Қазақстандағы инвестицияның рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Президенттің үстіміздегі жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауында «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз.Пайда болған қиындықтарға қарамастан, менің тапсырмам бойынша Үкімет экономиканы орнықты өсіру бойынша шаралар қабылдады» - деп айтылған. Еліміздің шаруашылық кешенінің қызмет етуі мемлекеттің экономикалық дамуының тиімділігін арттыруға, өндіріс көлемін көбейтуге мүмкіндік беретін, өндірістік, иннвоациялық және әлеуметтік бағдарламалар мен жобалардың жасалуының, өткізілуінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін инвестициясыз мәнсіз болар еді.

Содержание

Кіріспе
3
Негізгі бөлім

1.Инвестициялық жобаның теориялық негізі
4
1.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні
4
1.2 Инвестициялық жобаның ҚР-да қазіргі жағдайы
10
2.ҚР-да инвестициялық жобаны жүзеге асыру жолдары
14
2.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
14
2.2. Дамыған мемлекеттердегі инвестициялық жобаларды ҚР-да кешенді пайдалану
21
Қорытынды
25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой.docx

— 123.23 Кб (Скачать документ)

Осы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі 2009 жылдың соңында аяқталғаннан кейін қазақстандық мұнай өндіруші кәсіпорындар үшін жобаны таныстыру  өткізіледі. Ал олар мүдде танытқан жағдайда «ҚазТрансОйл» АҚ пен «Транснефть» ААҚ жобаны іске асыруға кірісетін  болады.

2010 жылдың 1-тоқсанында Қоғам Батуми мұнай терминалын (бұдан әрі – БМТ) және Батуми теңіз кемежайын (бұдан әрі – БТК) қоса алғанда BIHL компаниясы акциялары пакетінің 100%-ын сатып алды.

BIHL сатып алудағы стратегиялық  мақсат – көмірсутектерді нарыққа  жеткізудің шектеулі сипатын  ескеріп, мұнай тасымалдау бағыттарын  әртараптандыруды қамтамасыз ету  жолымен Қоғамның бәсекеге қабілеттілігінің  жоғары деңгейіне қол жеткізу.

БМТ Каспий мұнайын экспортқа  тасымалдау кезінде пайдаланылатын теңіз бекеті.

БМТ негізгі артықшылықтарының  бірі – мұнай мен мұнай өнімдерінің 22 сортын дара-дара сақтау мүмкіндігінің  болуы. «Теңіз» және «Қарашығанақ»  кеніштерінде жеңіл мұнай өндірудің  артуын, сондай-ақ Каспий теңізінің  қазақстандық қайраңын игеруді ескерсек, мұнай сапасын сақтау және «Ақтау – Баку – Батуми» бағытымен  мұнай тасымалдау мұнай сату саласының  маңызды бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ БМТ Қара теңіздің кавказдық жағалауындағы сұйытылған мұнай газын ауыстырып құятын бірден бір терминал.

БТК Қара теңіздің Грузия батыс  бөлігіндегі жағалауында орналасқан әрі тасымалдың теңіз, темір жол, автомобиль және құбыр түрлерін біріктіретін көлік торабы.Мұнай терминалының ең жоғары өткізу қабілеті жылына 15 млн. тоннаны құрайды.

2011 жылдың нәтижесі бойынша мұнай мен мұнай өнімдерінің БМТ арқылы өтуі 6 млн. 116 мың тоннаны құрады.

«ҚазТрансОйл» АҚ терминалдың  ағымдағы өндіру деңгейін және жаңғыртуды ұстап тұру үшін елеулі қаржы жұмсап отыр. 2011 жылы БМТ мен БТП дамуына құйылған қаржы 2 миллиардан астам теңгені құрды, бұл 2010 жылдың деңгейіне сәйкес келеді. Қаржы қоршаған ортаға өндірістік объектілердің техногендік әсерін төмендетуге, өндірістік үдерістің тиімділігін көтеруге, кеңейтуге және жаңғыртуға жұмсалды. Атап айтқанда, БМТ-да мұнай мен мазут учаскелерінің №4 және №5 темір жол аспа құярлықтары үшін газ тұтқыр жүйесінің құрылғылары орнатылды, сұйыққоймалар парктерінің және мұнай айлақтарының газ тұтқыр жүйесін, көбікпен және сумен сөндіру жүйесін құрастыру, мұнай мен мазут учаскелерінің №5 аспақұярлығының сорап стансасын қайта құру, мұнай мен мазут учаскелерінің трансформатор қосалқы стансасын қайта құру, дизель учаскесінің мұнайұстағышын қайта құру, сұйыққоймаларға деңгей өлшеуіштер қондыру және т.с.с жұмыстар жүргізілді. БТП үшін жаңа жайластыру сүйретпесі алынып, іске қосылды, кемежайдағы «Альбатрос» СТ 07 краны жаңғыртылды, флот кемелеріне жөндеу жүргізілді, №8 айлақтың ішкі аймағында ашық қойма алаңдарын жасау жұмыстары жүргізіліп, №4 және №5 темір жолдар ұзартылды және №7 және 8 айлақта кран асты ішкі жолы салынды, арнайы техника мен жабдықтар және т.б.алынды.

Батуми мұнай терминалын одан әрі тиімді пайдалану мақсатында қазіргі таңда компанияда БМТ-ны дамыту іскерлік жоспары әзірленді, ол келешекте Қазақстанның үлкен  мұнайын тасымалдау құқығы үшін күресте  мұнай терминалын тиімді де пәрменді құралға айналдыру үшін кең көлемде  жаңғыртуды көздейді.[4]

Қондырғыларды ауыстыру:Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдей керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін.

Шығындарды азайту:Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты – жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық мағынада неғұрлым тиімді бола бермейді.[4]


Қызмет көрсету нарығын  кеңейту:Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келе-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.

Кәсіпорынды кеңейту:Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлнген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап кеткен жөн.[5]


Критерий:Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала кезеңінің мазмұнын құрайды.


Батыстық жобаларды  талдау тәжірибесінде әдетте төмендегі критерийларді қолданады:

  • саланың пісіп – жетілуі;
  • кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы.

Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп жетілген немесе ескірген.

Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын қолданады: басым, мықты, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.

Кәсіпорынның пісіп-жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.[5]

1.2 Инвестициялық  жобаның ҚР-да қазіргі жағдайы.

Қазіргі кезде Қазақстанда  жүзеге асырылып жатқан инвестициялық  процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына  айналып, еліміздегі реформаларды табысты  іске асырудың басты себебі болып  отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті  қоры болып саналады. Инвестициялық  жобаларды іске асыру өндірісті  жетілдіріп, сатылатын тауарлардың  сапасын арттыру онымен қоса жұмыс  орындарының көбейіп, тұрғындарды  еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық жобаларды  талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Әрбір кәсіпкер өзінің ісін бастау кезінде қаржылық, материалдық, еңбек және интеллектуалдық ресурстарда  қажеттілігін, оларды алу көздерін анықтау керек, сонымен қатар, фирма  жұмысы ағымында сол ресурстарды  пайдалану тиімділігін дәл есептеуі қажет.[6]

Қазіргі замандағы Қазақстан  Республикасындағы ұлттық заң шығарудың  дамуы банктік, көбінесе несиелік операцияларды  одан әрі жетілдіруге бағытталған, нормаларды құруға әсерін тигізеді. Осыған байланысты отандық банктегі тәжірибеде несие операцияларының, инвестициялық  қызмет жобасын несиелеу деп аталатын, жаңа түрін пайдалану тиімді болар  еді. Жобаны несиелеу (ЖН) экономиканың нақты секторының жобаларындағы инвестицияларды ұйымдастырудың жаңа және кең таралған нышандары болып есептеледі.

Республикадағы инвестициялық  жобаларды несиелеуді кеңінен дамуына  біздің көзқарасымыз бойынша, айқын  мәселелердің қатары кедергі, олардан  мыналарды бөліп көрсетуге болады: ірі инвестициялық жобаларды  жүзеге асыратын, несиеге қабілетті  кәсіпорындардың аз болуы; мұндай жобаларды  несиелеуге заманға сай сенімді  механизімдерге сапалы жобалық талдау жасайтын мамандар және банктерде тәжірибе жоқ; мамандарда, кәсіпорындар мен банктердің сапалы инвестициялық жобалар мен  бизнес-жоспарларды жетілдіру икемділігінің  болмауы, жобалық тәуекелдіктерді  басқару тәжірибесінің болмауы. Мұнда, олардың жобаны несиелеу әдісімен инвестициялық қаржыландыру мәнін  түсінбейтіндігін жатқызуға болады.

Осыған байланысты, отандық  банктік тәжірибеге жаңа технологияларды  енгізу және жоба талдауының қазіргі  заман әдістері мен жабдықтарын  пайдалана білетін мамандарды дайындау, жобаны несиелеудің жобалық тәуекелдіктерін  басқару аса маңызды болып  табылады.

Одан басқа «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың бағдарламасына» сәйкес, таяудағы онжылдықта  инвестициялаудың жалпы көлемі 6,5триллион теңгелік 162 жобаны іске асыру болып отыр, ал бұл елдің ІЖӨ 40%-дан астамы, олар бізге таядағы үш жылда ғана 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын  тікелей ашуға мүмкіндік береді».

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан  дамуының басты бағыты» атты ҚР Президентінің  Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің  бірі- Қазақстан экономикасына келетін  инвестициялар ағынын әртараптандыру болып табылады» деп инвестициялық  саясаттың қазіргі бағыттарына назар аударған  болатын .Осыдан қазіргі ҚР үкіметінің инвестициялық саясатының мақсаты – экономиканы дамыту және заманауи технологияны қолдану арқылы іс жүзіндегі өндірісті кеңейту мен жаңарту, бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа орындарды  ашудағы, қоршаған ортаны қорғаудағы инвестицияны ынталандыру.

Жалпы инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау. Ол күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық  саясат дұрыс жүргізілсе, әрбір шығындалған  теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды.[7]

Елдегі инвестициялық  саясаттың  даму деңгейін елдің әл-ауқатының  артуынан көруге болады. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында отандық нарыққа  шетелдік инвесторларды тарту инвестициялық  саясаттың басымдылығы болып  табылды. Ал инвестициялардың ішкі көздері  не құнсызданды, не назардан тыс қалып отырды. Сондықтан рыноктік реформалардың алғашқы жылдарында отандық инвесторлардың қаражаты нарықтық қайта құру үдерістеріне тартыла алмады. Сонымен қатар, ол кезде орын алған отандық өндірістің үздіксіз құлдырауы ішкі жинақтар көлемін төмендетті. ­Академик У. Баймұратов өз  еңбегінде былай деп жазады:  «теріс сипаттағы экономикалық фактордан басқа, нәтижесінде елде жемқорлықтың күшеюін алып келген өзге де желілік емес санаттар іске асып отырды. Жемқорлық, несиелік мүмкіндіктердің шектен тыс қол жетімсіздігі мен шектеулігі, шетел инвестицияларын тиімсіз пайдалану, заңнамадағы кемшіліктер, нормативтік базаның әлемдік стандарттарға сай еместігі осы кезеңдегі инвестициялық ахуалға кері әсер тигізді» .

Одан басқа рынокке  өтпелі кезеңде өндірістік сектордағы төмен инвестициялық сұраныс  негізгі қорлардың тозуын күшейтті. «2012 жылдың өзінде негізгі қорлардың  тозу деңгейі жалпы халық шаруашылық бойынша 38,7%, оның ішінде өнеркәсіпте  — 43,2%, электр энергетикасында — 19,1%, қара  металлургияда — 47,9%, құрылыс  материалдары өнеркәсібінде  - 43,5%  құрады». Осыдан жабдықтар мен технологиялар  түріндегі капиталдың ескіруінің жоғары деңгейі, еңбек пен капиталдың төмен  өнімділігі көзге түседі. Бұл мемлекеттің  инвестициялық саясатын қалыптастыруда, инвестицияларды өндірістік күштерді қайта құрылымдаудың факторы  ретінде қарастыруды алға қойды. Себебі қазіргі күнгі өндірістік күштер жүйесі бәсекеге қабілетті емес, қажетті өсу әлеуеті жоқ, бұл  экономиканың шығындық сипатына, ғылыми-техникалық үдерістен  кеш қалуға байланысты болды.

Инвестициялық сұраныс пен  жиынтық сұраныстың төмендеуі мен  құнсыздануы экономиканың тұрақсыздануына  алып келді.[8]

Осы жағдайларда ескере отырып алдағы уақытта  Қазақстанның экономикалық жүйесінде инвестициялық саясатты жетілдіру арқылы ел экономикасын дамыту алға қойылды. Қаржыландыру көздерінде инвестициялардың үлесі арта бастады. 1998 жылдан бастап инвестициялардың ЖІӨ үлесі 8,4%-дан 2012 жылы 43,0% дейін тұрақты өсу үрдісіне ие болды . Сонымен бірге елімізге шетелдік инвестицияларды тартудың құқықтық   заңнамалық базасы да құрыла бастады.

Нәтижесінде шетелдік инвестициялау  көмегімен Қазақстанда дағдарысты тежеуге, экономиканы қаржылық тұрақтандыруға мүмкіндік құрды және тапшылықпен  күрес, құрылымдық қайта құрулар, экономиканың технологиялық және басқарушылық сияқты макроэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге ықпалын тигізді. Яғни, осындай факторлар  сыртқы капиталдық салымдарды тарту  және пайдалану маңыздылығын дәлелдейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.ҚР-да инвестициялық  жобаны жүзеге асыру жолдары.

2.1 Инвестициялық  жобалардың тиімділігін бағалау  әдістері

 

Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік  инвестициялардың тартылумен тығыз  байланысты болып келеді. Инвестицияларды  әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең  көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен  екі бағытта тартылады: бірінші  бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды  дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары  Қазақстан банктерінде қолға  алына бастады. Мұндай инвестициялық  жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз  алушыға қажетті сома әрбір аяқталған  жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық  жобалар негізінде несие алу  барысында кепіл мүлікті талап  етілмейді. Инвестициялық құралдардың  арасындағы жобалар арқылы несие  алу экономиканың нағыз секторларын  дамытуда болашақта негізгі құрал  болатыны сөзсіз.

Информация о работе Қазақстандағы инвестицияның рөлі