Шпаргалка по "Информатике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 22:45, шпаргалка

Краткое описание

Информация дегеніміз қоршаған ортаны объективті түрде сипаттайтын сигналдардың жиыны күйінде, тек оларды «қабылдаушымен» қарым-қатынас орнатылғанда ғана пайда болатын табиғаттың ерекше атрибуты(қасиеті).Жоғарыдааталынғанинформацияның сипатын оның кейбір мынадай қасиеттерімен толықтыруға болады; информация дәл, толық, сенімді, актуальді, қол жетерлік болуы тиіс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

шпоры по информатике.doc

— 194.50 Кб (Скачать документ)

Windows NT (New Technology)  жүйесі локальдік  желілерде пайдалануға ыңғайлы,  әсіресе  пайдаланушылар ұжымы  бір жобамен жұмыс істегенде,  информация алмасу қажет болған жағдайларда.

Windows 2000 – операциялық жүйелердің  жаңа буынына жатады. Ол кішігірім  портативті компьютерлерден бастап, серверлерге дейін қолдануға  болады. Ол Windows 98  және   Windows NT жүйелерінің қасиеттерін біріктіреді. Windows XP  -  операциялық жүйелердің жаңартылған, жүйелік файлдары қорғалған, жаңа мультимедиалық мүскіншіліктері бар түрі. Қазіргі кезде дербес компьютерлердің көпшілігінде орнатылған.Аталынған операциялық жүйелермен  қатар, Unix, Linux  және т.б. жүйелер кеңінен тараған.

20. Процессор (CPU – Central Processing Unit - орталық процессор) дегеніміз цифрлық информацияны өңдеу үрдісін жүргізуді қамтамасыз ететін, оны басқаратын және компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын реттейтін, программамен басқарылатынқұрылғы.Дербескомпьютердің процессоры оның аналық платасында орналасқан (материнская плата). Аналық платада  процессормен бірге  чипсет (микропроцессор комплекті), шина, оперативтік және тұрақты жад, қосымша құрылғыларды қосуға арналған ажыратқыштар (слоттар) орнатылған.  Процессордыңмүмкіншіліктерінсипаттайтын параметрлер (шешу мүмкіншіліктері, амалдарды орындау жылдамдығы және т.б.) көбінесе компьютердің сипаттамалары болып есептеледі. Компьютердің сапасы процессорға тікелей байланысты.

CISCпроцессорларыныңнегізгісипаттамалары:жалпыға арналған регистрлер саны көп емес;машина командалары өте көп; олардың кейбіреулері  өте үлкен, олардың семантикалық құрамы жоғары деңгейдегі программалау тілінің операторларына жақын, орындалуы өте көп такт пен адрес ауыстыру әдістерін қажет етеді;әртүрлі разрядты командалардың форматтары өте көп; Чипсет. Қазіргі заманғы микропроцессорлар өте үлкен интегралдық схема түрінде болады. Микропроцессор ауданы бірнеше квадрат миллиметр болатын тіктөртбұрышты жұқа кристалл кремний пластинкасы немесе жартылай өткізгіш кристалл түрінде жүзеге асырылады Шиналар. Оперативтік жадымен және сыртқы құрылғылармен микропроцессор шина деп аталынатын  бірнеше өткізгіштердің тобы арқылы байланысқан. Негізгі шиналар үшеу:деректер шинасы;адрес шинасы:командалар шинасы.

21. Регистрлер. Процессор ұяшықтардан (ячейкалардан) тұрады. Ол ұяшықтарды регистрлер деп атайды.  Деректерді процессордың регистрлеріне орналастыру арқылы оларды өңдеуге немесе программаны орындауға болады. Процессордың  жұмыс істеу мүмкіншіліктері мен жылдамдығын арттыру ондағы регистрлерді пайдалануға  да байланысты.  Регистр екі  түрлі тұрақты жағдайдың бірінде болады. Регистрлік  жады қарапайым элементтерден тұрады. Ол элементтердің саны 8, 16, 32, 64, 128 болуы мүмкін; ол сан регистрдің жалғыз ғана көрсеткіші деп есептелінеді. Командалар жүйесі. Берілген программаны орындау кезінде процессор өзінің регистрлеріндегі, оперативтік жадыдағы және сыртқы порттарындағы деректерді өңдейді. Деректерге қолданылатын амалдарды орындайтын барлық командалардың жиыны процессордың командалар жүйесін құрайды. Егер екі процессордың командалар жүйелері бірдей немесе жақын болса, оларды программалық деңгейде бірге қосылатын немесе сәйкестірілген (совместимые) процессорлар деп атайды. Ал командалар жүйелері әртүрлі процессорларды программалық деңгейде бірге қосылмайтын немесе сәйкестірілмеген (несовместимые) процессорлар деп атайды. Егер процессорлардың тобының сәйкестілігі белгілі бір шамада шектелінген болса, онда оларды тұқымдас (семейство) процессорлар деп атайды. Мысалы, Intel Pentium процессорлары х86 тұқымдастар тобына жатады. Бұлардың ең алғашқысы  16-разрядты  Intel 8086 процессорының негізінде алғашқы IBM PC (International Business Machines Personal Computer) компьютерінің біріншісі құрастырылған. Кейіннен осы  Intel фирмасының процессорларының сегіз буыны:  8088, 80286, 80386, 80486, Pentium, Pentium II, Pentium III, Pentium IV  дербес компьютерлердің негізі болды.

 Процессордың  командалар жүйесі үлкен болған  сайын оның архитектурасы күрделі,  ал командалардың байт бойынша  жазылуы ұзын болады. Осыған байланысты команданың орташа орындалу уақыты (такт жиілігі бойынша) ұзарады. Мысалы, қазіргі кезде кең қолданылып жүрген    Intel Pentium процессорының командалар жүйесі мыңға жуық командалардан тұрады; олардың әрқайсысының ұзындықтары 8-ден 120 битке дейін болады. Мұндай процессорлар командалар жүйесі кеңейтілген немесе  CISC - процессорлар (CISC – Complete Instruction Set Computer) деп аталынады. Мұндай процессорларды жасауда  Intel фирмасы дүниежүзілік көш бастаушы болып есептеледі. Бұл архитектура дербес компьютерлердің шын мәніндегі стандарты деп саналады.

22, Процессордың командалар жүйесіүлкен болған сайын оның архитектурасы күрделі, ал командалардың байт бойынша  жазылуы ұзын болады. Осыған байланысты команданың орташа орындалу уақыты (такт жиілігі бойынша) ұзарады. Мысалы, қазіргі кезде кең қолданылып жүрген    Intel Pentium процессорының командалар жүйесі мыңға жуық командалардан тұрады; олардың әрқайсысының ұзындықтары 8-ден 120 битке дейін болады. Мұндай процессорлар командалар жүйесі кеңейтілген немесе  CISC - процессорлар (CISC – Complete Instruction Set Computer) деп аталынады. Мұндай процессорларды жасауда  Intel фирмасы дүниежүзілік көш бастаушы болып есептеледі. Бұл архитектура дербес компьютерлердің шын мәніндегі стандарты деп саналады.

CISC – процессорларының негізгі сипаттамалары:жалпыға арналған регистрлер саны көп емес;машина командалары өте көп; олардың кейбіреулері  өте үлкен, олардың семантикалық құрамы жоғары деңгейдегі программалау тілінің операторларына жақын, орындалуы өте көп такт пен адрес ауыстыру әдістерін қажет етеді;әртүрлі разрядты командалардың форматтары өте көп;екі адресті командалардың басым болуы;«регистр – жад»  типін өңдейтін командалардың болуы.

Қазіргі кезде  жұмыс стансалары (рабочие станции) мен серверлердің архитектурасы командалар жүйесі қысқартылған немесе – RISC (Reduce Instruction Set Computer)  процессорларынанегізделген.Бұл архитектураның ерекшеліктері:

 командалар  саны недәуір аз; командалардың  ұзындықтары бірдей әрі тез орындалады, мысалы, олардың әрқайсысы CISC - процессорының ең қысқа командасынан төрт есе жылдам  орындалады;

регистрлердің көп болуы оларда көп көлемде  деректерді сақтауға болатындығын қамтамасыз етеді және айнымалы шамаларды регистрлерге орналастырғанда компилятордың жұмысын жеңілдетеді;

үш адресті  командаларды пайдалану регистрлерде көбірек айнымалыларды сақтауды қамтамасыз етеді және оларды қайта-қайта  жүктеуді қажет етпейді.

Сонымен, қарапайым  командалардан тұратын программаларды осы процессорлар өте тезірек орындайды. Бірақ қысқартылған командалар жүйесінің бір кемшілігі бар; ол - кейбір күрделі амалдарды орындау қажет болғанда қарапайым командалардың тізбегін  пайдалану дайын күрделі команданы пайдаланғаннан тиімсіз болуы мүмкін.Соңғы кездерде көптеген компаниялар (Intel, AMD K6, Cyrix M1, NexGen Nx686 және т.б.), осы екі процессорлардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ескеріп, оларды жаңартуда. Мұндай үрдіс бұл процессорлардың болашақта айырмашылықтарының азайтылуына әкелуі мүмкін деген болжам бар. Чипсет. Қазіргі заманғы микропроцессорлар өте үлкен интегралдық схема түрінде болады. Микропроцессор ауданы бірнеше квадрат миллиметр болатын тіктөртбұрышты жұқа кристалл кремний пластинкасы немесе жартылай өткізгіш кристалл түрінде жүзеге асырылады. Осы пластинкада процессордың орындайтын барлық функцияларын жүзеге асыратын схемалар орналасқан. Ол кристалл - пластинка пластмассадан немесе керамикадан жасалынған корпусқа орналасқан, ал  компьютердің сыртқы жүйелік платасымен қосуға арналған осы корпустан алтыннан жасалынған металл ұштары шығарылған.

Компьютердің  ішкі құрылғыларының жұмысын  басқаратын, аналық платаның  негізгі функционалдық  мүмкіншіліктерін анықтайтын микросхемалардың жиынын чипсет немесе микропроцессор комплекті деп атайды. Шиналар. Оперативтік жадымен және сыртқы құрылғылармен микропроцессор шина деп аталынатын  бірнеше өткізгіштердің тобы арқылы байланысқан. Негізгі шиналар үшеу:

деректер шинасы;адрес  шинасы:командалар шинасы.

23. Информацияның көшірмелерін жасау оны сақтаудың ең сенімді әдісі болып есептеледі.Әрбір компьютерді пайдаланушы міндетті түрде қатты дискіні, сырттан алынатын информация жазылған дискетаны  тексеруден өткізуі тиісті. Ол үшін антивирустық программалар қолданылады. Антивирустық программа вирусты іздегенде деректер базасында бар вирустық программалармен компьютердегі программаларды салыстырады. Жаңа пайда болған вирустық программаны ол таба алмауы мүмкін, сондықтан антивирустық программалардың құрамын  (базасын) міндетті түрде жаңартып отыру керек. Мамандардың ұсынысы бойынша, антивирустық программалардың айына кемінде екі-үш рет жаңартылып отырғаны жөн.

Кэш-жад ағымдағы информация алмасу амалдарында қолданылатын информацияның көшірмесін сақтауға арналған. Ол өте жылдам орындалатын, көлемі  кішігірім жад. Ол көбінесе жылдамдықтары әртүрлі микропроцессор мен оперативтік жад арасында информация алмасу үшін қолданылады.

Сыртқы жадтар үлкен көлемді информацияны ұзақ мерзімге сақтауға арналған; оларға келесі жадыларды жатқызуға болады:

- қатты  магниттік дискілер (винчестер); 

- майысқақ  магниттік дискілер (дискеталар);

- оптикалық  дискілер;

- магнитоптикалық  информация тасымалдаушылары;

- ленталар (стримерлер).

Осылардың ең жиі қолданылатындарының бірі – майысқақ магниттік дискілер немесе Floppy Disk Drive (FDD). Мұнда цифрлық информацияны магниттік жазу принципі қолданылған. Бұл  жазу үрдісінің негізін информация тасушы (дискета)  мен оның бетімен қозғалатын өте кішігірім электромагниттің арасындағы бір-біріне әсері құрайды. Дискеталардың көмегімен информацияны бір компьютерден екіншісіне көшіруге,  информацияның көшірмесін сақтап қоюға болады. Информацияны жазу немесе оқу үшін ол белгілі бір бөлімдерге бөлінеді. Оны форматтау деп атайды. Форматтау нәтижесінде дискета жолдар (тректер) мен секторларға бөлінеді.

Компьютердің негізгі құрылғысының  бірі - қатты магниттік дискі немесе винчестер (Hard Disk). Ол деректер мен программаларды тұрақты түрде ұзақ мерзімде сақтау үшін қолданылады. Оның жұмыс істеу принциптері майысқақ дискілерге ұқсас. Қазіргі кездегі винчестерлердің көлемі өте үлкен: ондаған, жүздеген Гбайт болуы мүмкін. Процессор деректерге сұраныс жасаған сәттен оны алғанға дейінгі уақыт мерзімін информацияны алу уақыты деп атайды; ол жадының негізгі сипатының бірі болады. Қазіргі кездегі винчестер үшін бұл көрсеткіш 7-9 мс. Дискінің деректерді беру мүмкіншілігін сипаттайтын көрсеткіш оның енгізіу-шығару арналарына байланысты. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 60 Мбайт/с деңгейіне дейін жетеді. Жұмыс өнімділігін көтеру мақсатымен соңғы кезде шығарылып жатқан винчестерлер кэш-жадымен қамтамасыз етілген. Оның көлемі шамамен 2 Мбайт  болады. Қатты диск  процессормен өзінің контроллері арқылы байланысқан.

Жадтарды  ондағы деректерді алу тәсілі бойынша да жіктейді. Бұл көрсеткіш бойынша, жадтар екі түрге бөлінеді: деректерді тікелей алу (прямой доступ) және деректерді бір ізді алу (последовательный доступ).

Деректерді  тікелей алу тәсілі бойынша  қажетті  информация жадтың элементінен тікелей  адресін көрсету арқылы алынады; деректерді тікелей алуды қамтамасыз ететін жадтарға RAM, ROM  және  дискілік жадтар жатады. Ал деректерді бір ізді алу тәсілі бойынша – информация жадтағы жазылу тәртібі (немесе кері)  бойынша оқылады; бұл тәсіл бойынша жұмыс істейтін жадтарға магниттік ленталар, файлдық және циклдық жадтар мен «соңында келіп – бірінші шығу» (FIFO – Fist In – Fist Out)  принципі бойынша құрастырылған жад жатады.

24 Жад дегеніміз деректерді қабылдап, болашақта қажетке жаратуға мүмкіндік беретін компьютердің құрылғысы. Информация өңдеуші компьютерлік жүйелерде келесі негізгі жад түрлері қолданылады:

регистрлік  жад;негізгі жад,кэш-жад (сache),сыртқы жадтар.Бұлардан бөлек жадтардың  болуы мүмкін, мысалы,  видеожад.Регистрлік жад процессордың құрамында орналасқан, оның көлемі үлкен болмайды; ондағы информация есептеулерде немесе енгізу-шығару амалдарында тікелей қолданылады. Негізгі жад өңдеу үрдісіне немесе деректер алмасуда тікелей қолданылатын информацияны оперативті (жедел) түрде сақтауға арналған. Ол интегралдық схема күйінде құрастырылып, екі түрге бөлінеді:тұрақты еске сақтау құрылғысы (ROM – Read Only Memory – оқуға ғана арналған жад) өзгермейтін (тұрақты) программалар мен анықтама информацияны сақтау үшін қолданылады;

оперативті  (жедел) еске сақтау құрылғысы (RAM – Random Access Memory – еркін қол жететін жад) ағымдағы мерзімде орындалатын информациялық – есептеу үрдісіне қатысатын программалар мен деректерді сақтауға арналған.Негізгі жад  өте көп  элементтерден тұрады. Элементтердің әрқайсысы екі (0 немесе 1 арқылы бейнеленген)  жағдайдың бірінде болады. Жадтың элементтері топталып, ұяшық  түрінде болады. Ұяшықтар сөздерді сақтау үшін қолданылады. Әрбір ұяшықтың номері сонда орналасқан сөздің адресі болып есептеледі; сол адрес бойынша қажетті информация сөзін табуға болады. Жадтың сапасын анықтайтын қасиеттері мен көрсеткіштері бар. Олардың негізгілері мыналар:информациялық  сыйымдылығы - сақталынатын информация көлемінің максимумы (байтпен есептеледі);қол жеткізу уақыты – процессор адрестік шинаға қажетті ұяшықтың адресін берген уақыттан бастап, онымен байланыс орнатылғанға дейінгі мерзім;жазу уақыты – деректер шинасындағы информацияны оған байланысқан ұяшыққа жазуға жұмсалынатын уақыт;құрылымы – жадтағы ұяшықтардың саны мен әрбір ұяшықтың разрядын көрсетеді. Жадтың ұяшықтары мен регистрлері жад элементтерінен тұрады. Әрбір осындай электрлік элемент екі жағдайдың бірінде болады: конденсатор зарядталынған немесе  зарядталынбаған, транзистор өткізгіш немесе өткізбейтін жағдайда және т.б. Осы физикалық жағдайлардың бірінде жоғары шығатын кернеу құралса,  ал басқасында – төменгі кернеу пайда болады. Көпшілік жағдайда бұл  4-5 вольт және 0 вольт электр кернеуі; біріншісі екілік жүйенің 1 деген мәні болса, ал екіншісі – 0 болады. (Керісінше де болуы  мүмкін; ол кодтауға байланысты).Кэш-жад ағымдағы информация алмасу амалдарында қолданылатын информацияның көшірмесін сақтауға арналған. Ол өте жылдам орындалатын, көлемі  кішігірім жад. Ол көбінесе жылдамдықтары әртүрлі микропроцессор мен оперативтік жад арасында информация алмасу үшін қолданылады.

 

 

25. Ондағы сақталынатын информацияның  бірлігін файл (file – папка - десте) деп атайды.

Файл дегеніміз сыртқы жадтың белгілі бір ат берілген  облысында орналасқан,  толық түрде өңделінетін деректердің жиыны. Файл құрамында программа, сандық деректер, мәтін, кодталынған бейнелер және т.б. болуы мүмкін. Файлға ат беріледі. Оның аты екі бөлімнен тұрады; біріншісі өзінің жеке аты болса, ал екіншісі оның атының кеңейтілуі деп аталынады. Файл атының кеңейтілуі ондағы информацияның типін көрсетеді. Мысалы, prog100.pas – Паскаль алгоритмдік тілінде жазылған программа орналасқан файл болса, prog100.exe – орындалуға дайын программа.Дискіде жазылған файлдардың саны өте көп болу мүмкін, сондықтан олармен жұмысты жеңілдету үшін каталог жүйесі қолданылады. Файлдар иерархиялық каталог жүйесіне  орналастырылады.Оптикалық дискілердегі информацияны оқу үшін немесе оған жаңа информацияны жазу үшін лазер сәулесі қолданылады. Мұндай дискілерге жататындары:  CD-ROM, CD-R, CD-RW, DVD.CD-ROM (Compact Disk Read-Only Memory) – оқуға ғана арналған компакт-диск; өте үлкен көлемді (780 Мбайт) информацияны сақтауға арналған; ондай дискіде анықтама жүйелерін, көп орынды қажет ететін суреттері бар информацияны сақтау үшін қолданған тиімді. CD-R (Compact Disk – Recordable ) – деректерді оқуға және бір рет жазуға  арналған.CD-RW (Compact Disk Re-Writable) – деректерді оқуға және көп рет жазуға  арналған.DVD (Digital Versatile Disk) – жалпыға пайдаланылатын цифрлық дискі, оның көлемі 17 Гбайтқа дейін жетеді. Әрбір операциялық жүйенің командалық тілі болады. Олар пайдаланушыға келесі амалдарды орындауға мүмкіндік жасайды:каталогтарды қарауға;сыртқы  информация тасымалдаушыларды белгілеу;программаларды іске қосу және т.б.Аталынған амалдарды операциялық жүйенің командалық процессоры орындайдыӘрбір операциялық жүйенің командалық тілі болады. Олар пайдаланушыға келесі амалдарды орындауға мүмкіндік жасайды: каталогтарды қарауға; сыртқы  информация тасымалдаушыларды белгілеу;программаларды іске қосу және т.б.Аталынған амалдарды операциялық жүйенің командалық процессоры орындайды

Информация о работе Шпаргалка по "Информатике"