Эем–нің архитектурасы мен жұмыс істеу принципі. эем–нің аппараттық қамсыздандыруы”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2012 в 19:20, отчет по практике

Краткое описание

Экономика және қаржы департаментінің жоспар-қаржы бөлімінің іс-әрекеті келесі функциялардың жүзеге асыруларына бағытталған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 84.86 Кб (Скачать документ)

8)    Аудан әкімдігіне басымдылық және аймақтық бағдарламаларды қаржылай қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар мен шаралар әзірлеуге қатысады;

9)    Жергілікті атқарушы органнның резервтегі қаржысының жұмсалуын есепке алуды және талдауды жүргізеді;

10)   Үздіксіз есепке алу жолымен бюджеттік операциялар бойынша ақшалай түріндегі мәліметтерді тіркеудің, жүйелілігінің, толық жиынтығын реттеуін  қамтамасыз етеді;

11)   Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында бюджетті орындау және бюджеттік қаражатты игеру мониторингін жүзеге асырады;

12)   Алматы облысының қаржы басқармасы мен жергілікті атқарушы органға белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімде тапсыру үшін бюджеттің орындалуы бойынша есеп беру нысандарының барлық түрлерін қалыптастырады;

13)   Аудандық коммуналдық мүлікті басқару бойынша аудан әкімдігі атынан келесі функцияларды атқарады:

-         аудандық коммуналдық мүліктің объектілерін жалға беру, жалдау келісім шарттарының тиісті түрде орындалуын қадағалау;

-         кейіннен сатып алу құқығымен және құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру, ол келісім шарттарының талаптарының толық орындалуын қадағалау;

-         аудандық коммуналдық мүлікті сатуды (жекешелендіруді) жүзеге асырады;

-         аудандық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың негізгі құралдарын есептен шығаруды жүзеге асырады;

-         аудан ішіндегі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы ауыс-күйісті есепке алу, қадағалау;

-         аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының белгіленген бөлігін бюджетке аударылуын қадағалау. 

 

 

4.     Бөлімнің құқықтары. 

 

12.                       Бөлім өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіпте төмендегі құқықтарға ие:

1)               Заңдылықтарда белгіленген мерзімде және нысандар бойынша бюджетке  түсетін салықтардың сомалары және басқа да міндетті төлемдер туралы ақпаратты, бюджеттің орындалуын ұйымдастыруға қажет статистикалық және өзге де материалдарды салық, атқарушы органдар, өзге ұйымдар мен жеке тұлғалардан, басқа аймақтық органдардан алу және сұратып алу, сондай-ақ басқада өзіне жүктелген қызметтерді орындау;

2)    Өзінің құзыры шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыратын және субсидиялауда болатын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тексеру және талдау жүргізу;

3)    Өзінің құзыры шегінде заңды тұлғалардың қаржылық тәртіпті бұзбауына бақылау жүргізу;

4)    Жойылған 25.07.11ж. өзгерістер мен толықтырулар;

5)    Заңдылықтардың талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

 

 

5.     Бөлімнің мүлкі. 

 

13.                       Бөлім өзіне мемлекет тапсырып берген мүлік есебінен қалыптасатын, жедел басқару құқығымен жекеленген мүлікті иеленеді, сондай-ақ негізгі және айналымдағы қаржыдан, сонымен қатар бөлімнің балансында көрсетілген басқа да мүліктен құралады;

Бөлім жойылған немесе қайта құрылған жағдайда оның мүлкі  меншік иесіне өтіп кетеді. 

 

 

6.    Бөлімнің қызметін ұйымдастыру. 

 

14.                       Бөлім құрылымына бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары, бас және жетекші мамандар кіреді.

Бөлім бастығы  Қазақстан Республикасының заңына сәйкес аудан әкімімен, Алматы облысының  қаржы басқармасымен келісе отырып, тағайындалады және босатылады.

Аудандық қаржы  бөлімінің қызметкерлерін қызметке қаржы бөлімінің бастығы Алматы облысының қаржы басқармасымен  келісе отырып тағайындайды және босатады.

Орынбасарлар  саны белгіленген тәртіпте бөлімнің құрылымына қарай белгіленеді.

Бөлім бастығы:

1)    Бөлім қызметін ұйымдастырып, басқарады және өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілікте болады;

2)    Бөлім қызметкерлерінің арасында функционалдық міндеттері мен өкілдігін бөлуді жүзеге асырады;

3)    Бөлім қызметкерлеріне және жеке шаруашылық жұмысшыларына заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза шараларын қолданады;

4)    Бөлімнің қызметкерлері және жеке шаруашылық жұмысшылары міндетті түрде орындайтын бұйрықтарды шығарады, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

5)    Заңдылықтарға сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда бөлімнің уәкілі болып табылады;

6)    Заңдылықтарға сәйкес өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады;

7)    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс ұйымдастыруға жекелей жауапты.  

 

 

7.     Бөлім туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі. 

 

15. Бөлім туралы  Ережеге өзгерістер мен толықтырулар  құрылтайшының шешімімен енгізіледі.  

 

СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ, ТОПТАУ, ЖӘНЕ КЕСТЕ  ҚҰРУ НЕГІЗІНДЕ АҚПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫН  АРТТЫРУ

 

Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау, кесте құрудың қазіргі кездегі қажеттілігін келесідей түсіндіріп өтуге болады. Яғни, статистикалық мәліметтерді тиімді жинақтап, топтарға құрып, жиналған мәліметтер негізінде кесте құру арқылы статистика саласындағы алға қойған міндеттерді айқындауға болады. Елдегі, жалпы қоғамдағы болып жатқан маңызды мәліметтерден нақты деректер алуға, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, халықтың әл-ауқаты, халық саны, қоғамның барлық салаларындағы ағымдағы мәліметтерден хабардар болуы үшін, нақты деректер негізінде арнайы мемлекеттік қорытындыларды жариялау үшін маңыздылығы жоғары болып отыр.  Сондықтан Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау, кесте құру кезінде статистика саласындағы мамандарға мәліметтерді тез әрі сапалы жинақтап, қорытынды шығаруға әрбір Қазақстандық азамат ат салысып, мекемелер, ұйымдардың қолдау көрсетулері маңызды.

Статистикалық мәліметтерді жинақтау – арнайы жүйе бойынша орындалған және қорытынды  есептердің көмегімен алғашқы статистикалық  материалдардың ғылыми қорытындыламаларын жасау.

Жалпы, топтау келесідей түрлерге жіктеледі: -типтік, (әлеуметтік- экономикалық типі); -құрылымдық (бірыңғай жіктелу құрылымы); -аналитикалық (қоғамдық құбылыстардың ара байланыстығы мен тәуелділігінің алғашқы белгілерінің  байланыстығын ашу)

Статистикалық мәліметтерді топтау – алғашқы жинақталған  статистикалық мәліметтерді пайдалану  негізінде жатыр. Статистикалық  мәліметтерді жинақтаудың қорытындысын негізінен статистикалық кесте  ретінде береді. Статистикалық мәліметтерге  кесте құру – зерттелген қоғамдық құбылыстардың мазмұндамасына сәйкес сандық (цифровой) талдау және арнайы формадағы  мәліметтер жинағы ретінде түсіндіріледі. Статистикалық мәліметтерге кесте  құру мазмұнына қарай келесідей  топтарға бөлінеді: -жай (мұнда тек  зерттелетін объектілердің тізімі ғана беріледі); -топтық (мұнда белгілі  бір нақты белгілерге қарай жинақталаған мәліметтер топтастырылады.); -күрделі  немесе жан-жақты (екі немесе оданда көп белгілеріне қарай топтар туралы мәліметтердің берілуі)

Статистикалық қызмет негізінде деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды камтитын статистикалық ақпаратты өндіру процесі жатыр. Әрбір технологиялық кезеңнің оларды орындауға арналған стандарттарда сипатталған өз ерекшеліктері бар. Статистикалық деректерді өндірудің күрделі әрі ұзақ процесі статистикада бірыңғай ақпараттық жүйе құруды қиындатады. Сондықтан да осы уақытқа дейін ақпараттық технологияларды енгізу жекелеген кезеңдер мен процесстер үшін жүзеге асырылды. Бұл бағытта қазірдің өзінде бірқатар іс тындырылды: - барлық зерттеулер үшін деректерді енгізу мен өңдеуге арналған бағдарламалық кешендер бар, статистикалық сыныптамалар мен анықтамалықтар электрондық түрде ұсынылған және уақытылы жаңғыртылып отырады; - мемлекеттік статистикалық тіркелім жүргізу үшін ақпараттық жүйелер, деректердің серпінділік қатарларының базалары, статистикалық жарияланымдар базалары және басқалары енгізіледі; - қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, деректерді электрондық почтамен облыстық деңгейден республикалық деңгейге, сондай-ақ аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру жүзеге асырылады; - статистикалық ақпаратты тарату республикалық және облыстық деңгейлерде Интернет-сайттар, Web порталдар аркылы жүзеге асырылады, ал жергілікті желілер шеңберінде Интернет технологияларын пайдалана отырып деректер алмасу камтамасыз етіледі

Деректерді  жинау, топтау, кесте құру Мемлекеттік  статистикалық тіркелім және Әлеуметтік статистика үшін жасалатын тіркелім негізінде үйлестіріледі. Барлық кезеңдер мен процестер үшін сыныптамалар мен анықтамалықтардың жалпы базасы құрылады, бұл оларды пайдалануды оңтайландыруға және жүйе ішінде берілетін ақпараттың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Жүйе шеңберінде деректерді жинаудың, берудің, өңдеудің, сақтаудың және таратудың толассыз технологиясы пайдаланылады. Қызмет көрсету жүйелерін Интернет арқылы енгізу жолымен статистиканың пайдаланушылары мен респонденттері үшін сервис кеңейтіледі және жақсартылады.

Көптеген  батыс елдерінде, мысалы, Италияда, ресми статистикалық мәліметтерді мемлекеттік статистика арқылы жинау ұйымдары мен жеке тұлға сұранысымен қаржыландыруы бойынша жүргізілуі мүмкін. Жалпылай алғанда отандық және шетелдердегі статистикалық жинақтардьң түрлері көп. Олар шолу жинақтары және арнайы жинақтар болып бөлінеді:

- шолу  жинақтары, яғни мұнда жалпы  мемлекет бойынша маңызды әлеуметтік-экономикалык көрсеткіштер керсетіледі;

- арнайы, жеке экономикалық сала бойынша материалдарды қамтиды.

Бұл жариялама  түрінің ішінде бөлінетіндері: цифрлық, яғни тек сандық мәліметтерді қамтиды, ал, аналитикалық түрінде цифрлық материалдарды талдау арқылы жеке көрсеткіштерді есептеуде әдістемелер талқыланады.

Мәліметтерді  жинау, топтаумен қатар оларды талдаумен айналысатын отандық статистикалық қызметтен шетелдердегі статистикалық қызметтің ерекшелігі - мәліметтерді  талдау оларды жинау мен өңдеуден бөлек болуында. Көптеген елдерде статистикалық қызмет міндетіне статистикалық мәліметтерді талдау    (интерпритация)    кірмейді.     Мұндай    жұмыстармен көбінесе, ғылыми зерттеу институттары, мемлекеттік жоспарлау комиссиялары, сонымен бірге ресми емес статистикалық ұйымдары айналысады. Сондай-ақ, мұндай талдау жекелеген ұйымның бақылау мәліметтері негізінде жүзеге асуы мүмкін. Мұндай әрбір мекеменің зерттеу жұмысында жалпы ішкі өнім және оның компоненттерін бағалау, конъюктураны (кұрылымын) талдау және жобалау, «шығын-шығарылған өнім» кестесін құру, экономикалық салалық құрылымын талдау және тағы сондай сияқты өзінің арнайы бағыты болады.

Мәліметтерді  жинау, топтастырудың кейбір институттарында  әдістемелік жұмыстар жүргізіледі  және мемлекеттік мекемелерге статистикалық  бақылауды жүргізу бағдарламасын  жасауда кеңес береді, статистикалық  стандарт, есеп беру формалары өңделеді, баспаға мәліметтер дайындалады. Осылай ету арқылы барлық Франция әкімшіліктерінің статистикалық жұмысын үйлестіріп отырады. Францияның статистикалық жұмыстарының негізгі принциптері: өзінің маманданған қызметінде статистикалық мәліметтерді дайындау мен баспаға беруде үкіметке тәуелді болмау, респонденттерден алынған жеке мәліметтердің конфиденциялдығын (құпия болуьн) қамтамасыз ету. СЭЗИ-да біртұтас жүйе құрайтын және елдің территориясындағы барлық тұтынушылардың қолы жететін мәліметтердің жиынтығы ұлттық және аймақтық деңгейлерде құрылған. Институт басқару бөлімі және бөлімшелерден тұрады. Жалпы статистика бөлімі арнайы бақылау нәтижелері арқылы алынған мәліметтерді экономикалық талдаумен айналысады, әдістемелік жұмыс жүргізеді, статистикалық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады.

АҚШ-та мемлекеттік  статистика орталықтанбағандықтан статистикалық мәліметтерді жинау, топтау және кесте құрумен министрліктер, ведомстволар және штаттардағы құзырлы орындар айналысады. Бірақ, сонда да мәліметтердің негізгі көлемі Сауда министрлігі қарамағындағы Санақ бюросы, Еңбек министрлігі қарамағындағы Еңбек статистикалық бюросы, Ауылшаруашылық министрлігіне қарасты ауылшаруашылық өнім түрлерімен қамтамасыз ету қызметі, Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі қарамағындағы халықтың табиғи өсім статистикасы арқылы алынады.

Статистиканың барлық саласындағы үйлесімділік жұмысы   АҚШ   президентінің   басшылығымен   Бюджет   бюросы қарамағында құрылған статистикалық саясат бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Бұл бюро әдістемелік кеңес беру жұмыстарымен айналысады, статистикалық ұйымдардың бюджетін қарастырып, есеп беру формасын бекітеді және бөлімшелердің жұмыс жоспарын жасайды. Статистикалық мәліметтерді талдаумен айналысатын органдары: АҚШ Президентінің атқарушы аппаратына қарасты Экономикалық кеңесшілер комитеті, Экономикалық талдау бюросы, Федералды зерттеу жүйесін басқаратын бюролар, Отандық және халықаралық жұмыстарды басқару, Тұтыну және тамақтану институты.

Тұтастай  алғанда реформалар жылдары ішінде мемлекеттік статистиканың түрлі статистикалық ақпараттың үлкен көлемін өндіруге бағытталған жаңа жүйесі құрылды. Өндірілетін статистикалық көрсеткіштердің тізбесі негізінен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Алайда статистикалық деректердің сапасына деген талаптардың қазіргі деңгейі өте жоғары. Сапа тұжырымдамасы статистикада уақыттылығымен және деректерді қамтумен шектелмейді. Ақпараттың ролі үздіксіз арта түсуде. Пайдаланушылардың қажеттіліктерін статистикалық жинақтармен немесе шығарылған өнімнің көлемі туралы ақпарлармен қанағаттандыру мүмкін емес. Статистикалық деректер күрделі эконометрикалық модельдерде, ғылыми зерттеулерде, маңызды сыртқы саяси мәселелерді болжауда және шешуде өте жиі пайдаланылады. Статистикалық деректер сапасының маңызды құрамдас бөліктері – пайдаланушылар үшін салыстырымдылығы мен ашықтығы.

Сонымен, алдымызда тұрған басты мақсат - статистикалық ақпараттың сапасын  арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешумен қамтамасыз етілетін болады – бұл біздің басты ұсыныстарымыз:

- статистикалық  жүйені статистикалық қызметтің  барлық аспектілері бойынша сапаны басқару жүйелерін сатылап енгізу негізінде үйлестірудің қазіргі заманғы деңгейіне көшу және барабар ұйымдастырушылық негіз құру;

- халықаралық  ұсынымдар мен стандарттарды ұлттық деңгейде бейімдеу мақсатында статистиканың әдіснамасы мен әдістемесін әзірлеу және енгізу;

Информация о работе Эем–нің архитектурасы мен жұмыс істеу принципі. эем–нің аппараттық қамсыздандыруы”