуы алғашқыда қазақ халқының елеулі қарсылығынтуғыза қойған жо, өйткені 30 жылдары Қазақстанға шабуылын күшейткен патша өкіметі қазақ даласына мықтап бекніп алады. Бұл ретте патша өкіметі қорғандар мен бекініс шептерін жеделдету және тазалау экспедицияларын жасақтау сияқты әскери әдістері ғана емес, дистанциялық жүйені енгізу, округтер мен округтік приказды сатып алу және басқа осындай саяси әдістері ғана емес, сондай-ақ экономикалық әдістері де қимылданып қолдаған, жерді басып алу, әсіресе, 1853 жылы күшейе түсті. 1837 жылы шаңырақ басынан салық жинау енгізіледі және тағы басқа осы сияқты. Нақ осы жылдары Қазақстанның табиғи байлықтарын зерттеу осы кең түрде жүргізілген. Арал теңізі мен Балхаш зерттелген, тас көмір кені іздестірілген, жер бедері картаға түсірілген. Қазақстанды Ресейге қосудың нәтижесі және патша өкіметі жүргізген саясат қазақстардың экономикасы мен тұрмысына елеулі өзгерістер енгізді, және аса ірі әлеуметтік-экономикалық шығындарға соқтырды. Бұл сандардың ішіндегі ең маңыздысы патриархалдық-рулық қауымның күйреуі негізінде қазақ қоғамын феодалдық процесінің айтарлықтай тездетілуі. Бұл процесс Қазақстанды жаулап алудан көп жыл бұрын басталған болатын, ол бұл жақта ол бірнеше есе шапшаңдатылған.

Орыс сауда капиталының қазақ даласына барудың бәрінен бұрынға бір себебі, қазақ даласында әлі де болса «бастапқы қорлану» мүмкін еді. Қырмен сауда жүргізу орыс көпестеріне шаш етектен пайда келтірді. Олар өздерінде өтпей жатқан заттарды, мұнда өткізіп қана қоймай, сонымен бірге, мысалы, бір тұтас қойға айырбастап, аса көп түсім алды. Алдау, кем өлшеу, кірден жеу, мұның бәрі көп етек алды. Қырмен сауда айналымы айырбас түрінде ғана емес, ақша түрінде де өсе берді. Қазақтар Хиуа мен Бұқардан салдырған тиын алып келіп, шекаралық шекте өздеріне қажетті тауарларды ақшаға сатып алды. Белорезов 1846 жылы айтқандай, қырғыздармен сауда кезде қолма-қол ақша арқылы жүргізе бастады, осыдан соң қырғыздар өздері сатып алған тауарлардың бәрін қолма-қол ақшаға сататын болды.

Патша өкіметі Қазақстанды жаулап ала отырып, қазақ феодалдарын өздеріне бағындырады және олардың қырды басқару саласындағы құқығын шектеп, сонымен бірге еңбекшілерді қанаудың феодалдық әдістерін заңдандырады. Феодал басшы тобының отаршылдар аппаратымен жымдасуы нақ осы кезде болған еді. Осының салдарынан еңбекші қазақтардың екі жақтан бірдей езгі көруі күшейе түсті. Тұтас алғанда рулардың жппай қайыршылануына патша өкіметінің жерді тартып алуы және феодалдарының қауым жеріне озбырлығымен билік жүргізілуі себеп болуымен бірге бұған көшіп-қонатын қолайлы жер үшін, жайылым үшін ұзаққа созылған өзара жанжалдасудың, жұт сияқты стихиялық аппараттың, сондай-ақ қоқандықтардың тонауы мен көтерілген қазақтарға қарсы патша өкіметі ұйымастырған жазалау экспедицияларының да әсері болды.

Информация о работе Бекмаханұлы Ермұхан