ЭЕМ- нің архитектурасының негізгі түсініктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 23:30, курсовая работа

Краткое описание

Төрт арифметикалық амалдарлы автоматты түрде орындайтын бірінші машина XVII ғасырда пайда болды. 1623 жылы сандарды қосып не азайтып қана қоймай, оларды кейде көбейтіп және бөле алатындай машинаны өнертапқыш Вильгельм Шиккард жасап шығарды. 1642 жылы француздың философы және ғалымы Блез паскаль кеңсенің есептерін механикалық тұрғыдан есептеуге арналған арифмометр жасады. 1674 жылы немістің философы және математигі Готфрид Лейбниц Паскаль машинасының мүмкіндігін кеңейтті.

Содержание

Кіріспе
ЭЕМ архитектурасының тарихы
Негізгі бөлім:
а) Компьютер негізгі құрылғылары
б) Компьютерің құрылысы
Қорытынды
Қазіргі замандағы компьютердің маңызы

Прикрепленные файлы: 1 файл

компьютердің тарихы.docx

— 673.81 Кб (Скачать документ)

             Бұдан бөлек компьютердің бірнеше қосымша құрылғылары бар. Олар: Дыбыс зорайтқыш (колонка), принтер, сканер, микрофон, вэб- камера, ойын басқарғыштары (игровые приставки) және т. Б

           Компью́тер (ағылшынша: computer — «есептегіш»), ЭЕМ  (электрондық есептеуіш машина) —  есептеулерді жүргізуге, және  ақпаратты алдын ала белгіленген  алгоритм бойынша қабылдау, қайта  өңдеу, сақтау және нәтиже шығару  үшін арналған машина. Компьютер  дәуірінің бастапқы кезеңдерінде  компьютердің негізгі қызметі  — есептеу деп саналатын. Қазіргі  кезде олардың негізгі қызметі  — басқару болып табылады.

Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер  механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс  әсерлерін қолданады. Көбімізге  компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы  таныс.

             Есептеуіш техникаларды жіктеудің  тәсілдерінің бірі ретінде олардың  қабілеттерін анықтауды атауға  болады. Барлық есептеуіш машиналар, келесі үш типтің біреуіне жатқызылуы мүмкін:

  • бір қызметті ғана орындайтын арнайы құрылғылар;
  • аз ғана қызмет орындай алатын құрылғылар;
  • қазіргі кезде қолданылатын жалпы мақсаттағы құрылғылар. Компьютер деп, осы үшінші тип машиналарын атайды.

Қазіргі заманғы компьютерлерді қарастырған  кезде, олардың бұрынғы есептеуіш  машиналардан бір маңызды ерекшелігін байқаймыз: қажетті бағдарламаларды қолдану арқылы кез-келген компьютер басқа бір компьютердің әрекеттерін орындай алады (әрине, бұл мүмкіндік мәліметтерді сақтау құрылғыларының сыйымдылығымен және жылдамдықпен шектеледі). Осылайша, қазіргі заманғы компьютерлер болашақта құрылатын кез-келген есептеуіш техниканың жұмысын эмуляциялай алады деп есептеледі. Бұл қабілет арқылы жалпы мақсаттағы компьютерлерді және арнайы мақсаттағы құрылғыларды ажыратуға болады.

         Компьютер құрылғыларының жұмысы 1946 жылы А. Бертс, және Фон- Нейманның «ЭЕМ- нің логикалық құрылысы» атты мақалаларына негізделіп жасалған. Кейіннен бұл Фон- Нейман принцптері деп аталды. Олар:

  • Екілік кодтау принцпі. Электрондық техникада ақпарат пен командаларды 2- лік санау жүйесінің сандары бойынша көрсету
  • Жадының біртектілік принцпі. Командалар мен қатар мәліметтер де бір ғана жадыда сақталады.
  • Жадтың адрестелу принцпі. Негізгі жад құрылымдық түрде номерленген ұяшықтардан тұрады. Процессор уақыттың кез келген мезетінде қажетті ұяшықты басқара алады.
  • Реттелген бағдарламалық басқару принцпі. Жадтағы орналасқан әрбір команда көрсетілген рет бойынша орындалады. Яғни алдыңғы команда толық орындалып біткеннен соң, келесі команда орындалады.
  • Шартты ауысу принцпі. Программаның құрамындағы командалар әрқашан бір бағытта ғана орындалмайды. Лынған нәтижеге байланысты ол командалар қайталануы немесе басқа бағытқа ауысуы мүмкін.

      Процессор (ағылш. central processing unit, CPU - Орталық есептеуіш бөлім)

  • 1) программаға сәйкес операцияларды орындауға арналған компьютердің негізгі құрылғысы, қызметтік бөлігі. Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өндеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді;
  • 2) мәліметтерді өңдеу кезінде кейбір алдын ала есептеу жұмыстарын немесе ұйымдастыру қызметін атқаратын машиналық программа.

 

Процессорды компьютердің жүрегі десекте болады. Компьютеріңіздің есептеу жылдамадығы осы процессорға байланысты. Өндірісте процессорды Intel және AMD фирмалары шығарады. Intel-дің екі ядролық процессоры Core 2 Duo, ал AMD-нікі DualCore деп аталады. Процессордың жиілігін жоғарлатудан жарыс бітті. Процессордың жиілігі жоғарлаған сайын оның жылу бөлуі де жоғарылайды. Бұл әрине тиімсіз болды. Бұны бір корпусқа екі процессор орнату арқылы жеңді. Процессорлар такталық жиілігі, кэш жадысының көлемімен, платаға орналасатын ұяшықтарының түрімен әр түрге бөлінеді. Қазыргі кезде ең мықты процессорлар Intel Core i5, Core i7 және ең соңғы Core i9 процессорлары болып есептеледі.    Core i9 тактілік жиілігі 2,8 ГГц болып есептеледі. Ал AMD компаниясының процессорлары AMD Phenom, AMD Athlon 1/2, AMD FX, AMD A-сериялы процессорлары.

          Аналық тақта (ағылшынша motherboard) сонымен бiрге mainboard атау ағылшынша қолданылады - бас тақта; с енг. ана, ана, негiз ) - бұл (ОЗУ орталық процессор, контроллер және ОЗУ, жүктеушi ТСҚ, енгiзу-шығарудың негiздi интерфейстерiнiң контроллерлерi шындығында) дербес компьютердiң негiзгi компоненттерiн бекiтiлген күрделi көп қабатты баспа тақта. Әдеттегiдей, аналық тақта қосуы үшiн USB, PCI және PCI-Expressтiң шиналарын әдетте қолданылатын қосымша контроллерлердiң қосуы үшiн (слоттар ) тiркеуiштер болады.  Аналық тақтаға қойылған негiзгi компоненттер:

  • Орталық процессор (chipset ағылшынша) жүйелiк логиканың жиыны - ОЗУға және шеттегi құрылымдардың контроллерлерiне Цпу қосу қамтамасыз ететiн микросхемалардың жиыны

Бейнекарта (Видеокарта; video card) — бейнекамера, бейнемагнитофон немесе кез келген басқа композит сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді өңдеп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.

Саундбластер (дыбыстық карта) (саундбластер (звуковая карта); sound blaster) - дыбыстық сигналды файлға жазуға, кейін оны қайта ойнатуға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы (тақша); creative labs фирмасы 1989 жылы шығарған, кейіннен компьютерлердің дыбыстық тақшаларының стандартына айналған. Көптеген мультимедиалық программалар компьютерде осындай дыбыс тақшаларының болуын талап етеді.

      Желілік карта (ағылш. Network Interface Card, NIC) — компьютерді желіге қосатын құрылғы. Бұл құрылғы сондай-ақ желілік тақта немесе желілік тілдесу тақтасы (NIC) деп те аталады.Компьютерге орнатылған желілік тақта желіге қосылым орнатуға мүмкіндік береді. Басқа желілік тақталардың көмегімен басқа компьютерлермен арада бөлек, тұрақты жұмыс істейтін қосылым қамтамасыз етіледі. Желілік тақталардың көпшілігі желінің белгілі бір тұрпатына арналған, бірақ олардың кейбіреулері бірнеше желіге қызмет көрсете алады. Желінің ең кең тараған тұрпаты –Ethernet; бұл компьютерлердің өзара әрекеттесуінің желілік стандарты, онда коаксиалды сым немесе өрілген қос сым пайдаланылады.

    Қатқыл диск (немесе винчестер; ағылш. Hard Disk Drive, HDD) — дерек жазуға және сақтауға арналған құрылғы. Қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш немесе ҚМДЖ (ағылш. Hard Disk Drive, HDD) қатқыл диск,компьютерлік сленгте «винчестер» - магнитті жазбаның ұстанымында негізделген есте сақтау құрылғысы. Көптеген компьютерлерде негізгі есте сақтау құрылғысы болып табылады. «Иілгіш дискіден» басты ерекшелігі – ақпарат ферромагнитті қабаты бар қатқыл пластинаның бетіне жазылады. Қатқыл дискіде хром қышқылының бірнеше пластиналы қабаты орналасқан. Қатқыл дискінің жұмыс жүйесінде санаушы бастары пластинаның сыртқы бетіне тимейді. Оның басты себебі, ферромагнитті диск жылдам айналған кезінде, санаушы бастардың сыртқы қабатына дискіні тигізбейтін ауа қабаты қалыптасады. Санаушы бас пен диск арасында бірнеше нанометр кеңістік қана қалады. Қазіргі замаңғы қатқыл дискілерде бұл көлем 10 нм – ді құрайды. Санаушы бас пен дискінің бір – біріне соқтығыспауы, қатқыл дискінің жұмыс мерзімінің ұзақ уақытқа жетуіне кепіл береді. Қатқыл дискінің иілгіш дискіден басты ерекшеліктерінің бірі – ақпарат тасымалдаушы, жүйелік блоктың ішіндегі қор жинақтауышпен байланыстырылғандығында. Қазіргі кездегі қатқыл дискілердің көлемі өте жоғары. Олар 100 Гб, 320 Гб, 500 Гб, 750 Гб және 1, 2 Тб қатқыл дискілер пайдаланылуда.

ДИСКЖЕТЕК (Дисковод; disk drive) — 1) магниттік дискілер орнатуға және олармен жұмыс істеуге (дискіні айналдыруға) арналған тетік; магниттік дискі жинақтауышының бір бөлшегі; 2) ақпаратты дискіде сақтауға және оны оқуға арналған құрьлғы (сыртқы жад құрылғыларының контроллері); 3) айналып тұратын қозғалыстағы магниттік дискілерге мәлімет жазып, оны оқуға арналған элеқтрмеханикалық құрылғы; оның құрамына қозғауыш (двигатель), жазу/ оқу бастиектер блогы, оны түрақтату тетігі және контроллер кіреді. Олар бір лазерлі және екі лазерлі болып бөлінеді. Бір лазерлі дискжетектер CD-/+R/RW, ал екі лазерлі дискжетектер DVD+/-R/RW форматындағы дисктерді оқиды.

          Қорытындылай келе, қазыргі ғылыми- техникалық заманда әлемді компьютерсіз елестету қиын. Компьютер- адамзаттың барлық жұмысын жеңілдетіп, өзара байланысын жылдамдатады. Қазіргі кезде компьютердің мүмкіншілігінде шек жоқ. Компьютер арқылы барлық жұмысты жеңілдетуге болады. Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Бірақ бұл компьютердің зияны жоқ деген сөз емес. Зияны да өте көп. Адамның қимыл- қозғалысын азайтып, бір орында отырып жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Бірақ зиянынан пайдасы көп компьютерді бүгінде әрбір XXI ғасырдың адамдары компьютерді пайдалана білуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • www.yandex.kz
  • www.google.kz
  • www.kk.wikipedia.org
  • www.amd.com
  • www.intel.ru    
  • www.nvidia.ru
  • www.computer94.ucoz.ua
  • www.images.yandex.kz
  • www.microbc.ru

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Linux и Mac OS


-Семейство Windows


Unix


Microsoft


ОЖ (ОС)


  


Драйверлер


Қолданбалы бағдарламалар



Тексттік


 


Кестелік



Графикалық


Сервистік бағдарламалар


 


Антивирустар



Архивиаторлар


Бейнелік



Браузерлер


Деректер қорын 


басқару жүйелері



Бағдарламалау тілдері



Аппараттық бөлік


Логикалық бөлігі



CD/DVD/Blue-Ray


Флешка 


Винчестер HDD


Hardware


Желілік карта


Дыбыстық карта


Бейнекарта


Жедел жад


Процессор


Фотоаппарат ж/е т.б


Микрофон


Дискжетек


Сканер


Тышқан


Пернетақта


Енгізу құрылғылары


Software


x


 

 

Өңдеу құрылғылары




Сақтау құрылғылары



Шығару құрылығылары



Монитор



Принтер



Дискжетек




Колонка



 


Информация о работе ЭЕМ- нің архитектурасының негізгі түсініктері