Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 23:14, курсовая работа

Краткое описание

Қоғамның қарқынды дамуы көптеген жаңа ақпараттың жинақталуына алып келеді, ол ақпаратты тез өңдеп, қолданып не болмаса сақтау қажеттілігі туады. Әлемдегі барлық ақпарат ағындары өте көп. Сол себепті әрбір мекемеде, ол шағын немесе үлкен болуына қарамастан, мәліметтер басқару мәселесі туындайды, өз кезегінде ол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді. Кейбір мекемелер ол үшін үлкен шкафтар, құжат салатын мұқабалар пайдаланса, ал басқа мекемелер өз жұмысының тиімділігін артыру үшін компьютерлік әдістерді қолданады – ол мәліметтер қоры, ондай жұмысты ұйымдастыру үлкен мәліметтер көлемін оңтайлы сақтап жүйелеуге мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
1.1 Мәліметтер қорына кіріспе
1.2 МҚБЖ-ні ұйымдастыратын бағдарламалық өнімдер
Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі мысалында мәліметтер қорының кестелерімен жұмыс
2.1 Кесте құрылымы
2.2 Формалар құру
2.3 Access құралдары көмегімен Web парақтар құру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

15 Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі.doc

— 247.50 Кб (Скачать документ)

Пәндік аймақ –  сала бойынша басқаруды ұйымдастыру  мақсатын оқытуға арналған басқару  процесінің кезекті аутоматтандырылуы.

Объект – мәліметтер қорында сақталатын ақпараттық жүйенің  элементі.

Объектілер класы - қасиеттері бірдей жиынтықтан тұратын объектілердің жиынтығы.

Атрибут – объект қасиеттерінің  ақпараттық бейнеленуі. Әрбір объект атрибуттардың жиынымен сипатталады.

Мәліметтердің кілттік  элементі – мәліметтердің басқа  элементтерінің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін атрибут (немесе атрибуттар тобы).

Мәліметтер жазбасы  — мәліметтердің байланысқан  элементтері мәндерінің жиынтығы.

Бастапқы кілт —кестедегі әрбір жолды бірден анықтауға  мүмкіндік беретін атрибут (немесе атрибуттар тобы).

Екінші кілт – мәні бірнеше жазба (объекттің даналалары) үшін қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар тобы). Екінші кілттер жазбаны іздеу операциясы кезінде қолданылады.

Керісінше, альтернативті  кілт – бастапқы кілтпен сәйкеспейтін, кестедегі әрбір жолды анықтайтын атрибут (немесе атрибуттар тобы).

Кесте – типтес (бір  типтегі) жазбалардың жиынынан құралған реттелген құрылым.

Қорда мәліметтін сақтау процедуралары кейбір жалпылама  принциптерге жүгінуі тиіс. Олардың ішінде алдымен мыналар аталады:

Мәліметтердің тұтастығы мен қайшылығы, бұл мәліметтердің физикалық тұтастығы, мәліметтер дұрыс қолданбауды болдырмау, мәндердің үйлесімділігін қолдау, құрылым жағынан бұзылуынан және рұқсатсыз қатынаудан қорғау; артық мәліметтердің аздығы - қорда мәліметтердің кез келген элементі бір ғана түрде сақталуы тиіс деген сөз, ол жасалған операцияларды қайталау қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді.

1.2 МҚБЖ-ні ұйымдастыратын  бағдарламалық өнімдер

 

Мәліметтер  қорын басқару жүйесін ұйымдастыратын нақты бағдарламалық өнімдерге  қысқаша тоқталайық. Жалпылама деңгей бойынша барлық мәліметтер қорын басқару жүйелерін былайша ажыратуға болады:

•  кәсіби немесе өнеркәсіптік;

•  дербес.

Мәліметтер  қорын басқару жүйесінің кәсіби (өнеркәсіптік) түрі ірі экономикалық объектілерді басқарудың аутоматтандырылған жүйелерін жасауға арналған бағдарламалық негізді береді. Оның қорында басқару кешендері мен үлкен мекемелердің, оның ішінде банктер мен тұтас өнеркәсіп салаларының ақпараттарын өңдеу құрылады. Деректер қорын басқару жүйесінің кәсіби түрінің қызметіне кіретін ең алғашқы шарттарына мыналар жатады:

  • өте көп қолданушылардың бір мезетте орындалатын жұмысын ұйымдастыру мүмкіндігі;
  • басқаратын объектінің пропорционал түрде кеңею жүйесінің өсу мүмкіндігі;
  • әртүрлі аппараттық және бағдарламалық платформаларға көшуі;
  • әртүрлі қақтығыстарға байланысты орнықтылығы, оның ішінде сақталатын ақпаратты резервтеудің көп деңгейлі жүйесінің бар болуы;
  • сақталған ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қатынауға арналған дамыған құрылымдық жүйелердің бар болуы.

Қазіргі кезде  мәліметтер қорын басқару жүйесінің  өнеркәсіптік түрінің даму кезеңі айтарлықтай  өсіп отыр. Негізінен, 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басында үлкен  есептеу машиналарының негізінде  құралған аутоматтандырылған жүйелерде Adabas деген мәліметтер қорын басқару жүйесін қолданды. Ал, қазіргі кезде мәліметтер қорын басқару жүйесінің кәсіби түрінің негізгі бағдарламалық өнімдері қатарына Oracle, DВ2, Sybase, Informix, Progress бағдарламаларын жатқызуға болады.

Oracle мәліметтер  қорын басқару жүйесінің негізін американдық ғалымдар Ларри Эллисон, Роберт Майнер және Эдвард Оутс қалаған. Олар Relational Softwarе Inc. компаниясын құрып, алдарына Э. Ф. Кодд пен К. Дж. Дейттің жасаған идеялары мен жұмыстарын іске асыруды мақсат етіп қойып, солар арқылы белгілі жүйе жасауды қолға алды. Олардың жұмыстарының нәтижесі  тасымалданатын мәліметтер қорын басқару жүйесінің реляционды түрі - 50Ь атты базалық тілді құрды. 1979 жылы тапсырыс берушілерге осы компания тарапынан Digital Equipment Corporation фирмасының PDP-11 мини-компьютерлеріне Oracle-дің жаңа версиясы ұсынылды. Олар бірден RSX-11, IAS, RSTS және UNIХ сияқты бірнеше операциялық жүйелерге тапсырыс берді. Кейінірек Oracle VAX VMS атты операциялық жүйесімен басқарылатын VAX компьютерлеріне ауыстырылды. Бағдарламалық кодтың басым көпшілігі ассемблер тілінде жазылды. Сондықтан жүйені жаңа платформаға ауыстыру процесі айтарлықтай қиындықтар туғызды. Oracle-дің кезекті үшінші версиясының айырмашылығы мен ерекшелігі оның толығымен Си тілінде жазылуында еді. Бұл шешім жүйенің басқа жаңа платформаларға ауысуына, оның ішінде UNIX-ке ауысуына өз септігін тигізді. Жаңа версияның (1983 жыл) негізгі ерекшелігі оның транзакция концепциясын қолдай алатынында болатын. Шамамен сол уақытта фирма жаңа атпен атала бастады. Жаңа аты - Oracle Соrporation болды. Ол мәліметтер қорын басқару жүйесін жасаушылардың үздігі болды. Oracle-дің төртінші версиясы өзі қолдайтын платформалар мен операциялық жүйелер тізімінің кеңейгендігі бойынша өзіндік сипат алды. Oracle үлкен ЭЕМ фирмасы IBM-ге (мэйнфреймдер) және MS-DOS-тың басқаруымен жұмыс істейтін дербес компьютерлерге ауысты. Осы төртінші версияда деректер қорының тұтастығын қолдайтын технолгияны дамытуда маңызды қадам жасалды. Көп қолданушылар тұтынатын жүйелер үшін Oracle-дің «оқу кезінде қайшылыққа қарсылығын» қолдайтын шешімі ұсынылды. Бесінші версиясында «клиент-сервер» архитектурасын қолдайтын мәліметтер қорын басқару жүйесі іске асырылды. Oracle-дің одан кейінгі версиялары транзакцияларды өңдеуші үлкен масштабты жүйелерді құру, енгізу/шығару жүйелерін іске асыру әдістерін өзгерту, буферге алу, қосалқы қатынауды басқаратын ішкі жүйелер, көшірме алу, қалпына келтіру мүмкіндіктерін бере алатындай күйге жетті.

Мәліметтер  қорын басқару жүйелерінің кәсіби түрінің бағдарламаларына Ingres мәліметтер қорын жатқызуға болады. Ingres атты мәліметтер қорын басқару жүйесінің жобасы және тәжірибелік нұсқасы Беркли университетінде мәліметтер қоры саласында, аты әлемге әйгілі ғалымдар мен оқымыстылар арасындағы ең танымал ғалым Майкл Стоунбрейкердің басшылығымен жасалынды. Құрылған күнінен бастап Ingres мәліметтер қорын басқару жүйесі мобильдік жүйе сияқты жасалына бастады. Ол UNIX операциялық жүйесінің қолдауымен жұмыс істеді. Igres-тің бірінші версиясы 16-разрядты компьютерлерге есептелініп жасалынды және PDP сериялы машиналарда ғана жұмыс істеді. Бұл университеттерде тегін қолданылатын ең алғашқы мәліметте қорын басқару жүйесі болып табылды. Кейіннен Стоунбрейкер бастаған топ Ingres-ті UNIX BSD операциялық жүйесіне ауыстырды, бұл да сол Беркли университетінде жасалынды. 80-жылдардың басында RTI (Relational Technologyу Inc.) компаниясы құрылды, ол Ingres жүйесінің коммерциялық версиясын жасап, оны алға қарай дамуына үлесін қосты. Қазіргі кезде Ingres-тің коммерциялық версиясы қолдау тапқан әрі дамыған, оны Computer Associates компаниясы сатып, ауқымын кеңейтуде. Бұл жүйе қазіргі кезде дамыған коммерциялық реляционды жүйе болып отыр.

Жоғарыда  айтылған біржақты пікірлер (Oracle жүйесі үшін) әмбебап сипат алады және басқа бағдарламалық өнімдердің даму жолын анықтайды. Бұл қазіргі нарық жағдайында қалыптасқан үлкен бәсекелестік жағдайды туғызып отыр.

Мәліметтерді  басқарудағы дербес жүйелер –  жергілікті қолданушы немесе бірнеше  қолданушы топтарының тапсырмаларын  шешуге бағытталған және микро ЭЕМ-дерде (дербес компьютерлерде) қолдануға арналған бағдарламалар. Дербес жүйелерді анықтаушы сипаттамаларға мыналар жатады:

  • эксплуатацияның қарапайымдылығы, бұл дегеніміз жұмыс істейтін қосымшаларды «жай» қолданушылардың да құра алатындығы, яғни соншалықты дағдылықтың, шеберліктің қажеті шамалы;
  • аппараттық ресурстарға талаптар біршама шектелген.

Барлық аталған  жүйелер өздерінің даму жолында  біршама құрылымдық сипаттардан  тұрады. Олардың бірнешеуіне тоқталып өтсек:

  • құралдарды құру процесін, мәліметтерді манипуляциялайтын аутоматтандыратын визуальды интерфейстің бар болуы, оларға экран формаларын, шаблондардын, есептерді, сұранымдарды және т.с.с. жатқызамыз;
  • сұхбаттық режимде мәліметтер қорының объектілерін құрушы құрал-саймандардың бар болуы: Paradox-та Experts, Access-те Wizards;
  • біріккен мәліметтер қорын басқару жүйесі аймағында бағдарламалық кеңейтілулерді құрудағы жетілдірілген жабдықтардың болуы: Рагаdox-та РAL қосымшасын құру, Ассеss –те VBA-ны (Visual Basic for Applications) құру;
  • деректерді басқаратын әмбебап тілдердің бірін-бірі қолдауы.

Кейінгі жылдары  кәсіби және дербес жүйелер арасында шекарасыз тенденция қалыптасты. Ең бірінші кезекте жүйені жасаушылар өз өнімдерін потенциялды нарықты  барынша кеңейтуге жұмылуда.

Мәліметтер қорын басқару  жүйелерін құру кезінде қолданылатын бағдарламалық жүйелерге қысқаша сипаттама.

Microsoft компаниясының  бағдарламалық өнімдерін, оның  ішіндегі Visual FoxPro 3.0, Visual Basic 4.0, Visual С++, Access 7.0, SQL Server 6.5. бағдарламаларын қарастырайық. Осы бағдарламалық пакеттердің ерекше белгісі болып олардың деректерді қолдану мен бірігіп жұмыс істеу сияқты интеграциялық үлкен мүмкіндіктері табылады. Өйткені бұл пакеттер бір өндірушінің өнімі. Сонымен қатар деректермен алмасуға ұқсас технология.

Visual FoxPro өзіндік  жоғары жылдамдығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар диалекттері көптеген мәліметтер қорын басқару жүйелерінде орнатылған xBase және SQL-ді қолданатын дайын объектті-бағытталған бағдарламалау тілінен құралған. Объекттік модельдің жоғарғы деңгейінен тұрады. Есептеу желілерінде қолданылғанда мәліметтерді қолданушылардың қатынауының жекелеген түрін де, монопольды түрін де қамтамасыз ете алады.

Access ең танымал  Microsoft Office пакетінің құрамына кіреді. Негізгі ерекшеліктері: мәліметтердің  жоғарғы тұрақтылығы, меңгеруге  жеңіл, кәсіпқой емес бағдарламалаушы қолдана алады, әртүрлі форматта мәліметтер қорынан есеп беру түрлерін дайындауға мүмкіндік береді. Кез келген формадағы есеп беру түрлерін әртүрлі мәліметтер үшін құруға және коммерциялық емес қосымшаларды өңдеуге арналған.

Visual Basic –  бұл диалекттері Access, Visual FoxPro-да  орнатылған әмбебап объектті-бағытталған  бағддарламалау тілі. Ерекшеліктері:  әмбебаптылығы, OLE компоненттерін құру  мүмкіндігі, ЭЕМ-нің аппараттық ресурстарына  деген талаптары азғантай. Мәліметтерді өңдеудің үлкен интенсивтілігімен, OLE компоненттерін өңдеумен, Microsoft Office компоненттерін интеграциялаумен байланысы жоқ орташа қосымшаларды құру үшін қолданылады.

SQL Server – мәліметтер қорының сервері, «клиент-сервер» ұғымын іске асырады және көрсетілген пакеттермен әрекеттесіп жұмыс жасайды. Басты ерекшеліктері: мәліметтерді сақтауда жоғары деңгейлі болып табылады, деректерді өңдеу үшін қуатты құралдардан жабдықталған, жоғары өнімділігі. Қолданылу аймағы: үлкен көлемді мәліметтерді сақтауда, жоғары құнды мәліметтерді немесе құпиялылық режимін қадағалауды талап ететін мәліметтерді сақтауда. Көрсетілген бағдарламалық өнімдер қолданушы интерфейсін визуальды жобалау мүмкіндігінен тұрады, яғни өңдеуші дайын фрагменттерден интерфейс элементтерін құрады. Қандай да бір орындалатын жайтқа жауап ретінде олардың өзгертілуін бағдарламалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі мысалында мәліметтер қорының кестелерімен жұмыс

 

Access жүйесін іске қосу  үшін Пуск→Программы→Microsoft Access командалын орындау керек. Экранда мынандай терез пайда болады:                                                                                                       

 

                          

 

Сурет1. Microsoft Access ортасы

 

Кестелер – қосымшаның мәліметтерінің негізгі бөлігі сақталатын реляциялық мәліметтер қорының фундаментальді объектілері. Жеке кесте көбінесе нақты тақырыпты ақпаратты сақтайты (мысалы, компанияның жұмыскерлері немесе тапсырыс берушілер мекен жайы туралы деректер). Кестедегі ақпарат бағаналар (өрістер) мен жолдармен (жазбалармен) құрылады. Кестеге  α компонент тән: кесте құрылымы және кесте мәліметтері.

 

 

 

2.1 Кесте құрылымы

 

Кесте құрылымы (сонымен  қатар кесте анықтауышы деп атлады) кестені құрған кезде спецификацияланады. Кесте құрылымы кестеге мәліметтер енгізілмей тұрып жобаланып құрылып алу керек. Ол кесте қандай мәліметтерді сақтайтынын және енгізуге немесе мәліметтерді жоюға қатысты ережелерді (бизнес-ережелер немесе шектеулер) анықтайды. Кесте құрылымына кесте конструкторы терезесі арқылы қол жеткізуге болады. Ол терезені ашу үшін құрылған кесте үшін мәліметтер қорының терезесінің кестелер вкладкасын ашып кестені таңдап коструктор батырмасын басу керек.

Кесте1. Кесте құрылымы өзіне келесі ақпараттарды қосады:

 

Кесте атауы

SQL операторларында, тәсілдерде  және қасиеттерде кестеге сұраныс  жасалынатын атау

Кесте бағаналары

Кестеде сақталған ақпараттар категориялары. Әр бағанда мәліметтің типі мен атауы болады.

Кестелік және бағаналық  шектеулер

Кесте немесе бағана деңгеәінде анықталған тұтастық шектеулері.


 

Кесте конструкторы терезесі кестені құру кезінде кесте құрылымын  анықтау үшін ғана емес, сонымен  қатар кесте құрылымын өзгерту  үшін де қолданылады. Ол операциялар  төменде қарастырылады.

 

Кестені құру

 

         Кестелер қосымшаның мәліметтерінің үлкен бөлігін сақтайтын объекттер болғандықтан, кестелерді жобалауға үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Кестелердің дұрыс құрылуы өзіне терең қарастыруды талап ететін көп аспектілерді қосады. Төменде кестелерді құрудың бірнеше базалық принциптері келтірілген.

Информация о работе Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі