Гипермәтін жане WEB-парақтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 11:25, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты:«HTML - тілін оқыту» электрондық оқулығын Delphi ортасында құру, қолданушыға ыңғайлы түрде өңдеу және программалауда тиімді пайдалану жолдарын көрсету. Осы мақсатқа жету үшін алдыма келесі міндеттерді қойдым:
Delphi программалау тілін терең оқып үйрену;
Арнайы оқулықтармен танысу;
Delphi ортасында электронды оқулық жасау үшін қажетті компоненттерді, олардың қасиеттерін оқып үйрену;
Delphi-де «HTML тілін оқыту» электрондық оқулық құру

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 HTML тілінің негіздері 4
1.1 Мәтіндермен жұмыс 6
1.2 Сілтемелер 13
1.3 Бейне суреттермен жұмыс 25
1.4 Тізімдер, кестелер, стильдер, түстер, фрейімдер, тегтер 32
1.5 НTML тілінің қосымша мүмкіндіктері 34

2 «HTML- тілін оқыту» электрондық қабықшасын жасау 56
2.1 Delphi-да жоба құру жолдары 56
2.2 Объектілер инспекторы терезесі 57
2.3 Мәтіндермен жұмыс істеуде пайдаланылған компоненттер 57
2.4 Жұмыс сипаты 58

ҚОРЫТЫНДЫ 61

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 62

Прикрепленные файлы: 1 файл

6Гиперматин жане WEB-парактар.docx

— 2.55 Мб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   2 «HTML- ТІЛІН ОҚЫТУ»  ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚАБЫҚШАСЫН ЖАСАУ  

 

    1. Delphi-да жоба құру жолдары

Жаңа бағдарламамен жұмыс  бастау үшін  Delphi-ді іске қосқаннан соң менюден File/ New/Application командасын таңдаймыз. Жұмыс басталысымен-ақ Delphi қолданбаның Windows – та қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге қажетті бағдарлама кодын құрады, яғни қарапайым жоба жасалады.  Delphi – ортасында құрылатын бағдарлама бірнеше файлдан тұрады. Ол файлдардың жиынтығы жоба деп аталады. Ең қарапайым  жағдайда жоба мына файлдардан: жобаны сипаттау файлы (DOF-файл), бас модуль файлы (DPR-файл), ресурстар файлы (RES-файл), форманы сипаттау файлы (DFM-файл), форма модулі файлы (PAS-файл), конфигурация файлы (CFG-файл) тұрады. Осы файлдардан компилятор бағдарламаның орындалатын файлын (EXE-файл) құрастырады. Интерфейсті  жобалау барысының кез келген кезеңінде қолданбаны орындауға жіберуге болады. Қолданбаны алғаш орындау алдында жобаны сақтап қойған жөн. Кезекті жобаны сақтау үшін менюдің File/Save All командасын немесе құралдар тақтасының сәйкес батырмасын басу керек. Алдымен форма модулі файлын (Unit1.Pas), сонан соң жоба (Project1.Dpr) файлын сақтау ұсынылады.  Әр жобаны жеке бумаларға сақтаған дұрыс. Жобаны келесі сақтауларда құралдар тақтасының сәйкес батырмасын басса болғаны.

Сонымен, қолданбаның алғашқы  жобасы жасалды. Әрине, бұл бағдарлама ешнәрсе орындамайды. Экранда бос  форма. Жаңа қолданба жасау жұмысы осы  форманы белгілі бір түрге  келтіріп, оған компоненттер оналастырудан  басталады

Delphi ортасында қолданба  құру жобалары біріктірілген  бірнеше элементтерден тұрады. Жоба құрамында келесідей  элементтер шығады.

    • Код жобасы;
    • Форма сипаттамасы;
    • Модулдер мен форма модулі;
    • Жоба параметрі;
    • Параметр ортасы;
    • Ресурстар сипаттамасы.

Delphi іске қосылғанда автоматты  түрде Project1 атты жаңа жоба құрылады. Бұл жоба өзінің құрамында  бір ғана форманы Form1 иеленеді. Талдаушы жобаның атын өзгертуі  мүмкін, сонымен қатар жұмыс ортасы  параметрін орната алады [2].

Жоба файлы. Жоба файлы  орталық жоба файлын құрайды. Жоба аты  жоба файл атымен сәйкес келеді және бұл  файлды дискіге сақтар алдында бұйрық береді. Бастапқыда бұл Project1 аты болады. Сондай –ақ файл ресурстарымен жоба параметрінің аттары болады. Берілген файлдың аттары ауысар алдында автоматты түрде іске асады.

Uses  бөлімінде форма  құрамына кіретін, барлық қосымшалар  үшін қажетті Forms модулінің қосылу  аттарын көрсетеді. Сонымен қатар  uses бөлімінде барлық форма жобаларындағы  іске қосылатын модулдер жіктеледі.  Бастапқыда бұл Form1 формасындағы Unit1 модулі.

 

 

    1. Объектілер инспекторы терезесі.

 

 

Қолданбада пайдаланылатын кез-келген компонент белгілі бір  параметрлер (орнымен, өлшемімен, түсімен, оқиғалармен т.б) жиынымен сипатталынады. Компоненттердің кейбір параметрлерін, мысалы, орнын, өлшемін қолданушы  форма терезесінде компонентпен әртүрлі әрекеттер жасау арқылы өзгертуіне болады. Ал басқа параметрлерді өзгертуге Объектілер инспекторы терезесі арналған, ол терезе Объектілер тармағы терезесінің астында экранның сол жағында орналасады. Объектілер инспекторы терезесі экранда болмаса  оны  менюдың View\Object Inspector командасының  немесе <F11> пернесінің көмегімен ашуға болады. Объектілер инспекторы терезесі кезекті компоненттің қасиеттері мен оқиғаларын көрсететін сәйкес Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар) парақтарынан тұрады. Объектілер инспекторы терезесінің парақтары  екі бағаналы кесте. Сол жақ бағанада қасиеттері немесе оқиғалары, ал оң жағы қасиеттердің нақты мәндері немесе сәйкес оқиғаларды өңдейтін ішкі бағдарламалардың (процедуралардың) атауларынан тұрады. Кесте жолдары жай (қарапайым) және күрделі қасиеттерді көрсетеді. Қарапайым қасиеттер жеке мәндермен санмен, символдар тізбегімен, ақиқат немесе жалған мәндерімен т.с.с беріледі.  Мысалы,  Caption қасиеті символдар жолымен, Height және Width қасиеттері санмен,  Enabled қасиеті True немесе False мәндерімен беріледі т.с.с. Оларды пернетақтадан енгізуге немесе ашылатын тізімнен таңдап алуға болады. Күрделі қасиеттер бірнеше мәндер жиынтығымен анықталады. Ондай қасиеттер атауларының сол жағында «+» белгісі көрсетілген. Осы символға шерту таңдалған қасиет құрастырушыларының тізімін ашады. Кейбір қасиеттердің мәндерінің жанында үш нүктелі батырма бейнеленген. Ол қасиеттің мәнін орнату үшін қосымша диалогтық терезе пайдаланатынын көрсетеді. Мысалы, Font күрделі қасиетінің мәнін анықтау үшін Шрифт стандартты терезесін пайдалануға болады. Объектілер Инспекторы терезесінің жоғарғы жағында формада орналасқан компонентер тізімін көрсететін ашылатын тізім орналасқан. Форманың өзі де компонент болғандықтан, ол да осы тізімге кіреді.

 

 

    1. Мәтіндермен жұмыс істеуде пайдаланылған компоненттер

 

 

Delphi ортасында мәтіндермен  жұмыс жасау үшін стандартты  диалогтік терезесі арналған. Бұл  диалогтік терезе көптеген Windows  қосымшаларында файлдарды ашу,  сақтау, және баспаға жіберу үшін  және т.б. операцияларды орындау үшін пайдаланады. Сондықтан да оларды стандартты деп атайды және бұл компоненттер визуалды емес болып табылады. Сонымен қатар Delphi ортасында т.б. визуалды емес компоненттер бар. Төмендегі 8- кестеде бағдарламаға қолданылған визуалды емес компоненттер  тізімі келтірілген.

8-кесте.

Аты

Белгісі

Орындайтын операциясы

OpenDialog

Ашылатын файлды таңдау

SaveDialog

Редактор мәтінін сақтау

FontDialog

Шрифт параметрлерін түзеу

ColorDialog

Түс таңдау

PrintDialog

Баспаға беру

FintDialog

Іздеу үшін мәтін жолын  енгізу

ReplaceDialog

Алмастыру үшін мәтін жолын  енгізу

ActionList

Операциялар базасы

RzTrayIcon

*.ico кеңейтілімдегі суреттер базасы

Timer

Уақытты шығаруға арналған объекті

RzBalloonHints

Қалқыма меню пішімін өңдеу

ApplicationEvents

Анықтамаларды қалып күйге  шығару

LMDSysInfo

Компьютер жүйесінің ақпараттар базасының жинағы

MainMenu

Күрделі сатылы менюларды құрып, олардың қызметін іске асырады.

PopupMenu

Контекстік немесе жанама меню шығару

ListBox

Бірнеше объектілі суреттерді  жинақтау


 

Бұл компоненттерді пайдалану  үшін сәйкес компонентті формаға  орналастыру керек және оның қасиеттеріне қажетті мәндерін орнату керек.

Сонымен қатар Delphi ортасында визуалды емес компоненттермен бірге визуалды компоненттер болады. Олардың айырмашылығы орындау барысында көрініп тұрады. Бұл компоненттерді де форма бетіне орналастырғаннан кейін қасиеттеріне керекті мәндерін көрсетіп, код жолын жазу арқылы іске қосамыз. Бағдарламада қолданылған визуалды компонеттердің сипаттамасы төменде келтірілген [3].

 

 

 

    1. Жұмыс сипаты

 

 

Кез келген программаны құрмас бұрын оның зерттейтін аймағымен  танысу керек. Яғни программаны орындамас  бұрын буманы ашамыз.

Манипулятор тышқанның көмегімен  ашамыз.

Программаны мына файылды екі рет шерту арқылы іске қосамыз.

Сол кезде заставка шығады. Ол 18- суретте көрсетілген.

 

 

18-сурет.

 «Басы» тетігін басу арқылы, негізгі формаға көшеміз. Яғни HTML тілінен электрондық оқулығымыздың  негізгі беті шығады.НТМL  тілі  бойынша кез-келген тақырыпшаны  белгілесек, соған сәйкес дәріс   алу мүмкіндігі бар. Ол 19- суретте көрсетілген.

                                                         

19-сурет.

 

Мысалы: «Мәтінді түзету»  сөзін манипулятор тышқанның  көмегімен белгілеп бассақ, төмендегі  көрініс шығады. Ол 20- суретте көрсетілген.

 

20-сурет.

Лабораториялық жұмыстар тапсырмаларымен жоғарыда аталғандай қолданамыз.

Қолданушы тақырыптарды қаншалықты меңгергенін, тест арқылы анықтау мүмкіндігі бар.

 

 менюін шерсек болғаны. «Тестіні  таңдау» тетігін шерткенде келесі  форма шығады.Ол  21- суретте көрсетілген.

 

 


 

21-Сурет.

Қолданушы өзіне керекті  тақырыпты таңдай отырып тест тапсырады.Ол  22- суретте көрсетілген.

 

22-сурет.

Тапсырып болғанда хабар  шығады. «ОК» батырмасын шертсек бағамыз шығады.

«Глоссарий» менюі арқылы түсінбеген сөз тұралы мағлумат алуға  болады. Ол 23- суретте көрсетілген).

 

23-Сурет.

 

«Жабу» тетігін шерткеде, «Сіз шынымен жұмысты аяқтайсыз  ба ?» деген сұраққа қалауыңызша  жауап беріп аяқтауыңызға немесе қайталауыңызға мүмкіндігіңіз бар. 


Информация о работе Гипермәтін жане WEB-парақтар