Қазақ кескіндемесінің класигі Канафия Тельжанов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2015 в 16:21, реферат

Краткое описание

Сол кезден бастап Қанафия Темір-Болатұлының Отанына туған жерге сүйіспеншілігі арта түседі. Әкесі Темір – Болат көзі ашық сауатты азамат болған. Өз заманында Оренбург маслихатының мүшесі, Сибирь өлкетану өңірінің «Кедейлер съезі» атты газеттің бас редакторы, сонымен қатар «Еңбекші қазақ» газетінде де редакторлық қызмет атқарады. Қазақтың белгілі арысының бірі Мағжан Жұмабаевпен бірлесе еңбек жасағанын К.Н.Балтабаев «Батыс Сибирдегі қазақ пен татарлар» атты кітабында естелік етіп жазады. Қанакеңнің әкесі Темір-Болат Ленинград қаласынан политехникалық жоғары білім алған. Мәскеу және Ленинград қалаларында ұстаздық қызмет атқарады. Ұлы жазушы Сәбит Мұқанов «Өмір мектебі» романында Ленинградтағы қазақ студент жастарының тыныс – тіршілігі жайлы сыр шерткенде кейіпкерлері М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Т.Б.Тельжанов, Қ.Сәтбаевтар екенін еске түсіреді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақ кескіндемесінің класигі Канафия Тельжанов.docx

— 51.76 Кб (Скачать документ)

Еңбекте заманауи бейнелеу өнерінің үйлесімділік жүйесі ұсынылды. Ондағы қазіргі заман өнерінің барлық түрлері мен жанрлары, дәстүрлі бағыттары мен тәжірибелік формалары дамуының негізгі сатылары мен идеологиялық парадигмалары зерделі оқырманға көз алдында жасалынып жатқан өнер әлемінің барлық жетістігі мен маңыздылығын ұғынуға мүмкіндік берді.

Алғаш рет Қазақстанның қазіргі заман өнерінің жалпы ахуалына тарихи-мәдениеттанушылық талдау жұмысы жүргізілді. Соның негізінде қазақ мәдениетінің алуан түрлері мен жанрларының сипаттамасы мен эволюциясы, бейнелеу өнерінің ұнамды тақырыптары мен көріністері анықталды. Осы жобада Қазақстанның заманауи өнеріндегі жаңа бағыт, атап айтатын болсақ, жаңа технологиялармен және дәстүрден тыс материалдармен байланысты көркемөнер саласын алғаш рет ғылыми тұрғыдан тұжырымдады. Келешекте жаһандану процестерінің ажырамас бір бөлігіне айналатын Contemporary Art терминімен анықталатын өнердің жаңа түрлері Қазақстан заманауи өнерінің тәжірибесіне белсенді түрде еніп, жан-жақты пайымдауды талап етеді.

Қазіргі таңда бөлім қызметкерлерімен «ХХ ғасыр қазақ бейнелеу өнеріндегі тәуелсіздік идеясы» (2009-2011 жж.) атты іргелі зерттеу жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Жоба авторлары таңдаған Қазақстанның көркемөнер өміріндегі көпқырлы көріністердің жалпылама теориялық зерттеулерін жасау идеясы жекелеген ескерткіштерді талдауға, жекедара туындылардағы Қазақстан мәдениетінің жалпы заңдылықтары тарихының бейнесін анықтауға мүмкіндік берді.

Қазақстан бейнелеу өнеріндегі пішінді зерттеу арқылы теориялық мәселелерді қою мен ұғыну, тәуелсіздік идеясын жеткізу тәсілі мен ұлттық сана-сезімінің қалыптасуы зерттеушілердің басты назарына алынды. Онда этникалық кодтар мен архетиптер, ұжымдық және жеке даралық сәйкестік, әлемнің көркемдік көрінісі, тақырыптық және бейнелік қатар ұлттық сана-сезімінің өсу көрінісіне байланысты Қазақстан көркемсурет мектебінің өзін-өзі билеу стратегиясы анықталды. Қазақ бейнелеу өнеріндегі тәуелсіздік идеясы мәселелері контекстіндегі өнертанушылық, әлеуметтік және эстетикалық тұрғыдағы жеке даралық шығармашылық мүмкіндігі мен ортақ көркем процестер маңызды орын алды.

Жобаны зерттеу барысында алғаш рет тәуелсіздік идеясының көрініс табуы мен этникалық кодтар трансформациясының өзара байланысынан негізгі мәселелер жиынтығы және жанрлық басымдылығы айқындалды. Бірінші рет Қазақстан бейнелеу өнеріндегі этникалық кодтардың негізгі ерекшеліктері, монументалды мүсін өнерінің ең басты идеялық және пластикалық тұжырымдамалары, Қазақ шеберлері туындыларындағы дәстүр жалғастығы, шығармалардың тақырыптық және бейнелілік қатары анықталды.

Театр және музыка өнері бөлімдерімен бірлесе отырып ірі халықаралық және республикалық конференциялар («Қазақстан және Орталық Азияның дәстүрлі және қазіргі заман өнері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 2004; Ә.Қастеевтің туылғанына 100 жыл толуына арналған ғылыми-теориялық конференция, 2004), «Рухани мұра және қазіргі мәдениет: текстология, игеру, зерттеу» атты Халықаралық ғылыми симпозиум (2009), «Ахмет Жұбанов және Қазақстанның өнертану ғылымдары» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция (2006)) өткізілді.

2009 жылдың соңына қарай  бейнелеу өнері бөлімі ұйымдастырған  театр суретшісі В.В.Теляковскийдің 115 жылдығына  арналған «Социальные утопии и мифы в искусстве Казахстана ХХ века» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция ғылыми-ұйымдастырушылық резонансқа ие болды. Конференция материалдары негізінде 2010 жылы көлемді жинақ жарыққа шықты. Мұнда кеңес кезеңінде тағдыр тәлкегімен Қазақстанға келген суретші мұрасы ғылыми тұрғыда қарастырылды.

Бөлім қызметкерлері академиялық басылымдардан өзге Қазақстан кескіндемесі, мүсін, графика және сәндік-қолданбалы өнері дамуындағы күрделі үрдістердің ғылыми негіздемесіне зор үлес қосқан және көптеген ғылыми құндылығы жоғары бейнелеу өнері бойынша альбом, каталог, кітаптарды жарыққа шығарды. Өнертанушы мамандардың жетекшілігімен елімізде және шет елдерде қазақ бейнелеу өнері саласында бірнеше айтулы көрмелер өткізілді. Қазақстан бейнелеу өнерінің әлемдік көркемөнер сахнасына шығуына жол ашқан Ренн, Токио, Берлин, Париж, София, Мәскеу, Ленинград, Киев, Вильнюс, Ташкент, Бішкек, Алматы, Баку, ТМД және Таяу Шығыс басылымдарында жарық көрген қазақ өнертанушыларының жарияланымдары мен баяндамалары әлем ғалымдарының қызығушылығын оятты.

Бөлімнің Халықаралық байланыстары бөлім меңгерушісі Р.Ә.Ерғалиева мүшелікте болып табылатын АІСА Халықаралық сыншылар ассоциациясының қызметі негізінде қайта жанданды. Зерттеуші Р.Ә.Ерғалиева 1999 жылы Жапониядағы Халықаралық сыншылар конгрессінде «Tradition and Identity during Transitional Period.Transition: Changing Society and Art» атты баяндама жасады. (XXXII AICA Congress //AICA Japan Congress. Tokyo: 1999). 

2000 жылы «Turk Dunuasi kultur ve sanat sempozyumu» атты Халықаралық ғылыми симпозиумда Ерғалиева Р.Ә. «История и ментальность тюрков в казахской живописи» (Suleyman Demirel Universitesi. – Isparta/Turkiye, 2000) тақырыбында баяндама жасады.

2006 жылдың қазан айында  ол Парижде (Франция) өткен  40-шы Халықаралық сыншылар конгресіне қатысты. Конгресс негізінде «Парижский конгресс художественных критиков 2006 года» атты мақала жарияланды (Алматы, Шахар-культура. № 14, 2007).

Р.Ә.Ерғалиева «Пути и новые формы сохранения эпического наследия» атты Халықаралық симпозиумда «ХХ ғасыр бейнелеу өнеріндегі қазақ фольклоры» атты баяндама жасады (Бишкек, Кыргызстан. 2006). Сол жылы өнертанушы-ғалым 2003 жылғы ЮНЕСКО-ның Конвенциясына арналған Халықаралық симпозиумға (Өзбекстан Республикасы, Бойсун) қатысты.

2009 жылы Жапонияның мәдени  құндылықтарды сақтау ғылыми-зерттеу  институтының (АССU –Агентство по культуре и научно-исследовательский институт сохранения культурных ценностей) шақыруымен Р.Ә.Ерғалиева семинар-тренинг жұмыстарына қатысты. Бұл институт Жапониядағы ЮНЕСКО-ның материалдан тыс мәдениетті сақтау идеясының негізгі өткізушілері мен жүзеге асырушылары болып табылады.

«Философия және өнертану: пәнаралық өзара әрекеттестіктің әдіснамасы» атты Халықаралық ғылыми конференцияда (Баку, 2010) ХХ және ХХІ ғасыр аралығындағы қазақ кескіндемесі мысалындағы тұрақты шамалар мен келешекті болжау идеясы мен суретшілер көзқарастары қамтылған «Ностальгия және болжам» атты баяндама жасалды.

Тоқсан сайын жарыққа шығатын «Санат» ғылыми басылымында бөлім меңгерушісі Р.Ә.Ерғалиеваның мақалалары мерзімді басылып тұрады

2006 жылы өнертанушы ҚР  Білім және ғылым министрлігінің  Құрмет грамотасымен, ал 2007 жылы  «Қазақстан ғылымының дамуына  қосқан үлесі үшін» атты төс  бенлгімен марапатталды. Бөлім қызметкерлеріинституттың  ғылыми және көркем-әдеби «Керуен»  журналына алғашқы шыққан жылдарынан  бастап (2005) белгілі қазақ суретшілері  жайлы, қазіргі таңда шығармашылықтары  өзекті болып келе жатқан шеберлер  туралы және еліміздегі көркемөнердің  заманауи жағдайын қамтитын мақалар  жазып келеді.

Соңғы жылдары бөлім қызметкерлері Халықаралық конгрестерде, симпозиумдар мен конференцияларда көптеген баяндамалар жасады. Халықаралық ірі форумдарда негізгі баяндамашылар ретінде қатысты («Өнер дағдарысқа қарсы. Инвентаризация» атты Қазақстан суретшілерінің форумы – Труспекова Х.Х., Шарипова Д.С. ). 

Өнертану ғылымдарының докторы, профессор Ерғалиева Р.Ә. – бейнелеу өнері бойынша қазақстандық, ресейлік және шетелдік басылымдарда, оның ішінде Франция, Жапония, Түркия, Болгария, Англия және Израильде жарық көрген кескіндеме, мүсін және графика өнерінің негізгі мәселелеріне арналған 200-ге жуық мақаланың авторы.

Оның еңбектерінде қазақ бейнелеу өнерінің қазіргі түрлерінің дәстүрлі қазақ сана-сезімімен, көпғасырлық дүниетанымдық құндылықтарымен, қазақ халқының рухани артықшылығымен өзара байланысы мен сабақтастығының тұжырымдамасы жасалған. Сонымен қатар оларда ХХ ғасырдағы қазақ кескіндеме, мүсін және графика өнерінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктеріне жаңа көзқарас қалыптасқан.

Ерғалиева Р.Ә. ғылыми қызметпен қатар, біздің елімізде және шет елдерде қазақ өнерінің басты жетістіктерін насихаттап, Қазақстан суретшілер Одағымен, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайымен, Халықаралық Көркем сыншылар Ассоциоцасиясымен тығыз қарым-қатынаста еңбек етуде.

Бөлім қызметкерлері конкурстық комиссиялардың, халықаралық бағдарламалардың эксперттері. Р.Ә.Ерғалиева әдебиет және өнер саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтарды табыстайтын Мемлекеттік комиссияның мүшесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері бойынша Республикалық комиссияның мүшесі, Халықаралық жастар шығармашылық «Шабыт» фестивалінің қазылар алқасының төрағасы. 2006 жылы ол ҚР білім және ғылым Министрлігінің құрмет грамотасымен, 2007 жылы «Қазақстанның ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» атты кеуделік белгімен марапатталды.

Өнертану ғылымдарының кандидаты Х.Х.Труспекова көне скиф-сақтар және түркі кезеңі, ортағасыр өнері мәселелерімен айналысады. Зерттеуші алғаш рет Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі сәулет өнері материалдарын өнертанушылық тұрғыдан қарастырып жүр. Ғалымның аналитикалық зерттеулері Қазақстан қалаларының жаңару және жаңа сәулеттік-көркем келбетінің қалыптасуы кезеңін қамтиды, оның ішінде ерекше орынды Астана қаласының қазіргі архетиктурасы алып отыр. Х.Х.Труспекова ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарындағы қазақ кеңес кескіндемесі мен кәсіби қолөнер материалдарын жаңа деректер бойынша қайта зерттеді. Соңғы жиырма жыл аралығында қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның актуальды өнері (контемпорари-арт) алғаш рет ғылыми тұрғыдан қарастырылды.

Өнертанушы-ғалым Х.Х.Труспекованың зерттеуінде кеңес кезеңіндегі және егеменді Қазақстан өнеріндегі авангардтық бағыттардың негізгі теориялық және аналитикалық мәселелерін көтерді.

Өнертану ғылымдарының кандидаты Д.С.Шарипованың негізгі зерттеу нысаны ғылыми қызығушылығы 1930-50 жылдардағы Қазақстан бейнелеу өнері. Өнертанушы қазақ көркемсурет өнеріндегі сабақтастық мәселелерін, портрет және пейзаж жанрларының ерекшелігін, сол кезең өнеріндегі тоталитарлық идеологиямен байланысты болған негізгі мәселелерді қарастырды. Ол өз зерттеулерінде Ә.Қастеев, А.Черкасский, Ә.Ысмайылов, С.Калмыков, Б.Урманче және т.б. суретшілердің шығармашылықтарына аса көңіл аударды. Сонымен қатар Д.С.Шарипова қазіргі замандағы Қазақстан ескерткіштерін зерттеумен де айналысады. Мүсін өнерін кеңінен қарастыруда ол заманауи қазақ мүсін өнерінің өткен кезеңге қарағанда өз деңгейін күрт өзгертуіне, атап айтқанда, жас мемлекеттің ұлттық идеясының қалыптасуына пластиканың зор үлес қосқандығына баса назар аударды.

Бөлімнің ғылыми қызметкері Р.И.Қарғабекова Қазақстанның дәстүрлі әрі қазіргі сәндік-қолданбалы өнері мәселелерін зерттеумен айналысады. Қазіргі уақытта жас  өнертанушы қолөнер шеберлерінің шығармашылығын зерттеп, жаңашылдық пен сабақтастық мәселелерін қарастыру үстінде.

2002-2010 жылдар аралығында 17.00.04 – бейнелеу, сәндік-қолданбалы  және сәулет өнері мамандығы  бойынша өзекті мәселелерге негізделген  А.К.Юсупованың «Основные тенденции  в развитии живописи Казахстана  в 1980-90 гг.», Л.Оразбекованың Кочевой  Восток в творчестве ведущих  мастеров русской живописи (вторая  половина XIX - первая половина XX вв.)»  Д.Шарипованың «Творчество А. Кастеева  в контексте становления живописной  школы Казахстана (1930-50-е годы)», О.Батуринаның «Основные тенденции и этапы развития пейзажного жанра в живописи Казахстана (1920-80-е годы)», Ә.Жадайбаевтың «1970-80 жылдардағы Қазақстанның портреттік жанры», С.Қобжанованың «Мировые художественные традиции в развитии живописи Казахстана 1930-1980-е годы», Ж.Натбаевтың «Орал Таңсықбаев шығармашылығындағы пейзаж жанры», Б.Асанованың «Казахский художественный войлок как феномен кочевой культуры», А.Жексембаеваның «Казахские тканевые мозаичные изделия «құрақ»» атты сегіз өнертанушылық жұмыс қорғалды.

Осы аталып өткен диссертациялық жұмыстардың ішінде алты ғылыми еңбектің жетекшісі - өнертану ғылымдарының докторы, профессор Р.Ә.Ерғалиева болды. Бұл – ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бейнелеу өнері бөлімі негізінде Қазақстандағы ғылыми өнертанушылық мектептің қалыптасқандығын көрсетеді.

Қазіргі уақытта ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Бейнелеу өнері» бөлімінде Қазақстан өнерінің өзекті мәселелеріне саналатын теориялық және әдістемелік зерттеулер жүргізілуде. Бейнелеу өнері бөлімі қызметінің ерекшелігі жоғарғы оқу орындар, мұражайлар, ҚР Суретшілер Одағы, көркемөнер галереялары, шығармашылық ұйымдар сынды еліміздің жетекші көркемөнер институттарымен тығыз қарым-қатынас орнатуында.

 


Информация о работе Қазақ кескіндемесінің класигі Канафия Тельжанов