Жоба сипаттамасы
Реферат, 15 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма – программаны дайындау алдында ашылатын программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрінеді. Проект құру үшін формаға компоненттер палитрасында орналасқан түрлі компоненттер орнатылады. Кей жағдайларда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру жеткіліті.
Прикрепленные файлы: 1 файл
SRO_zhoba_sipattamasy.docx
— 61.41 Кб (Скачать документ)Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
Жүйелік талдау және басқару кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Жобаның сипаттамасы
Орындаған: АБ -35 тобының студенті
Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма – программаны дайындау алдында ашылатын программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрінеді. Проект құру үшін формаға компоненттер палитрасында орналасқан түрлі компоненттер орнатылады. Кей жағдайларда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру жеткіліті.
Форманың
және формаға енгізілетін
компоненттердің түрлі
Форманың кейбір қасиеттері.Оқиғалар. Программалық код терезесі
-Name (Атау) – формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің негізгі қасиеттерінің бірі. Программаның жұмыс істеуі барысында Delphi объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name қасиеті таңдалып, жаңа атау клавиатурадан теріледі.
- Font (Шрифт) – формаға шығарылатын мәтін шрифтінің қасиеті. Оны таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте (…) түймесін шерткен кезде Windows-тың сұхбаттық Қаріпті таңдау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей, қажетті қаріп типін, өлшемін таңдап (мысалы, Time Kaz, 10), OK түймесін шерту керек.
- Caption (Тақырып) – форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне Form1 сөзі енгізіліп қойылады. Оның мәнін өзгерту Name қасиетіне мән меншіктеу сияқты.
- Color(Түс) – форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі – қасиет мәнінің бірнеше екенің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер) терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түс таңдалған соң форма сәйкес түске боялып қойылады.
- Width (Ен), Height (Биіктік) – пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады).
Экранда қасиеттер
терезесі көрінбесе, оны
Delphi-де программалар түрлі
оқиғалар арқылы басқарылады.
Оқиға – программаның жұмыс
істеу барысында объект
Delphi-де
оқиғаға атау беріліп қойылған.
Мысалы, компоненттер палитрасының
Button түймесі арқылы формада
Әр объектіге
байланысты оқиғалар көп.
2-сурет Форма оқиғалары
Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиғалар атауының алдына On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі. Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:
- OnClick – тышқан батырмасын бір рет басу;
- OnDblClick – тышқан батырмасын екі рет басу;
- OnKeyDown – пернені басу;
- OnCreate – форманы екі рет шерту; т. б.
Проект екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген проект файлы (негігі модуль) және unit1, pas атауы берілген модуль. Олар жеке терезелерде орналасқан. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, ол енгізілетін терезені программалық код терезесі деп атайды.Формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 пернесін басу жеткілікті.
3-суретте
форманы екі рет шерткен кезде
программмалық код терезесіне
енгізілген процедура
3-сурет Программмалық код терезесі
Код терезесі программа мәтінін құру үшін арналған. Бұл мәтін арнайы ережелермен құрастырылады және программа жұмысының алгоритімін сипаттайды. Мәтін жазу ережелерінің жиыны бағдарламалау тілі деп аталады. Delphi жүйесінде Borland корпорациясының Паскальдің кең тараған түрін құрайтын Object Pascal бағдарламалау тілі қолданылады.
Delphi жобасы формалардан, модульдерден, жоба параметрлерінің қондырғыларынан, ресурстардан тұрады. Бұл ақпараттың барлығы файлда орналасады. Бұл файлдардың көбісі автоматты түрдеDelphi- де жасалады. Сіз қосымшаны жобалаған кездеDelphi келесі файлдарды құрады :
- Жоба файлы (.dpr) – бұл мәтіндік файл модульдер және формалар туралы ақпаратты сақтау үшін қолданылады. Онда ининциализациалау операторы және орындау үшін бағдарламаны іске қосу бар.
- Модуль файлы (.pas) – сіз жасаған әрбір формаға код сақтау үшін қолданылатын модульдің тексттік файлы сәйкес келеді. Кейде сіз формамен байланысты емес модульдер құра аласыз. Delphi процедуралары мен функциялары модульдерде сақталады.
- Форма файлы (.dfm)– сіздің формаларыңыз туралы ақпаратты сақтау үшін құрылады.
- Файл жобаның параметрлері (.dfo) – бұл файлда жобаның параметрлерінің қондырғылары сақталады.
- Пакеттер туралы ақпараттар файлы (.drf) – бұл бинарлы файл жоба пайдаланатын пиктограмма және басқа ресурстардан тұрады.
- Файлдар тобының файлы (.bpg)– егер сіз жобалар тобымен жұмыс істесеңіз құрылатын файл.
- Ресурстар файлы (.res)– бұл бинарлық файл пакеттерімен жұмыс істегенде қолданылады.
- Пакет файлы (.dpk)– бұл пакеттің екілік файлы;
- Резервті копиялар файлы (-.dp,-.df,-.pa)– модуль, форма, жоба файлдары үшін резервті копиялар файлы;
- Терезе конфигурацияларының файлы (.dsk)– бұл файлда барлық терезелердің конфигурациялары сақталады.
- Орындаушы файл (.exe)– сіздің қосымшаңыздың орындаушы файлы. Ол OCX, DLL кітапханасын, сондай-ақ орындалу уақытының пакетін қолданбасаңыз автономды түрде орындалатын файл;
- Модульдің объектті файлы (.dcu) – нәтижелі орындалатын файлға өтетін (.pas) модулінің орындалған файлы; Динамикалық біріктірілетін кітапхана – сіздің өзіңіздің DLL жобалаған жағдайда құрылады.
- Пакет мазмұнының файлы (.dcp) - файлдарының тізімінен және пакет атауынан тұрады;
- Орындалу уақытының пакеттік файлы – орындалу уақытының пакеті - Delphi-дің арнайы спецификасы бар DLL кітапханасының файлы.