Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2015 в 16:17, дипломная работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып берудi ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн, бухгалтерияда ақпаратты өңдеудi, қазынашылықтың кіріс бюджетін бақылауды автоматтандыруға арналған аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн құру.
Курстық жұмыс кiрiспеден, экономикадағы ақпараттық жүйе және аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн жобалау бөлiмдерiнен, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кіріс бюджетін бақылау есебi бөлiмiнде пәндiк облыс, ҚР аудан қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама, ҚР аудан қазынашылығының бөлiмшелерiнде бюджетте жүргiзiлетiн операциялар есебi келтiрiлген.

Содержание

КIРIСПЕ
Ι-тарау. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама
1.1. Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы
1.2. Қазынашылықтың негізгі есептері, қызметтерi, операциялары мен құқықтары
1.3. Қазынашылықтың ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
1.3.1. Ақпараттық жүйенiң құрылымы
1.4. Ақпараттық жүйенiң ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.1.Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.2.Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.3.Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4.Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.5.Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.6.Ұйымдастырушылық жабдықтауға қойылатын талаптар
ΙΙ-тарау. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық
жүйесін талдау
2.1.“ Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесiндегi тапсырманың қойылымы
2.2. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың ” ақпараттық жүйесiнiң концептуалды схемасы
2.3. Ақпараттық жүйедегi тапсырманың сипаттамасы
2.3.1. Кiретiн ақпарат
2.3.2 Шығатын ақпарат
2.3.3. Ақпараттық база
2.3.4 Машинадан тыс ақпараттық база
2.3.5.Ақпараттық моделъ
2.3.6.Қолданылатын жiктегiштер
2.3.7.Машина iшiндегi ақпараттық база
2.4. Программалық жабдықтау
2.4.1.Қолданылатын программалық жабдықтарға сипаттама
2.4.2.Программалық жабдықтаудың құрылымы
ҚОРЫТЫНДЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-“Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың”-ақпараттық-жуйеси.doc

— 373.50 Кб (Скачать документ)

 

бағдарламалардың тiзбесiн Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына жеткiзедi.  
      9. Республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасындағы кірiстердi бөлу нормативтерiн, қарыз алудың қаржылық шекаралары мен болжамдалып отырған үкiметтiк заемдардың тiзбесiн ескере отырып жасалған республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландырудың болжамды есептеулерiн ескере отырып, Қаржы министрлiгi ағымдағы жылдың 25 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде:  
      1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн;  
      республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердi;  
      республикалық бюджеттің тапшылығын (профицитiн);  
      тиiстi қаржы жылының соңындағы үкiметтiк борыштың лимитін;  
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитін;  
      республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бөлiнісiнде ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджет шығыстарының лимитiн;  
      2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiнiң сомаларын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынады.  
      Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген көрсеткiштердi және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің республикалық бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемiн қарайды және анықтайды.  
      10. Инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерiн, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемдерiн қоспағанда, Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн республикалық бюджет шығыстарының лимиттерiн үш жұмыс күнi iшiнде Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткiзедi.  
     11. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілеттi орган ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимитi

шегінде инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қалыптастырады және ағымдағы жылдың 10 мамырына дейiн оларды Республикалық бюджет комиссиясына енгiзедi. <*> 
      Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қарайды және анықтайды, оларды Қаржы министрлiгi ағымдағы жылдың 20 мамырына дейiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілерiне және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына жеткiзедi. 
         Бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуi тиiс белгiлi бiр түпкi нәтиже бағдарламаның мақсаты болып табылады. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жетiмдi болуы тиiс.  
     Бағдарламаның мақсаты жеке мiндеттерге бөлiнедi, яғни басты мақсат бағдарламаны шешу жолдарын құрылымдау және бөлу жолымен неғұрлым жеке бөлiнiп тәптiштеледi.  
      Бағдарламаның мiндеттерi бағдарламаның мақсатын көрсетедi және анық, айқын, нақты әрi тексерiлетiн болуы тиiс.  
      Мiндеттер қойылған мақсаттарға жетудiң негізгi кезеңдерiн білдiруi тиiс;

 
     Қаржы министрлiгi мыналарды қарайды:  
      осы Ереженiң 12-тармағында көрсетiлген облыстар бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерiн әрi келiседi;  
      бюджеттiк өтiнiмдердi - олардың Республиканың индикативтiк жоспарына, республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына, ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн шығыстардың жеткiзiлген лимиттерiне, инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiне, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiне, бюджеттiк өтiнiмдердi жасауға белгiленген талаптарға сәйкестiгi, есептеулердің дұрыстығы мен негiзділігі мәнінде.  
      Қаржы министрлiгi осы Ереженің 19-тармағында көрсетiлген Республикалық бюджет комиссиясының шешiмдерiн ескере отырып, ағымдағы жылдың 20 шілдесiне дейiнгi мерзiмде:  
      1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің мынадай болжамды көрсеткiштерiн:  
      ерекшелiктер бөлінісiнде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердің көлемдерiн;  
      ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға және бюджеттiк даму бағдарламаларына бөле отырып, бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) деңгейiнде республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, оның ішінде ағымдағы қаржы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджет шығыстарының көлемдерiн;  
      республикалық бюджет тапшылығының (профицитiнің) мөлшерiн;

 
      тиiстi қаржы жылының аяғындағы  үкіметтiк борыш лимитiн;  
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитiн;  
      2) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi:  
           акциялардың мемлекеттік пакетi бар акционерлiк қоғамдардан және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардан түсетiн түсiмдердiң толық тiзбесiн;  
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң республикалық бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланған қаржы жылында өтеу көлемiн;  
      Қазақстан Республикасының Үкiметi резервтерінің мөлшерiн;  
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша міндеттемелерін орындау сомасын;  
      айлық жалақының, зейнетақының ең аз мөлшерлерiн, айлық есептік көрсеткіштi;  
      республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергіліктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн;  
      Заң жобасымен бiр мезгiлде Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетiнің болжамды көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзедi.  
     Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметi мақұлдағаннан кейiн Қаржы министрлiгi осы Ереженің 12-тармағында көрсетiлген келiсiлген болжамды көрсеткiштердi облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына жеткізеді. Облыстың бюджет комиссиясы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды, оның iшiнде ауданда (қалада) iске асырылатын инвестициялық жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қарайды және анықтайды, оларды облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiн облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне және аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына жеткiзедi.

            

Аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерiн келiсу және облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу     

1. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары ағымдағы  жылдың 20 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде  Бiрыңғай бюджеттiк жiктеме кiрiстерiнiң  жiктемесi бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң болжамын   облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органының келiсуiне ұсынады.  
      Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң болжамын негiздеу үшiн аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары

қажеттi есептеулердi ұсынады.  
      2. Облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi Республиканың индикативтiк жоспары, Облыстың индикативтiк жоспары, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары, алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының негiзiнде, облыстың бюджет комиссиясы анықтаған облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiн ескере отырып, ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн шығыстардың лимиттерi, инвестициялық жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерi шегiнде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдердi Қаржы министрлiгi белгілеген нысан бойынша жасайды және ағымдағы жылдың 15 мамырына дейiнгi мерзiмде облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.  
      3. Облыстық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша паспорттардың тиiстi деректерiн және жобаларын қамтитын бюджеттік өтінiмдердi жасайды.  
      4. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы мыналарды қарайды:  
      аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң болжамды түсiмдерiн әрi келiседi;  
      бюджеттiк өтiнiмдердi - олардың Республиканың индикативтiк жоспарына, Облыстың индикативтiк жоспарына, алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына, ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн жеткiзiлген шығыстардың лимиттерiне, инвестициялық жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыру тізбесi мен көлемдерiне, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiне, бюджеттік өтінiмдердi жасауға белгіленген талаптарға сәйкестiгi, есептеулердiң дұрыстығы мен негiздiлiгi мәнiнде.  
      Олар бойынша жергiлiктi уәкiлеттi органның қорытындысын қоса берумен облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтінімдерi, сондай-ақ ағымдағы жылғы бюджеттiк бағдарламаларды iске  асырудағы нәтижелерi туралы ақпарат ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап облыстың бюджеттiк комиссиясының қарауына енгiзiледi. <*> 
      Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтінiмдерi бойынша жергiлiкті уәкілеттi орган қорытындысына нысанын облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы айқындайды. <*> 
      5. Облыстың бюджет комиссиясы облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн, облыстың жергілiкті уәкілетті органының қорытындыларын қарайды және ағымдағы жылдың 15 маусымына дейiнгi мерзiмде олар бойынша шешiм шығарады.  
      6. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген облыстың бюджет комиссиясының шешiмдерiн ескере отырып, ағымдағы жылдың 25 маусымына дейiнгi мерзiмде:  
      1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң мынадай болжамды көрсеткiштерiн:  
      ерекшелiктер бөлінісiнде облыстық бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемдерiн;  
      ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға және бюджеттiк даму бағдарламаларына бөле отырып, бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) деңгейiнде облыстық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, оның iшiнде ағымдағы қаржы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша облыстық бюджет шығыстарының көлемдерiн;  
      облыстық бюджет тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерiн;  
      тиiсті қаржы жылының аяғындағы облыстың жергілiкті атқарушы органы борышының лимитiн;  
      облыстың жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындардың көлемiн;  
      2) алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң мынадай болжамды көрсеткіштерiн:  
      облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегін жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемiн;  
      жергілікті атқарушы органдар резервтерiнiң мөлшерiн;  
      жергiлiкті бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттердiң сомасын;  
      секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн облыстың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.  
      7. Осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген облыстық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн облыстың бюджет комиссиясы анықтайды. Аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерi бойынша келiспеушiлiктердi ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн облыстың бюджет комиссиясы қарайды және оларды реттеу жөнiнде шешiм қабылдайды.

 

Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiн әзiрлеу. Аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң жобаларын әзiрлеу үшiн негiзгi көрсеткiштер мен басымдықтарды анықтау     

1. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкілеттi органы Республиканың индикативтiк жоспарының және Облыстың индикативтік жоспары, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары, сондай-ақ өткен жылы анықталған үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiнiң негiзiнде осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген нысан бойынша жасалған алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнің болжамды көрсеткiштерiн әзiрлейдi және ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде оларды ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.  
      2. Аудан (қала) бюджетiнің болжамды көрсеткiштерiнiң негiзiнде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органына келiсуге ұсыну үшiн Бiрыңғай бюджеттiк жіктеме кірiстерiнiң жіктемесi бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала)

 

бюджетiне түсетiн түсiмдердiң болжамын   қарайды және анықтайды.  
      3. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi (бұдан әрi - аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi) ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органына бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес өткен жыл үшiн бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептi және мыналар:  
      Облыстың индикативтiк жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және салалық (секторалдық) бағдарламалары негiзiнде әзiрленген алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесi бойынша;  
      Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 10 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясына осы тармақта көрсетiлген ұсыныстарды енгiзедi.  
      Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған аудандық (қалалық) бюджеттің қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын және алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілеріне жеткiзедi.  
      4. Аудан (қала) бюджетiнiң қаражаты жұмсалуының басым бағыттарын, аудан (қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер болжамын ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде:  
      1) аудан (қала) бюджетiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн:  
      аудан (қала) бюджетiне түсетiн түсiмдердi;  
      аудан (қала) бюджетiнiң тапшылығын (профицитiн);  
      аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бөлiнiсiнде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимитiн;  
      2) аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiнiң сомалары ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.  
      Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 20 сәуiрiнен кешiктiрмей осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген көрсеткiштердi және аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемiн қарайды және анықтайды.  
      5. Инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимиттерiн қоспағанда, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн аудан

Информация о работе Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың