Қазіргі есептеу техникасының дамуының сатылық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 20:15, реферат

Краткое описание

Медицина даму саласының алдынғы қатарында орын алып келеді. Компьютерді медицинада ең алғаш 1967ж. Олдендорф ЭЕМ-ді магниттік-резонанстық томографта пайдаланған. Кейінірек 1971 жылы Хаусфилда МР-тың томографында дербес компьютерлер кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта информатика өте тез дамып жатқан ғылым. Дербес компьютерлер біздің күнделікті қолданатын құрылғымызға айналуда. Компьютердің медицинада қолданылуы: Өз қызметтері бойынша мәліметтер базасын жүргізу; Халықаралық жаңалықтар туралы жедел ақпарат алу ; Науқастарға компьютерлік диагностика жүргізу.

Содержание

Ақпараттың компьютерде бейнеленуі.
Бульдік алгебра және компьютердің логикалық сұлбасы.
Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері.
Процессордың ұйымдастыру архитектурасы.
Компьютер жадысын ұйымдастыру.
Адрестеу жүйесін ұйымдастыру.
Ақпаратты сақтаудың логикалық және физикалық негізі.
Дербес компьютердің құрамы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дербес комп.docx

— 60.07 Кб (Скачать документ)

DS/2HD-екіжақты (Double Sides), 2есе жоғары тығыздықты (2High Density), 2,88 МБайт.

Дискеттерде ақпараттарды сақтау үшін ол алдын-ала форматталған болуы қажет. Дискеттерді форматтау – бұл дискіде ақпараттық жазбаларды орналастыру аймақтарын және жазбаға жарамсыз бөліктерді, сол сияқты басқа да басқарушы ақпараттарды анықтауға арналған, оның бетіне арнайы белгілер түсіретін жазу үрдісі.

Иілгіш  дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатты дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек. Иілгіш диск (дискет) - табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Қазіргі ДЭЕМ-ларда көптеген көлемді программалар CD-ROM компакт-дискілерінежазылады. CD-ROM дискілерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әртүрлі болады, мысалы, жәй жылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенген, т.с.с. жылдамдықта бола береді. Соңғы кезде шыққан 6-8 жылдамдықты компакт-дискілер қатты магниттік дискімен бірдей жылдамдықта жұмыс атқара алады.

Қарапайым компакт-дискінің көлемі 650–700 Мб, яғни оған 650-700 миллион символ сияды. Қазіргі кезде компакт-дискілерде өте сапалы фотосуреттер, фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады.

Магниттік дискілер пен лазерлік дискілерге қосымша  мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына  стримерлер жатады.

Стример - таспа түріндегі қондырғылар. Стримерлер –мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стример картриджі кәдімгі магнитофонның кассетасына ұқсайды, бірақ ол әлдеқайда орнықты жасалған. Стримерге арналған магниттік таспалардың көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді.

Жүйелік дискета - операциялық жүйенің файлдары сақталынатын дискета.

Магниттік дискіде  мәліметтерді сақтаудың физикалық  ұйымдастырылуы

Дискінің  жақтары

Дискінің екі  жағының болуы оның ең маңызды  сипаттамасы болып табылады. Бұл жағдайда мәліметтерді оның екі жағына да жазуға және оқуға болады. Жүйеде оның бірінші жағын 0 нөмірілі, ал екінші жағын 1 нөмірлі деп қарастырады. Қатты дискілер, әдетте жазуға арналған бірнеше беттен тұрады, олар пластиналар деп аталады. Бұл пластиналар бір оське құрастырылған және қатты дискінің корпусына бекітілген; олардың әрқайсысының екі беті бар. Жақтардың белгіленуі мынандай: бірінші пластинаның бірінші бетіне 0 нөмірі, екіншісіне-1, екінші пластинаның бірінші бетіне 2 нөмірі, ары қарай солай жалғаса береді. Қатты дискінің дискеттерінің әрбір жақтары мен пластина жақтарының әрбірі үшін өзінің жазбаларды оқитын бастары болады.

Жолдар

Қатты диск пластиналарының  немесе дискеттің әрбір жағы жолдар деп аталады. Ақпараттар магниттік бетке концентрлік шеңбер тәріздес жолдарға жазылады.

Цилиндрлер

Дискеттердің (немесе қатты дискінің барлық пластиналарының) екі жағындағы бірдей радиустармен шеңбер түрінде орналасқан жолдар цилиндр деп аталады. Дискетте цилиндр екі жолдан тұрады. Жол нөлден бастап нөмірленеді: әр жолда ақпарат порция түрінде сақталады. Әр жолдағы порция сандары бірдей болады. Әр жолдағы порция саны нөмірленеді.

Секторлар және абсолютті секторлар

Әр түрлі жолдағы  бірдей нөмірлі деректер жиыны сектор деп аталады.

Әрбір жол секторларға  бөлінеді. Әрбір дискіде барлық жолдар өзіне тек бір ғана секторлар санын ендіреді.

Кластерлер

Секторлармен бірге  жинақталған топтарды кластерлер деп аталады.

Кластерлер логикалық  нысандар болып саналады, ал жолдар мен секторлар физикалық нысандар.

Әдебиеттер:

  1. Бройдо В.Л. Персональные ЭВМ: Архитектура и программирование на Ассемблере.

- СПб.: ГИЭА, 1994 г.

  1. Нортон П. Программно-аппаратная организация IBM PC. –Киев: 1997 г.
  2. Гельман В.Я. Медицинская информатика. СПб. “Питер”. 2001 г.
  3. Герасевич В. Компьютер для врача. СПб. 2002 г.
  4. Симонович С. В. Информатика. Базовый курс. СПб. “Питер”. 2003
  5. Глушаков С.В., Сурядный А.С. Персональный компьютер. М.Фолио. 2004 г.
  6. Макарова Н.В. Информатика 3-издание. Москва 2006 г.
  7. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. 2004 ж.
  8. Жапарова Г.Ә. Информатика негіздері. 2006 ж.
  9. Лыскова В., Ракитина Е. Логика в информатике. Москва 2006 г.

 

 


Информация о работе Қазіргі есептеу техникасының дамуының сатылық сипаттамасы