Стандартизация продукций

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 08:34, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыста- сапа жүйесін сертификаттау , Сапа жүйесін енгізудің қажеттілігі туралы қарастырылған. Белгілі болғандай өнім сапасы – бұл, оның белгілі бір қажеттілікті өтеуге жарамдылығын көрсететін өнім қасиетінің жиынтығы. Егер кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты пайда табу болса, онда сапаның рөлі бұл мақсатқа жетуде алдыңғы орында тұр. Сапа жүйесі – бұл, ең алдымен, тұтынушыға оның талаптарын қанағаттандыратын өнімдерді жеткізуге мүмкіндік беретін, мекемедегі жұмысты ұйымдастыру амалы.

Содержание

1 . САПА ЖҮЙЕСІН СЕРТИФИКАТТАУ
Сертификаттау негіздері,мақсаты мен принциптері
ҚР сапа жүйесін сертификаттаудың қалыптасуы
Сапа жүйесін жетілдіру
2. ҚР ИМПОРТАЛАТЫН ӨНІМДЕРДІ СЕРТИФИКАТТАУ
2.1 Өндіріс өнімдердің шет елде сапа жүйесін сертификаттау тәжірибесі
2.2 Өнімді,үрдісті жұмыс пен қызметті сертификаттау органдары
2.3 Өнім мен қызметтің сәйкестігін растау
3. ӨНІМ САПАСЫН СЫНАУ
3.1 Өнім сапасын сынау әдістері және олардың жіктелуі
3.2 Өнімдерге сертификаттау сынағын жүргізу

Прикрепленные файлы: 1 файл

асубаев курсовой.docx

— 1.12 Мб (Скачать документ)
  1. Термобаралық  сынаулар. Бұл сынау түрі атмосфералық қысымның әсер етуіне жүргізіледі. Қалыпты атмосфералық қысым 101,3КПа (сынап бағанасы бойынша 760мм) тең. Қысымның өзгеруі 2 ықпалын тигізеді:
  • Оптикалық сәуленің сыну кқрсеткіші өзгереді, атмосфера тым тығыз немесе сирек.
  • Артық қысым  объектіні деформацияға ұшыратады немесе істен шығарады.

  Ваккумдық  тәсіл арқылы тығыздыққа сынау  . Бақылау газы ретінде гелий  алынады. Гелий атомы өте кішкентай  , қауіпсіз және инертті газ.  Екі әдіс қолданылады:

  1. Гелийлік камера әдісі. Камераның ішінде объектіні орналастырады, объектінің ішінде ваккум жасайды, камераға қысыммен гелийді жібереді. Объектінің ішінде гелийдің қонуын тіркейді . Сезімталдығы 0,13х10-6л Пас.
  2. Гелийлі камераға ашып жиналу әдісі . Объектінің ваккумды камераға орналастырып, объектінің ішіне гелийді қысыммен жібереді.

  4) Сынаудың арнайы әдісі.  Бұл микроорганизмдердің әсеріне төзу тқрақтылығына , сенімділігіне , таз ауруына төзімділігіне ( тропиктегі әртүрлі микоорганизмдерге және таз ауруының әсеріне қарсы тұруы) электрлік сынаулар және т.с.с.

Өнім  сапасын сынау әдістері және олардың  жіктелуі.

   Техникалық  сынау кіріс, операциялық және  қабылдау сынауларының операцияларын  қамтиды. Бұл өнімді дайындау  мен бақылаудың технологиялық  процесінің бір бөлімі.

   Сынау  жүйесін тұрғызғанда келесі талаптарды  ескеру керек:

  • сынауды пайдалану шарттарын ескере отырып жүзеге асыру;
  • бұйымды дайындаудың технологиялық процесс барысы мен өндіру уақыты бойынша үздіксіз сынауды қамтамасыз ету;
  • бұйым сапасын оны жақсарту жағына қарай басқару;
  • сынауды бақылаушының субъективті іс-әсеріне тәуелсіз объективті амалдармен жүзеге асыру;
  • сынауды шығарылатын өнімнің сапасы мен операциялардың орындалуына жауаптылардың күшімен жүргізу;
  • өнімнің технологиялық процесі мн шығарылу ритмін бұзбау;
  • сынауға шығынды азайту;
  • Сынаудың құрылымдық жүйесі келесі алғашқылық ақпарат болған жағдайда тұрғызылуы мүмкін;
  • Конструкторлық және технологиялық құжаттама;
  • Бұйымды дайындау бағдарламасы мен мерзімдері;
  • Сынаудың типтік процестері, инструкциялары және бағдарламалары;
  • Сынау амалдары жөнінде каталогтар мен анықтамалық деректер;
  • Сынау технологиясы бойынша стандарттар мен нормативтер.

   Жүйе  құжаттаманы рәсімдеу және сынау  операцияларының орындалу әдістемесі  бойынша стандарттарды қадағалау  есебімен жобаланады.

   Жүйе  негізгі үш әдіске негізделуі  мүмкін:

  • интуитивті, бұйым талдамасынан кейін сынаудың технологиялық процесін жобалайтын маман тәжірибелерін қолданады;
  • аналогты, ұқсас бұйымдарды, әсіресе типтік немесе топтық технологиялық процестерден, сынау туралы мәліметтерді қолданады;
  • аналитикалық, экономикалық-математикалық статискаға және ықпалдылық теориясына негізделген.

   Сапаны  техникалық сынаудың әр түрлі  әдістері мен ұйымдастыру формаларын  келесі негізгі ерекшеліктері  бойынша жіктейді:

   Тағайындалымы  бойынша сынаудың келесі түрлерін  ажыратады: кіріс,операциялық, ақырғы  немесе қабылдамалы, пайдаланушылық, профилактикалық, дайындамалық, өлшеу  амалдары, техникалық бақылаудың  дәлдігі. 

   Бағынушылығы  бойынша сынауды орталықтандырылған (өндірістің барлық сатыларында  зауыттың техникалық бақылау  бөлімшесімен өндірістің барлық  учаскелеріне бақылаушы қоюмен  жүзеге асырылады) және деорталықтандырылған (өндірістік бөлімшелердің жетекшілеріне  бағынатын жұмыста орындаушылар  мен сынаушылар жүзеге асырады).

   Өндірістік  процестегі орналасуы бойынша  сынауды бірінші бөлшектер, қондырығыны  түзетудегі монтаждар және басқа,  сынау учаскелері бойынша: ұщқыш,  инспекциялық, орталық, қабылдама,  цехтағы дайын өнімнің сапасын  тексеру.

   Тексерілетін  сапа өлшемдері мен белгілері  бойынша сынаудың келесі түрлерін  қолданады: физикалық өлшемдер, геометриялық  өлшемдер, функционалдық өлшемдер, сапа белгілері. 

   Тексеру  әділеттігіне байланысты сынаудың  келесі түрлерін ажыратады:

  • аспаптық (өлшеулік немесе өлшемдерді сандық бағалау әдісі, альтернативті немесе өлшемдерді сапалық бағалау әдісі);
  • органолептикалық;

   Бақылау  амалдарының объектіге әсер етуі  бойынша бұзушы және бұзбайтын  болып бөлінеді.

   Өлшемдерді  анықтау әдісі бойынша сынау  әдістері дифференциалды және  кешенді, абсолюттік және қатынастық, тура және жанама, байланысты  және байланыссыз, дискретті және  үздіксіз болады.

   Автоматтандыру  деңгейі бойынша бақылаудың келесі  түрлерін ажыратады: қолмен, механизацияланған,  селекциялық жинауға автоматтандырылған, дайын бөлшектерді негізгі параметрлері  бойынша толық бақылау үшін  автоматтандырылған, бұйымдарды өңдеу,  жинау, монтаж, сынау процесінде  автоматтандырылған белсенді бақылау  және технологиялық процесс өлшемдерін  реттеу үшін автоматтандыру.

   Тексерілетін  объектілерді бақылау санаттары  бойынша бақылау санаттары бойынша  бақылау біріншілер үшін тегістей  және келесі бұйымдар үшін  таңдамалы, жай және статистикалық,  аралас таңдамалы болуы мүмкін.

   Ұйымдастырылу  деңгейі бойынша бақылаудың келесі  түрлерін ажыратады: жеке таңбаға  ие орындаушы, бірсатылы және  көпсатылы; цехтік және арнайы.

 

  Өнімдерге сертификаттау сынағын  жүргізу 

 

Сынақтау  зертханасы сертификаттау органымен  келісілген  мерзімде өтінімделген өнімдер үлгілеріне сынақ жүргізеді.

Өнімдердің  сапасының негізгі көрсеткіштерін, олардың дәмін тату және тұтынушылық  қасиеттерін анықтау, сонымен  қатар  зиянды ықпал жасайтын көрсеткіштерді бақылау-міндетті талаптар. Сынақтың нәтижелері оң болған жағдайда, сынақтау зертханасы

Сертификаттау органның анықтауы бойынша мөлшерленген данада сертификаттауорганына сынақтың хаттамасын жібереді. Сынақ хаттамасында, өтініште көрсетілгендей  сынақ  зертханасының аккредиттелген бе,  болмаса ҚР МСЖ-де танылған ба, және аккредиттелген жағдайда сынақ зертханасы талапқа сәйкесжүргізілгендігі  есепке алынуы керек.

Өтінім берер  шағында, өтінім берушінің, өтінім берілген өнімнің үлгісіне сынақ хаттамасы  болса, ҚР-ның Мемсиандартының аймақтық органының өкілінен алынған және зертханада сынақтан өткізілген, аккредиттелген, болмаса ҚР МСЖ-де танылған болса, бұл  жағдайда сертификаттау жүргізілмеу  керек.

Өндіріс жағдайын талдау және сәйкестік декларациясын  қарастыру.

Өндірі жағдайын талдау-дайындалған бағдарлама бойынша, өнімнің және оны өндірудің ерекшеліктерін есепке алып, сертификаттау органымен  жүргізіледі. Бұл жағдайда мыналар  тексеріледі:

-нормативтік  және технологиялық құжаттармен,  олардың жағдайларының қамтамасыз  етілгендігі;

-технологиялық  үдірісті ұстауы, оның метрологиялық  қамтамасыз етілу жағдайы;

-кіріспелік  қабылдауды бақылау және мезгілдік  сынақ жүргізу жүйелерінің барлығы;

-техникалық  қызмет көрсету және құралдарды  жөндеу және сынақ жабдықтарының  болуы;

-шикізат  және материалдармен қамтамасыз  етілуі;

-сертификатталған  өнімнің сапасының тұрақтылығы;

-рекламацияларды  талдау және есепке алу.

Тексеру нәтижесінде  актімен, тиісті қорытындымен дайындалады  және өтінім берушіге жіберіледі. Тексеру  теріс нәтижелі болғанда, өтінімделген өнімді сертификаттау жұмысы, таңдалынған  сызба бойынша, тоқтатылады. Ол туралы сертификаттау органы 3 күн мерзімінде өтінім берушіге жазбаша хабарлайды.

Декларацияға  мыналар қосымшалануы мүмкін:

-өнімдерді  сынақтау хаттамалары, бірінші,  екінші, болмаса үшінші жақтармен 

жүргізу;

-бұрын алынған,  іс-әрекеттегі, өнімге, болмаса шикізатқа  сертификаттар;

-материалдар,  бұйымдарды кешендейтін сапа  жүйесі және өндіріс;

-бақылау  органдарымен өздерінің қызметі  төңірегінде, өнімдердің сәйкестігі  туралы 

берілген, белгіленген  қауіпсіздік талаптары бойынша  қорытындылау.

Сертификаттау келесі мақсаттарға жетуге бағытталған:

-өнімнің  экологиялық тазалығын және қауіпсіздігін  бақылау;

-дайындаушының  өтінімдегі өнімнің сапасының  көрсеткіштерін растау;

-тұтынушыларды  ақниетті емес істеушілерден  (сатушы,орындаушы) қорғау;

-шетел сертификаттарын  және сынақ хаттамаларын қабылдауды  растау.

Тағам өнімдерін  сертификаттау кезінде пайдаланылатын нормативтік құжаттарға жататындар: мемлекеттік стандарттар (соның  ішінде мемлекетаралық және халықаралық  стандарттар), міндетті талаптар белгілейтін  басқа құжаттар.

Сертификаттаған кезде нормативтік құжаттарға сәйкес, оның идентификаттауға жағдай  туғызатынын  және өмірге, саулыққа және қоршаған ортаны қорғауға қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғандығы және талаптарға сәйкестігіне растау жүргізіледі. Сапаның  басқа көрсеткіштерінің тізімі, нақтылы  өнімдердің талаптарынан бастап анықталады.

Нормативтік құжаттарда қосымша, болмаса өзгеше талаптар, сертификаттау үшін міндетті болған жағдайда, өнімдердің осы талаптарға сәйкестігін растау үшін сынақтан өткізу қажет.

Тағам өндірісінің  өнімдері сақтау мерзімі кепілденген (тез бүлінетін) өнімдерге және ұзақ сақталатын өнімдерге бөлінеді. Өнімнің  кепілді сақтау мерзімі бір айға дейін болса, онда өнімді сертификаттауға, болмаса сапа жүйесін сертификаттауға  арналған сызба бойынша сертификатталады.

Сертификаттау (идентификаттау) кезінде өнімдер  партияларының сәйкестігі мынандай идентификаттар арқылы іске асырылады: келісім, жабдықтау құжаттары, накладная, есеп-фактура, тасымалдау квитанциясы, сертификат номері және т.б. жасалынған жұмыстардың нәтижелері оң болғанда, өндірістегі өнімдерді сертификаттау  сызбаларымен қарастырылғандай, сертификаттау  органы белгілеген үлгі бойынша, сәйкестік  сертификаты дайындалады. Сертификатқа өнімдердің сертификаттау кезінде  жүргізген барлық сынақтардың хаттамаларын қосады.

 

Тағамдық  өнімдерді міндетті сертификаттау  тәртіб. Тағамдық өнімдерді міндетті түрде сертификаттаудың тәртібі мыналардан тұрады:

Сертификаттауға өтініш беру және қарау, өтініш бойынша  шешім қабылдау, сертификаттау құрылымын  таңдау, үлгі алу, оларға сынақ жүргізу, өндірісті бағалау, егер сертификаттау  құрылымында қамтылған болса, немесе сапа жүйесін сертификаттау, сәйкестік  сертификат және сәйкестік белгісін пайдалануға беру, сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау жүргізу.

Сертификаттау органдары сйкестік сертификаты  бар өнімнің бекітілген талапқа  сәйкес еместігін анықтағанда және олар сәйкестік белгісін дұрыс пайдаланбағанда  түзету шараларын жүргізуі керек.

Бұл жағдайда өтінуші, өзінінің қалауы бойынша аккредиттелген сертификаттау органына өтініш ұсынады. Сертификаттау органы оны қарап  шешім қабылдайды (ұзақ сақталатын өнім үшін мерзімі 3-тәуліктен көп  болмайды). Тез бұзылатын өнімді сертификаттауға берілген өтініш бірден қаралып, шешімі өтінушіге сол күні хабарланады.

Өтініш сәйкестікті  растау органына сертификаттау жұмысының  ақысын Мемлекеттік стандарт және қаржы  Министірлігінің келісімімен бекіткен жалпы тәртіп бойынша төлейді.

Сертификаттау сынағы – шикізаттың құрамы, дайындау технологиясы және өнімнің басқа  көрсеткіштерінің сипатын, тұтынушылардың өнімге қоятын талаптарымен бірдей үлгіде жүргізеді.

Сертификаттау сынағын өткізудің алдында өтініш берушінің тапсырған құжаттарының талаптарға сәйкестігін, оларды сыртқы байқау арқылы (сынып,сорт,дәрежесі т.б.) бірегейлігі тексеріледі.

Сертификаттау органы, өнімнің ұқсастығын тексеруге  алған құжаттың  жетіспейтіндігі  анықталғанда, немесе оған сенімсіздік  болса, өтініш берушінің келісімімен, сертификаттау сынағы кезінде өнімге қосымша органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша, сынақты  өтініш берушінің ақысына жасайды.

Сертификаттау органы, егер өнім жолдама құжаттарындағы атына, не белгілеуіне сәйкес келмесе, әрі қарай сертификаттау жұмысы жүргізілмейтіні жөнінде өтініш берушіні хабардар етеді.

Сертификаттау жұмысы, болған кемшілікті жойғаннан  және өтінішті қайта дайындағаннан  кейін барып жүргізіледі. Өнімді жаңа атпен сертификаттау жұмысы, өтінішті және құжаттарды қайта дайындағаннан  кейін  жүргізіледі.

Сертификаттау кезіндегі құрылымдық таңдау, міндетті сертификаттауда, сертификаттау  органымен, ал ерікті сертификаттауда-сертификаттау  органы және өтініш берушінің өкілінің қатысуымен жасалынады.

Сертификаттау органы, немесе олардың тапсырмасы бойынша үшінші жақтың өкілі ретінде, немесе өндірушінің өзі, сынақ үлгісін  сынақ жүргізу үшін аттестатталған сенімді мамандарды пайдаланады. Біртекті өнімнің әрбір партиясынан алынатын үлгі санын сертификаттау жүргізетін орган бекітеді, бірақ, үлгі алу тәртібі  мемлекеттік стандарттау ұсынысында көрсетілген сертификаттаудың нормалық құжаттарынан ауытқымауы тиіс (ҚР СТ 3.4-2003), (қосымша 3).

Серификаттау  органы, кейбір қауіпсіздік көрсеткішін  анықтау үшін, алынатын үлгілердің массасын құжаттармен негізделген  жағдайда өзгертуіне болады.

Информация о работе Стандартизация продукций