Mәдениет туралы тегін қазақша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2014 в 18:52, реферат

Краткое описание

Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгерщілік нышандары жинақталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Mәдениет туралы тегін қазақша реферат.docx

— 19.98 Кб (Скачать документ)

Mәдениет туралы тегін қазақша реферат

Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгерщілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеі, оның ерік-бостандығы мен тарихи зейін-ісі, философиялық жүйелері мен рәмізтаңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты- осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан. 
Мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық тағыда басқа түрлерін атайды. Соның ішінде мәдениеттің негізгі қызметтері: адамды қалыптастыру қызметі, жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі, танымдық қызметі, реттеу қызметі, комуникатифтік, қарым-қатынастық қызметі. 
Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл-мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын жәнә оның негізі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. Мысалы Маугли-көркем беине. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады. 
Адамға ең қиыны – адам болу. Ал оның негізгі шарттарырың бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар-салт-дәстүр,әдет-ғұрып,рәсім-рәміз , діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір ддеңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінде өзіндік санасының жанды буынына айналады. 
Танымдық қызметі. Мәдениеттің бұл қызмет-міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе-мәдениет пен білімнің арақатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. «Бүгінгі күнге лайық қарым-қатынас орнату – интилигенцияның басты міндеті… Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени диалогтың түрін жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек». Яғни білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғы шартты болғанымен, бұл екі ұғымның арсында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұсқан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз , ал моральдық таным арқылы-жақсылық пен жамандықты айырамыз. 
Реттеу қызметі. Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда «мәдениетті ғылыми жолмен басқару» атты сөз тіркесі кең етек алған-ды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес, әйтпегенде адамды тетікке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айла-шарғы үлгілерін көреміз. Мәдениетке сыртқы ықпал жасау мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Мәдениет – «жабулы қазан емес». Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарғыға, идеалдыға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді. Мәдении ұғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ.Мысалы, «мәдениетті адам» дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын көрсетеді. Ол –білімі ғылымы деңгейіне, киімі сол кезде көп тараған сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның адамгершілік талаптарына сай адам. 
Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. 
Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы-әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте-қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік,әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілермен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды. 
Ғылымда соцализация (әлеуметтеу) деп аталатын процесс те мәдени қарым-қатынасқа негізделген. Мәдени қарым – қатынастың түрлері дегенде олардың әмбебаптығына және көп мағналылығына көңіл бөлу қажет. Мәдени құндылықтарды оларды жасаушылар және тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде алуға болады. Мәдени туыды қаншама асыл болғанымен, егер ол рухани азық ететіндері белгілі бір себептермен жетпей жатса, онда ол мәдени айналыстан шығып қалады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос тұрады, отарба жүрмейтін темір жол- жай тамірмен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап-шаң басып жатқан қағаз. Мәдени болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз. 
Қорытындылай келсек, жалпы алғанда, мәдениетің алға басуы оның негізгі қызметтеріне байланысты, және дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.

 


Информация о работе Mәдениет туралы тегін қазақша