Visual Basic

Реферат, 01 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Менің ғылыми жұмысм программисттердің басым көпшілігі қолданатын Visual Basic тілінің графикалық мүмкіндіктеріне арналған. Бұл ғылыми жұмыста Visual Basic тілінің графикалық мүмкіндіктеріне: объектілерге, мультипликацияға, яғни өзімнің құрған программама тоқталдым. Мұнда программаның не туралы екенін және программа кодының сипаттамасын беріп кеттім. Оған қоса жұмыстың нәтижесін көрсеттім.

Содержание


Кіріспе _ _ _ _ ___ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ __ _ _ 1

Негізгі бөлім _ _ _ _ _ _ _ __ ___ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ 4
Visual Basic бағдарламалау тілі.
Visual Basic ортасында есептер шығаруға программа құру .
Visual Basic ортасында графикалық обьектілер құру
III.Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ __ ___ __ _ _ _ _ ___ _ _ _ _ _ 14
IV.Пайдаланылған әдебиеттер................................................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

Visual Basic дайын буклет.doc

— 3.16 Мб (Скачать документ)

 

 

          8. Есепті пайдаланушы интерфейсін құрып шешу

 

Түрлі нәтижелерді форманың арнайы орындарында көрсету – VB жүйесімен жұмыс істеуде орындалуы тиіс интерфейс талабы. Бұл үшін формада қажетті объектілерді алдын ала орнатып, код терезесінде осы объектілерге арналған процедуралар құру керек. Осыған сәйкес, өткен тақырыпта берілген мысалды келесі тәсілдерді пайдаланып шешкен жөн:

    1. Орталықты ашып, көрінген форманы кеңейту. Форма тақырыбын өзгертуге болады. Ол үшін:
        • форманы таңдау. Форма қасиеттері терезесі көрінеді;
        • терезенің Font қасиетін екі рет шертіп, ашылған Шрифт терезесінде Times Kaz шрифтін таңдау және өлшемін 14 ету;
        • Caption қасиетінің мәні үшін Form1 орнына «Функция мәні» мәтінін енгізу».
    1. Элементтер панелінің Label түймесін шертіп, көрсеткіш арқылы форманың жоғарғы қабатында Label1, Label2 өрістерін (объектілерін) орнату. Оларға программаға енгізілетін х, у айнымалыларының мәндерін жазуды жоспарлау. Мысалы: форманың Label1 объектісіне Z айнымалысының мәнін жазу (Caption қасиетін орнату) Label1.Caption=Z меншіктеу командасы арқылы орындалады. (Яғни, объект қасиетін программаға енгізілген команда арқылы орнату да мүмкін. Қасиет іске қосу режимінде орнатылады).
    2. Элементтер панелінің CommandButton түймесі арқылы форманың төменгі қатарына командалық Command1, Command2 объектілерін (басқару элементтерін) орнату (1.10-сурет). Оларды программаны іске қосу және аяқтау командалық түймелері ретінде пайдалануды жоспарлау. (Label1, Label2, Command1, Command2 – Label, CommandButton түймелері арқылы орнатылған объектілерге VB’тің автоматты түрде берген атаулары). Формаға орнатылған объектілер форма сыңарлары (компоненттері) делінеді.
    3. Command1 түймесін таңдау. Оның қасиеттері Proporties терезесінде көрінеді. Оның Font қасиетіне TimesKaz шрифтін орнатып, Caption қасиетіне Қосу (Іске қосу) сөзін енгізу. Ол Command1 элементінің үстіне жазылып қойылады.
    4. Осы сияқты, Command2 түймесінің Caption қасиетіне End сөзін меншіктеу.

 

 

1.10-сурет. Интерфейстік элементтер орнатылған форма.

 

 

    1. Программалық код құру:
        • Қосу объектісін екі рет шерту. Код терезесі ашылып, онда Command1_Click атаулы процедура моделі көрінеді. (Caption қасиеті арқылы форманың басқару объектісіне басқа атау берілгенімен процедура тақырыбына VB өзі меншіктеген (Name қасиетіне жазылған) атауды жазып қояды, мысалы, Қосу орнына - Command1. Жалпы, пайдаланушы Name қасиетіне өзі таңдаған атауды енгізсе, Command1 орнына осы атау жазылып қойылады).
        • Оның ішіне процедура енгізу.

Private Sub Command1_Click()

    Dim x As Single, y As Single

    x = InputBox(x, "x="): Label1.Caption = x

    y = 3 * x + 5: Label2.Caption = y

End Sub

 

    1. End басқару элементіне арналған процедура құру. Ол үшін код терезесінің жабу түймесін шертіп не проект терезесінің Form1 бумасын екі рет шертіп, форманы қайта ашу және ондағы End түймесін екі рет шерту керек. Код терезесі ашылып, алдыңғы құрылған программаның астында жаңа процедура моделі көрінеді. Оған End операторын енгізу:

Private Sub Command2_Click()

End

End Sub

    1. Іске қосу командасын беру (F5). InputBox терезесі көрінеді. Оған х мәнін енгізіп, ОК түймесін шерту. Мәндер енгізілген форма терезесі көрінеді. (1.11-сурет).

 

1.11-сурет. Нәтиже енгізілген форма

 

    1. Форманың End түймесін шерту. Программа жұмысы аяқталып, код терезесі қайта көрінеді.

Ескерту. Формада тек Label1 объектісін орнатып, оны У мәнін енгізуге болады. Сол сияқты, формады End командасына арналған Command2 басқару элементін орнатпау да мүмкін. бұл кезде программа жұмысын тоқтату командасы аспаптар панелінің End түймесін шерту не Run-End командасы арқылы беріледі.

 

9. Программаны  сақтау, ашу.

 

Проектіні дайындап болғаннан соң форманы File-Save Form As… командасы арқылы сақтап қою керек. Сақтау үшін арнайы бума дайындалмаған болса, ол VB

 

(C:\Program Files\DevStudio\VB)

 

бумасында сақталады. Бірақ пайдаланушы VB терезесінде жаңа бума құрып, проектіні сонда сақтағаны жөн. ол оны іздеп табуды жеңілдетеді. Жаңа бума құру тәсілі:

        • сақтау сұралатын терезенің Жаңа бума құру түймесін шерту. Бума белгішесі терезеде орналастырылып қойылады.
        • Клавиатурадан бума атын енгізу.
        • Буманы екі рет шертіп, ашу.
        • Терезенің Файл атауы өрісіне форма атын енгізіп, Сақтау түймесін шерту. Форма frm кеңейтілуі бойынша сақталады да, проект аты сұралатын терезе көрінеді.
        • Файл атауы өрісіне проект атын енгізіп, Сақтау түймесін шерту. Проект атауы vbp кеңейтілуі бойынша сақталып қойылады.

Егер проект ішінде бірнеше форма құрылған болса, проект аты сұралатын терезе шықпауы да мүмкін. ол кезде алдымен қалған формаларды сақтау, одан әрі File-Save Project As… командасын беру керек.

 

Ескерту. Қосымшаның барлық бөліктері проектіде сақталатындықтан Сақтау терезесінде алдымен форманы, одан соң проектіні сақтаған жөн. форма мен проектіні бірдей атау бойынша сақтауға да болады, мысалы, Func1.frm, Func1.vbp. Бірақ форманы басқа проектілерде де пайдалану мүмкін. сондықтан оларды түрлі атау арқылы сақтаған дұрыс.

Сақтау командасы берілген соң проект терезесінде жақшалар ішінде жазылған (VB алғашқы рет меншіктеген) атаулар сәйкес жаңа атауларға алмастырылып қойылады.

Сақтаулы проектіні ашу үшін File-Open Project командасын беру керек. Көрінген терезеден қажетті буманы ашып, проект атауын екі рет шертсе болғаны.

 

10. Формада фигуралар  салу.

 

Код терезесінде арнайы операторлар арқылы графикалық кескіндер салатын не көрсеткішті қаламұш ретінде пайдаланып, түрлі суреттер сызуға болатын процедуралар құруға болады.

Мысал. Формаға ақ түсті шеңбер және қызыл түсті тік төртбұрыш салу керек.

  1. Орталықты ашып, форманы екі рет шерту.
  2. Ашылған код терезесінен форма оқиғалары тізімін ашып (тізім терезенің оң жақ бөлігінде көрінген тілсызық түймесін шерткен кезде көрінеді), Paint (кескіндеу) оқиғасын таңдау.
  3. Көрінген Form_Paint атаулы процедура моделін толтыру:

 

Private Sub Form_Paint()

ScaleMode = 2

Circle (180, 100), 60, RGB(255, 255, 255)

Line (10, 10)-(100, 60), RGB(255, 0, 0), BF

End Sub

 

  1. Іске қосу командасын беру (F5).

Процедураның орындалу нәтижесі 1.13-суретте көрсетілген.

 

1.13-сурет. Формаға салынған фигуралар

 

VB’те форма және онда орнатылған объектілер өлшемі пиксель арқылы есептеледі. Ал, графикалық кескін салу мүмкіндігін жоғарылату үшін нүкте орнатуда бірлік өлшемі үшін пиксельдің 1/20 бөлігі болатын твип (twip) бірлігі пайдаланылған. Жоғарғы процедурада масштаб (ScaleMode) пунктке ауыстырылды (оны пиксельге ауыстыру үшін масштабты 3 – ке тең етіп алса болғаны).

Процедураға енгізілген Circle (Шеңбер), Line (Сызық) – Бейсиктегідей операторлар, айырмашылығы – түс кодын жазуда. VB’те пайдаланылатыны – RGB (EGA, VGA типті бейнеадаптерлі мониторларда қолданылатын түстер қоспасы). Түстер мәндері (кодтар) 0....255 аралығында болатын бүтін сандардан алынады: ақ түс – (255, 255, 255), қара түс – (0, 0, 0), ашық қызыл түс – (255, 0, 0), т.с.с. (Жалпы, фигура түсін орнату коды: RGB (қызыл, жасыл, көк).)

Форма бетінде көрсеткіш арқылы қисық сызық сызу да мүмкін. Ол үшін форманы екі рет шертіп, код терезесін ашқан соң оқиға типтерінің тізімінен MouseMove (Тышқанды қозғалту) оқиғасын тандау керек. Терезеде көрінген осы оқиға процедурасы ішіне

 

If Button = 1 Then

Line – (x, y)

End If

командасы енгізілсе болғаны (х, у - көрсеткіш орналасқан арғымдық координаттар нүктесі).

Процедура іске қосылған соң (F5) тышқанның сол жақ түймесін басып, көрсеткіш арқылы кез келген қисық сызықты фигураны сыза беруге болады (Button1=1 тышқанның сол түймесін, Button = 2 оң түймесін басу шарттары).

Алғашқы рет түйме басылған кезде, форманың сол жақ жоғарғы бұрышынан көрсеткіш орнатылған нүктеге дейін түзу сызық кесіндісі автоматты түрде сызылып қойылады. Қисықты жеке бөліктерге бөліп сызу мүмкін емес. Ол үшін форманы екі рет шертіп, ашылған код терезесінен  MouseDown (Тышқанды басу) оқығасын тандау керек. Көрінген процедура моделі денесіне Pset (x, y) операторы мен CurrentX, CurrentY айнымалыларын енгізу жеткілікті (current –ағымдық):

Private Sub Form _ MouseDown (Button As Integer, _

Shift As Integer, X As Single, Y As Single)

CurrentX = X

CurrentY = Y

DrawWidth = 2

Pset (x, y)

End Sub

Private Sub Form _ MouseMove (Button As Integer, _

Shift As Integer, X As Single, Y As Single)

If Button = 1 Then

Line – (x, y)

End If

End Sub

Private Sub Form _ Paint ()

ScaleMode = 2 : DrawWidth = 2

Line (100, 30) – (150, 200)

End Sub

 

(Программа іске қосылған кезде, (F5) VB алдымен MouseDown процедурасын шақырады. Жүйе процедураларға инициалдау процедурасын және SaveX, SaveY айнымалыларын автоматты түрде қосып қоюы мүмкін (олар VB екінші рет қосылып, программа іске қосылғанда көрінеді). Соңғылары жаңа нүктелерді сақтау үшін пайдаланылады. (DrawWidth = 2 пикельмен берілген сызық қалыңдығы; Х, У ағымдық нүкте координаттары)).

Программа іске қосылған соң, форма терезесі көрінеді. Windows’тағы стандартты Paint графикалық редакторы терезесінде фигура сызу әдісі сияқты, көрсеткіш (қаламұш) арқылы онда кез келген фигураны сыза беруге болады (мысалы, 1.14 – суреттегі сияқты. Суретте жалауша таяғы Line операторы арқылы сызылған). Тек мұнда сызық бөлігін өшіру, фигураны жылжыту не масштабтау мүмкін емес. Ол үшін код терезесіне қосымша арнайы процедуралардың енгізілуі тиіс. Олар кітапта қарастырылмаған.

 

1.14-сурет. Көрсеткіш арқылы сурет салынған форма

1.14-суретте көрсетілген форма белсендірілген соң Alt+PrintScreen командасы арқылы оны жад буферіне көшіріп, Word’тың құжат терезесіне кірустіруге болады (Edit – Paste). Кірістірілген кескінді масштабтау не жылжыту қиын емес.

Жоғарыда көрсетілген сияқты, программа (программалық код) бірнеше процедуралардан тұруы мүмкін.

Ескерту. Процедуралардың тақырыптары астан сызу белгісі (_) арқылы ажыратылып,  екі қатарға жазулы. Жалпы VB бір жолға 1023 символға дейін сыйғыза алады. Бірақ олар экранда көрініп тұруы үшін әр қатарға 60 – 80 символ енгізіп, бірнеше қатарларға бөліп жазған дұрыс. Жолда көрінбейтін оператор бөлігін екінші қатарға жазу үшін соңына бір символдық бос орын, одан әрі астын сызу белгісін енгізіп, каретканы қайтару (КҚ, Енгізу) клавишін басу керек.

            11. Таймер

 

Таймер – құрылған программа арқылы Windows жүйелік сағатына қол жеткізуге болатын көрінбейтін секөнт өлшеуіш объектісі. Жүріп тұрған цифрлық сағатты формада көрсетуге болады:

  1. Орталықты ашу.
  2. Элементтер панелінің Timer (Таймер) түймесін шертіп, форманың сол жақ шетіне Timer1 объектісін орнату. VB оны стандартты өлшемге келтіріп қояды.
  3. Label түймесі арқылы форма ортасында Label1 өрісін (объектісін) орнатып, оны кеңейту.
  4. Форманы тандап, Properties терезесінде оның Caption  қасиетіне Clock (Сағат) мәнін енгізу. Ол форма тақырыбына жазылып қойылады.
  5. Label1, Timer объектілерінің қасіеттерін орнату:

 

Объект

Қасиет

Орнатылатын мән

Label1

Caption

Бос өріс

 

Font

TimesKaz,18

 

Aligment (туралау)

2-Center (орталықтан)

Timer1

Enabled

True

 

Interval (аралық)

1000


 

  1. Формада орнатылған Таймер объектісін екі рет шертіп, код терезесіне процедура енгізу:      

Private Sub Timer1 _ Timer()

Label1.Caption = Time

End Sub

  1. Терезені жауып, іске қосу (F5) командасын беру. Таймер орындау режімінде формада көрінбейді де, Label1 өрісі ішінде жүріп тұрған цифрлық сағат көрінеді (1.15-сурет).

1.15-сурет. Формада жүріп  тұрған сағат

 

  1. Программа жұмысын тоқтатып, форма мен проектіні сақтау. (Бұдан әрі бүл команданы қысқаша проектіні сақтау деп жазамыз).

Сағаттың Interval қасиетінің мәні үшін 1000 орнатылады. Ол әр секөнт сайын жүйелік сағаттың ағымдық секөнтін көрсетеді (1сек = 1000 миллисек).

Процедураға енгізілген Label1.Caption = Time командасы іске қосу режимінде Windows’қа енгізілген жүйелік ағымдық уақытты оқып, оны Label1 объектісінің Caption қасиетіне меншіктейді (Label1 өрісіне жазады).

Time – Visual Basic’тің стандартты функциясы.

Программа жұмысын тоқтату үшін  аспаптар панелінің End (Соңы) түймесін шерту керек.

Информация о работе Visual Basic

Похожие темы