Суда еритін витаминдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 00:05, реферат

Краткое описание

В1 витамині (тиамин, аневрин, антиполиневриттік).Химиялық тұрғыдан В1 витамині гетероциклдік пиримидин мен тиазол сақиналарынан тұратын құрамында азот пен күкірті бар, кристалды түссіз зат. Формуласы төмендегідей: Бұл витаминді поляк ғалымы К. Функ 1912 жылы ашады, 1913 жылы кристалды түрде бөлініп алынады, ал 1936 жылы синтездел­ген.Тиамин жоғары температураға, қышқылдар әсеріне төзімді, бейтарап, әсіресе сілтілік ортада тез бұзылады.В1 витамині ірі тартылған ұнда, қауызынан тазаланбаған кү­ріште, бұршақта, жаңғақта, ашытқыда, сүтте, бауырда, бүй­ректе, майда, жұмыртқа сарысында көп болады.В1 витаминін жануар организмінде ішек микрофлора бакте­риялары синтездейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Суда еритін витаминдер.docx

— 138.21 Кб (Скачать документ)

Биомедициналық қызметі :

В15 витаминінің биомедициналық маңызы толық зерттелме­ген. Пангам қышқылы организмді оттегінің жетіспеушілігінен (анок­сия) сақтайды, ұлпалардағы тотығу процесінін энергетикалық мүмкіншілігін арттырады. Витамин құрамындағы глюконат қалды­ғы бұлшық ет пен бауырдағы гликоген синтезіне ықпал етеді, ал метил топтары оның метил топтарын тасымалдауға қатысатынын байқатады. Пангам қышқылы гуанидилсірке қышқылының метил­денуіне, одан креатин мен холиннің пайда болуына әсер етеді. Бұл витаминді организмге енгізгенде креатин мен креатинфос­фаттың мөлшері бұлшық етте көбейеді, бауырда холинфосфа­тидтердің синтезі жеделдейді. Пангам қышқылы майлардың алмасуына ықпал жасап, олардың бауырда жиналуына кедергі келтіреді (липотроптық қасиеті). Қазіргі кезде В15 витамині клиникалық, авиациялық, спорттық медицинада қолданылып жүр.

Вс витамині (фоль қышқылы,птероилглютамин, антианемиялық).Вс витамині ең алғаш 1945 жылдары өсімдік жапырақтарынан бөлінген (лат. folіum – жапырақ). Бұл витамин туралы алғашқы мағлұмат 1940 жылдары балапандарға жасалған тәжірибе нәти­жесінде алынып, олардың қалыпты өсуіне қажеттілігі анықталды («с» индексі – ағылшынша chіcken – балапан). Фоль қышқылының химиялық құрылымы анықталмай тұрып кейбір бактериялардың коректік ортада парааминобензой қышқылын керек ететіндігі белгілі болады, керісінше, бұл қышқылға ұқсас сульфаниламидті қосқанда бактериялардың өсуі тежелген. Қазіргі кезде парааминобензой қышқылының өсу процесін тездететіндігі, оның фоль қышқылының құрамына енетіндігі  анықталды. Фоль қыш­қылы үш құрамнан тұрады: птеридин қалдығы (І), парааминобен­зой (ІІ) және L-глютамин (ІІІ) қышқылдары:Фоль қышқылының бірнеше түрлері белгілі, олар бір-бірінен химиялық құрылымы, құрамы жағынан өзгешеліктері бар, соған байланысты атаулары да өзгеріп отырады.Фоль қышқылы ұсақ кристалды, сары түсті, дәмсіз, иіссіз, суда орташа еритін (25 мг/л), спирт ерітінділерінде жақсы еритін, эфирде, ацетонда, хлороформда ерімейтін зат. Жарықта көп тұрса бұзылады, ауада сақталады, 250°С балқиды.Вс витаминінің тағам көздері: бауыр, нан, түсті қырыққабат, саумалдық, сыра, нан ашытқылары және т.б.

Биомедициналық қызметі :

Фоль қышқылы көптеген ферменттердің коферменті ретінде  бір көміртегі бар қалдықтарды тасымалдауға қатынасады. Мыса­лы: метил тобын (-СН3) – метионин мен тимин, оксиметил(-СН2ОН) тобын – серин, формил () тобын – пуриндік негіздер биосинтездерінде тасымалдайды. Жоғарыда аталған заттар мен нуклеин қышқылдарының алмасуында фоль қышқылы негізгі қызмет атқарады. Метионин мен серин – белок, тимин – ДНК, пурин негіздері – ДНК және РНК-ның барлық түрінің биосинтездерінде  маңызды қызмет атқарады. Сондықтан, фоль қышқылы жетіспесе организмде зат алмасу процесі өте терең өзгерістерге ұшырайды.

Вс авитаминозының белгілері :

Адамдар мен жануарлар  ішек микрофлорасы фоль қышқы­лын организмге керекті мөлшерде синтездейді. Оларда Вс вита­мині авитаминозы ішек микрофлорасын  антибиотиктермен және сульфаниламидтік препараттармен емдегенде және аш ішектің  өткізгіштік функциясы нашарлағанда пайда болады.Вс витамині авитаминозында асқазанның сөл бөлу функция­сы төмендейді, соның әсерінен тәбет жоғалады, тері, жүйке жүйесі, көбею органдарының жұмысы нашарлайды. Бұл витамин адам организмінде жетіспегенде аса қауіпті мегалобластикалық анемия ауруы пайда болады. Малдардың өсуі нашарлайды.Егер фоль қышқылын шамадан тыс (100 мг жоғары) пайда­ланса, онда организм уланады, аллергиялық, вегетативтік реак­циялар пайда болады.В12 витаминінің организмде жетіспеуі Вс витаминінің жетіс­пеуімен қатар өтеді. Фоль қышқылы жетіспегенде тауық балапан­дарының өсуі нашарлайды, қаны азайып, жүннің өсуі мен бояуы бұзылады, күрке тауық балапандарының мойны жансызданып, аяқтары әлсізденеді, тұмсығына ақау түсіп, асық жілігі қисаяды, үйректердің қаны азайып, бауыры майланып, үлкейеді, қаздар­дың балапандары алғашқы екі апта ішінде өліп қалады.

  Вт витамині (карнитин).Карнитин 1948 жылдары белгілі болды. Бұл ерекше витамин бунақденелілердің түлеуіне және түлегеннен кейін қалыпты дамуына әсер етеді.Вт витаминінің физиологиялық әсері алғаш рет ұндағы хру­щактан (қоңыздан) (лат. tenebrіo molіtor) анықталған, сондықтан осы сөздегі бірінші әріп t (Т) Вт витаминінде индекс ретінде қол­данылады.Химиялық құрамы жағынан β-окси-γ-триметиламиномай қышқылы:Вт витамині – ақ түсті, суда жақсы еритін кристалды зат.

Биомедициналық маңызы

Вт витаминінің физиологиялық  әсерінің механизмі әлі белгісіз болса да, ол бунақденелілерде метил  тобын тасымалдауға қатынаса­ды  деп есептеледі, сондай-ақ, жануарлардада ацил радикалдарын клетка қабырғаларынан өткізуші ретінде қаралады. Карнитин жоғарғы май қышқылдарының түзілуі мен тотығуына қатынасады. Бауырды майланудан қорғайды. Бунақденелілердің түлеу проце­сін қадағалайды.

Вт авитаминозының белгілері:

Вт витамині авитаминозында малдардың бауыры майлана­ды. Бунақденелілердің өсуі тоқтап түлеу кезінде өліп қалады.

Н витамині (биотин, антисеборреялық)

      Биотиннің витаминдік қасиеті 1920 жылдары белгілі болды, тек 1936 жылдары ғана 250 кг жұмыртқа сарысынан 1,1 мг биотин кристалды түрде бөлініп алынады. Биотиннің құрылымы 1942 жылы ашылып, бір жылдан кейін химиялық синтездік жолмен жасанды түрде алынады.Химиялық құрылымы жағынан биотин гетероциклді монокар­бон қышқылы:Н витамині (А және В) екі сақинадан тұрады.А сақинасы имидазол, ал В сақинасы бүйірінде валериан қышқылы бар тиофен.Биотиннің ине тәріздес кристалдары (tпл=220°С) суда жақсы, спиртте орташа ериді.Н витаминінің тағам көздері: бауыр, бүйрек, тауық жұмыртқа­сы, сүт, сәбіз, бұршақ, картоп, қытайбұршақ т.б.

Биомедициналық қызметі :

Биотин (грек. bіos – өмір) деп аталуы Н витаминінің орга­низмдердің өмір сүруі үшін маңыздылығын көрсетеді. Биотиннің организмде атқаратын қызметі алуан түрлі. Бұл витамин пируват­карбоксилаза ферментінің коферменті ретінде карбоксилдеу реакцияларына қатынасып, көмірсулар мен белоктар­дың бір-біріне алмасуын қамтамасыз етеді.Биотиннің карбоксилдену және транскарбоксилдену реакция­ларына қатысуы май қышқылдарының биосинтезінде де өте маңызды. Қазіргі кезде биотиннің белок, пуриндік негіздер, РНК және басқа да бірқатар өте маңызды қосылыстардың биосинтезі­не қатынасатындығы белгілі болды.

Н авитаминозының белгілері :

Биотин авитаминозында адамдар  әр түрлі ауруға шалдыға­ды: тері қабынады, шаш түседі, май бездері шектен тыс май бөледі (себоррея).Биотин авитаминозында себоррея (лат. sebum – май және rheo – ағу) ауыруы пайда болады, сондықтан бұл витамин антисеборреялық деп аталады. Себоррея шикі жұмыртқаны көп жегеннен де пайда болады.

U витамині (S–метилметионин)

     1942 жылы Г. Чиней балапандарды жара түсіретін цинкофен алкалоидымен тамақтандырған. Жара түскен балапандарға жас шөп, қайнатылмаған сүт, шикі бауыр бергенде тез жазатын белгісіз бір фактор барын анықтайды да, оны жара (лат. ulcus – жара) витамині деп атайды. 1954 жылы Р. Макрори басқалармен бірге қырыққабаттың сөлінен бөлінген кристалды табиғи U витамині бромидін жасанды синтетикалық метилметионин­сульфоний бромидімен салыстырып, оның. U витамині, яғни S–метилметионин екендігін анықтайды:В.Н. Букин басқалармен бірге 1969 жылы жара жазатын ме­тилметионинсульфоний хлоридін синтездейді. Ол ақ түсті, азда­ған қырыққабаттың иісі бар, суда, спирттің судағы ерітінділерінде жақсы еритін, этанол мен глицеринде нашар еритін кристалды ұнтақ зат.U витаминінің тағам көздері: қырыққабат, спаржа, көк бал­дыр, көк шай, қызанақ т.б.

Биомедициналық қызметі :

U витамині жара түскен  ұлпаларды емдейді, ішкі органдар­дың  кілегей қабаты регенерациясында  метил тобын беруші зат.

С витамині(аскорбин қышқылы, антискорбуттық)

       С витамині орта ғасырда кең тарап, эпидемиялық орын алған құрқұлақ – «цинга» ауруынан сақтайтын болғандықтан антицин­галық, антискорбуттық (голланд. Скорбут – ауыздағы жаралар) деген физиологиялық атаулар берілген.Құрқұлақ ауруының себебі көп уақытқа дейін белгісіз болып, тек 1907-1912 жылдары тәжірибелі түрде құрқұлақ ауруы мен тағамда С витамині жетіспеуінің арасында тікелей байланыс бар екендігі анықталды.Антицингалық фактор 1920 жылы С витамині деп аталады. Ол тек екі жылдан кейін ғана таза түрінде бөлініп алынады. 1927 жылы химиялық құрылымы анықталып, оған аскорбин қышқылы деген атау беріледі. С витамині 1932 жылы синтезделді. Химиялық тұрғыдан аскорбин қышқылы L – гулозаның туындысы, сондықтан оның химиялық атауы γ – лактон-2,3-дегидро – L – гулон қышқылы:С витамині су мен метил спиртінде жақсы, этил спиртінде нашар еритін, бензол, ацетон, эфирде, хлороформда ерімейтін ақ кристалды ұнтақ. Аскорбин қышқылы жануарлар мен өсімдіктердің барлық ұлпалары мен органдарында тотыққан немесе аскорбиноген (бай­ланысқан) түрінде кездеседі. Аскорбиногеннің организмге физио­логиялық әсері азырақ болса да, ол әр түрлі физика-химиялық әсерге өте төзімді.С витаминінің тағам көздері: қара қарақат, итмұрын, қызыл бұрыш, қырыққабат, шетен, лимон т.б.

Биомедициналық қызметі :

   С витаминінің ең басты биологиялық ролі оның организмде тотығу-тотықсыздану процесіне қатысатындығында. Аскорбин қышқылының организмге әсер ету механизмінде, оның биология­лық активті белоктар және жалпы белоктардың әрекетшіл HS – тобын тотығудан сақтау мүмкіншілігіне өте үлкен мән беріледі. Бұл функцияны аскорбин қышқылының тотыққан түрі атқарады. С витамині коллаген синтезінде пролин мен лизиннің, бүйрек үсті безінің гормондары кортикостероидтардың, триптофанның және басқа да көптеген заттардың гидроксилдену реакцияларына қатысады. Аскорбин қышқылының ұлпаларда тирозин мен гемо­глобиннің тотыға ыдырауына, қанның қызыл түйіршіктері мен гемоглобин синтезіне үлкен әсер ететіндігі белгілі. С – витамині белоктар, көмірсулар, нуклеин қышқылдарының алмасуына қаты­сады.

  С авитаминозының белгілері :

         Аскорбин қышқылы адамдар, маймылдар, теңіз шошқалары, кейбір жоғары сатыдағы құстар организмінде синтезделмейді, сондықтан адам организміне ол тағаммен ғана түседі.С витамині авитаминозының басты белгісі – ол клетка аралық бекітуші, дәнекер заттардың жиналуының нашарлауы. Бұл жағдай қан тамырлары қабырғаларының беріктігін және дәнекер ұлпаның синтезін төмендетеді. Витамин организмде жетіспегенде құрқұлақ ауруы пайда болады, қан азаяды, ішек зақымданады, ет пен теріге қан кетеді, бауыр мен сүйектер де өзгеріске ұшырайды.Құрқұлақ ауруында қызыл иек қанталап, тіс ұнтақталып, босап, түсе бастайды, асқазан қызметі нашарлап, қарында бөлі­нетін шырынның шамасы азайып, қарын мен ішектің функциясы нашарлайды, сондай-ақ, кейбір гормондардың қызметі төмендей­ді.

Р витамині (рутин, биофлавоноидтар,капилляр қабырға нығайтушысы)

     А. Сцент-Дьердьи тағы басқалар 1936 жылы лимон қабығы­нан капиллярдың өткізгіштік қабілетін жақсартатын бір зат бар екендігін анықтап, оны Р витамині (лат. permeo – өткізу) деп атай­ды.Қазіргі кезде ортақ аты биофлавоноидтар деп аталатын он­даған заттар белгілі, олардың химиялық құрылымының негізінде флавон деп аталатын дифенилпропаны бар көміртек тізбегі жатады.Биофлавоноидтардың бір-бірінен айырмашылығы флавон ядросына кіретін бензол сақинасының гидроксилденуіне және пиран сақинасындағы 3-ші көміртегі атомына қосылатын гликоз­идтік топтарға байланысты. Мысал ретінде рутиннің құрылымдық формуласын келтіруге болады, оның құрамындағы 3-ші көміртек атомына дисахарид рутиноза (С12Н12О9) қосылады:Р витамині сары немесе қызғылт түсті, суда нашар, ал сірке қышқылында, спиртте, сілтілік ерітінділерде жақсы еритін крис­талды заттар.Р витаминінің тағам көздері: биофлавоноидтар аскорбин қышқылы бар барлық тағамдарда кездеседі және осы витамин­мен қатар жүреді. Олар қара қарақатта, итмұрында, шай жапы­рақтарында, барлық цитрустардың жемісінде, қарақұмықта, бауырда және т.б. тағамдарда көп болады.

Биомедициналық қызметі :

Қазіргі кезде биофлавоноидтар  гиалуронидаза ферментінің активтілігін тежеп, дәнекер ұлпалардың негізгі  заттары қалыпты жағдайда болуына  әсер ететіндігі белгілі. Р витамині аскорбин қышқылы сияқты құрқұлақтың, буын ауруларының тағы басқа дерттердің алдын алуында және емдеуінде қолданылады. Бұл екі витамин бір-бірімен функционалды байланыста. Организмдегі тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысып, биологиялық то­тығу проце­сінің дұрыс жүруіне әсер етеді. Рутин қан тамырлары­ның қабырға ұлпаларын нығайтып, серпімділігін арттырады.

Р авитаминозының белгілері :Биофлавоноидтар авитаминозында қан тамырлары қабырға ұлпаларының өткізгіштігі жоғарылайды, ет пен теріге, ішкі құры­лыстарға қауіпті қан кетіп, қанның мөлшері азаяды. Адамдарда әлсіздік, тез шаршағыштық пайда болып, аяқ-қолдары, буындары ауырады.

 

 

      Жоспары:

І.Кіріспе.Суда еритін витаминдер.

ІІ.Негізгі  бөлім:

  1.В1,В2,В12,В6 ,Вс,В15 ,Р,Н дәрумендердің құрлысы,қызметі.

2.Фоль қышқылы,пантотен қышқылы,биотин.

3.Дәрумендердің биологиялық қызметі, биомедициналық маңызы.

ІІІ.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қолданылған  әдебиеттер:

1.Медициналық  биохимия 

   С.О.Тапбергенов,2007

2.Биологическая  биохимия

    А.Я.Николаев,Москва  «Высшая школа»1989

3.Биологиялық  химия

Т.С.Сейтембетов,Б.И.Төлеуов,А.Ж.Сейтембетова, Эверо 2010

4.интернет көзі 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Суда еритін витаминдер