Витаминнің манызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 14:58, реферат

Краткое описание

Дәрумен (Витамин) – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………..….…..3-4
Негізгі бөлім
Майда еритін витаминдер............……………………....…….5-6
Суда еритін витаминдер……………………………...........….7-8
Витаминдер концентрациясының бұзылуы.…....................9-10
Витаминдердің жетіспеуінен пайда болатын аурула............11-14

Қорытынды………………………………………………………………...…..15
Пайдаланған әдебиеттер мен webсайттар………………………….……….16

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 143.10 Кб (Скачать документ)

          Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,тағыда басқа аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда ағзада витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Гиповитаминоз – кейбір витаминдердің организмде көп мөлшерде жетіспеуінен болатын зат алмасудағы өзгерістер. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құсполиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.

 

 

 

 

 

 

 

Витаминдердің жетіспеуінен пайда болатын аурулар

 

          Рахит  немесе мешел ауруы — балаларда екі жасқа дейін көп кездесетін сүйек ауруы. Балаларда Д дәруменінің жетіспеушілігі мен күннің ультра күлгін сәулелерінің жеткіліксіз мөлшерде болуы салдарынан пайда болатын ауру. Көбінесе күзде, қыста туылған балалар ауырады. Рахит ауруы кезінде минералды зат алмасу процесі мен сүйектің түзілуі бұзылады. Бала жасөспірім шағында ауырса оның салдары бойының өсуіне де әсер етеді.

Нәресте ауырған жағдайда  аурудың клиникалық белгілері біліне бастайды. Ең алдымен нәрестенің ұйқысы бұзылады, желке жағында  қызыл дақтар пайда болады. Ұйқысы бұзылған нәресте мойнын ары-бері үйкелей беруі мүмкін. Соның әсерінен желке шашы түсе бастайды. Нәресте тершең болып, теріден ащы иіс шығады. Бұл кезеңде сүйектегі алғашқы өзгеріс байқалмайды.

Рахит ауруының белгілері мынадай: 
- мазасыздық; 
- тершеңдік (көп терлеу); 
- шүйде (желке) бөлігіндегі шаштардың түсіп қалуы; 
- асқа деген тәбеттің төмендеуі; 
- бауыр мен көк бауырдың үлкейіп, анемияның артуы.

- бассүйек жілігі мен  кеуде клеткаларының деформациясы 
- жамбас сүйегінің тарылуы; 
- аяқтардың қисаюы; 
- ішкі ағза қызметінің бұзылуы; 
- бала мазасызданып, бірден нашарлап кетуі мүмкін.

- науқас баланың иммунитеті  әлсірейді; 
- анемия болады; 
- тістері мүжіліп, дене бітімі жағынан өз қатарластарынан артта қалады.

 

          Мешелдіктен толық айығу үшін аталған кезеңнен бастап жақсы профилактикалық емдеу жұмыстарын жүргізу керек. Егер осы кезеңде дұрыс профилактикалық жұмыс жүргізілмесе, онда аурудың ары қарайғы қауіпті ортаңғы кезеңіне өтеді. Әсіресе «Д» дәруменін жеткілікті қабылдымаған, көмір қышқыл газды ауамен көп тыныс алып, таза ауада жиі болмайтын балаларда рахит ауруы ауыр өтеді. Рахитті емдеуді кешенді түрде жүргізу керек. Алдымен, кальций мен фтор алмасуын реттеу керек, «Д» дәруменін жеткілікті мөлшерде қабылдау қажет. Баламен таза ауада көбірек серуендеген жөн.

          Соңғы жылдары рахит ауруымен ауыратындар саны азайған деуге болады. Оған түрткі болған жағдай — баланы, кем дегенде, алты айға дейін емізу. Сонымен бірге алдын алу шаралары бір жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына салауатты өмір салтын ұстауын насихаттау жұмыстарының белсенділігі мен күз бен қыс мезгілдерінде туылған балаларда алдын алу мақсатында Д дәруменін қолданғандығының пайдасы.

 

          Пеллагра (итал. pelle agra — бұжыр тері) — витамин жетіспеушіліктен болатын ауру. Адам организмінде РР витамині (никотин қышқылы) жетіспесе, Пеллагра ауруына ұшырайды. Сондай-ақ бұл аурудың пайда болуына организмде РР витаминінің алмасуына қажетті триптофан (амин қышқылы) мен рибофлавиннің (В2 – витамині) аз болуы да әсер етеді.

Аурудың белгілері:

  • дерматит (теріде, әсіресе бет және мойын терісінің бөртуі),
  • диарея (ауыз қуысы мен ішектің шырышты қабаттарында, асқазанда сөл бөліну мен ас қорыту процесінің бұзылуынан іштің тоқтамауы)
  • деменция (психиканың бұзылуы, полиневрит ауруына шалдығу) түрінде байқалады.

Емі: никотин қышқылы мол  тағамдарды ішу; әсіресе құрамында РР витаминіне бай тағамдар (малдың бауыры, ашытқы, жұмыртқа,бұршақ) мен триптофаны мол сүтті тағамдарды күнделікті рационда көбірек пайдалану.

 

          Құрқұлақ (лат. scorbutus) — организмде С витаминінің (аскорбин қышқылы) жетіспеуінен болатын ауру. Ауру көктем мен қыста көбірек байқалады. Күнделікті пайдаланатын тағам құрамында ұзақ уақыт (4 — 5 ай) С витамині өте аз не мүлдем болмаса адам құрқұлаққа шалдығады. С витаминінің жетіспеуі салдарынан қан азайып, адам иммунитеті төмендейді. Ауру белгісі: адам тез шаршайды, асқа тәбеті тартпайды, әлсіреп, басы айналады. Тіс босап, түсе бастайды, тістің түбі оңай жарақатталғыш және қанталағыш келеді. Соның салдарынан адамның тамақ ішуі мүлде қиындайды. Адамның бұлшық еті мен тері астындағы клетчаткада, теріде, буындарда қан құйылуы басталады. Әсіресе, көп күш түсетіндіктен аяқтың қанталауы жиілейді. Науқастың құлақ қалқаны, мұрнының ұшы көгереді, адам денесі ісініп, өлі тінге айналуы, иістенуі басталады, әр түрлі жұқпалы ауруларға шалдығу күшейеді. Құрқұлаққа дер кезінде ем қолданбаса, науқастың өліп кетуі де мүмкін. С-гиповитаминозының, әсіресе, жас организмге тигізетін зияны көп. Баланың бойы баяу өседі, салмақ қосуы азайып, ми қабілеті баяу дамиды. Аурудан алдын ала сақтану үшін күнделікті тағамда витамин жеткілікті, әсіресе, С витамині кездесетін қымыз, көкөніс, шие-жидектер, тұздалған капуста, не аскорбин қышқылды препараттар мен құрамында белогі бар ет, сүт, жұмыртқа, балық тағамдары қажетті мөлшерде болуы шарт. Аскорбин қышқылды препараттарды қолдану арқылы емдейді. 

 

Қаназдық  – бұл В12 витаминінің жетіспеуінен пайда болады. Темір жетіспеушілік анемия - ағзада темірдің жетіспеушілігімен байланысты, қан сарысуында  микроэлементтердің  төмендеуімен көрінетін, нәтижесінде тіндер мен қорларда гемоглобин түзілуінің бұзылысы байқалып, тіндерде гипохромды анемия, гипоксиялық және трофикалық бұзылыстарымен жүретін ауру. Темір жетіспеушілік анемия - бұл эритротциттердің және гемоглобиндердің концентрациясының төмендеуімен, темір, фоли қышқылы, витамин В12, мыс және басқада заттардың жетіспеушілігімен сипатталатын жағдай.Сырқаттың белгілері: 

- Тері бозарып, қуарып өңі қашады;

- Қабақ үсті терісінің өңі кетіп, бозарады;

- Тіс қызыл еті қаны қашып ағарады;

- Тырнақ ағарып кетеді;

- Әлсіздену, тез шаршау пайда болады;

- Қаназдықтың ауыр түрінде де, аяқ ісініп, жүрек соғысы жиілейді

- Демігу пайда болуы мүмкін.

- Топырақ, бор жеуге әуес балалар қаназдық зардабын шегеді. 

 

Дертті емдеп, одан сақтану үшін құрамы темірге бай тағамдармен тамақтану керек. Ет, балық және балапантауық еті құрамында темір мөлшері көп. Көк бұршақ, асбұршақ, жасымық, қанық жасыл жапырақты көкөністерде де темір бар. Және де көп мөлшерде жеміс-жидектер (оның ішінде алма, алмұрт, анар, қарақат, құлпынай т.с.с) мен көкөністер (қызылша, сәбіз, орамжапырақ, көк шөп т.с.с) пайдаланған абзал. Ас мәзіріңізде әрдайым жұмыртқа, ірімшік, балық, пісірілген ет сияқты тағамдардың болуын қадағалаңыз. Бұл тағамдарды жоғарыда айтылған көкөністер, жеміс-жидектермен бірге пайдалануға болады.

         

          Бери-бери - тамақ құрамында тиамин (В дәрумені) жетіспеушілігінен пайда болатын ауру. Бери-бери ауруымен ауырған адамның жүруі нашарлап, кібіртіктеп жүреді, организмнің жалпы әлсіреуі байқалады. Тамаққа тәбеті тартпайды, салмағы кемиді. Аяқ-қолдың сыздап немесе шаншып ауруы пайда болады, сол ауырған жерлердің сезіну қабілеті нашарлайды. Бұлшық еттер тартылып,солып қалады. Жүрек қысылып, тамыры жиі соғатын болады. Аурудың алдын алу үшін құрамында В1 витамині кездесетін тағамдарды пайдалану керек. В1 витамині қауызынан тазаланбаған күріште, ірі тарталған ұнда, тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі. Сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, бүйректе, етте көп болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

          Витаминдер химиялық табиғаты әр түрлі, организмдерде аз мөлшерде кездесетін, өмір сүруге өте қажетті, жеке, немесе құрылымы күрделі заттардың құрамына еніп, каталитикалық және реттеушілік қызмет атқаратын төменгі молекулалы органикалық қосылыстар. Витаминдер өсімдіктерде, бактерияларда, балдырларда синтезделеді, ал адамдар мен жануарларда өте аз мөлшерде, ал кейбіреуі мүлдем синтезделмейді. Адам мен жануарлар организміне витаминдер тағам арқылы түседі, кейбір витаминдер ішек микроорганизмдері әрекеті арқылы түзіледі. Астың құрамында витаминдер жеткілікті болған кезде ғана тағам құрамы құнарлы, толық деп есептеледі. Ересек адамның тәулігіне пайдаланатын әр түрлі тағамдағы витаминдердің орташа мөлшері микрограммен есептеледі. Олар тек белгілі бір мөлшерде ғана зат алмасу процесін реттейді: аурудан қорғайды, терінің, органдардың қалыпты жағдайда қызмет істеуіне әсер етеді. Сондықтан, витаминдердің ас физиологиясында атқаратын маңызы өте жоғары. Егер организмге витаминнің қалыпты түсуі бұзылса, онда зат алмасу процесінде авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминоз, поливитаминоз сияқты әр түрлі өзгерістер пайда болып, адам ауруға шалдығады.

          Жоғарыда аталған дәрумендердің бәрі ағзаға үлкен әсер етеді. Олар денеде бір-бірімен тығыз байланыста. Біреуі жетіспесе, екіншісі орнын басуы да ықтимал. Қазір бірнеше дәрумендер қосылған поливитамин препараты өте танымал. Оны көктем, қыс кезінде пайдаланған дұрыс.  

          Адам организміне ас арқылы түсетін витаминдердің ферменттер коферменттеріне құрылымдық ұқсастығы бар. Сондықтан, витаминдер жоғарғы организмдерде коферменттік қызмет атқарады.

          Витаминдердің жетіспеуі жас сәбилерде көптеп кездесуде. Сол себепті баланың болашағына, денсаулығына жауапкершілікпен қарауымыз керек. Дені сау, өмірге құштар,  жігерлі  Отанымызды қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу бәріміздің борышымыз. Денсаулығымызға салғырт қарамай, уақытылы ем қабылдасақ, кез келген аурудың алдын ала алатындығымызды естен шығармайық!

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен web сайттар:

 

  1. Сейткмбктов Т. С. Химия. Алматы, 1994
  2. Бірімжанов Б. А. Жалпы химия. Алматы, 2002
  3. www.google.kz
  4. www.homikatus.ru

 

 


Информация о работе Витаминнің манызы