Microsoft Access бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 09:27, реферат

Краткое описание

Microsoft Access бағдарламасы ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толты-рып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады.Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ре-тінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарлама қазіргі таңда компютерді осы бағытта пайда-ланудың нақты мысалдары көп емес.Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көп-теген сатылардан біртіндепмеңгеру арқылы жүргізіледі.Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Microsoft Access бағдарламасы ол.docx

— 197.62 Кб (Скачать документ)

код заказа код покупателя дата заказа подарок 
1 1 12/04/2004 Да 
2 2 01/06/2004 Нет 
3 3 12/01/2004 Да 
4 4 24/03/2004 Да 
5 5 29/01/2004 Нет 
Келесі таблица қызметкерлерге қатысты зейнетақы фонды көрсетілген. Қызметкерлерде олардың қай қорға жататындығына байланысты осы қорларға есептеулер жүргізілген. 
пенсионные фонды 
Код код фонда название фонда гипперссылка 
1 1 Солнышко www. Solnishko.kz 
2 25 Наурыз www. Nauriz.kz 
3 12 Казкомерцбанк www.kkb.kz. 
3.2 Сұраныс. 
Төменде көрсетілген сұраныстары өздерінің ерекшелігі мен және спецификасымен мәліметтер базасына қойылатын талаптары бойынша бөлінген. Бірінші менеджмент және экономика бөліміне қатысты қызметкерлерді мінездейді. 
Запрос 
фамилия Имя должность отдел 
Жумагалиев Марат менеджер экономика 
Алдабаевна Жанна экономист менеджмент 
Сатыбалдиева Самал бухгалтер экономика 
Каримова Айнур секретарь экономика 
Келесі сұраныс нақты кезеңде тапсырылған сұраныстың уақытын өсу қарқынымен көрсетеді.Бұнда Код покупателя, Дата заказа және сыйлық берілген. 
Запрос 
код покупателя дата заказа подарок 
1 23.02.2003 Да 
5 16.11.2003 Нет 
Ал келесі сұраныс бұл бағасы 28-ден төмен жиһаздар тізімін көтсетеді. 
Запрос 
название мебели стоимость 
Софа 3500 
Диван 25000 
Пуфик 8000 
Келесі сұраныс бұл сіздің білгіңіз келген қаланы көрсетіп береді.

3.3 Форма. 
Әрі қарай мен қалай Формамен жұмыс істегенімді көрсетеді. Формалар мәліметтердің енгізу жылдамдығын жоғаралатады және олардың дұрыстылығын қамтамасыз етеді. Бұл жерде өзіміздің мәліметтер базамызды құруға болады. Мысалы: жұмысшылардың фотосын қою т.б .Біздер бұнда фондтар жайлы ақпаратты қосамыз: аты, гиперссылка, код фонда, жұмысшылар аты, фамилиясы және олардың лауазымдары.

Бұл форманың көмегімен әртүрлі  форма типін құруға болады. Столбец ленточную , табличный , және басқалары.Оның ерекшелігі мәлімет бір – бірінен бөлініп тұрады және нақты әрі тиімді болып келеді. 
MS Access деректер базасы. Деректер базаның құрылымы. 
Қызметтің кез келген саласында жиі деректердің үлкен көлемдерімен жұмыс жасау қажет. Бұл кездегі негізгі операциялар – бұл ақпаратты жинау, оны өңдеу (қажет деректерді іздеу, сұрыптау және т.б.), деректерді қарап шығуға және баспаға шығаруға арналған формаларды құрастыру болып табылады. Осы барлық функцияларды қамтамасыз ететін ең таңымалды программалық құрал MS Access деректер базасын басқару жүйесі болып табылады. 
Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат). 
Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді. 
Деректер базасындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар – жазулар. Жазулар саны қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны – 255. 
Өрістер мен олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды. Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені оның құрылымы бар. 
Деректер базасын құрастыру: 
1 қадам. Оның құрылымын құрастыру. 
2 қадам. Құрылымды ақпаратпен толтыру. 
Access-ті жүктеген кезде деректер қорының объектілерімен жұмыс жасауға арналған мәзір пайда болады. 
Жұмыс жасаудың режимдері және объектілері 
Кестелер – жазулар жиынтығы болып табылады. Деректер базасында не сақталынады соның бәрі оның кестелерінде сақталынады. Олардың құрылымы және мазмұны бар. Кестенің құрылымын құрастырғанда өрістердің атауларын, өрістердің типтерін және олардың өлшемдерін анықтау қажет. Кестенің әрбір өрісіне ерекше ат беріледі. Содан кейін қандай типті деректер әрбір өрісте орналасады екендігін шешу. Өріс типінің мәні Конструктор режимінде ғана көрсетілінеді. 
Сұраныстар – толтырылған деректер базасымен жұмыс жасауға арналған негізгі объект. Деректерді өзгерту, таңдау және талдау құралы болып табылады. Олар бойынша бірнеше кестенің деректерін өзгертуге, талдауға және қарауға болады. Базаның байланысқан кестелерінен деректердің күрделі таңдауын орындауға және оларды нәтижелі кестелер түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижелі кестелер тек жедел жадыда сақталынады, ал бірақ оларды сақтауға болады. 
Формалар – кестенің деректерін енгізу және бір жазуды көру үшін және т.б. мақсаттары үшін қолданылатын экранның арнайы форматы болып табылады. Формалар деректерді енгізуге, оларды түзетуге, қосуға және жазуларды жоюға мүмкіндік береді. Бір уақытта өз ара байланысқан кестелермен операциялар істеу үшін формаларды құруға болады. 
Есептер – бұл деректерді ұйымдастыру және баспаға пайдаланушыға қажетті түрде шығарудың ең тиімді құралы. 
Макростар – бұл белгілі бір операцияларды орындайтын макрокомандалар жиынтығы. Ол базамен жұмыс жасауын автоматтандырудың құралы болып табылады. 
Модуль – бұл Visual Basic for Application (VBA) программалау тілінде жазылған программа. 
Жұмыс жасаудың режимдері: 
1. Оперативті режим – терезеде ақпарат жүйенің мәселелерін шешу, яғни ақпаратты қарап шығу, өзгерту, таңдау 
2. Конструктор режимі – объекттің құрылымын, макетін құру немесе өзгерту. 
Деректер түрлері. 
• Мәтіндік – мәтін немесе есептеулерді жүргізуге талап етпейтін сандар (255 таңбаға дейін). 
• Сандық – есептеулер жүргізуге арналған әр түрлі форматты сандық деректер. 
• Мерзім/уақыт – мерзім және уақыт туралы ақпарат сақтау. 
• Ақшалы – ақшалық мәндер және бүтін бөлігінде 15 таңбаға дейін, бөлшек бөлігінде 4 таңбаға дейін дәлдікпен жүргізілінетін математикалық есептеулерде қолданылатын сандық деректер. 
• Memo – көп көлемді мәтінді сақтау. 
• Санауыш – арнайы сандық өріс. Мұнда Access әрбір жазуға автоматты түрде арнайы реттік нөмерін береді. 
• Логикалық – екі мүмкін мәндерден тек біреуін ғана қабылдай алады (иә, жоқ). 
• OLE объекттің өрісі – Access кестесіне ендірілген немесе байланысқан объект. 
• Гиперсілтеме — әріп және цифрлардан құрылған және гиперсілтеме адресін көрсететін жол. 
• Алмастыру шебері – тұрақты мәндер жиынтығы немесе басқа кестеден қажет мәндерді тізімнен немесе тізімі бар өрістен таңдауға мүмкіндік беретін өріс. 
Кестелерді құру. 
Access-ті жүктегеннен соң экранда сұхбат терезесі пайда болады. Ол арқылы дайын деректер базасын ашуға, жаңа деректер базасын құрастыруға немесе ол үшін ендірілген шеберді пайдалануға болады. 
Біз Новая база данных ауыстыру қосқышын таңдаймыз және OK батырмасын шертеміз. Файл новой базы данных сұхбат терезесі пайда болады. Мұнда файлдың атын және оның орналасуын көрсетеміз. Сохранить батырмасын шертеміз. Деректер базаның терезесі пайда болады. Мұнда 6 астарлы бет орналасқан. Кестені құрастыру үшін Таблицы астарлы бетін таңдаймыз. Создать батырмасын шертеміз. Новая таблица сұхбат терезесі пайда болады. Мұнда кестені құрастырудың 5 мүмкін тәсілі көрсетілген. 
1. Режим таблицы – кесте өрістердің атауларын бағандардың тақырып жолдарына енгізу арқылы құрылады. 
2. Конструктор – кесте өрістердің атаулар тізімін және бірден әрбір өрістің қасиеттерін көрсету арқылы құрылады. 
3. Мастер таблиц – автоматты түрде шебердің көмегімен. Ол дайын тізімнен өрістерді таңдауға мүмкіндік береді және мұнда жүзден аса әр түрлі кестелердің түрлерінің шаблондары берілген. 
4. Импорт таблиц – кесте деректерді басқа деректер базасынан немесе электронды кестеден көшіру арқылы құрылады. 
5. Связь с таблицами – кесте басқа деректер базасында орналасқан кестемен байланыс жасау арқылы құрылады. 
Кесте бойынша жылжу. 
жебелек пернелерін пайдалану; 
қозғалту жолақтарын пайдалану; 
қажет орында маусты шерту; 
Tab пернесін пайдалану; 
терезенің төменгі бөлігінде орналасқан көшу батырмаларын пайдалану 
Деректерді сұрыптау. 
Деректерді қарап шығу ыңғайлы болу үшін, кестедегі жазуларды белгілі бір тізбек бойынша сұрыптауға болады. 
Мәндердің сұрыптауын орындау үшін, мәтін курсорын сұрыпталынатын бағанның кез келген ұяшығына орнату қажет, содан кейін келесі батырмаларды ( -өсу реті бойынша сұрыптау, — кему реті бойынша сұрыптау) шерту немесе ЗаписиàСортировка командасын орындау. 
Іздеуді ұйымдастыру. 
Егер кесте көп көлемді болса, онда редакталайтын деректерді тауып алу қажет. Іздеу жүргізу үшін, мәтін курсорын іздеу жүргізілетін өрісінің ұяшығына орнату, содан кейін ПравкаàНайти командасын орындау қажет. 
Пайда болған терезеде ізделінетін деректердің үлгісі енгізілінеді және Найти батырмасын шертеді. Егер қажет мән табылса, онда курсор сол ұяшыққа орнатылынады. 
Сүзбеуді құру және қолдану. 
Сүзбеу – бұл жазулар жиынтығын таңдауға қолданылатын, шарттар жиынтығы. 
Типтер: 
1. белгіленген бойынша сүзбеу (фильтр по выделенному) 
2. кәдімгі сүзбеу (обычный фильтр) – Сүзбеуді өзгерту батырмасы 
3. кеңейтілген сүзбеу (расширенный фильтр). 
Жұмыс тәртібі: 
Записи/Фильтр/Изменить фильтр командасын орындау; 
Кестеден тек бір жол ғана қалады; 
Әрбір өріс мәтін курсоры орналасқан жағдайда тізімі бар өріс болып табылады; 
Бұл тізімнен берілген өріс үшін қажет мәнді таңдауға болады; 
Применить батырмасын шерту; 
Таңдауды алып тастау үшін, дәл осы батырманы шерту қажет, тек бұл жағдайда ол Удалить фильтр деп аталады. 
Форманы құру. Форманы көрсету режимдері. 
Формалар – деректер базаны ақпаратпен толтыратын қызметкерлерге қажет. Олар ақпаратты енгізуге, қарап шығуға және кесте немесе сұраныстағы ақпаратты модификациялауға көмектеседі. 
Құру тәсілдері: 
1. автоматты түрде – Автоформа. 
2. шебер арқылы – Мастер форм. 
3. өз қолымен – Конструктор. 
Форманы көрсету режимдері: 
1. конструктор режимі 
2. форма режимі 
3. кесте режимі 
Режимдер арасында ауысу Вид менюі арқылы іске асады. 
Басқару элементтер. 
Конструктор режимінде форманың көлбеу және тігінен орналасқан сызғыштар, форматтау тақтасы және құралдар тақтасы бар. Қосымша басқару элементтер тақтасын экранға шығаруға болады. Ол арқылы формаға жаңа объектілер енгізуге болады. 
Басқару элементтер – бұл формада немесе есепте орналасқан және деректерді бейнелеуге, операцияларды жасауға немесе жай әсемдік үшін арналған графикалық объектілер болып табылады. 
Формаларда үш бөлім және бірнеше басқару элементтер болуы мүмкін. 
Форманың бөлімдері: 
1. форманың тақырып жолы – бұл бөлім форманың 1-ші бетінің ең басында орналасады және тақырыптың атауын орналастыруға арналған; 
2. форманың ескерту бөлімі – соңғы беттің ең соныңда орналасқан, пайдаланушыға арналған кеңестер және басқада қажет ақпаратты орналастыруға пайдаланады. 
3. деректер аумағы – деректердің жазулары орналасқан. 
Экранға көрінбейтін бөлімді шығару үшін Вид /Заголовок/Примечание формы командасын орындау қажет. 
Сұраныстарды құрастыру. 
Сұраныстар – бұл пайдаланушы орнатқан шарттың негізінде, бір немесе бірнеше кестелерден өзіне қажет жазуларды іріктеп алуға көмектеседі. 
Сұранытың қасиеттері: 
1. нәтижелі кестені құрастырғанда, базадан қажет ақпаратты тек таңдамай ғана, сонымен қатар оны өңдеу мүмкіндігі болып табылады (сұрыптау, сүзбеуден өткізу, біріктіру, бөлу, өзгерту). Сонда алғашқы кестеде ешқандай өзгертулер пайда болмайды. 
2. қорытынды есептеулер жүргізу мүмкіндігі (өріс бойынша орташа мәнін, ең максималды, ең минималды мәнін, қосындыны табу). 
Есептер құрастыру. 
Есептер – сұраныстар жұмысының нәтижелерін көрнекті түрде, баспа құрылғысында басылма түрінде алуға мүмкіндік береді (қағаз құжаты). 
Құру тәсілдері: 
1. автоматты түрде – Автоотчет. 
2. шебер арқылы – Мастер отчета. 
3. өз қолымен – Конструктор. 
Есептің құрылымы: 
1. тақырып жол бөлімі– есептің жалпы атауын жазуға арналған; 
2. жоғарғы колонтитул бөлімі – егер есептің құрылымы күрделі болса және бірнеше беттерден тұрса, онда ішкі атауларды жазу үшін қолданылады; 
3. деректер аумағы – база кестелер өрісінің мазмұнымен байланысты, басқару элементтер орналасқан; 
4. төменгі колонтитул– құру мерзімі және беттерді нөмірлеу; 
5. ескерту бөлімі – қосымша ақпарат орналастыру; 
6. топтың тақырып жолы – әрбір берілген топтың жоғарғы бөлігінде шығады.

MS Access деректер қорында  кесте құру        

 Жұмыстың мақсаты: Кесте құруда MS Access деректер қорын жүйелі басқару мүмкіндіктерін үйрету.

Теориялық мәлімет.        

MS Access-тегі деректер қоры  өзіндегі кесте, есеп, сұраныс,  форма т.б. құрамдарымен тұтас  объект болады және оларды  тұтас дискілік файлда .mdb кеңейтілуімен  сақтауға мүмкіндік береді.        

 Деректер қоры негізгі  құрылымдық компоненті кесте  болып табылады. Кесте   қатарлардан (жазбалар жиынынан) тұрады. Барлық жазбалар құрылымы жиында  бірдей, ал жазба саны кестеде айнымалы. Әр жазбадағы деректер элементі өріс деп аталады.        

 Кестенің әр өрісіне уникальді ат тағайындалады. Ол бос орындарды қосқанда 64 символға дейін сыйғыза алады. Өріс атында нүкте, леп белгісі, қатарүсті символы (апостроф) және тік жақша қолдануға болмайды. Өріс аты бос орыннан немесе басқару символынан (ASCII 00-31 кодтары) басталмау керек. Өріс аттарының ішкі функция және MS Access қасиеттері аттарымен сәйкес болмағаны дұрыс.        

 Кесте бағанындағы  деректер бір типті болуы керек. MS Access ДҚБЖ -де деректердің 8 типі бар. (1-кесте)

MS Access- те кесте құрудың  3 тәсілі бар: кесте шебері көмегімен, кесте режимінде, конструктор режимінде.

MS Access ДҚБЖ -де деректердің типтері

1-кесте

Деректер типі

Пайдаланушы

өлшемі

Мәтіндік

Алфавитті-цифрлық деректер

255 байт

Memo өрісі

Алфавитті-цифрлық деректер – сөйлемдер, жаңа жол, мәтіндер

64 кбайт

Сандық

Сандық деректер

1, 2, 8 және 16 байт

Дата/уақыт

Дата және уақыт

8 байт

Ақшалық

Ақша суммасы туралы деректер. Үтірден кейін 4 таңбаға дейін

8 байт

Счетчик

 

4 байт

Логикалық

Логикалық деректер

1 бит

OLE объектісі

Диаграммалар, суреттер және Windows-тың қосымшаларының басқа да объектілері

1 гбайт


Жұмыстың орындалу реті:

  1. MS Access-ті іске қосыңыз. Бұл үшін MS Office панелінде орналасқан MS Access пиктограммасын басыңыз немесе Іске қосу (Пуск)–Программалар-MS Access командаларын орындаңыз немесе “Менің компьютерім” терезесінен MS Office папкасы ішінен MS Access пиктограммасын таңдаңыз.
  2. “Деректер қорын құру” терезесінен “Жаңа деректер қоры”   ауыстырып-қосқышын таңдаңыз.
  3. “Жаңа деректер қоры файлы” терезесінде деректер қоры файлы орналасатын диск және каталогты (папканы) көрсетіп, файл аты өрісіне файлдың атын енгізіңіз. ОК батырмасын басыңыз.
  4. “Деректер қоры” терезесінде “Кесте” батырмасын таңдап, “Құру” батырмасын басыңыз.
  5. “Жаңа кесте” терезесінде жаңа кестенің құрылымын құру режимі – Конструкторды таңдаңыз.
  6. Кестенің Конструктор терезесінде әр өріске ат беріңіз және типін таңдаңыз.

Өрістің типін беру үшін «Деректер типі» бағанындағы сәйкес ұяшықты шертіңіз. Таңдалған ұяшықтың оң жағында пайда болатын тізім символын ашып, керекті типті таңдаңыз.  Әр өріске қасиеттер беріңіз (қасиеттер тізімі деректердің таңдалған типіне тәуелді болады).

- Өріс өлшемі - өрістердің максимальді өлшемін береді. Сондықтан деректерге өріс өлшемі төмендегідей болады:

  • байт – 0-ден 255-ке дейін бүтін сандар, сақтау кезінде 1 байт орын алады.
  • бүтін  (целое) –  -32768-ден  32767-ге дейінгі бүтін сандар, 2 байт орын алады.
  • Ұзын бүтін (длинное целое)- -2147483648-ден 2147483647-ге дейінгі бүтін сандар, 4 байт орын лады.
  • Жылжымалы нүктелі (с плавающей точкой) (4 байта) – «-3,4*1038-ден 3,4*1038-ге» дейінгі 6 таңбалы дәлдікке дейінгі сандар
  • Жылжымалы нүктелі (с плавающей точкой)(8 байта) – «-1,797*10308-ден 1,797*10308-ге» дейінгі 10 таңбалы дәлдікпен берілетін сандар

- Өріс өлшемі (Размер поля) – берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды.

- Өріс форматы – өріс мазмұнын бейнелеу тәсілін береді.

- Қолтаңба – сәйкес өріс атына  басқа баған тақырыбын береді.

Бұл пайдаланылатын өріс атына қарағанда ұзын және түсінікті баған тақырыбының болуы керек жағдайда пайдалы.

  • Енгізу маскасы (Маска ввода) – енгізілген символдарды тексеруді автоматтандыруға мүмкіндік беретін формат береді.

Енгізу маскасы деректердің  позицияда қандай мөлшерде және қандай типте енгізілетінін көрсететін тұрақты символдардан (жақша, нүкте немесе дефистер) және арнайы символдардан тұрады. Енгізу маскасы деректердің анықталған форматқа және де әр позицияға енгізілген мәннің берілген типіне сәйкестігін қамтамасыз етеді. Енгізу маскасын беру үшін пайдаланылатын символдар 2-кестеде көрсетілген.

  • Үнсіздік бойынша қабылданған мән (Значение по умолчанию) - өріс мәні ретінде автоматты түрде тағайындалатын мәнді береді.
  • Мәнге  қойылатын шарт - өріске енгізілетін деректерге қойылатын шартты анықтайды. Енгізілетін деректер көрсетілген шартқа сәйкес емес болса қате туралы хабарлама шығады.
  • Қате туралы хабарлама – деректерді енгізу кезінде Мәнге қойылатын шарт қасиетінде көрсетілген шарт орындалмаған жағдайда шығатын хабарламаны  анықтайды.
  • Міндетті өріс –деректер қорын толтырғанда берілген өрісті  міндетті түрде толтыруды қажеттігін анықтайтын қасиет. Егер бұл қасиет мәні «иә» болса, онда жаңа жазба енгізу кезінде осы өріске мән енгізу қажет.  Бос (Null) мәндер бұл өрісте жіберілмейді.
  • Индекстелген өріс – берілген өрістің индекстелгендігін, егер солай болса қай режимде екенін анықтайды. Егер өріс индекстелген болса, онда жүйеде ДҚБЖ құралдарымен деректерге енуді жылдамдатуды қамтамасыз ететін берілген өрістің мазмұнының реттелген тізімі құрылады. Индекстелген өрістің «Жоқ» қасиетінің: «жоқ» (мәні бастапқы келісім бойынша) – индекс құрылмайды; «иә» (сәйкестіктер жіберіледі) – индексте қайталанатын мәндер жіберіледі; «иә» (сәйкестіктер жіберілмейді) – қайталанатын мәндер индексте жіберілмейді.

 

 

Енгізу маскасын беру үшін пайдаланылатын символдар                          

 

символ

арналуы

0

0-ден 9-ға дейінгі сандар (енгізу міндетті; «+» және «-» символдары жіберілмейді)

9

Цифр немесе бос орын (енгізу міндетті емес; «+» және «-» символдары жіберілмейді)

#

Цифр немесе бос орын (енгізу міндетті емес)

L

әріп (А-дан Z-ke немесе А-дан Я-ға дейін, енгізу міндетті )

?

әріп (әріп (А-дан Z-ke немесе А-дан Я-ға дейін, енгізу міндетті емес)

A

әріп немесе цифр (енгізу міндетті)

a

әріп немесе цифр (енгізу міндетті емес)

&

Кез-келген символ немесе бос  орын (енгізу міндетті)

C

Кез-келген символ немесе бос  орын (енгізу міндетті емес)

.. ; : - /

Ондық бөлгіш және мыңдық бөлгіш, дата және уақыт мәндері

Келесі символдардың барлығын төменгі регистрге ауыстыру

Келесі символдардың барлығын жоғарғы регистрге ауыстыру

!

Енгізу маскасын солдан оңға қарай емес, оңнан солға қарай толтыруды көрсетеді

\

Кез-келген символды мәтіндік тұрақты ретінде енгізуді көрсетеді, ол масканың арнайы символы болса  да

пароль

Пароль енгізу үшін өріс құру. Өріске енгізілген кез-келген символ  символ болып сақталады, бірақ (*) жұлдызша болып бейнеленеді


 

 

Арнайы мәтіндік өрістер және Memo өрістер үшін форматтар төмендегі символдар көмегімен құрылады:

Бос орын – «бос орын»  символы форматқа «бос орын» клавишасын басу арқылы енгізіледі және шығатын мәнде бейнеленеді.

«АВС» - тырнақшаға алынған символдар жиыны шығады.

*- «*» символынан кейінгі  мүмкін бос кеңістікті символмен толтыруға мүмкіндік береді. Мысалы, «АВСD»*х форматтау қатары өрісті 8 символды өлшеммен «АВСDхххх» қатарымен толтырады.

[цвет] – мән тік жақшада  көрсетілген түспен шығады.Мүмкін түстер аты: Қара - Black, Жасыл - Green , Көгілдір - Cyan, Қызыл - Red, Алқызыл - Magenta, Сары - Yellow, Ақ - White, Көк - Blue.        

 Мәтіндік және Memo өрістері  үшін форматтар нүктелі үтірмен  бөлініп тұратын екі бөлімнен  тұруы мүмкін. Бірінші бөлімі  – форматтың өзі болып табылады, ал екіншісі егер деректер оған енгізілмеген болса  өріс мәнін анықтайды,.

  1. Кестеде кілттік өріс көрсетіңіз. Өрісті таңдап Аспаптар панелінде Кілт пиктограммасын таңдаңыз. Құрамдық кілт құру үшін клавишасын баса отырып қажетті өрістерді таңдап, Аспаптар панелінде Кілт пиктограммасын басыңыз. Кілттік өріс деректері автоматты түрде өсу реті бойынша сұрыпталады. «Өріс қасиеті» облысында «Индекстелген өріс» өрісінде «Иә»  (сәйкестіктер жіберілмейді)  мәні болады, «Обьязательное поле» өрісінде «Иә» мәні болады.
  2. Кестенің құрылған құрылымын Файл-…деп сақтау командаларын орындап «Сақтау» терезесінде кестенің атын беріңіз.
  3. Кестеге деректер енгізіңіз. Ол үшін кестенің жобалау режимінен толтыру режиміне өтіңіз. Аспаптар панелінде толтыру режимі батырмаларын Кесте түрі (пиктограммалар қатарындағы сол жақтағы бірінші) немесе негізгі мәзірдегі Түр-Кесте командасын орындаңыз.

Тапсырмалар 

 

 

 

 

 

тапсырма

счетчик 

 

Мәтіндік

 

сандық

 

ақшалық

 

Дата/уақыт

 

логикалық

 

Memo өрісі

 

OLE объектісі өрісі

1

Топ студент-тері

Нөмірі

Аты-жөні

жасы

стипендиясы

Туған күні

Ұялы телефон

өмірбаян

Ұнататын машина маркасы

2

Кафедра оқытушы-лары

Нөмірі

Аты-жөні

жасы

айлығы

Туған күні

машинасы

мінездеме

суреті


 

 

3

Дүкен

Нөмірі

Тауар аты

Пайдалану уақыты

құны

Шыққан уақыты

кепілдік

Қысқаша пайдалану жолы

суреті

4

Қонақ үй

Нөмірі

Клиент аты-жөні

Күн саны

Төлемақысы

Келген күні

машинасы

Қысқаша мәлімет

суреті

5

Балабақша

Нөмірі

Баланың аты-жөні

жасы

Төлемақысы

Туған күні

Тәртібі

Қызықты оқиғалары

Жақсы көретін ойыншық  суреті

6

Әсемдік салоны

Нөмірі

Тұрақты клиент аты-жөні

Келіп жүрген уақыты

Төлей-тін ақшасы

Туған күні

жанұясы

Талғамы туралы қысқаша мәлімет

Ұнататын гүл суреті

7

Мектеп белсенді-лері

Нөмірі

Оқушы аты-жөні

класы

премия

Туған күні

Домбыра үйірмесіне қатысуы

Хоббилері туралы

суреті

8

Әкімшілік

Нөмірі

Қызмет-керлер-дің аты-жөні

жасы

айлығы

Туған күні

машинасы

мінездемесі

суреті

9

Деканат

Нөмірі

Деканат құрамы

стаж

айлығы

Жұмысқа кірген жылы

Категория-сы

өмірбаяны

Суреті

10

Тест орталығы

Нөмірі

тобы

Рейтинг балл

Оқу төлем ақысы

Емтихан болатын күні

Автомат емтихан

Емтиханды қабылдай-тын оқытушы, ауд.

Топтың эмблемасы

11

Автотұрақ

Нөмірі

Автомашина иесі аты-жөні

Неше күнге қойылды?

Төлем-ақысы

Қойған күні

 

Машина туралы ақпарат

Машина суреті

12

Студент-тер

Нөмірі

Аты-жөні

Сынақ кітапшасының нөмірі

Оқу төлем-ақысы

Туған жылы

грант

Ұнататын пәндері туралы

Оқу корпусы-ның суреті

13

Әуежай

Нөмірі

Қала аттары

Рейс нөмірі

Билет ақысы

Ұшу күні

Кері қайту

Қала туралы мәлімет

Қаланың мәдени орындарының суреттері

14

Қала ескеркіш-тері

Нөмірі

аты

Ескерткішті жасауға кеткен күн

Жасау-ға кеткен ақшасы

Ашылған жылы

әсемділігі

Архитекто-ры туралы қысқаша мәлімет

суреті

Информация о работе Microsoft Access бағдарламасы