Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесі. Бірнеше кестелерден деректер базасын жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2014 в 17:41, реферат

Краткое описание

Кез келген деректер базасын басқару жүйесінің (ДББЖ) жұмысы – деректер базасын жасау, енгізу және өңдеу.
Microsoft Access ақпаратты сақтау және көрсету үшін қолданылатын жеке компоненттерден тұрады. Бұл компоненттерге кестелер, пішімдер (формы), есеп беру (отчет), сұрату (запрос), макростар, модулдер жатады. Microsoft Access-тің әрбір объектісін жасаудың кем дегенде 2 әдіспен: Конструктор көмегімен немесе Мастер көмегімен жасалады. Конструктор режімінде объект құрылымы жасалынады немесе өзгертіледі, ал Мастер режімінде объектілердің дайын нұсқалары таңдалынып, қолданылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

зертханалық жұмыс_access.docx

— 173.20 Кб (Скачать документ)

 

  1. Кестедегі әр өрістің енін деректердің ұзындығына сәйкес өзгерту.
  2. Ол үшін:
    • «Код» өрісіндегі кез келген жолды шертіңіз;
    • Формат– Ширина столбца командасын орындаңыз;
    • Пайда болған терезеде <По ширине данных> батырмасын шертіңіз, сонда өріс ені өзгереді.
    • Осы әрекеттерді қалған өрістерге де орындап, ендерін өзгертіңіз.
  3. Кестеде іздеу жасау.

Мысалы, Оқытушы Омаровқа іздеу жасау үшін:

  • «Фамилия» өрісінің бірінші жолына курсорды орналастырыңыз;
  • Правка –Найти командасын орындаңыз;
  • Пайда болған терезенің Образец параметрінің жолында Омаров деп теріңіз;
  • <Найти> батырмасын шертіңіз. Омаров сөзі белгіленіп, курсор сол  сөз орналасқан 3- жолға ауысады;
  • <Найти далее> батырмасын шертіңіз. Курсор соңғы жазбаға, 7-жолға ауысып, келесі Омаровты айрықшалайды;
  • <3акрыть> батырмасын шертіп, іздеу режимінен шығыңыз.
  1. Деректерді алмастыру. Ассистент Сергееваның жалақысын 18900 -дан 20000-ға алмастыру керек . Ол үшін:
  • «Жалақысы» өрісінің бірінші жолына курсорды қойыңыз;
  • Правка– Заменить командасын орындаңыз;
  • Пайда болған терезенің Образец жолында 18900 санын теріңіз;
  • Заменить на жолына 20000 санын теріңіз. Басқа опцияларға көңіл аударыңыз—сізге осы өрістің барлық жазбалары бойынша іздеу жасауға тура келеді.
  • <3аменить все> батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде деректер алмастырылады;
  1. Деректерді сұрыптау. «Жалақы» өрісінің деректерінің өсу реті  бойынша кесте деректерін сұрыптау (сорттау)  керек. Ол үшін:
  • «Жалақы» өрісінің кез келген жазбасын (жолын) шертіңіз;
  • Басқару панеліндегі батырмасын шертіп немесе Записи – 
    Сортировка– Сортировка по возрастанию командаларын орындаңыз.
  1. Фильтр қолдану.

      а) «Қызметі» және «Пән» өрістері бойынша деректерді іріктеу (фильтрация) қажет. Ол үшін:

  • «Қызметі» өрісіндегі Доцент жазбасын шертіңіз;
  • Саймандар панеліндегі батырмасын немесе Записи– Фильтр– Фильтр по выделенному командаларын орындаңыз.  Нәтижесінде кестеде тек доценттер туралы жазбалар көрсетіледі.
  • щелкните по записи Информатика поля «Пән» өрісінде Информатика жазбасын белгілеңіз;
  • Саймандар панеліндегі батырмасын немесе Записи– Фильтр– Фильтр по выделенному командаларын орындаңыз.  Нәтижесінде кестеде тек информатика пәнін оқытатын доценттер туралы жазбалар көрсетіледі.
  • Фильтрацияны алып тастау үшін  батырмасын немесе Записи– Удалить фильтр командаларын орындаңыз.  Кестедегі деректер қайтадан бастапқы толық қалпына келеді.

б)    «О» әрпінен аттары басталатын оқытушылар туралы жазбаларды алу керек. Ол үшін:

  • Аты өрісінің бірінші жазбасына курсорды қойыңыз.
  • Записи– Фильтр– Изменить фильтр командаларын орындаңыз. 
  • Аты өрісінің бірінші жазбасына курсорды қойып, Like «О*» сұратуын жазып,  Записи– Применить фильтр командаларын орындаңыз. 
  • Егер сұратуды Not «О*»  деп жазсаңыз, онда «О» әрпінен  басталмайтын барлық жазбаларды теріп береді.

8.  Кестені сақтаңыз.

3 – жаттығу. Үш кесте жасаңыз: Студенттер,  Бағалар және Пәндер

  1. Студенттер кестесін жасау үшін төменде берілген 3-кестеге сәйкес кестенің өрістерін анықтап алып, Студенттер кестесінің құрылымын Конструктор арқылы жасаңыз

3- кесте.

Өрістің аты

Деректер типі

Өрістің өлшемі

Студенттің коды

Мәтіндік

Бүтін

Фамилия

Мәтіндік

15

Аты

Мәтіндік

12

Әкесінің аты

Мәтіндік

15

Топ номері

Мәтіндік

10

Телефон

Мәтіндік

 

Стипендия

Логикалық

Иә/Жоқ


 Кілттік өріс ретінде «Студенттің кодын» беріңіз. Ол үшін Для этого щелкните по полю «Студенттің кодын»  өрісін шертіп, одан соң  саймандар панеліндегі батырмасын шертіңіз немесе Правка– Ключевое поле командаларын орындаңыз.  Кестені Студенттер деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

  1. Пәндер кестесін  төмендегі 4-ші кестеге  сәйкес жасаңыз.

4- кесте.

Өрістің аты

Деректер типі

Өрістің өлшемі

Пән коды

Сандық

Бүтін

Пән аты

Мәтіндік

30


Кілттік өріс ретінде «Пән кодын» беріңіз. Кестелер кейін  форма режимінде толтырылады. Кестені Пәндер деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

 

  1. Бағалар кестесінің құрылымын төмендегі 5-ші кестеге  сәйкес жасаңыз.

5- кесте.

Өрістің аты

Деректер типі

Өрістің өлшемі

Студент коды

Сандық

Бүтін

Пән коды

Сандық

Бүтін

Бағалар

Сандық

Байт


 Ескерту: Бұл кестеде кілттік қрісті жаудың керегі жоқ, өйткені деректер қайталануы мүмкін. Кестені Бағалар деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

Құрылымы анықталған бұл кестелер кейін  форма режимінде толтырылады.

  1. Деректер схемасын құру, яғни кестелер арасындағы байланыстарды орнату. Оқытушылар, Студенттер, Бағалар, Пәндер  кестелерін өзара байланыстыру керек. Ол үшін:
  • Саймандар панеліндегі батырманы шертіп немесе Сервис– Схема данных командаларын орындаңыз, сонда экранда «Схема данных» терезі шығады;
  • Саймандар панеліндегі батырманы шертіп немесе Связи– Добавить таблицу командаларын орындаңыз;
  • Пайда болған терезеде тек бір кестенің аты ғана тұрады. Щелкните по кнопке <Добавить> батырмасын басып, келесі кестенің атын  белгілеп, қайтадан <Добавить> батырмасын басыңыз. Осылайша қалған кестелердің барлығын экранға шығарып, схемаға қосыңыз.
  • <3акрыть> батырмасын басып терезені жабыңыз;
  • Енді Пәндер мен Бағалар кестелерінің арасындағы байланысты орнату керек. Ол үшін курсорды  Пәндер кестесіндегі Пән коды өрісінің атына апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, жібермей басқан күйі  Бағалар кестесінің Пән коды өрісінің атына апарыңыз, тышқан батырмасын босатыңыз. Экранда «Связи» терезесі ашылады;
  • Обеспечение целостности данных қасиетінің тұсына тышқанның сол жақ  батырмасын шертіп жалауша (Ö) орнатыңыз. Егер екі өрістің типтері бірдей болмаса, бұл жалаушаны орната  алмайсыз. Сондықтан олардың типтері бірдей болуы керек.
  • Каскадное обновление связанных полей және Каскадное удаление связанных записей қасиеттеріне де жалауша орнатыңыз;

Ескерту. Байланыстырылған өрістерді каскадты жаңарту мен Байланыстырылған өрістерді каскадты жою  тек Пәндер кестесінде ғана жазбаларды  редакторлеуге мүмкіндік береді. Ал Бағалар кестесінде бұл әрекеттер автоматты түрде орындалады  Мысалы: егер Пәндер кестесінен бір пәнді жойсақ, онда Бағалар кестесіндегі жойылған пәнмен байланысты барлық жазбалар да жойылады.

  • <Создать> батырмасын шертсеңіз байланыс орнатылады.
  • Осындай ретпен Пәндер кестесіндегі және Оқытушылар кестесіндегі «Пәндер коды»  өрістерін өзара байланыстырыңыз.
  • Студенттер кестесі мен Бағалар кестесіндегі «Студент коды» өрістерін өзара байланыстырыңыз.

Нәтижесі мына суреттегідей болады:

 

Макетті сақтап терезені жабыңыз. Өрістер арасындағы 1:1, 1:N және N:M байланыстарына көңіл аударыңыз

 

Өздік жұмыс тапсырмалары:

  1. Үш кестеден «Композитор», «Әншілер», «Әндер» тұратын «Музыкалық альбом» деректер қорын жасаңыз. Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.
  2. Үш кестеден «Дәрігер», «Пациент», «Участки» тұратын «Емхана» деректер қорын жасаңыз. Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.
  3. Үш кестеден: «Сынып», «Мұғалімдер», «Пәндер» тұратын «Сабақ кестесі» деректер қорын жасаңыз Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.
  4. Екі кестеден: «Тауарлар ассортименті», «Сатып алушы» тұратын «Компьютерлік салон» деректер қорын жасаңыз Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.
  5. Екі кестеден: «Қатысушылар тізімі», «Баяндамалар тақырыбы» тұратын «Конференция қатысушылары» деректер қорын жасаңыз Бұл кестелерге өздеріңіз өрістерді анықтап, кілттік өрісті белгілеңіз, кестелер арасында байланысты орнатыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Деректер базасы, ДББЖ деген не?
  2. Microsoft Access ДББЖ қандай объектілердден тұрады?
  3. Объектілерді жасаудың қандай тәсілдері бар?
  4. Деректердің қандай типтері, қандай байланыс типтері  бар?
  5. Кестелер арасындағы байланысты орнату үшін қандай талаптар қойылады?

 

зертханалық жұмыс №2

 

Тақырыбы:   «Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау»

Мақсаты:  Пішін (форма) ұғымымен, Microsoft Access-те пішін жасау әдістерімен, пішін көмегімен кестені деректермен толтырумен танысу.

Негізгі ұғымдар:

Деректер базасын жасаушы (разработчик БД) кестелер мен сұратулардың (запросы) құрылымдарын жасайды, нақты деректерді кестеге енгізумен шұғылданбайды. Деректерді кестелерге арнайы мамандар енгізеді. Олардың жұмысын жеңілдету үшін  деректер базасын жасаушы арнайы объектілерді – пішіндерді (формаларды) дайындайды.

Пішін деректерді енгізуге арналған өрістері бар электрондық бланк іспеттес. Деректерді енгізуші адам осы өрістерге деректерді енгізгенде деректер  автоматты түрде деректер базасының кестелеріне толтырылады.

Пішін түрлі мақсатта қолданылатын (көбінесе кестеге деректерді енгізу, жазбаның біреуін көру үшін) экранның арнаулы  пішімі (формат)  болып табылады. Пішін  деректерді енгізуге, түзетуге, жаңадан деректер қосуға және жазбаларды жоюға  мүмкіндік береді.

Access-тің басқа да  объектілері  сияқты пішіндерді қолмен (вручную) немесе автоматты түрде  бірнеше  тәсілмен жасауға болады. Автоматты  пішіндердің ең қарапайымы – автопішіндер (автоформалар).

Деректер базасының кестелеріне деректерді толтырудың 2 жолы бар: кесте режимінде  немесе форма режимінде.

 

Пішінді жасаудың бірнеше жолы бар:

  1. Конструктор -  пішінді өз қалауыңызбен жасауға мүмкіндік береді.
  2. Пішін шебері (Мастер форм) - өзіңіз таңдаған өрістер негізінде пішінді автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Access  диалог  режимінде қолданушыдан қандай пішін керектігін анықтап, пішінді автоматты түрде жасайды.  Егер жасалынған пішіндегі бірнәрселер ұнамаса, конструктор режимінде түзетуге болады.
  3. Автопішіндер (Автоформы) - пішін шеберінің жеке жағдайы болып табылады, яғни ол қолданушының қатысуынсыз пішіннің берілген түрін автоматты түрде жасайды.
  4. Диаграмма - диаграммасы бар  пішінді жасайды  жасайды.
  5. Қорытынды кестесі (сводная таблица) - Excel-дің корытынды кестесі бар  форманы  жасайды.




Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу.  Кестеге деректерді енгізу.

1. Пішін  шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.

Информация о работе Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесі. Бірнеше кестелерден деректер базасын жасау