Білім сапасын арттырудағы инновациялық технологиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 07:48, реферат

Краткое описание

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баяндама 2014.docx

— 25.01 Кб (Скачать документ)

Білім сапасын  арттырудағы инновациялық технологиялар

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы жобасында Қазақстанда  оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі  білім көрсеткішінің жақсаруы мен  қазақстандық білім беру жүйесінің  тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін  мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды  арттыру мәселелеріне үлкен мән  берілген.

 Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.

 Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Себебі еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, нағыз өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу- біздің басты парызымыз.

 Жас жеткіншектерді  тәрбиелеуде, білім беруде алдына  қойған басты мақсат- білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру, өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.

 «Қазақстанда білім  беру мен ғылымның жаңа деңгейін  қамтамасыз ету керек» деп атап көрсеткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі мен білім беру жүйесінің қайта жаңғыруға беталысы Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру мәселесін көздеп, оны жүзеге асыру жолдарын айқындап отыр. Әлемнің дамыған елдерінде білім беру жүйесінің табыстылығы педагог кадрларды даярлау сапасы мен оларды қатаң іріктеу, педагог мәртебесін айқындау әрекетімен ерекшеленген.

 Қазақстан Республикасының  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оқытушы имиджін көтеру, оның жағымды бейнесін қалыптастыру және тұрақтандыру мәселесі қарастырылған. Бұл жағдайда елімізде ауқымды шаралар ұйымдастырылып, оқытушыларға баса көңіл аударылуда. Оқытушыларға арналған білім жетілдіру курстарының жаңа форматта ұйымдастырылуы, аттестациялаудағы тестілеуден өтуі, жалақысының өсуі, іс-тәжірибелерінің таратылуына мүмкіндік алулары, интернет желісінде ұстаздарға арналған арнайы сайттардың ашылуы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерту шараларының жүргізілуі, онлайн режиміндегі сабақтардың өткізілуі, оқу орындарының компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық сынды т.б. құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі – жас ұрпаққа жаңа заманға лайық білім беру мен жан-жақты тәрбиелеуде ұстаздар қауымының зор беделі мен өзге мамандықтардан әлдеқайда артықшылығын аңғартады.

 Қазіргі білім беру  жүйесінің мақсаты - бәсекеге  қабілетті маман дайындау. Ізденімпазұстаздыңшығармашылығындағыерекшетұс  - оныңсабақтытүрлендіріп, студенттіңжүрегінежолтабабілуі. Ұстазатанабілу, онықадіртұту, қастерлеу, арындайтазаұстау - әроқытушыныңборышы. Олөзкәсібін, өзпәнін, барлықшәкіртіншексізсүйетінадам. Нарық жағдайындағы оқытушыға қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

 Оқытушыдағы басты  мақсат – алдындағы білім алушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Тұлғаның өзіндік дамуы өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеру оның «көптің бірі» немесе «көптің ең жақсысы» болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігін, құндылығымен маңызды болып саналады.

 Қазір еліміз өркендесін, өссін деген саналы адамның ойында алдымен Елбасының елу елдін қатарына қосылуы туралы зор мақсаты тұр. Қазір мемлекетіміздің басшысы ғылымды да, білімді де осы мақсат жолына бағыштап отыр. Президент Жолдауындағы білім алдына қойылған міндеттер өте маңызды. Егер біз жоспарлар мен іс-әрекеттерімізде жүйелік пен іскерлікке жетсек, онда бұл міндеттерді орындау әбден мүмкін.

 Қазіргі кезде білім  стандарты жасалынып, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік  білім кеңістігіне ену мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 Қазіргі инновациялық  технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен, яғни  өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген  ұғымды білдіреді. 

 Инновация дегеніміздің  өзі жаңалықты енгізу, жаңалық  әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология.

 Орыс педагогі К.Д.Ушинский  айтқандай, «Қазіргі заман талабына  сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз».

 Негізгі әдістемелік  инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді.

 Интерактивті сөзі - өзара  әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.

 Интерактивті оқытудың  мәні мынада - оқу процесі іс  жүзінде барлық оқушы таным  үрдісіне тартылатындай болып  ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған  байланысты не біледі, нені ойлайтынын  түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі  болуы тиіс. Таным процесінде  оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді. Білімдерімен, идеяларымен, іс-әрекет тәсілдерімен алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады. Ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен қатар таным әрекетінің өзін де дамытады. Оны қызметтестік пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады.

 Интерактивті сабақ  барысында әр түрлі көмекші  құралдарды пайдалана отырып: интерактивті  тақта, электронды оқулықтар, бейне материалдар, аудио материалдар, компьютерлер және т.т.с таныстырулар жатады.

 Инновациялық оқытудың  бүгінгі таңдағы тағы бір әдісі – электрондық оқулық пайдалану. Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі-пәндік білім, екіншісі-компьютерлік білім. Сабақ барысында электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулықта оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек- сигналдар арқылы оқыту, т.с.с. Электронды оқулық арқылы білім алушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдалану – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.

 Оқытушы үшін электрондық  оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.

 Электрондық оқулықтар  мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген білім алушылар өздері белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқытушының жұмысын жеңілдетіп, білім алушыларды жалқаулықтан құтқарады. Электрондық оқулық пән оқытушылары үшін бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны сабақта қолдану оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік береді.

 Жаңа инновациялық  технологияның басты тиімділігі  – бұл оқытушыға оқу үрдісін  түбегейлі өзгертуге, оқытудағы  пәнаралық байланысты күшейте отырып, білім алушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасайды.

Қазіргі заманның даму қарқыны  оқытушылардың шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді.

 Нәтижеге бағытталған  білім моделі мен басқарудың  жаңа парадигмасы аясында жекелеген  ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін оқытушылардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындап отыр.

 Біліктілікті арттыру  жүйесінде оқытушылардың оқу  қажеттіліктері нақты білімнің  мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс-әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады.

 Сондықтан олардың  функционалдық сауаттылықтарын  кәсіби шеберлікпен ұштастыру  үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беруді жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

 Сондықтан бүгінгі  күні еліміздің білім жүйесінде  оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

 Француз қайраткері  «Адамға оқып – үйрену өмірде  болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары оқытушылардың үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.

 Білім сапасын арттыру  және нәтижеге бағытталған үлгіге  беталуы барысында оқытушылар  мемлекеттік стандарт берілген  нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен  меңгерген зерттеу біліктері  мен дағдылары нәтижесінде проблеманың  шешімін таба алатын, ақпараттық–коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін «үнемі оқып – үйрену» және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

 Ел президенті Н.Ә.Назарбаев  «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»  атты Қазақстан халқына Жолдауында  «Біз білім беруді жаңғыртуды  одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде оқу орындарында жаңа инновациялық технологиялармен қамтамасыз ету жалғасуда. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген болатын. Міне, әр адам, әр ұстаз осы пікірді берік ұстанып, ұдайы өзін-өзі дамытуға, үнемі ізденіс үстінде болуға, жас буынға өмірдің мәнін түсініп, оқу мен білімді ұғынтуға атсалысуы қажет.

 Білімнің жаңа қырлары  ашылып, қоғамның алға жылжып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамыған тұсында жастарымыздың теріс ағымға ілесіп, оң-солын танымай, жаман жолға түсуіне тосқауыл бола білуіміз керек. Яғни, қазіргі заманауи технологиялардың тиімдісін ала біліп, қажеттілікке жарату, білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгертуді басты жолға қою қажет.

 Қазіргі кезде инновациялық  технологиялар қатарының өсіп, білім  саласында жан-жақты ізденістің  өркен жайып жатқандығын көзі  ашық, көкірегі ояу жанға ажырату қиын емес.

 «Инновация» ұғымының  өзі педагогикада жаңалық, жаңа әдіс, жаңа жоба түсінігімен қолданылып жүрген ұғым. Ал қазір сол ұғым үлкен шығармашылық ізденіске ұласып, заман ағымына қарай жаңғырған әдіс-тәсілдермен, жаңа технологиялармен толығуда.

 Инновациялық білім  – қарастырылатын білімде бәсекелік артықшылықты қамтамасыз ететін әмбебап білім, олар «ойын ережесін» өзгертуге мүмкіндік береді. Жаңалық ашуды, жаңа жоба құруды, инновациялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуді көздейді. Бұл оқытушының инновациялық даярлығын қалыптастырады. Яғни оқытушы тұлғасының жеке-дара ерекшеліктері, құндылық бағдары, сондай-ақ оқытушының интеллектуалды кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктері, оның өз іс-әрекетін талдауы, педагогикалық рефлексия. Оқытушының инновациялық іс-әрекетке қатысу принципі де жүзеге аспақ: инновациялық технологиялар бойынша білімі, меңгеруі, енгізуі, оны пайдалануы.

Информация о работе Білім сапасын арттырудағы инновациялық технологиялар