Жасанды интеллект жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 19:57, реферат

Краткое описание

Негізгі мақсаты: оқушыда ақпараттық жүйелерді пайдаланудың негізгі ұғымдары мен салаларын қалыптастыру. Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар: оқушылар ақпараттық жүйелердің пайдалану мақсаты мен құрылымының негізгі ұғымдарын, ақпараттық жүйелердің топтастырылуын білуі тиіс, мәліметтер банкттері, білім базалары, жасанды интеллектінің жүйелері, сараптама жүйелері туралы түсінігі болуы керек; ақпарат топтастырылуын жүзеге асырыла білуі керек, ақпараттық жүйелерді пайдаланудың үлгілерін келтіруі тиіс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

информ.docx

— 55.30 Кб (Скачать документ)

Негізгі мақсаты: оқушыда ақпараттық жүйелерді пайдаланудың негізгі ұғымдары мен салаларын қалыптастыру. Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар: оқушылар ақпараттық жүйелердің пайдалану мақсаты мен құрылымының негізгі ұғымдарын, ақпараттық жүйелердің топтастырылуын білуі тиіс, мәліметтер банкттері, білім базалары, жасанды интеллектінің жүйелері, сараптама жүйелері туралы түсінігі болуы керек; ақпарат топтастырылуын жүзеге асырыла білуі керек, ақпараттық жүйелерді пайдаланудың үлгілерін келтіруі тиіс.

Жүйе дегеніміз бір мезгілде әрі біртұтас, әрі әртектіэлементтердің жиынтығы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге орай біріктірілген ұғым ретінде қарастырылатын кез келген объекті болып табылады. Мысалы, әртүрлі элементтерден тұратын және әртүрлі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған бірнеше жүйелерді келтіреміз.

Ақпараттық жүйе – алға қойылған мақсатқа жетуге орай ақпаратты сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістер мен жұмыскерлердің өзара байланысты жиынтығы. 
Ақпараттық жүйені қазіргі заманғы түсіну жеке компьютерді ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралы ретінде пайдалануды білдіреді. Компьютерлер мен ақпараттық жүйелермен арасындағы айырмашылықты түсіну қажет. Ақпараттық жүйе компьютерлермен және телекоммуникациялармен өзара әрекет ететін қызметкерсіз ақылға қонбайды. 
Алғашқы ақпараттық жүйелер 50-жылдары пайда болды. Бұл жылдары ол шоттар мен еңбекақы есептерін өңдеу үшін арналған еді, оған электромеханикалық бухгалтерлік есептеу машиналары қолданылды. Бұл қағаз құжаттарын дайындауға кететін шығындар мен үнемдеуге тиісінше көмектесті. 
60-жылдары ақпарат жүйелеріне деген көзқарас жаңаша сипат алды. Олардан алынған ақпарат көптеген параметрлер бойынша мерзімдік есептемеде қолданыла бастады. Бұл үшін ұйымдарға бұрынғыдай тек шоттарды өңдеу мен еңбекақыны есептеп қана қоймайтын, сонымен бірге көптеген функцияларды атқаруға қабілетті, ауқымды мақсаттағы компьютерлік қондырғы талап етілді. 
70-жылдары және 80-ші жылдардың бас кезінде ақпараттық жүйе қабылданған шешідер үдерісін қолдайтын әрі жеделдететін басқару бақылауының құралы ретінде кеңінен қолданыла бастады. 80-ші жылдардың аяқ кезінде ақпараттық жүйені пайдаланудың тұжырымдамасы қайтадан өзгеріске түсті. Олар енді ақпараттың стратегиялық қайнар көзіне айналады және кез келген профильді ұйымдардың барлық деңгейлерінде қолданылады. 
Осы кезеңнің ақпараттық жүйелері уақытында керекті ақпаратты бере отырып, ұйымға өзінің қызметінде табысқа жетуді ұйымдастыруға, жаңа тауарлар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асыруға, сатудың жаңа рыноктарын табуға, өзіне лайықты серіктес табуына, өнімді төменгі бағада шығаруды ұйымдастыруға және т.б. көмектесті.

Ақпараттық жүйедегі үдерістер 
Ақпараттық жүйенің құрылымы 
Ақпараттық жүйенің құрылымы қосалқы жүйе деп аталатын оның жекелеген бөліктерінің жиынтығын құрайды. Кез келген ақпараттық жүйенің құрылымы қамтамасыз етуші қосалқы жүйелердің жиынтығын білдіруі мүмкін.

Қосалқы жүйелерді қамтамасыз етуші жиынтық ретіндегі ақпараттық жүйенің құрылымы 
Ақпараттық жүйелерді енгізуден нені күтуге болады? 
Ақпараттық жүйелерді енгізу: 
• Математикалық әдістер мен интеллектуалдық жүйелерді енгізу есебінен басқару міндеттерін шешудің неғұрлым ұтымды нұсқаларын алуға және т.б. 
• Жұмысты автоматтандыру есебінен қызметкерлерді ескі көзқарастан арылтуға; 
• Қағазда жазылатындарды магниттік дискілерге немесе таспаға ауыстыруға, бұл компьютерде ақпаратты өңдеуді неғұрлым ұтымды ұйымдастыруға және қағаздарға жазылатын құжаттардың көлемін азайтуға жағдай жасайды; 
• Фирмадағы құжат айналымының жүйесі мен ақпарат ағындарының құрылымын жетілдіруге; 
• Өнімдерді өндіруге және қызмет көрсетулерге шығынды азайтуға; 
• Тұтынушыларға жоғары дәрежеде қызмет ұсынуға; 
• Жаңа .арықтың мүмкіндіктерін іздеп табуға; 
• Сатып алушылар мен жеткізушілерге әр түрлі жеңілдіктер мен қызмет көрсетулерді ұсыну есебінен оларды фирмаға тартуға жәрдемдеседі. 
Жасанды интеллект жүйесі 
Жасанды интеллект – бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын, ЭВМ көмегімен семантикаға (мағына проблемасына) жүгіну талап етілетін үдерісте есептеу сипатындағы емес шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми-зерттеу бағыты. ЖИ саласындағы зерттеу 30 жыл бойы жүргізілуде. 
ЖИ саласында жұмыстың басталуын ЭЕМ-нің жасалуынан деп есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісін қайталауы тиіс болды. 60-ждылдардың аяғында ЖИ-дің міндеттерін әдістемелік шешуі өзгерді, яғни адамның ойлау тәсілдері имитациясының орнына адамзат міндеттерін шешуге қабілетті бағдарламала әзірлеу басталды, бірақ бұл машиналық-бағыттаушы әдістері базасында жүзеге асады. 
Бұл кезеңнің сынақ полигоны шешімі қиын түйіндер мен ойындар болды. Бұл шешімдерді іздестірудің тұйықтығымен және шешімді іздестіруді өте күрделі стратегиясын модельдеу мүмкіндігімен түсіндіріледі. Сонымен бірге мезгілде ЖИ-ді жасанды ортадан ақиқатқа алып шығуға талпыныс жасады. Сыртқы дүниені модельдеу проблемасы пайда болады. Бұл интегралды роботтардың пайда болуына әкелді, бұл бастапқыда технологиялық үдерістерде белгілі бір операцияларды орындауға, адамға өте қауіпті ортада жұмыс істеуге тиіс болды. Роботтардың пайда болуына орай онымен әрекеттерді қалыптастырудың функциясын жүзеге асыруға, олар арқылы сыртқы орта туралы ақпарат қабылдауға назар ерекше мән берілді. Роботтардың пайда болуы ЖИ-ге зерттелулердің екіншісі сатысы деп есептеледі. 
70-жылдардың бас кезінде ЖИ-де символдық тәсіл негізінде нақты пәндік салалар шеңберінде шешімдер жасаудың эвристикалық әдістері негізінде кешенді мүмкіндік беретін адам-машина жүйелерін жасау қолға алынды. Сол кезде сараптама жүйелері ерекше қарқынмен дамыды. СЖ – әртүрлі салалардан білімді анықтауға, жинауға және түзетуге, және осы білімдердің негізінде белгілі бір жағдайларда, егер оңтайлы болмағанның өзінде, барынша тиімді болып есептелетін шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
СЖ сарапшылар тобының белгілі бір пәндік саладағы шеңберде білімін пайдаланады, сарапшы ретінде нақты мамандар тартылады, олар ЭВМ-мен соншалықты таныс болмауы да мүкін. Қазіргі кезде ЖИ бойынша жұмыстардың жалпы көлемінде ЖИ үлесі 90% құрайды. Егер ЖИ-ді қолдану саласын жасалған үлгілер саны бойынша қарайтын болса, онда олар былайша орналасқан болар еді: 
1. Медициналық диагностика, оқу, кеңес беру, 
2. ЖИ-ді жобалау, 
3. Әр түрлі салаларда міндетті шешу бойынша пайдаланушыларға көмек көрсету, 
4. Автоматтық бағдарламалау. ПО сапасына тексеру мен талдау. 
5. Өте үлкен интегралды схемаларды жобалау 
6. Қондырғыларды жөндеу бойынша техникалық диагностика және ұсыныстамаларды жасау 
7. Әртүрлі пәндік салаларда жоспарлау және мәліметтерді талдау, оның ішінде статистикалық әдістер негізінде 
8. Геологиялық мәліметтерді интерпретациялау және пайдалы қазбалардың табылуы бойынша ұсыныстамалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖИ бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын ЭВМ көмегімен семантикаға жүгінуді талап етілетін үдерісте есептеу сипатындағы шығармашылық міндеттерлі шешуге мүмкіндік беретін ғылыми¬ зерттеу бағыты. ЖИ саласындағы зерттеу 30 жыл бойы жүргізуде.

ЖИ саласында жұмыстың басталуын эектронды есептеуіш машинаның жасалуынан деп есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісінің қайталауы тиіс болды.

Алпысыншы жылдардың аяғында жасанды интерелектінің міндеттерін әдістемелік шешу өзгерді, яғни адамның ойлау тәсілдері имитациясының орнына адамзат міндеттерін шешуге қабілетті бағдарламалар әзірлеу басталды, бірақ бұл машиналық бағыттаушы әдістердің базасында жүзеге асты.

Бұл кезеңнің сынақ полигоны шешімі қиын түйіндер мен ойындар болды. Бұл шешімдерді іздестірудің тұйықтығымен және шешімді іздестірудің өте күрделі стратегиясын модельдеу мүмкіндігімен түсіндіріледі.

Сонымен, бір мезгілде жасанды интелектіні жасанды ортадан ақиқатқа алып шығуға талпыныс жасалады. Сыртқы дүниені модельдеу проблемасы пайда болады. Бұл интегралды роботтардың пайда болуына әсерін тигізді. Роботтардың пайда болуы жасанды интелектіге зерттеулердің екінші сатысы деп аталады.

Жетпісінші жылдардың басында жасанды интелектіге символдық тәсіл негізінде нақты пәндік салалар шеңберінде шешімдер жасаудың эвристикалық әдістері негізінде кешенді мүмкіндік беретін адам машина жүйелерін жасау қолға алынды. Сол кезде сараптама жүйелері ерекше қарқынмен дамыды. Сараптама жүйелері әртүрлі салалардан білімді анықтауға, жинауға, түзетуге және осы білімдердің негізінде белгілі бір жағдайларда егер оңтайлы болмағанның өзінде барынша тиімді болып есептелетін шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жасанды интелект пайда болуымен байланысты жаңа ғылыми пән инженерлік білім пайда болды, бұл білімдерді беру және қалыптастыру саласында зерттеулермен, оларды өңдеу эжәне жасанды интелект қолданумен айналысады.


Информация о работе Жасанды интеллект жүйесі