Қазақтың ұлттық киімдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 18:33, реферат

Краткое описание

Қазақтың ұлттық киімдері. Ол - өте кұнды тарихи мәдени мұрамыз
Киімнің негізгі түрлері
Киімдердің әлеуметтік дәрежесі
Ұлттық киімге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар
Әйел киімінің тарихы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақтың ұлттық киімдері.doc

— 1.33 Мб (Скачать документ)

               

Тақырыбы; Қазақтың ұлттық киімдері.

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

  1. Қазақтың ұлттық киімдері. Ол - өте кұнды  тарихи мәдени мұрамыз
  2. Киімнің негізгі түрлері
  3. Киімдердің әлеуметтік дәрежесі
  4. Ұлттық киімге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар
  5. Әйел киімінің тарихы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақтың ұлттық киімдері Ол - өте құнды тарихи-мәдени мұрамыз


Киім – адам денесін  ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың  бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен  эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Адамзат полеолит-тас дәуірінде-ақ тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді қолдана отырып тері және тоқыма киім-кешек жасауды үйренген. Ал енді неолит дәуірінен бастап өру, иіру, тоқу кәсібі өмірге келіп, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Қазақтардың қазіргі киімдерінің көбісі сақ дәуірінен бастау алады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С.И.Руденко, тіпті күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Негізінен, қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды.

Киімнің негізгі  түрлері


Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түр-ге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер. Бұларға мынандай киімдер жатады: 

Іштік киімдер


Бешпент, дамбал, жейде (көйлек), қамзол, күрте, (желетке), шалбар. Сыртқы (өң) киімдер Жадағай шапан, жарғақ, күпі, сырмалы шапан, тай-жақы, тон, шапан, шидем, ішік, қолқап. 

Сулық киімдер


Аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен.

Ерлердің  бас киімдері


Башлық, бөрік, далбай, жалбағай, жекей тымақ, күлпара, қалпақ, құлақшын, малақай, мұрақ, тақия, тымақ, шалма. 

Әйелдердің  бас киімдері


Бергек, бөрік, жаулық, желек, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі.

Аяқ киімдер


Кебіс, көк етік, мәсі, мықшима, саптама етік, шоңқайма.

 
Киімдердің әлеуметтік дәрежесі


Ұлттық киімдеріміз  пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне  қарай күнделікті, сәндік киімдер, жыл  мезгілдеріне байланысты қыстық, маусым аралық, жаздық, күздік киімдер болып бөлінеді. Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес мынандай түрлерге жіктеледі: сәби киімі (иткөйлек, сылау тақия), бала киімі (кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпент, шапан), бозбала киімі (тақия, етік, жейде, шалбар), бойжеткен киімі (желбіршекті көйлек, тақия, кәзекей), қалыңдық киімі (сәукеле, желек), келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, қамзол, кебіс, мәсі, көкірекше), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде, дамбал, саптама етік, кебіс, мәсі). Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне байланысты ұлттық киімдер мынандай да топқа бөлінеді: жоғары текті қазақтардың киімі, сал-серілер киімі, сән-салтанат киімдері, ұлттық ойын-сауық, жарыстарда киетін киім-дер, ғұрыпты киімдер, қа- зақтың неке киімдері, күйеу жігіт киімі, қалыңдық киімі, дінге байланысты салт- тық және ғұрыптық киімдер, діндарлар киімі, жерлеу рәсіміне байланысты өлікке кигізілетін киім, аза тұтушылардың қаралы киімдері, қазақтардың ертедегі сулық және кәсіптік киімдері, малшылар киімі, аңшылар киімі, батырлар киімі және т.б. Біздің арнайы зерттеп, пайымдағанымызда білгеніміз: қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы көп. Тіпті киімдерді ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп те танып жатады. Сондай-ақ, кейбір киімдер ру, тайпа аттарымен де былайша аталып, танылады: қыпшақ тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік т.с.с. Қазақтың ұлттық киімдерін географиялық аймағына қа-рай Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те атау кездеседі. Бірқа-тар қазақ киімдерінің үлгісіне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу мәнерінің де әсер еткені мәлім. Ал енді көне ғасырларда пайда болған қазақтың көптеген киім түрлері мен үлгілері бізге жеткен жоқ. Біздің ұлттық киімдеріміздің негізгі түрлеріне байланысты арнайы салт-дәстүр, ырымдар бар. 

Ұлттық киімдерге  байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар  Баскиімдер бойынша


Тымақ. Ол қасиетті баскиім  саналады. Оны айырбастамайды, аяқ  тигізбейді. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Біреуге бас ұрғанда да аяғына тымағын тастайды. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге шақырудың ең үлкен белгісі.

Баскиімге қауырсын тағу


«Алтын Адамның» баскиіміне де төрт алтын қауыр-сын ілінген. Тамғалы тастағы суреттерде де қауырсынды баскиім киіп, малдас құрып отырған адам бейнеленген. Баскиімге қауырсын тағу көп халықта бар. Ол мифтік наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін танытады. Жаулық. Оған қатысты арнайы заң жолы, салт бар. «Жеті жарғы» бойынша қылмыстық, бұзақылық істе ол үшін кімге, кімнің құн төленетінінің орнына «сары жаулық» жүрген. Бұл жаулық құн төлеуге келіскендікті білдіреді. Күйеуі өлген әйел өзі-нің қаралы екендігін таныту үшін бір жыл бойы сары жаулықты тағып жүретін болған. 

Баскиімге қатысты  тыйымдар


Баскиімді іліп қояды, кез  – келген жерге тастай салмайды, астыға басып отырмайды. Олай жасаса, бастан бақ таяды. Ер адам әйелдің  жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектіктен айырылады. Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпауға тиісті. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. Жалаңбас отырып бала емізбейді, ас – су әзірлемейді. Баскиімнің төбесін басып кимейді, оны айырбастамайды, ешкімге сыйламайды, сатпайды. Тек сыйлыққа киілмеген, жаңа баскиім алып беруге болады. 

Сырт киімдер  бойынша


Ішік. Қазақ салты бойынша, қасқыр ішікті жиырма беске толмаған жастар кимеуге тиіс. Өйткені қасқыр ішік жас адамның жалыны мен тері қызуын тұмшалап, оны ауруға ұшыратуы мүмкін. Екі адам боранда адасып кетіп, қасқыр ішікті аман қалып, қасындағы адам үсіп өлсе, оның туған – туыстары аман қалған адамнан құн даулауға құқылы. Себебі, бір қасқыр ішік екі адмды суықтан қорғап қала алады. Мұның бәрі дала заңында бекітілген тәртіп. Ішік қазақта сый – сияпат, киіт орнына жүрген.  
 
Шапан. Қазақтар оны «жағалы киім» ретінде ба-ғалайды. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» – үлкен құрмет. Бұрындары хандар батыр, би, жақсы – жайсаңдарына дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан, түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін болған. Қазақта ат мінгізіп, шапан жабу дәстүрі қазірде бар. Ханның өзі киген шапанын сыйға алу – қазақ халқында үлкен мәртебе.  
 
Жейде. Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі болған, бақытты тұрмыс құрған қариялардың жолын берсін деп, олардың жейде – көйлегін сұрап алып, ырымдап киген. Мұндай киім өте тозыңқы болса, оны алғысы келгендер көбейіп кетсе, әлгі киімді бұзып, кішкентай беторамал көлемінде тәбәрік деп бөліп алған. Қариялар бұрындары көп бала тапқан әйелдердің бұткиімін бала көтермеген әйелдердің сұрап, қалап алғанын да айтады. Әйел босанарда толғағы жеңіл болсын деп көйлегінің шетін де жыртып, «жол ашу» ырымы жасалатын көрінеді. Шалбар. Қазақтар шалбар мен етікті отырып киюге тиіс. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киген. Ұл тапқысы келген әйелдің еркектердің қару – жарақтарын, шалбарын басына жастап жататын, қыз тапқысы келген әйелдің қызыл ала шыт, әйелдің жүзігін, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді басына жастап жататын ырымы ерте кезден келе жатқан наным – сенім. 

Сырт киімдерге  қатысты ырымдар мен тыйымдар


Баланы бесікке салғанда бесіктің үстіне жеті түрлі сырт киімдерді (шапан, тон т.б.) жабатын ырым бар. Киімнің жағасын баспайды. Ол жамандық шақыру. Киімді бисмилла деп оң қолдан, оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан, сол қолдан бастап шешеді. Киімді желбегей жамылуға болмайды. Өйткені аруақтар ғана (мүрделер) жеңсіз кебін киеді, кебінін желбегей жамылып үйге кіреді, екі қолы жоқ адам да киімді желбегей жамылады. Тозбаған киімді тастау да – жаман ырым. 

Неке киімдеріне қатысты салт – дәстүр


Сәукеле. Оны қыз ұзатыларда әкесінің үйінде, оң жақтағы үкілі  тақиясының орнына кигізеді. Келін  болып түскеннен кейін сәукелені  шешіп алып қояды да жас келін  бір жыл бойы желек жамылып  жүреді.  
 
Орамал. Ұзатылған қыз өзіне таяу сіңілісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген тілек. Мұны «шарғы салу» деп атайды. 

Той киіміне  қатысты ырымдар мен тыйымдар.


Жаңа түскен келіннің бетін тобылғы сапты қамшының басына қызыл торғын орамал байлап ашатын дәстүр бар. Бұл – «келіннің беті айдай жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы көп болсын» деген ырым. Күйеу жігіт қалыңдығын алып ба-ра жатқанда оның етегінен басып, шапанын алып қалады. Бұл күйеу бала киімін жаңаласын, өмірі ажарлан-сын деген ғұрып. Жаңа түскен келін киімін тектен-текке қысқарта беруге тиісті емес. Олай жасаса, нәрестесінің кем болып тууы мүмкін. 

Сәбилер киімдеріне қатысты ырымдар мен тыйымдар


Бойына бала бітпеген әйел баланың иткөйлегін қалап алады. Иткөйлекті аяқ асты, далаға тастамай, қастерлеп сақтайды, кім көрінгенге бермейді. Оның сыры, қазақтар иткөйлек баланың бақытын сақтайды, сәбидің бақыты иткөйлек киген күннен басталады деп сенеді.  
 
Аяқ киім бойынша Кебіс. Ол «табандық киім». Даладан үйге кірген адам қалыптасқан ғұрып бойынша кебісін шешіп, оң жақ босағаға қатарластырып, тұмсығын отқа, сірі өкшесін іргеге қаратып қоюға тиісті. 

Аяқ киімге қатысты  ырымдар мен тыйымдар


Аяқ киімді төңкеріп қой-майды, теріс кимейді. Олай жасаса, адамның  жолы болмайды. Қазақ аяқ киімнің  табанына қарамайды, егер табанына көзі түссе үш мәрте түкіргені жөн. Себебі аяқ киімнің баспайтын заты жоқ. Аяқ киімнің табанына қараған адамның көзінің ұшынуы мүмкін. Жо-рықта басқа жастанатын ешнәрсе болмағанда етігін жастанып жатады. Өйткені, «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды». Сұқ тиген баланы ұлтарақпен үш мәрте ұрып, ұшықтайды. Жаңа ұлтарақты аяқ киімге салғанда алдыңғы жағының басын бойлата тіліп, иесіне «жолын ашу» ырымын жасайды. 

Қазақтың ұлттық киімдері 
Рухыңды көтеріп, ізгілікке тәрбиелейді 
  
  Киізден жасалатын киімдер 
1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима. 
  Теріден жасалатын киімдер 
Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр шалбар; Тон.  
Бас киімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ.  
Аяқ киімдер: Кебіс; Мәсі; Мықшима; Саптама етік; Шарық (Шоқай); Шоңқайма. 
  Жүннен жасалатын киімдер 
Жабағы күпі; Жадағай шапан; Жүн қолғап; Жүн шұлық; Мойынша; Түйежүн далбағай; Түйе жүн кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен. 
  Киімге байланысты ырымдар 
Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара қайғының белгісі.  
Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса, нәрестесі кем туады немесе ол түсік тастайды.  
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады. Сәбидің бақыты ит көйлегін кигеннен басталады. 
Сыңар аяқ киім киген баланың әйелі ұры болады. 
Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды.  
Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді.  
Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып береді.  
Шалбарды отырып, оң аяқтан киеді, сол аяқтан шешеді. 
Киім сатып алғанға: «Киімің күйрек, жаның берік болсын!» деген тілек айтады.  
Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды.  
Қазақ аяқкиімнің табанына қара-майды. Оның баспайтын жері жоқ. Сондықтан да былғаныштан көз ұшынады. 
Жорықта, алыс сапарда басқа жастанатын еш нәрсе болмаса, етігін жастанған. Халық нанымында: «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды», Ұлтарақты етікке салмай тұрып, алдыңғы, жол бағытына қараған басын тіліп, «жолын ашу» ырымын жасайды.  
Екіқабат әйел «ұл табамын» десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын ырымдан басына жастанып жатады. Қыз тапқысы келсе – қызыл ала шыт, әйелдің көйлегін, жүзік, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді жастанған. 
Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Соғыс кезінде ғана солай жасауға болады.  
Әйел босанып жатқанда жеңіл болсын деп, қыздың көйлегінің шетін жыртып «жол ашу» ырымын жасайды, немесе ұлдың шалбарының балағын тіліп қояды. 
Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. 
Ер адам әйелдің киімін кимейді, жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектігінен айрылады.  
Емшектегі баласы бар әйел жа-лаңбас бала емізбейді. Жалаңбас отырса, шайтан қайызғағын сәбидің аузына салып жібереді. 
Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды.  
Бөтен адамға баскиімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді. Баскиімін сыйлауға да болмайды. 
XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай: 
1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас- киім – тақия.  
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген баскиім – төбетей.  
3. Киізден тігілген баскиім – қал-пақ.  
4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара).  
5. Тері қапталған жылы баскиім – бөрік.  
6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім – тымақ.  
Ерлердің бас киімдері 
Тақия – шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында «Қызай тақия» бар. 
Қалпақ – ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді.  
Мұрақ – екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән – салтанатқа киеді.  
Тымақ – аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады.  
Вл. Плотников 1859 – 1862 жылдары тымақтың 15 түрі туралы жазған. Олардың бізге жеткен кейбір түрлері мынандай: жаба салма тымақ; қайыр-ма тымақ; дөңгелек төбелі тымақ; шошақ төбе тымақ; жекей тымақ. 
Құлақшын – бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы – лақтың бұйра терісінен (елтірі) тігіп, киеді. Қысқы баскиім. 
Малақай – аң терісі мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігеді, оны кейінгі кезде қыздар да суыққа киіп жүр. 
Бөрік. Оны ерлер мен бірге қыздар да киеді. Сырты мақпал, пүліш, бар-қыт тәрізді қымбат маталардан жа-салатын баскиім. Жиегіне қымбат бағалы аң, мал терісі ұсталатын бөрік-тің жазғы, қысқы түрлері бар. Төбесі көбінесе, төрт сай немесе алты сай болады. Қыздар киетін бөрік дөңге-лек төбелі конус тәрізді биіктеу. Сал-серілер бөріктеріне үкі таққан. 
Жалбағай, башлық, далбай, күләпара. Бұлар қазіргі кезде ұшы-распайды. Оларды тымақ тәрізді етіп қалың не жұқа ақ киізден тіккен. Бір-біріне ұқсас баскиімдер. «Күлә» парсы тілінен аударғанда баскиім деген мағынаға ие. Матадан астар салынып тігілетіні – күләпара, қысқа киетін түрі – жалбағай. Жалбағайды тымақ сыртынан да киген. Түйе жүн далбағайды ертеде түріктер «башлық» деп атаған.  
Әйелдердің бас киімдері 
Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар баскиімдер киген. Олардың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.). 
Тақия. Оны қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер тақиясынан басты ерекшелігі. Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып, сәнді жіптермен тақияға зер төгіледі. Қазақтың «үкі-дей үлбіреген», «тотыдай таранған» деп қыздарды әспеттеуі содан шық-қан тәрізді. 
Қыздар кепеші. Қабырғасы биік, төбесі дөңгелек, ою-өрнектермен, мон-шақ, асыл тастармен безендірілген сәнді баскиім. 
Сораба. Тақия тәріздес. Артында салпыншағы бар. Қыздар тіл-көзден аман болсын деп, оларға ырымдап кигізеді. 
Жырға. Асыл тастармен, ақық моншақпен көмкерілген сәнді баскиім. 
Бөрік. Аң терісінен тігіледі, жиегіне жұрын жүргізіледі. Жұрындалған терісіне сәйкес бөріктің мынандай түрлері бар: алтай қызыл бөрік, қам-қа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құ-райыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б. 
Қарқара. Биік төбелі, милығына айнала құндыз тұтады. Маңдай тұсын жоғарыдан төмен қарай үш-кілдеп жырға тігеді. Оған құтанға, тырнаға ұқсас сұңғақ, сымбатты құс – қарқараның қауырсыны қадалады. Бұл қыз баланы пәле-жаладан сақтап жүрсін деген ырым бойынша жасалады. 
Кимешек. Жас келіншектерден бастап егде әйелдерге дейін киетін дәстүрлі ұлттық баскиім. Ақ матадан, жібек матадан тігіп, әртүрлі әшекеймен безендіріледі. Қазақтың салт-дәтүріне сәйкес жас келіншек балалы болғаннан кейін кимешек киюге тиіс. Төменгі бөлігі – кимешек, жоғарғы бөлігіне жаулық оралады. Кимешек кеудені, иықты, жонды жауып тұрады, бет-әлпеті көрінетін жері ойық келеді. 
Шылауыш немесе жаулық. Ақ түсті матадан немесе жібектен тігіл-ген жаулықты егде әйелдер басына орап киеді. Жаулық әр руға байланысты әрқилы аталады. Шығыс Қазақстанда матаның көлеміне қарай оны шаршы деп, Жетісу, Алтай өңірінде шылауыш деп атап, аналарды  
«ақ жаулықты аналар» деп ардақ-тайды.  
Орамал. Ол пішіміне сәйкес шаршы, қиықша болып бөлінеді. Орамалды (парсы, араб, румал) жаулық деп те атаған. Арзанқол матадан да, қымбат матадан да жасайды.  
Жібектен шашақтап тоқылғаны – «бөртпе». 
Жібектен, матадан шашақталмай, қалыңдау келген түрі – салы.  
Торғын тектес, үлпілдек, жұмсақ матадан немесе ешкі түбітінен жа-салған түрі –шәлі.  
Түйе, ешкі түбітінен тоқылғаны – бөкебай.  
Ақ матадан тігілгені – шаршы шыт.  
Қасаба. Ол қыз тақиясының бір түрі. Үшкірлеу төбесіне бір шоқ қауырсын қадайды, маңдай тұсына түгелдей алтын, күміс әшекейлер тағады. Қыздар үйлену тойында қасабаны сәукеле орнына да киген. Кү-рең, көгілдір түсті жібек, ши барқыт, пүліш, дүрия, шұға, парша сияқты маталардан тігеді. 
Сәукеле. Қалыңдықтың ұзатылу тойында киетін сәнді баскиімі. 
Зере. Өзі ұзын, іші қуыс, сәукеле-мен бірге киетін бас киім. Ертеде бір қабат киім сыртынан киетін сауытты да «Зере» деп атаған. 
Баскиім әшекейлері 
Жыға – түріктерге парсы тілінен енген сөз. Ол «Баскиімге қадайтын құс қауырсыны немесе әшекей» деген мағынаны білдіреді. Дулығаның артынан (мойынды қылыш кеспес үшін) қаптап қоятын зат, баскиімнің артқы жағы. 

Қазақта жыға мынандай үш түрлі мағынада: 
1. Құс қауырсыны. 2. Алтынды, асыл тасты баскиім әшекейі. 3. Бас киімнің өзі.  
Жырға – 1. Асылтас, моншақтар тізіп, көз салпыншақты етіп жасал-ған әйелдердің баскиімі. 2. Ертедегі қазақ әйелдерінің баскиім әшекейі.  
Көз отаға – ер адамның бас киіміне қадайтын меруерт асыл тас. Оны бұрындары лауазымды адамдар ғана таққан.  
Қолазы – сал-серілердің бөркіне қадайтын үкі қауырсынын ораған әшкей. Оны қозалы үкі деп те атайды.  
Маңдайша – сәукеленің маңдайы-на тағатын асыл тасты күміс әшекей.  
Сәукеленің сырғасы – салпыншағы мол, өзі ұзын да ауыр, салтанатты кездерде ғана байлайтын әшекей (сырға).  
Талмоншақ – тақияға, сырт киімге бірнеше қатар етіп тағылатын моншақ.  
Тана – дөңгелек пішінді асыл тасты күмістен не таза күмістің өзінен жасалған түйме тәрізді зат. Оны танакөз деп те атайды. Қыздар тақиясына, бөркіне, омырауына, жағасына тағады.  
Төбелдірік – сәукеленің төбесін-дегі тәж тәрізді әшекей бергек.  
Былқылдақ – үлкен моншақ, маржан. Оны әйелдердің баскиіміне та-ғады.  
Есектас – көз тимесін деп жас ба-лалардың бөркіне тағатын жонынан қырланған көк тас, әшекей.  
Шеттік – кимешек жағына қадай-тын күміс.  
Шоқ – алтын әшекей, асыл тас. Оны баскиімге тағады.  
Шырмауық – ілгекті оқа, әше-кей, металл ілгекті баскиім әшекейі.  
Шытыра – асыл тасты не тассыз күміс әшекей.  
Оны баскиімге, омырауға, аяқ киімге қадайды.  
Көркіне қарай киімі  
Қай әйелге қандай киім қажет? 
Денесі тым толық әйелге белі-не белдік, етегі мен жағасына желбіршек салып тігілген жеңсіз көйлек, түрлі – түсті матадан тігілген костюм – юбка жараспайды.  
Ірі гүлді матадан тігілген көй-лек толық әйелді одан әрі жуан етіп көрсетеді.  
Толық әйелдерге ұсақ гүлді немесе тігінен жолақты матадан бел тұсын сәл ғана қынаңқырап, ұзындығы тізесін жауып тұратындай етіп тіктірген көйлек жарасады. 
Көйлектің жеңі тар және жағасы кең ойылмаса, ол әйелдің толықтығын жасырып тұрады.  
Бойы тым ұзын әрі арық әйел-дерге мынандай үлгіде тігілген киім жараспайды: белін қынап, омырауын кең ойып тіккен жеңсіз көйлек, тігінен жолақты матадан тігілген көйлек.  
Бойы тым ұзын әрі арық әйел-дерге ыңғайлы көйлек: жеңінің аузы мен етегін бүрмелеп, жалпақ белдік, ойма жаға етіп немесе тік жаға салып тігілген, клеткалы немесе біртегіс ұсақ гүлді матадан тігілген.  
Белі төмен, аяғы қысқа әйелдерге мынандай көйлектер қоным-сыз: белі қыналған немесе белдік салынған, көлденең жолақты матадан тігілген. Оларға блузканың етегін юбкасының ішіне жіберіп кию де жараспайды.  
Белі төмен, аяғы қысқа әйел-дер үшін көйлекті де, пальтоны да бел тұсын жоғарырақ алып тік-кен жөн. Және көйлектің алдыңғы көкірек тұсынан қиып, етек жағын кеңірек етіп тіксе, мұндай көйлек жараса кетеді.  
Кеудесі қысқа әрі белі жуан әйелдерге белін қынап, етегін бүрмелеп, жалпақ белдік салып тіккен көйлектің жараспайтыны есте-ріңізде болсын.  
Кеудесі қысқа, белі жуан әйелдер үшін кеуде жағы онша-лықты қыналмаған, етек жағы сәл – сәл кеңейтіліп тігілген тік көйлек, алдынан немесе артынан бір қатарма салып тігілген юбка қажет.  
Бөксесі толық, белі тым жіңішке әйелдерге үйлеспейтін киімдер: белін қынап тұратын немесе беліне белдік салынған көйлек пен пальто, етегін бүрмелеп немесе қатармалап тіккен юбка.  
Бөксесі толық, белі тым жіңішке әйелдер үшін белін оншалық-ты қынамай, етек жағын сәл кеңейтіңкіреп тіккен көйлек жарасады. Мұндайда матаның жиегінде каймосы болса, оны көлденеңінен келтірмей, көйлектің алдыңғы жағынан, тігінен жібере тігеді. 
Балтыры өте жуан әйелге жараспайтын көйлек: тар және қысқа көйлек.  
Балтыры өте жуан әйелдер үшін көйлегінің етек жағының кеңдеу, ұзындығы тізеден төмен етіп көйлек киген оңды. Егерде көйлектің матасы жолақты болса, оның жолағын көлденеңінен келтіріп тігеді. 
Толық әйелдерге тар, қысқа көйлек киген жараспайды. Оларға матаның каймосын етегіне келтіріп тігу де ұнамсыз.  
Толық әйелдер көйлектің белін қынамай, етек жағын кеңдеу етіп тігіп, киеді.  
Беті жалпақ, мойны қысқа әйелдерге мынандай киімдер жараспайды: тік немесе орама жағалы көйлек кию, мойнына гүлді шарф салу, свитер кию, көлденең жолақты матадан ақ көйлек тіктіру.  
Беті жалпақ, мойны қысқа әйелдердің омырауы ашық, қайырма жағалы көйлек кигені дұрыс.  
Мойны тым ұзын әйелдерге үйлеспейтін киімдер: омырауын кең ойып тіккен көйлек, тік жолақты матадан тігілген көйлек, блузка (ол оның мойнын одан әрі ұзарта түседі). 
Мойны тым ұзын әйелдердің мынандай көйлек кигені дұрыс: тік жағалы немесе үлкен қайырма жағалы, свитер. Көйлек пен блузкасы жолақты матадан тігілсе, оның жолағын көлденеңінен келтіріп тігеді.  
Иығы сөмпек әйелге матаның каймосын көйлектің етегіне көлденеңінен келтіріп тіккен жараспайды.  
Иығы сөмпек әйелге матаның каймосын көлденеңінен көйлектің кеудесіне салып тіккен жарасымды келеді. Және де жазғы көйлегінің иығына желбіршек салып, ал беш-пентінің иығына ішкі жағынан жұқалап қатырма салса, ол иығын біраз көтеріп, сәнін келтіреді. 

Қазақ әйелдерінің ұлттық киімдері

 

 

Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан  өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi қазақ халқының табиғат төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Өткен ғасырлардың өзінде-ақ киіміне қарап адамның ұлтын ғана емес, сонымен қатар оның қандай дінді ұстанатындығын, қала адамын ауыл тұрғынынан, бойжеткенді жас келіншектен айыруға болатын еді. Сонда біздің ата-бабаларымыз, соның ішінде әйелзаты қалай киінген? Мұндайда тарихи деректер, саяхатшылар жазбалары, көне сызба-суреттер сыр шертеді.

Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері сақталған. Олар пайдалану, қолдану ерекшеліктеріне байланысты күнделікті және сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусымдық және жаздық киімдер болып бөлінеді. Қазақтың ұлттық киімдерін жас пен жыныс ерекшелігіне қарай: сәби, бала кездегі киімдер, жігіт, қыз боз бала дәуірінің киімдері, орта жас, сар кідір кезеңдегі киімдері деген сияқты түрлерге жіктеуге болатындай. Сондай-ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай – жұмыс киімдері, бір киер сәндік киімдер, үй киімдері, іш киімдер, сырт киімдер, аңшы, малшы, басшы, жауынгер киімдері деп те бөлінеді. Жыл мезгіліндегі тұтынысына қарай жаздық, қыстық, күз-жазғытұрымғы (демисезондық) киім деп ажыратылады. Адамның дене мүшелеріне сәйкес бас киім, ұлы дене киім, аяқ киім деп жіктеледі.

Сондай-ақ қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша әр рудың, әр қоғамдық жiктiң, кәсiп иелерiнiң киiм киюiнiң өзiндiк ерекшелiктерi сан алуан. Мысалы: сал-серiлердiң, қожа-молдалардың, байлар мен билердiң, бақсы-балгерлердiң, кедей шаруалардың, аңшы-саятшылардың т.б. киiмдерi бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды. Осындай ерекшелiктердi бас киiм кию дәстүрiнен де байқауға болады.

Киім тақырыбына қалам тартқан этнограф С.Қасиманов қазақтың киімін сипатына қарай iштiк, сырттық, сулық, бiр киер, сәндiк және кейбiрiнде салтанат ғұрып киiмi деп бөледі. Бiр киер киiм деп қымбат маталардан әшекейлеп тiгiлген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, өзге елге сапарға шыққанда киетiн сәндi киiмдердi атаған. Қазақ салтында ер жiгiт егеске түсерде, соғысқа барарда киiмдердiң ең жақсы көрнектiсiн киген. Iштiк киiмдерi – көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киiмдерге – шапан, күпi, кеудеше, тон, шидем, сулық киiмдерге— шекпен, қаптал шапан, кебенек, кенеп, сырттық жатады.

Қазақтың ұлттық киiм үлгiлерiнiң көшпелi тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейiмделе дамуына көршi халықтармен арадағы мәдени-экономикалық байланыс, шаруашылық-мәдени тип, тiршiлiк қамы мәдениетi әсер еткендiгi сөзсiз.

Информация о работе Қазақтың ұлттық киімдері