Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқытудағы ойындардың қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 08:57, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде кітаптардың көптеген атақты және тәжірибелі авторлары бар, сол себепті қарым –қатынас жасауға үйрету процесін ұйымдастыруда қанша автор болса, олардың сонша көзқарастары мен пікірлері бар. Біздің міндетіміз арнайы тақырыптағы материалмен танысып, оған анализ жасап, белгілі бір қорытынды жасау. Берілген тақырыпты мүмкіндігінше зерттеп, белгілі бір ерекшеліктерін тауып, өз әрекетімізде белсене қолдануымыз қажет.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………..3
I. Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқыту негіздері…………....6
1.1 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудың негізгі принциптері………....6
1.2 Педагогикалық технологиялар арқылы оқытуды жетілдіру, жалпы түсінігі және ерекшеліктері………………………………………………………………..8
1.3 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудағы ойын әдісі……………...….12
II.Бастауыш сыныпта ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау үшін қолданылатын ойын технологиялары……………………………………....15
2.1 Оқытудағы ойындардың ерекшеліктері мен құрылымы………………….15
2.2 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға ойынның ықпалы…………....17
2.3 Ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларын оқыту технологиялары………………………………………………………………….20
III Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқытудағы ойындардың қолдану…………………………………………………………………….…….23
3.1 Бастауыш сынып оқушыларын ойындарды өткізуге дайындау, ойындарды өткізу және талдау……………………………………………………………….23
3.2 Қарым-қатынас жасау үшін балаларға ойындардың ықпалы………….…27
3.3 Ойындардың бала білімінің дамуына ықпалы………………………..……29
Қорытынды……………………………………………………………………..32
Глоссарий……………………………………………………………………..…34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

ағылшын тілінде қарым қатынас жасау технологиясы.docx

— 79.62 Кб (Скачать документ)

Тағы бір мысал келтірсек қарым-қатынас жасаудағы сөйлеудің алғашқы сатыларында суреттерді қолдану кең жүзеге асады. Суретті көре тұрып оқушы ағылшын тілінде бұл жайлы не айту керектігін ойланып алу қажет. Есіне түсіре алмай қалған жағдайда көмекке мұғалім келеді.

 

II. Бастауыш сыныпта ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау үшін қолданылатын ойын технологиялары

2.1 Оқытудағы ойындардың ерекшеліктері  мен құрылымы

1. Барлық  қатысушылар айнала тұрады. Әркім  ойша белгілі адамның өмірін  таңдайды: әнші, актер т.б. Мақсат: өзін таныстыру, бірін бірі таныстыру. Мысалы. Менің атым Джон Хенри, мен ағылшынмын, Лондонда тұрамын .Қатар тұрған тіл үйренуші оны келесі адамға таныстырады. Бұл Джон Хенри, оның ұлты ағылшын... Басқалар түрлі сұрақтар қояды: «Мамандығыңыз кім?» танысу этикеттерін қолданады. «Өте жақсы», «Танысқаныма қуаныштымын».

2. Әрбір қатысушы: «Үй, пәтер» тақырыбы бойынша  бір затты таңдайды. Не үшін  таңдағанын білмейді. Мақсат: өзін  осы зат түрінде елестете отырып, соның атынан сөйлеу. Мысалы: мен  телевизормын. Мен үлкенмін. Менің  атым SONY. Мен мультфильмді, спорт  бағдарламаларын жақсы көремін. Бұл ойында «үй, пәтер» тақырыбы  бойынша лексика мен грамматикалық  құрылымдар жаттықтырылады.

3. Барлық  қатысушылар айнала тұрады. Мұғалім  доп лақтырады. Допты қағып алған  адам сөйлейді. Мақсат: кімді қалай  атайтынын әңгімелеу. Мысалы: менің  атым Клара. Мамам мені Катя  дейді. Ағам, інім...., достарым..., атам..., әжем... ал басқа ойынға қатысушылар  «Ал досың сені қалай деп  атайды?» деген сияқты сұрақтар  беріп отырады.

4. Барлық  қатысушылар айнала тұрады. Ойынды  мұғалім бастайды. Ол былай деуі  мүмкін: «Кеше мен көшеде біреуді  кездестірдім». Қатысушылар кім  екенін анықтауға тырысады: «Сіз  менің мамамды кездестірдіңіз», ... Мақсат: болжам, белгілерді айтып, қатысушыларды қызықтыру. 3-4 фразадан  кейін жұмбақтың шешімін айтып, жаңа адамды жұмбақтауға кірісу. Мақсат: өткен шақтың жасалу жолдарын  бекіту. Ойынның әр түрлі варианттары  болуы мүмкін. Мысалы: Мен кеше  бір тамақ жедім... Кеше мен  бір кино көрдім.

5. еденге  бормен үлкен циферблат салу  керек. Барлық қатысушылар циферблатты  айнала тұрады. Мақсат: белгілі бір  сағатта немен айналысатынын  айту: егер «А» ойыншы сағат 3-те  тұрса, ол сол уақытта не істейтінін  айтады. Осындай ретпен әр қатысушы  өз жұмыс күнін айтып шығады. «Уақыт», «Жұмыс күні» тақырыптары  жаттықтырылады.

6. Мұғалім  қағазға 1 сұрақтан жазады. Қатысушылар  жеребе түрінде бір-бір сұрақтан  алады. Сұрақтар ерекше мазмұнды  болуы қажет. Мысалы: Сіз асханада  кітап оқйсыз ба? Сіз дәріханада  дәрі ішесіз бе? Сұраулы сөйлем  түрлері, сөйлемдегі сөздердің орын  тәртібі жаттықтырылады.

7. Әрбір қатысушыда  кішкене қол айна болуы қажет. Мақсат: айнаға қарап, кімді көріп  отырғанын айту. Мысалы: Бұл –  қыз. Оның шашы қара, мұрны ұзын... «Мінез және портрет» тақырыбы  жаттықтырылады.

8. Мұғалім  үлкендеу қалтаға әр түрлі  пішінді заттар салады. Қатысушылар  қалтаға қолын салып, затты таңдайды. Қолын қалтадан алмай, оны сипаттайды. Мақсат: сипаттаудың көмегімен қатысушылар затты анықтауы қажет. Мысалы: бұл үлкен, дөңгелек, резинадан немесе ағаштан жасалған. 3-4 қатысушы шешімді айтқан соң, заттар қалтадан шығарылады. Сын есім, затты сипаттау жаттықтырылады.

9. Топ мүшелері  қағазға нені жақсы көретінін  жазады. Мақсат: кабинетте бір-біріне  сұрақ қоя отырып, өзіне жақын  адамды табуы керек. Мысалы: «Мен  ағылшын тілінде еркін сөйлеп, қарым-қатынас жасағандыжақсы көремін» деп жазады. Осыны сұрақ түрінде береді: «Сіз ағылшын тілінде еркін сөйлеуді жақсы көресіз бе?» Сұраулы сөйлем түрлері жаттықтырылады.

10. Үстел  үстінде әр түрлі заттардың  әдемі суреттері жатыр (киім, машина, үй...). Әрбір қатысушы бір суретті  таңдап, ауызша армандайды. ...сатып  аламын... барамын... Мақсат: арманнан  бас тартқызу. Келер шақтың жасалуы  жаттықтырылады.

 

 

2.2 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға ойынның ықпалы

Сөзден сөз тіркестерді, сөйлемдер құрылады, сондықтан оқушының жаңа сөзді дұрыс қабылдап, ойына сақтау барысында әр түрлі ойындар жүргіземін. Ойын оқушының тілге деген қызығушылығын арттырады және оқушыны тілді үйренуде жақсы жетістіктерге жеткізеді.

Жан–жақты ойластырған және жақсы жүргізілген ойын тілдік материалды енгізуді және бекітуді (лексика, грамматика, фонетика) жеңілдетеді, дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Тілдік шығармашылықты (есту, сөйлеу, оқу, жазу) орындауға тиімді. Ойын балаларды шетел тілін меңгерудегі қиындықтарға дайындайды және осы қиындықтарды жеңіп шығаруға көмектеседі.

Ойынды ағылшын тілі сабағының, бірақ жоғары сыныптарда берілетін тіл материалының мазмұны мен тапсырмаларының түрі тіл материалын жай қабылдауға емес, білімін дамытуға, ойландыруға, жағдайларды салыстыруға, ойша бөлшектеп талдау жасауға, біріктіріп ұластыра жасауға, қорытындылауға қызмет етуіне көңіл аудару керек. Ойындарды сабақ үстінде ғана емес, үзілісте, сабақтан тыс уақытта да ойнауға болады. Бұл балалардың демалатын уақыты. Ойынның негізгі мақсаты – сөздерді, сөйлемдерді ағылшын тілінде дұрыс айтуға балалардың тілдерін жаттықтыру.

     Оқулықтың ерекшелігі  тілді үйретудің әр дағдысына  белгілі бір стратегиялар ұсынады. Мысалы, тыңдасым: тыңдауға дайындық, ең маңызды сөздерге көңіл  бөлу, арнайы мағлұмат алу, пікірлерді  ажырату, өз сұрақтарын дайындау, керектілерін жазып алу, стилін  ажырату, өз пікірін білдіру сияқты  тапсырмаларды орындау арқылы  оқушылардың кассеталардан жаңалықтарды, диалог, монолог, әңгіме, өлең тыңдауға  мүмкіншіліктері бар. warm – up (ой ашар) тапсырмалары және келісу –  келіспеу, рөлдік ойындар, пікір  білдіру, суреттеу т.б. түрлері арқылы  оқушылар алған білімдерін іске  асырады. Оқушылар сабақта үйренген  іскерліктері мен дағдыларын  пайдаланып, өз ойларын жүйелі  түрде айтып жеткізе алады.

1. Жоғалған заттар бюросы

Бюро қызметшісі мен ойынға қатысушылар әр түрлі заттардың суреттері бар карточкалар алады. Бұл – олардың жоғалтқан заттары. Ал бюро қызметкеріне әр түрлі заттардың суреттері жапсырылған плакат ұсынылады. Дайындықтан кейін қатысушы бюроның терезесіне келіп, қызметкермен сөйлеседі. Мақсат: өз затын толық сипаттау, белгілерін атау, қызметкердің сұрақтарына жауап беру. Қызметкер заттың түсін, көлемін (үлкен, кіші), неден жасалғанын сұрайды. Сипатталған затты өзінде бар заттармен салыстырады. Егер ол сәйкес келсе, іздеушіге береді. Бюрода болатын заттардың бірнешеу болғаны дұрыс. Мысалы: 3 қолшатыр, 3 қолғап, 2 сумка. Қызметкер ролін мұғалімнің өзі ойнай алады.

2.Базарда

Топ екіге бөлінеді. Сатушылар мен сатып алушылар. Әрбір қатысушыға бір карточкадан беріледі.

Сатушылардың карточкалары:

1. Сізде 50 кг-нан 10 қап картоп, 20 кг-нан 5 жәшік банан  және 20 кг-нан 4 жәшік апельсин бар. 1 қап картоп – 1500 теңге, 1 жәшік  банан – 4000 теңге, 1 жәшік апельсин  – 2000 теңге тұрады.

2. Сізде 50 кг картоп, 10 кг банан бар. 1 кг картоп 80 теңге, 1 кг банан 200 теңге тұрады. 

3. Сізде 10 кг картоп және 20 кг апельсин бар. 1 кг картоп 70 теңге, 1 кг апельсин -  150 теңге тұрады. 

4. Сізде 10 кг пияз және 20 кг құлпынай бар. 1 кг пияз – 80 теңге, 1 кгш құлпынай 250 теңге тұрады.

5. сізде 5кг  сәбіз,  5 кг құлпынай және 3 кг пияз бар. 1 кг сәбіз 85 теңге, ал 1 кг құлпынай 200 теңге, 1 кг пияз 90 теңге тұрады.

Сатып алушыларға арналған карточкалар:

1. Сіздің  кафеңізге картоп, сәбіз және  құлпынайды сатып алғыңыз келді. 2000 теңгеңіз бар.

2. Сізге бүгін  қонақ келеді. Дастарханға апельсин  және банан сатып алыңыз. Сіздің 500 теңгеңіз бар.

3. Сізге банан  мен пияз керек. Сіздің 400 теңгеңіз  бар.

4. Сіздің  қысқа арнап пияз бен картоп  сатып алуыңыз керек. Сіздің 2500 теңгеңіз  бар.

5. Сіздің  картоп пен сәбіз алуыңыз қажет. Сізде 700 теңге бар.

Мақсат: сатып алушылар арзан бағаға сатып алуға тырысады. Ал сатушылар қымбатқа сатуға тырысады. Екі топ та есеп жүргізеді. Әр топтан жеңімпаз анықталады. Жақсы сатып алушы көп және арзанға сатып алуы қажет. Жеңімпазға силық беріледі. Ол тәтті сәбіз не картоп болуы мүмкін. Ойынды әр түрлі мазмұнда өткізуге болады: киім, сүт өнімдері, ет шұжық өнімдері т.б. Затты көрсетілген бағадан төмен сатуға болмайды. Бірақ бағаны көтеруге болады. Ойын уақытында қатысушылар еркін жүріп тұрады.

3. Баспасөз конференциясы

Барлық қатысушылар – ағылшын тілді баспасөздің тілшілері. Олар тек ағылшын тілінде сөйлейді. Қазақстаннан келген қонақ қана қазақ тілінде сөйлейді. Ағылшын  тілін жақсы меңгерген, еркін сөйлейтін оқушы аудармашы қызметін атқарады. Ол екі тілде сөйлейді. Ол тілшілердің әңгімесін ағылшын тілінен қазақ тіліне, қонақтың әңгімесін қазақ тілінен ағылшын тіліне аударады. Мақсат: өз газеті үшін қажетті ақпарат алу, қызықты сұрақтар беру. Ойын алдында мұғалім аудару кезінде сөздің негізгі мағынасын жеткізу қажеттігін айтады. Мысалы: Мына ән сізге ұнайды ма? Деген сұраққа «Керемет ұнайды» деген жауап берілсе, аудару кезінде оны «иә» деген бір сөзбен берген дұрыс. Қонақтың сөзі (оның орнында мұғалім болуы да мүмкін) қатысушылардың деңгейіне қарай өте күрделі немесе күрделі әрі түсініксіздеу болғаны дұрыс. Ойын мақсаты түсіндірілгеннен кейін, қатысушыларға дайындық үшін уақыт бергені дұрыс. Сұрақ бермес бұрын, әрбір «тілші» өзін таныстырады. Аты-жөнін, газетінің атын айтады. Оны мұғалім алдын-ала ойластырып, карточкаға жазып беріп қойғаны тиімді. Қонақтың ролін өзгертуге болады. Мұғалім алдын-ала қонақтың жасын, отбасын, жағдайын, ұлтын, мамандығын карточкаға жазып бергені дұрысырақ.

4. Аукцион

Бұл сабаққа әр бір қатысушы ескі, қажет емес заттарын (түйме, қауашақ, қорап, ручка немесе қаламдарын т.б.) әкеле алады. Әкелінетін заттар бірдей болып қалмас үшін ерекше заттар әкелуді тапсырған дұрыс. Ол заттардың не үшін қажет екенін айтпау керек. Мұғалім аукционда сауданың қалай жүретінін көрсетеді. Ол өз затын ұсынып, оған толық сипаттама береді.: салмағы, өлшемі, формасы, түсі. Сосын бастапқы бағасын айтады. Мысалы: Бұл ағылшын королінің шапанының түймесі, алтынмен апталып, бағалы тастармен көмкерілген. Сарғыш жылтыр түсті. Бастапқы бағасы 5000 доллор. Осымен сауда басталады. Мұғалім ойынды бастап бергеннен кейін, оның орнын кезекпен оқушылар алады. Қалған оқушылар сатып алушылардың ролін атқарады. Мақсат: затты неғұрлым жан-жақты сипаттап, сатып алушыларды қызықтыру. Әрбір қатысушыға ақшаның сомасы жазылған карточкалар үлестіріліп беріледі. Олар сол сомадан артық бағаны айта алмайды. Оқушыларға өз заты туралы аңыз-әңгіме құруға мүмкіндік беру қажет. Ойынды басқаша ұйымдастырушыларға суреттер беріп, үйден сипаттама жаздыртып дайындауға болады. Ескі кітаптар, белгілі бір суреттер, антиквариаттарды сатқызып аукцион ұйымдастыруға болады. Ал ойынның қосымша көрнекілігі ретінде темір – қақпақ, ағаш балғаны пайдаланып, гонг ұрғызуға болады.

 

2.3 Ойындар арқылы бастауыш  сынып оқушыларын оқыту технологиялары

Бастауыш сынып оқушылары арасында оқу дағдысы жетекші рөлді атқарады, бірақ олардың ойынға деген қызығушылығы жоғалмайды. Сондықтан да оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен материалды қабылдау деңгейі төмен түспеу үшін, мұғалімнің тапсырмаларды ойын түрінде таңдап алғаны жөн. Осы ойын арқылы шет тілдегі материалдың айтарлықтай бөлімі еріксіз есте қалады.

Р.И.Жуковскийдің тәжірибелеріне қарағанда бала балалық шағынан бастап өлеңдер мен түрлі ұйқастарды оңай оқып үйренеді.

Ал С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша өлеңмен жазылмаған материалға қарағанда, өзінің ұйқасы мен ырғағы арқасында өлеңдер тез есте сақталады.

Бастауыш сыныптарда балаларға тапсырмалар, оларды шаршатпайтындай етіп, ойын формасында беріледі.

Бастауыш сыныптық кезеңдерде оқушылар шет тілі орфографиясымен енді танысып бастайды.

Ойын арқылы тұрмыстық қарым-қатынаста сөздер үйренеді. Бұл кезеңде көрнекі материалдарды көптеп қолдануға тырысу керек. Мұғалімнің айтқанын қайталау, оған еліктеу орын алады.Осы жастағы балаларды оқуға мотивациялау мақсатында балаларға арналған аутентикалық шығармаларды қолдануға болады.

Оқыту оқиға желісі негізінде ұйымдастырылуы мүмкін. Әртүрлі шығармашылық тапсырмалар қиялдың дамуына септігін тигізіп, сабақта өтілген нәрсені меңгеруге көмектеседі. Балаға заттардың суретін салып бітіруге, ұйқастар ойлап табуға, тығылып тұрған ойыншықтарды табуға және т.б істеуге тура келеді. Есте сақтауға арналған өлеңдер мен санамақтар, ұйқастар сөздерден және сөйлемдерден құралған. Шет тілін ерте жастан бастап оқыту баланың жан-жақты дамытады. Оның есі, зейінділігі,  байқағыштық қасиеті жақсарады.

Ауызша сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар кешені

1-жаттығу

Мақсаты: оқытылатын тілмен танысу

Міндеттер: Балаларды оқытылатын тілдің елімен таныстыру, мысалы Англияның мәдениетімен, жазушыларының шығармашылығымен таныстыру арқылы оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту.

Балалармен ағылшын тілінде амандасып,танысыңыз,олармен шет тілде сөйлесудің қызықты әрі маңызды екені туралы әңгімелесіңіз, мысалы,  ағылшын тілін үйреніп, олар ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі құрдастарымен сөйлесе алады, ағылшын жазушыларының кітаптарын оқып, мультфильмдерді аудармасыз қарай алады.

Балаларға ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы айтыңыз. Оларға ағылшын кітаптары мен мультфильмдеріндегі кейіпкерлерді естеріне түсіруге көмектесіңіз. Ағылшын тіліндегі дыбыстарды дұрыс айту керектігіне көңілдерін аударыңыз. Бірнеше ағылшын тіліндегі сөздерді тыңдатуға да болады. Олармен ағылшынша қоштасып, келесі сабақта кейбір қалған дыбыстарды қалай айту керектігін және  «менің атым» фразасын қалай құруға болатындығы туралы білетіндерін айтыңыз.

2-жаттығу

Мақсаты: Монологтық сөйлеудің ептілігін дамыту

Орындалу амалы: Үлкен сөмкеде қарапайым заттар жатады. Оқушылар бір затты алып шығып, онымен не істеуге болатынын көрсетеді. Ал қалған оқушылар оның істегенін  үш әрекеттің көмегі арқылы табу керек. Мұғалім заттарды көрсететін оқушылардың, сол заттардың ағылшын тіліндегі баламасын білуін тексереді.

Мүмкін болатын заттар тізбегі: 1) a long scarf; 2) an empty jar; 3) a small box; 4) a flower; 5) an apple; 6) a key; 7) a ball; 8) scissors; 10) a book.

Жауап үлгісі: You have a long scarf. You are putting it on.

3-жаттығу

Мақсаты: Монологтық сөйлеудің ептілігін дамыту

Орындалу амалы: Оқушылар көздерін жұмып, дөңгеленіп тұрады. Өздері естіп тұрған заттарды қолдарында бар деп елестетіп, оларды сиппаттап беру қажет.

Ойдағы заттар тізбегі: 1) snow; 2) a baby bird; 3) an apple; 4) sand; 5) a puppy; 6) a glass of hot tea; 7) a basketball; 8) a tennis ball; 9) a little snake; 10) a big stone.

Жауап үлгісі: It is cold and wet. It is melting.

4-жаттығу

Мақсаты: Монологтық сөйлеудің ептілігін дамыту

Орындалу амалы: Оқушылар көздерін жұмып, мұғалімнің бастауымен сиқырлы саяхатқа аттанады.Оқушылар мұғалім айтқан орындардан не көретіндерін, еститіндерін, не сезінетіндерін айту қажет.

Орындар атауы:

1. You are in a cafe.

2. You are at the beach.

3. You are in a supermarket.

4. You are in a forest.

5. You are in the rain.

Информация о работе Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқытудағы ойындардың қолдану