Media Player кoмпоненті Программалық бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2015 в 17:22, курсовая работа

Краткое описание

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамып, күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі.Қазіргі уақытта компьютерсіз қандайда бір жұмыс орындауды көз алдымызға елестету қиын.Бұл компьютермен жұмыс шстейтін адамға қандай да бір ұмтылысты тудыруы мүмкін.Программалау іскерлігін үйрену үшін нақты есептер шығарып, программасын жаза білу қажет.

Содержание

МАЗМҰНЫ

I.
КІPІСПЕ
3
II.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Delphi программалау ортасы

Delphi программалау жүйесі………. 6
Delphi–дің артықшылықтары……….. 7
Өнімнің негізгі сипаттамалары………… 7
Ұйымдастырушының ортасын икемдеу … 13
Компоненттер………. 16
Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері
Мәті шығару
Canvas объектінің қасиеттері
2. Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын программа 21
2.1
Delphi-дің мультимедиалық мүмкіндіктері
5
2.2
Мультимедия және анимация
6
2.3.
Animate компоненті
7
2.4.
III.
Media Player кoмпоненті
Программалық бөлім
8 9
3.1
3.2
Есептің берілгені
Есептің алгоритимі
10
11
3.3
Порограмма листигі
12
IV.
ҚОРЫТЫНДЫ
13

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая 1.doc

— 715.50 Кб (Скачать документ)

Проект параметрлер файлында параметрлер мен олардың мәндері текстік редактордың әр түрлі жолында орналастырылады.

Проектіні компиляциялау және орындау.

Проектіні компиляциялау барысында орындалуға дайын файл немесе динамикалық кітапхана (Д44) құрылады. Компиляциялау процесі Progectcomplie<проект аты> ctrlF9 командалары арқылы орындалады және мынандай жағдайлар атқарылады. Соңғы рет компиляцияланғаннан кейін мәні өзгерген модульдердің файлдары компиляцияланады. Нәтижесінде әрқайсысы үшін DCU  кеңеймесімен анықталған модулге өзгеріс енгізілген болса, онда осы модулге пайдаланылатын модулге қайта компеляцияланады. Барлық модульдер компиляцияланғаннан кейін проект файлы компиляцияанады да  қосымша орындалуға дайын файл құрылады. Проектіні Delphi немесе Windows жүйесінде жүктейді. Delphi ортасында проектіні  жүктеу үшін Run/ Run немесе F9 тетігі басылады. Егер қосымша  жұмыс жасамай қалса, Delphi  ортасында Run/ Program Reset немесе Crtl+F12 командалары арқылы  тоқтатылады.

 

 

 

  Ұйымдастырушының ортасын икемдеу .

Delphi – ді қосқан соң жоғарғы  терезеде компанент палитрасының  иконкалары орналасады. Егер курсор бір иконкаға тоқтап қалса, оның астында сары төрт бұрышта көмекші пайда боладлы.

Бұл компонент палитрасынан қосымшаларды құрайтын копоненттерді таңдайды. Компонент құрамы визуальды және логикалық компоненттерден тұрады. Тетік редакциялау жазықтығы сияқты заттар визуальді компоненттер, ол кестелер логикалық болады.

Delphi-де программа визуальді түрде  жазылатындықтан, барлық осы компоненттер  форма жазықтығында өзінің графикалық  көрінісіне ие болады, олармен  тиісті түрде операциялану үшін  қажет. Бірақ жұмыс істеп тұрған программаға көрініп тұрған тек визуальді копонент болып қалады. Копонент  қызметі бойынша палитра беттерінде топталған.  Мысалы, Windows “common-dialogs” көрсететін компоненттердің барлығы “Dialogs” деп аталатын палитра бетінде орналасқан.

Delphi ұйымдастырушыға ортаны максимальді  ыңғайлылық үшін икемдейді. Компонент  палитрасын, құралдар сызғышын оңай  өзгертуге және синтаксисті белгілеп, қоюларды түспен икемдеуге болады.

Delphi –де компоненттің өз тобын  анықтауға болады, және оны палитра  бетіне орналастыру мүмкіндігі бар, сондай-ақ компоненттерді топтау мен пайдаланбайтындарды жойып тастау мүмкіндігі де бар.

Интеллектуальді    редактор. Программалар редакциялауды макростарды орындау мен жазуды мәтіндік блокнотпен жұмыс істеуді, икемделетін тетікті комбинацияны және жолдың түсті айырмасын пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.

Графикалық дұрыстағыш. Delphi –де қуатты редакторға енгізілген кодтағы қателерді тауып, оларды жоятын графикалық дұрыстағыш бар. Тоқтау нүктелерін анықтауға, үзілістерді тексеріп, өзгертуге адымдап басу арқылы программаны әрекетін дәл түсінуге болады. Ал егер өте жіңішке дұрыстағыш қажет болса, ассемблердегі нұсқауларды және процессор регисторын тексеріп, бөлек енгізу мүмкіндігі бар Turbo Debugger пайдалануға болады.

Объектілер инспекторы. Бұл құрал бөлек терезе бейнесінде көрінеді, онда сіз программаны жобалау кезінде объектінің жағдайлар мен қасиеттер мағынасын белгілей аласыз (Properties and Events) .

Жоба менеджері. Ұйымдастырушыға тиісті жобада барлық модульдерді қарауға мүмкіндік береді және жобаны басқаратын ыңғайлы механизм мен жабдықтайды. Жоба менеджері файл аттарын, таңдалған форма уақытты және т.б көрсетеді. Мәтін мен формаға тиісті атау үстіне тышқанмен сырт еткізу арқылы тез арада жетуге болады.

Объект навигаторы. Қол жетерлік объектінің кітапханасын көрсетеді және қосымшалар бойынша навигацияны жүзеге асырады. Объект иерархиясын, кітапханадағы компиляцияланған модульдерді және сіздің кодыңыздың глобальді атаулар тізімін қарауға болады.

Меню дизайнері. Менюді жасауға, шаблондар түріндегілерді сақтауға және кейін оларды кез-келген қосымшада пайдалануға болады.

Сарапшылар. Бұл сізге қосымшаларды оңай жобалау мен икемделуін қамтамасыз ететін құрал программасының тобы. Ұйымдастырылған сарапшыларды өз бетінше қосуға мүмкіндік бар. Потенциалды түрде бұл арнайы программаға жазылған Case – құралдарымен Delphi-ді кеңейте алатын үшінші фирмалардың мүмкіндігі. Оның құрамы мынадай:

  • Ø Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін форма сарапшысы.
  • Ø Қосымшалардың ұстаным мен шаблондар сарапшысы.
  • Ø Форма шаблонын сарапшысы.

RAD Pack  құрамына Delphi фирмасындағы  Borland Pascal 7.0 жасалған ресурстарды қайта құратын сарапшы енеді. Қазіргі уақытта  DLL құрылысын жеңілдететін және тіпті өзінің сарапшыларын жасайтын сарапшыларда болды.

Интерфейсті оқу жүйесі. Delphi-ді кеңірек игеруге мүмкіндік береді. Ол тек көмекші жүйе ғана емес, сондай-ақ ол Delphi-дің мүмкіндіктерін ұйымдастырушының өз ортасында көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Компоненттер

Query компоненті алыстатылған  SQL – серверлерге болмаса жергілікті мәліметтер  қорына SQL-сұранысын құру және орындау үшін пайдаланылады.

DBGrid  компоненті мәліметтерді жол немесе баған ретінде көрсететін, белгіленген  мәліметтерге кестесін туғызу үшін пайдаланылады. Компонент визуальды.

DataSource  компоненті — бұл компонент Table немесе Query компоненттері  секілді мәліметтер  қорымен байланыстыру үшін  пайдаланылады.

MainMenu компоненті — бұл компонент формаға негізгі меню құру үшін қолданылады. Басты қасиеті Items арқылы менюге керекті сөздер жазылады. Я болмаса MainMenu компоненттінің үстінен 2 рет шерту арқылы жазуға болады. ShortCut  қасиеті клавиатурадан басқаруға мүмкіндік береді.

Panel компоненті -  бұл компонент кең ауқымда қолданылады. Бұл компонент бір-бірімен байланысты бірнеше компоненттерді біріктіріп, бір жерде орналастыруға ыңғайлы. Panel компонентіндегі жазуды Caption қасиеті арқылы өзгертуге болады. Bevellnner, BevelOuter, bevelWidth, BorderStyle,BorderWidth қасиеттері арқылы компоненттің  жиектерін көркемдеуге болады.

Button компоненті — бұл компонент ең көп қолданылатын компоненттер қатарына жатады. Caption басты қасиеті болып табылады. Басты оқиғасы болып OnClick болып табылады. Осы оқиғаға батырманы басқан кездегі орындалатын операторлар жазылады.

ComboBox компоненті-ListBox және Edit компоненттерінің функциясын біріктіреді. Пайдаланушы текстті енгізуге және тізімнен таңдап алуына  болады.

Edit компоненті бір жолды текст енгізу үшін немесе  көрсету үшін қолданылады. Тексті енгізіп шығаратын қасиеті Text. BorderStyle  қасиеті арқылы компоненттің түрін көркейтуге болады.AutoSelect қасиеті барлық текст автоматты түрде боялатынын анықтайды. SelLength, SelStart және SelText қасиеттері боялған тексттің өзін анықтайды. MaxLength қасиеті енгізілетін тексттің максимальды ұзындығын анықтайды.

Label компоненті формада әртүрлі жазуларды немесе белгілерді көру үшін компоненті қолданылады. Бұл компоненттегі тізімнен пайдаланушы тек бір ғана жолды таңдай алады. Басты қасиеті Items.

ExcelApplication компоненті — бұл компонент Microsoft Excel программасын  шақыру  үшін  қолданылады.

WebBrowser  компоненті -бұл компонент  htm кеңеймесінде сақталған құжаттарды көрсету үшін арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері

Delphi ортасы схемаларды, сызбаларды, түрлі иллюстрацияларды экранға шығаратын программаларды неғұрлым қарапайым жолмен құруға мүмкіндік береді.

Графикалық элементтер объекттің үстіңгі жағында шығарылады (формалар немесе Image компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді. Объектінің бетіне графиктік элементтерді (түзу сызық, шеңбер және т.б) шығару үшін осы объектінің Canvas қасиетін қолдану әдісін пайдаланымыз.

Мысалы:

form1. Canvas. Restangle (10,10,100,100);

Бет (Холст);

Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты бет (холст) ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады. Бұл бет  (холст) жеке нүктелерден-пикселдерден тұрады, олардың әр қайсысы көлденең (Х) және тік (Y) координаталар арқылы анықталады.

Қарандаш және қылқалам

Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне салуды қамтамасыз ететін әдістер үшін, қарандаш және қылқалам қолданылады: қарандашты түзулер мен контурларды сызуға қолданады, ал қылқаламды аймақтарды шекаралық контурмен бояуға қолданады.

Графиктерді бетке (холстқа) шығаратын арнайы қарандаш және қылқаламға Pen (қарандаш) Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді, бұлар TPen және TBrush типтерін көрсетеді. Осы объектілердің қасиеттерінің мәні шыарылатын графикалық элементтердің түрін анықтайды.

TPen объектісінің мынадай қасиеттері бар:

Color – түзудің түсі(контуры)

Width — түзудің қалыңдығы (пиксель бойынша)

Style -    түзудің түрі

Pen.Color – қасиетінің мәні ретінде мынадай атаулы тұрақтыларды қолдануға болады (TColor): clBlack, clOlive, clGray, clBlue, clMaroon, clNavy  clSilver, clAqua, clGreen, clPurple, clRed, clWhite.

Pen.Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:

psSolid – біркелкі түзу;

psDash – пункттирлік түзу, ұзын штрихтар;

psDot -  пункттирлік түзу, қысқа штрихтар;

psClear – түзу көрінбейді.

Егер Pen.Width қасиетінің мәні бірден үлкен болса, онда пункттирлік түзулер біркелкі түзулер болып шығады.

Қылқалам (Canvas.Brush) тұйық аймақтарды сызатын және сол облыстарды бояуды қамтамасыз ететін әдіс ретінде қолданылады.Қылқалам объект сыяқты екі қасиетке ие:

Color- тұйық облысты бояйтын түс;

Style — аймақты толықтыру стилі (типі).

Brush.color қасиетінің мәні ретінде жоғарыда айтылып өткен Tcolor типті атаулы  тұрақтыларды қолдануға болады.

Brush.Style қәсиеті мынадай мәндерді қабылдайды:

bsSolid — біркелкі бояу;

bsClear – облыс болмайды;

bsHorizontal – көлденең штрих;

bsVertical – тік штрих;

bsFDiogonal – ілгері қарай көлбеген диоганалдық штрих.

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінді шығару

Графикалық объекттің бетіне мәтін шығару үшін TextOut әдісі қолданылады. Осы әдістің шақыру нұсқауы жалпы жағдайда мынадай түрде болады:

Объект. Canvas. TextOut(x , y , Текст);

Мұндағы x , y – шығатын мәтіннің координат нүктелері;

Текст – айнымалы немесе символдық типті тұрақты  (шығарылатын мәтін).

TextOut әдісімен шығарылатын мәтін облысының оң жақ шекара координаттарын,

PenPos  қәсиетін пайдаланып алуға болады,

мысалы:       TextOut(PenPos.x , PenPos.y , ‘Руб’);

Қарапайым графиктерді сызу әдістері

LineTo әдісі түзуді қарандаштың ағымдағы орынан координатасы көрсетілген нүктеге дейін сызады.

Объект. Canvas. LineTo(x , y);

MoveTo әдісі  қарандашты белгіленген  нүктеге апарады.

Объект. Canvas. MoveTo(x , y);

Ellipse әдісі эллипс сызады (жеке жағдайда, шеңбер – параметр мәніне тәуелді болады):           Объект. Canvas.Ellipse(x1 , y1,x2,y2);

Мұндағы: x1, y1, x2, y2 – ішіне эллипс сызылатын тікбұрыш координаттары.

Arc әдісі доға сызады:

Объект. Canvas.Arc(x1 , y1,x2, y2, x3, y3, x4, y4);

Мұндағы:  x1, y1, x2, y2 – эллипс параметрі, эллипс белгілі, яғни сызылатын доға болады.

Rectangle әдісі тіктөртбұрыш сызады:

Объект. Canvas. Rectangle (x1 , y1, x2 , y2);

Мұндағы:  x1, y1 және x2, y2 – сол жақ үстінгі және оң жақ астыңғы тіктөртбұрыш бұрыштарының координаттары.

FillRect  әдісі Brush.Color қасиеті арқылы берілген түсімен тіктөртбұрышты бояйды. Бұл әдістің бір ғана параметрі бар, бұл структураның Trect типі.

Мысалы:

Var

R:Rect(20,20,150,150);

With Canvas do

begin

Brush.Color:=clRed;

FillRect(R);

End;

End;

Canvas объектінің қасиеттері

Жоғарыда айтып кеткендей, программа орындайтын графиктерді бетке шығару үшін  Canvas қасиеті келеді. Canvas объектісінің Pixels  қасиетін пайдалана отырып, графикалық беттің кез келген нүктесін қажетті түске бояуға болады. Мысалы (нұсқауы):

Form1.Canvas. Pixels [10,10]:=clRed;

Форманың бетіндегі нүктені қызыл түске бояйды.

 

 

 

 

 

 

 

  Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын программа

Курстық жұмысымда Дельфидің графикалық мүмкіндіктерін айқын көрсететін программа жазып шықтым. Ол программаның қызметі суретті слайд-шоу түрінде көрсететін мүмкіндігі бар программа. Программа іске қосқанда төмендегідей терезе пайда болады:

Егер 1-ші кнопкаға шертсеңіз программадан шығу әрекеті орындалады. Екінші кнопка алдыңғы суретке көшіреді, ал соңғы кнопка келесі суретке көшіреді.

Егер осы кнопкалардың астындағы суреті бар кнопкаға басаңыз, онда сәйкес суретке көшіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Информация о работе Media Player кoмпоненті Программалық бөлім