Стандартизация продукций

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 08:34, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыста- сапа жүйесін сертификаттау , Сапа жүйесін енгізудің қажеттілігі туралы қарастырылған. Белгілі болғандай өнім сапасы – бұл, оның белгілі бір қажеттілікті өтеуге жарамдылығын көрсететін өнім қасиетінің жиынтығы. Егер кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты пайда табу болса, онда сапаның рөлі бұл мақсатқа жетуде алдыңғы орында тұр. Сапа жүйесі – бұл, ең алдымен, тұтынушыға оның талаптарын қанағаттандыратын өнімдерді жеткізуге мүмкіндік беретін, мекемедегі жұмысты ұйымдастыру амалы.

Содержание

1 . САПА ЖҮЙЕСІН СЕРТИФИКАТТАУ
Сертификаттау негіздері,мақсаты мен принциптері
ҚР сапа жүйесін сертификаттаудың қалыптасуы
Сапа жүйесін жетілдіру
2. ҚР ИМПОРТАЛАТЫН ӨНІМДЕРДІ СЕРТИФИКАТТАУ
2.1 Өндіріс өнімдердің шет елде сапа жүйесін сертификаттау тәжірибесі
2.2 Өнімді,үрдісті жұмыс пен қызметті сертификаттау органдары
2.3 Өнім мен қызметтің сәйкестігін растау
3. ӨНІМ САПАСЫН СЫНАУ
3.1 Өнім сапасын сынау әдістері және олардың жіктелуі
3.2 Өнімдерге сертификаттау сынағын жүргізу

Прикрепленные файлы: 1 файл

асубаев курсовой.docx

— 1.12 Мб (Скачать документ)

1965 жылы Роттердам  қаласында спаның Халықаралық  Орталығы (СХО) өз жұмысын бастады,  оған СБЕҰ жетекшілік етеді.  СХО-ның негізгі міндеті –  тұтынушылар және дайындаушылар  мүддесінде сапаны және өнім  сенімділігін кешенді бақылау  қағидаларын насихаттау, елдердің  қызығушылық танытқан ұйымдармен  идеялармен, тәжірибемен және ақпараттармен  алмасу. СХО бұйым сапасын бақылау  мәселелесі бойынша тұрақты көрменің  жұмысына жетекшілік етеді, курстар,  семинарлар ұйымдастырып өткізеді, сәйкес құжаттамаларды жариялайды  және басып шығарады.

СХО-ның әрқайсысы  белгілі функцияларды атқаратын  бірнеше бөлімі бар.

Нұсқаулық бөлімде  фотографиялар, сызбалар, сұлбалар жинақталған, олар келушілерді өнім сапасын бақылауды  ұйымдастырудың әртүрлі жүйелері және әдістемелерімен және осы әдістерді  қолдану тиімділігімен таныстырады.

Ақпараттық  бөлім сапаны бақылау бойынша  материалдар жинауды жүргізеді. Тақырыптық көрмелерді, соның ішінде жылжжымалы, жасаумен шұғылданатын секция бар.

СХО-да төрт ай оқу мерзімімен өнеркәсіптік өнімдердің сапасына кешенді бақылауды өткізу мәселелері бойынша ақылы халықаралық  курстар ұйымдастырылған. Олар сапаны бақылау саласында жұмыс істейтін жоғарғы білімді мамандарға арналған.

 

ӨНІМДІ,УРДІСТІ,ЖҰМЫС пен ҚЫЗМЕТТІ СЕРТИФИКАТТАУ ОРГАНДАРЫ

Бұл ұйымдар  өтінішке жауап беретін әр түрлі  формадағы ұйым базасында құралады. Аккредиттеу аумағындағы сертификаттау  органы мынандай функцияны орындайды:

  1. Өндірушілердің, сатушылардың, орындаушылардың жұмысын атқарудағы және өнімнің сәйкестілігі туралы өтініштерді қарастырады.
  2. Сәйкестілікке жататын өнімді анықтайды.
  3. Сәйкестілікті анықтауға арналған жұмыстарды өткізеді және дұрыс нәтижеге сүйене отырып, сәйкестілік сертификатын береді.
  4. Сәйкестілік декларациясын қабылдау мақсатында өндірушінің өтініші бойынша қосымша жұмыстар орындайды.
  5. Сәйкестілік декларациясын тіркейді.
  6. Сәйкестілік сертификаттаудан өткен өнім мен қызметтің реестірін өткізеді.
  7. Сертификаттау сызбасына байланысты өнімге, қызметке, жұмысқа, сапа жүйесіне инспекциялық бақылау орнату және нормативті өтінішке сай келмеген өнімді тоқтату, берілген сертификаттауды шектету.
  8. Сәйкестілікке сай емес өнімді тоқтату және оның сертификаттауын алу мәселесін Мемлекеттік бақылау және қадағалау ұйымына хабарлау. Сәйкестілікті анықтауға арналған жұмыстарды атқаратын ұйым аккредиттеу процедурасынан өту керек. Аккредитацияланған ұйымдар сертификаттауды ортақ өткізу керек.

     Қазақстан Республикасының заңына сай сертификаттаумен айналасатын орган сертификаттау тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тартылады.

Сынақ зертханалары – нормативті құжаттар өтінішіне сай келетін  өнімнің сәйкестілігін анықтайтын аккредитация аумағындағы сынақтар өткізу үшін қатысады. Сынақ зертханалары сәйкестілікті анықтау жолында жеке ұйым немесе заңды тұлға бола алады. Сынақ зертханаларының негізгі функциясы – стандартты әдістемені қолдана отырып, сертификат сынағын өткізу. Сынақ нәтижелері ҚР МСТ нормативті құжаттар орнатқан сынақ хаттамасында тіркеледі.

Заңды тұлғалардың құрылым бөлімдеріне  қарайтын зертханада сертификатты сынақ  өткізу сертификаттау ұйымның мүшесінің  қатысуымен өтеді.

Қазақстан Республикасының заңына байланысты сынақ зертханалары өнімді сынау нәтижесінің төмен болғаны  үшін жауапқа тартылады. Сертификаттау  мақстында сынақ өткізетін ұйым стандарттау, метрология және сертификаттау  ұйымының аккредитеуіне өтуі керек.

Аккредитация аумағында консалтингтік  қызмет көрсету ұйымына өнімнің  сертификациясының, үрдістің, жұмыс  пен заңды тұлғалар кіреді.

Эксперт-аудиторлар – сәйкестілікті  анықтайтын куәлігі бар маман. Ол өнім сапасының, үрдістің, қызметтің, жұмыстың, сапа жүйесінің, сынақ зертханалары мен сертификаттау органдарды аккредиттеу  жолында жұмыс істейтін маман. Эксперт-аудиторлар сынақ өткізудің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сертификат жүйесінде  эксперт-аудиторлардың өтінішін анықтайтын нормативті құжаттар тіркелген.

Стандарттауға қатысушылар. Сертификат жүйесінің қызметін пайдаланатын жай  және заңды тұлғаларды өтініш берушілер  деп атайды. Егер, шығарылатын және өндірілетін өнім сертификаттау  заңының аумағында болса, онда жоғарыда айтылған тұлғалар сәйкестілігін декларацияға тиісті өнімнің сәйкестілігі нақтылау керек.

Сертификаттауға қатысушылардың қатарына тұтынушыларда кіреді.

Сертификаттау қызметі тұтынушыларына мынадай бағыт керек:

    1. Өнім сапасының жоғарлығы және қауіпсіздігі.
    2. Өнім нарығы мен қызметі туралы толық хабарда болу.
    3. Сапасыз таурдың тұтынушының өмірі мен денсаулығына алып келетін қауіпсіздігі үшін шығын ақысын төлеу.  

 

ӨНІМ МЕН  ҚЫЗМЕТТІҢ СӘЙКЕСТІГІН РАСТАУ

Отнадық өндірушілерді  қолдау  үшін және сертификаттау  шығынын азайту үшін ҚР-ң мемлекеттік  сертификаттау жүйесінде сәйкестікті  бекіту үшін халықаралық талаптарға сай келетін сәйкестікті декларацияны қабылдады. Бірақ бұл тек отандық  өнімдерге ғана қолдана алады, ал импортталатын өнімдерге қолданбайды.

Сәйкестік декларациясы міндетті сертификаттауға жататын  және 2003 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан  Республикасының Өкіметінің 77 Қаулысымен бекітілген «Сәйкестік декларациясына жататын өнімдер тізіміне» кіретін  өнімдерге ғана қолданады.

Өнім өндіруші (стаушы,жеткізуші) өнімнің орнатылған талаптарына сәйкестігін дәлелдейтін  құжаттармен ғана сәйкестік декларациясын  алуына болады.

Сәйкестік декларациясы біркелкі талаптарға сай бекітілген белгілі бір өнім түріне немесе өнім тобына қолданылады.

Сәйкестік декларациясы Мемстандарт бекіткен форма түрінде  толтырылады және оған өнім өндірушінің (жеткізуші,сатушы) қолы қойылады.

Өнім өндіруші (жеткізуші,стаушы) сәйкестік декларациясын  алғаннан кейін өнімнің қауіпсіздігіне және сапасына Қазақстан Республикасының  заңдылық актілеріне сәйкес толықтай жауап береді.

Сәйкестік декларациясын тіркеу тәртібі

Өнім өндіруші (жеткізуші,стаушы) алған сәйкестік  декларациясы сертификаттау жөніндегі  ұйымында тіркеледі.

Тіркеуге  жіберілген сәйкестік декларациямен  бірге келсідей құжаттар тіркеледі:

А) тіркеу туралы өтініш;

Ә) бектілген  талаптарға өнімнің сай екендігін  дәлелдейтін құжаттардың көшірмесі;

Б) өндірістің тұрақтылығын дәлелдейтін құжаттардың  көшірмесі (стандарттар мен нормативтік  құжаттрадың сақталуы туралы мемлекеттік  акттердің көшірмесі, өндірістің тұрақтылығының ішкі бақылауының актерінің көшірмесі);

В) өнім өндірушінің  сынақ зертханасының техникалық құзырлығын бекітетін құжаттардың  көшірмесі немесе сынақ жүргізетін аккредиттелген зертханалардың келісім  шарты.

Сертификаттау жөніндегі ұйым келесілерді қарастырады  және тексереді:

    1. Бұл өнімнің сәйкестік декларациясын қабылдай алатын өнімдер тізімінде бар болуы;
    2. Өндірушінің сәйкестік декларацияны қабылдауының құқылығы;
    3. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес барлық етілген құжаттардың болуы;
    4. Сәйкестік декларациясының дұрыс толтырылуы;
    5. Өнімнің сәйкестігін тексеру үшін көрсетілген құжаттардың декларацияға дұрыс және толықтай толтырылуы.

Тексерістің нәтижесі бойынша сертификаттау  ұйымы сәйкестік декларациясын  ҚР МСЖ-ң Мемлекеттік реестірінің  арнайы бөлімінде тіркейді.

Мемлекеттік реестрде сәйкестік декларациясын  алған өндіріс орнының толықтай атауы, мекен-жайы, сәйкестік декларациясының  тіркеу номері, бекітілген сәйкестігі және сәйкестік декларациясының  жарамдылық мерзімі енгізіледі.

Өнім  идентификациясы

«Идентификация» термині латтының «identificare» сөзінен аударғанда «келістіру, бір затқа ұқсастыру» деген мағынаны білдіреді.

Идентификациялау  кезінде көрсетілетін тауардың аналог тауарға сәйкес болуы анықталады.

Идентификациялау  жұмыстарын тәжірибелі мамандар, тауартанушы  сарапшы және де квалификациясы жоғары ғалым-сарапшы жүргізеді. Идентификация  жүргігеннен соң қорытынды шешім  шығарылып, талдау жұмыстары жүргізіледі.

Қолданылу түріне байланысты идентификация келесідей  түрлерге бөлінеді:

Ассортиментті (түріне)

Сапалық (квалиметриялық)

Тауарлық-партиялық

Тұтынушылық

Сұрыптық

Арнайы

Тұтынушылық идентификация – азық-түлік өнімнің адам өміріне қауіпсіздігін анықтау және оны тамақ ретінде қолданылуын анықтау;

Тауарлық-партиялық  идентификациялау - Таурдың қай жерде шығарылғанын, кім өндіргенін анықтау;

Сапалық сұрыптық – тауардың сапасын анықтай отырып, тауардың сұрыпын талдайды.

Ассортименттік  идентификациялау- тауардың ассортиметіне сәйкес болуының қолданылуы.

Арнайы  идентификациялау – өнімге байланысты қолдануға болатынын, болмайтынын анықтау.

Идентификациялау  әдістері:

    1. Органалептикалық – ең жеңіл идентификациялау әдісі, бірақ субъективті болып келеді. Осы әдісте сарапшылар саны көп, алынған нәтижелер бойынша математикалық өңдеу жүргізіледі.
    2. Өлшеу – идентификациялық сараптау кезінде техникалық өлшеу құралдарының көмегімен сараптау жүргізілдеі. Бұл әдістің түрлері: физикалық – сапаның физикалық және химиялық көрсеткіштерін өлшеу құралдарының көмегімен алу. Химиялық және биохимиялық – статистикалық үлгілердің көмегімен өнімнің химиялық көрсеткіштерін өлшеу құралдарымен анықтау. Микробиологиялық – азық-түлік өнімдеріндегі зиянды заттарды және тауар қауіпсіздігін анықтау.
    3. Сынақ- тауар қауіпсіздігін химиялық, биохимиялық реакцияларға сезгіштік шегін анықтау арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта бұл әдіс көп қолданылады.

Идентификациялау  процедурасы келесідей этаптардан тұрады:

    1. Тауарлық ілестіру құжаттарының анализі;
    2. Партияны алдын ала қарау және өнім маркировкасы мен орамасының анализі;
    3. Органалептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері бойынша өнімді сынау.

3 ӨНІМ САПАСЫН СЫНАУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

 

Сынау обьектісінің негізгі белгісі болып, сол обьект бойынша сынақ нәтижелерінің  шешімі – яғни, оның ақаулығы мен  жарамдылығы, ары қарай сынау  мүмкішілігін ұсыну, сериялық шығару мүмкіншілігі және т.б. Өнімнің түріне және сынау  бағдарламасына байланысты сынау обьектілері  бірлік өнім немесе партиялы өнім түрінде  болуы мумкін. 
Сынаудың техникалық базасына сынау құралдары жатады. Оларға техникалық құрылғылар, сынақ жүргізу үшін қажетті материалдар және т.б. Өлшеу құрадарымен бірге сынау құралдарының ең маңыздысы,ол сынау жабдықтары, яғни сынақ жүргізу үшін қолданатын құралдар. Оларға арнайы стендтар, сынау машиналары, климаттық камералар және т.б. Ол құрылғыларда сынаудың түрлі шаралары жүргізіледі: температура, ылғалдылық, қысым, электромагниттік және радияциялық әсерлер, механикалық күштер және т.б. Ерекше айта кететін жай, сынақ шараларының дұрыс жүруі сынақ жабдықтарының дәлдігіне байланысты. Олар міндетті турде бақыланып отырылуы керек. 
Сынау сапасының басты сипаты болып, қайта тексеру кезінде оның нәтижелерінің сәйкестігі. Сынақ нәтижелерінің дәлдігі деп – сынау кезінде анықталған параметрлер мен олардың шынайы сипат мәніне жақын болуы. Сынау кезінде бақылау нәтижелерінің дәлдігіне де көңіл бөлінеді – яғни нормативтік құжат талаптарына сәйкестігін анықтау. Сонымен қатар, сынау сипатының ең маңыздысы ол – нәтижелерді іске асыру. Осы сипаттың барлығы сынау сапасын құрады және оларды шартты түрде тура деп айтса болады, ол бірлігіне жетудің негізі. 
Сынау бірлігін қамтамасыздандыру талабына көрсеткіштердің дәлдігін бағалау, сынақ жүргізу әдісін орнатумен қатар аттестацияланған сынау құралдардың нормативтік дәлдігі бойынша жарамдылығы да ескеріледі. Ал мұндай нормативтік дәлдік бойынша жарамдылыққа жету үшін біз алдымен аттестациялау жұмыстарын жүргіземіз. Біздің бұл курстық жұмысымызда сынау жабдықтары туралы мәлімет пен қоса олардың түрлері, аттестация жүргізу тәртібі қарастырылады.

  Cынау түрлері:

  1. Механикалық сынаулар. Сынау түрлерінің ішінде өте көп тараған түрі. Сынау:
  • Берілген жиіліктегі синусоидалы діріл беру арқылы төзімділікті бағалау;
  • Ауыспалы жиіліктегі синусоидалы діріл беру арқылы резонанстық жиілікті анықтау;
  • Кездейсоқ діріл арқылы тұрақтылыққа тексері;
  • Бір реттік және көп реттік соққы беру арқылы төзімділікті анықтау;
  • Сызықтық үдеу арқылы параметрлердің тұрақтылығын анықтау;
  • Транспорттық теңселіске сынау объектісінің тұрақтылығын анықтау;
  • Теңселіске тұрақтылығын анықтау параметрлері бойынша жүргізіледі.

     Сынауға  арналған жабдықтар:  үш бағытта және әр түрлі  үйлесімдегі дірілді стендтер ,бір  реттік, немесе көп реттік соққы  беретін соққылық құрылғылар , улкен  жүктемеге сынауға арналған центрфигуралар. Соққыға сынау арнайы дайындалған  ауданға белгілі бір биіктіктен  объектіні лақтыру арқылы іске  асырылатын ең қарапайым түрі  болып табылады. Мысалы, қалыңдығы  15мм болатын  киіз төсенішке  1 м биіктіктен бинокольді лақтырады.

      Оперативті сынау жүргізуге дайындық  кезінде келесілер дайын болуы  керек:

  • Сынау түрін және техникалық құралдарды таңдау.
  • Параметрлік және функционалдық тоқтау негізгі түрлерін анықтау.
  • Оперативті сынау режимдерін және әдістерін таңдау.
  • Берілген уақытқа баланысты жұмыс істеп тұрған факторлар мен үлгілер санын анықтау мақсатында сынау мақсатында сынау жоспарын құру;
  • Бақылаудың тоқтау әдістері мен құралдарын , нәтижелерді өңдеу әдістерін таңдау.

  Объектінің  тоқтауына әкеліп соғатын,әсіресе,  процестің интенсивтігі жұмыс  істететін режим бойынша жүрістің  бос және іркілісті толық жоятын  немесе қысқартумен қорытындылатын  жағдайда оперативті сынау әдісі  уақыттың тығыздығына байланысты  жеделдетуге негізделген.

  1. Климаттық сынаулар. Қиын климаттық полярлық , тропикалық , шөлейттік және т.с.с. жағдайларда көптеген объектілер қалыпты жұмыс жасау қажет. Оларға климаттық әсерлер температура , ылғалдылық , ауаның қысымы және т.б. әсер етеді.

  Климаттық  сынаулар:

  • Температураның циклдік өзгеруі , ол қоршаған ортаның температурасы өте төмендігінен өте жоғары температураға тез өзгеруі;
  • Ылғалдылықтың өзеруіне байланысты температураның өзгеруі;
  • Атмосфералық конденсаттық қонулар;
  • Тұздық  тұман және басқа агрессивті орта;
  • Суға және шаңға қорғанушылығы сияқты әсерлер бойыншы жүргізіледі.

Информация о работе Стандартизация продукций