Суда еритін витаминдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 00:05, реферат

Краткое описание

В1 витамині (тиамин, аневрин, антиполиневриттік).Химиялық тұрғыдан В1 витамині гетероциклдік пиримидин мен тиазол сақиналарынан тұратын құрамында азот пен күкірті бар, кристалды түссіз зат. Формуласы төмендегідей: Бұл витаминді поляк ғалымы К. Функ 1912 жылы ашады, 1913 жылы кристалды түрде бөлініп алынады, ал 1936 жылы синтездел­ген.Тиамин жоғары температураға, қышқылдар әсеріне төзімді, бейтарап, әсіресе сілтілік ортада тез бұзылады.В1 витамині ірі тартылған ұнда, қауызынан тазаланбаған кү­ріште, бұршақта, жаңғақта, ашытқыда, сүтте, бауырда, бүй­ректе, майда, жұмыртқа сарысында көп болады.В1 витаминін жануар организмінде ішек микрофлора бакте­риялары синтездейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Суда еритін витаминдер.docx

— 138.21 Кб (Скачать документ)

                          Суда еритін витаминдер В1 витамині (тиамин, аневрин, антиполиневриттік).Химиялық тұрғыдан В1 витамині гетероциклдік пиримидин мен тиазол сақиналарынан тұратын құрамында азот пен күкірті бар, кристалды түссіз зат. Формуласы төмендегідей: Бұл витаминді поляк ғалымы К. Функ 1912 жылы ашады, 1913 жылы кристалды түрде бөлініп алынады, ал 1936 жылы синтездел­ген.Тиамин жоғары температураға, қышқылдар әсеріне төзімді, бейтарап, әсіресе сілтілік ортада тез бұзылады.В1 витамині ірі тартылған ұнда, қауызынан тазаланбаған кү­ріште, бұршақта, жаңғақта, ашытқыда, сүтте, бауырда, бүй­ректе, майда, жұмыртқа сарысында көп болады.В1 витаминін жануар организмінде ішек микрофлора бакте­риялары синтездейді.

Биомедициналық қызметі :

         Қазіргі кезде тиаминнің организмде атқаратын қызметі жақсы зерттелген. В1 витаминінің тірі организмдерде атқаратын қызметі оның биологиялық әрекетшіл түрі тиаминпирофосфатқа (ТПФ) байланысты. Оның формуласы төмендегідей:Тиаминнің тиаминпирофосфатқа айналу­ына АТФ, магний ионы және тиаминкиназа ферменті қатысады.Декарбоксилаза ферментінің құрамына тиаминпирофосфат кофермент ретінде енеді. Бұл фермент жануарлар мен адамдар ұлпаларында көмірсулар ыдырағанда пайда болатын пирожүзім қышқылының тотыға декарбоксилдену реакциясына қатысады. В1 витамині авитаминозының белгілері:

        В1 авитаминозының алғашқы белгілеріне тәбеттің төмендеуі ішек-қарын қабырғаларының толқын тәрізді жиырылу қасиетінің кемуі, мінез-құлықтың өзгеріп, еске сақтау қабілетінің төмендеуі, көзге елес пайда болуы жатады.Тиамин авитаминозында пирожүзім қышқылының мөлшері қанда, бұлшық ет ұлпаларында бірсыпыра көбейеді, нерв жүйесі зақымданып, полиневрит «бери-бери» ауруы пайда болады. «Бери-бери» ауруының белгісі бірнеше түрлі, құрғақ «бери-бери» шеткі нерв жүйесін зақымдағанда, бұлшық еттер тартылып, солып қалады, ауырған жердің сезіну қабілеті нашарлайды, сал ауруы пайда болады. «Бери-беридің» істіктік түрінде полиневрит пен қатар жүрек және қан тамырлары зақымданып, ақыры өлімге дейін әкеледі. Бұл аурумен адамдардан басқа құстар, иттер, егеу- құйрықтар және т.б. жануарлар да аурады.

В2 (рибофлавин, өсу витамині). В2 витамині ең алғаш рет сүттен бөлініп алынады, сондық­тан лактофлавин деп те аталады.Рибофлавинді 1935 жылы Р. Кун химиялық синтездеу жолы­мен алады.Химиялық тұрғыдан В2 витамині 5 атомды спирт рибитолмен байланысқан метилденген гетероциклдік изоаллоксазиннен тұра­тын, кристалды, қызғылт-сары түсті, табиғи пигменттер-флавин­дерге жатады..В2 витаминін кейбір микроорганизмдер мен өсімдіктер син­тездейді, ал жануарлар мен адамдар организмдерінде синтездел­мейді, сондықтан рибофлавин организмге ас арқылы түседі.Рибофлавин табиғатта өте кең тараған, жануарлар орга­низмінің барлық ұлпаларында және өсімдіктерде кездеседі.В2 витамині етте, бауырда, жұмыртқада, сүтте, ірімшікте, са­ры майда, балықтан жасалған тағамдарда, ұнда, әсіресе ірі тар­тылған ұнда, бидай тұқымдастардың дәндерінде, жас көкөністе көп болады.

. Биомедициналық қызметі :

Рибофлавин флавопротеид ферменттерінің коферменттері (ФМН; ФАД) құрамына енеді. Бұл ферменттер екі  типті реакци­яларды катализдейді. Біріншіден – флавопротеидтер оттегінің қатынасуымен тура тотығу, яғни электрондар мен протондарды субстраттан, немесе аралық метоболиттерден тасымалдау про­цесін катализдейді. Бұл топқа L- және Д-аминқышқылдарының оксидазасы, глициноксидаза, альдегидоксидаза, моноаминокси­даза, т.б. ферменттер жатады.Екіншіден – флавопротеидтердің биологиялық тотығу процесі­ндегі маңызы ерекше орын алады. Олар сутегіні тікелей субстрат­тан ажыратпай, тотыққан пиридинкоферменттерден тасымалдай­ды. Кофермент ретінде флавинмононуклеотид (ФМН), флавинаде­ниндинуклеотид (ФАД) енетін флавопротеидтер өте кең тараған.Рибофлавиннің тотығу және тотықсыздану реакцияларына қатысуы, бұл витаминнің зат алмасудағы өте үлкен маңызын көрсетеді. Рибофлавин жетіспеуінен организмдегі органикалық заттардың тотығуы бұзылады. В2 витамині организмнің, клетка­ның өсіп өнуіне, көздің көру процесіне әсерін тигізеді.

В2 авитаминозының белгілері:

          Рибофлавиннің ас арқылы жеткіліксіз түсуі организмдегі органикалық заттардың тотығуын нашарлатып, зат алмасу проце­сін, әсіресе белоктар мен амин қышқылдарының алмасуын тө­мендетеді.В2 витамині авитаминозында адам шаршағыш келеді, бұл­шық еттерден әл кетеді, жүрек еті әлсірейді, балалардың бойы­ның өсуі тежеледі, салмақ қосуы төмендейді, шашы түсіп (алопе­ция), бас терісі қабыршақтанады (дерматит).Адам организмінде рибофлавин жетпегенде көздің мөлдір қабығы мен бұршағында кератит, катаракта сияқты аурулар пай­да болады, көз қызарып, жас ағып, көру процесі нашарлайды. Тіл­дің кілегей қабаты қабынады (глоссит), ауызы уылады, екі езудің терісі жарылып, қабынады (ауыздық ауруы).

В3 витамині (пантотен қышқылы, антидерматиттік)

         Бұл витамин 1933 жылы белгілі болды, кристалды түрде тек 1939 жылы алынады, 1940 жылы химиялық құрылымы анықта­лып жасанды түрде синтезделеді. Пантотен қышқылы химиялық құрылымы жағынан пантой қышқылы мен β-аланиннен түзілген дипептид: Д(+) α, g– диокси – β, β – диметилбутирил – β- аланин:Пантотен қышқылы барлық жан-жануар, өсімдіктер клеткала­ры мен микробтар құрамында кездеседі (грек. пантотен – бар­лық жерде) және биологиялық активтілігі тек оң жаққа бұрушы Д(+) оптикалық изомеріне тән.В3 витамині май тәрізді қоймалжың, ашық сары түсті, су мен сірке қышқылында еритін, жылдам тотығатын, сілтілер мен қыш­қылдардың әсерінен пептидтік (-СО-NH-) байланысы гидролизге түсетін зат.Пантотен қышқылы жұмыртқа сарысында, бауырда, өсімдік­тердің жасыл желектерінде, ашытқыларда, бұршақ тұқымдас өсім діктерде, пішен ұнында өте көп болады және аз мөлшерде түрлі тағамдарда кездеседі, сондай-ақ, организмде ішек микро­флорасы синтездейтіндіктен авитаминозы сирек кездеседі.

Биомедициналық қызметі

      Пантотен қышқылы организм үшін өте қажет күрделі органи­калық зат коэнзим – А-ның (HSKоA) құрамына енеді:Коэнзим – А организмдегі негізгі зат алмасу процестеріне қа­тысады: май қышқылдарының катаболизмі мен анаболизміне, көмірсулар мен майлардың бір-біріне алмасуына өте қажет зат. Егер коэнзим – А организмде жектіліксіз түзілсе, онда зат алмасу процесі бұзылады.

В3 авитаминозының белгілері:

          Пантотен қышқылы авитаминозында адамдар мен жануар­лар әр түрлі ауруларға шалдығады: денедегі түктер мен шаш тү­сіп, түсі өзгереді, терісі зақымданып, ішкі органдардың кілегей қабаты қабынады, жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері зардап шегеді.В3 витаминінің организмде жетіспеуінің ең алғаш белгілері мынадай: адамдардың аяғының саусақтары жансызданып, шанши бастайды, кейінірек саусақтары мен табаны өте қатты ауырып, ол тізеге дейін көтеріледі.

В5 (РР) витамині (никотин қышқылы, никотинамид)

        Никотин қышқылы және оның амиді – никотинамид – ерте­ден белгілі. Бұл витаминді ниацин немесе РР деп те атайды. Ни­котин қышқылының витаминдік қасиеті 1937 жылы анықталады.Никотин қышқылының РР деп аталу себебі пеллаграға қарсы деген атаудың басты әріптерінен тұрады (итал. preventіve pellag­ra).Химиялық тұрғыдан В5 витамині – β-пиридинкарбон қышқы­лы, ал никотинамид – β-пиридинкарбон қышқылының амиді:В5 витамині ақ түсті, қышқылдау, суда жақсы еритін, эфирде ерімейтін, жоғары температураға, күн сәулесіне, ауаға, сілтілік ерітінділерге тұрақты кристалдар.Никотин қышқылы табиғатта өте кең тараған. Оған өсімдіктер де, жануарлар да бай.Никотин қышқылының негізгі көздері: бауыр, бүйрек, ет, ба­лық, ашытқы, қара құмық, бұршақ тұқымдастар, қара нан, т.б.

Биомедициналық қызметі:

        Никотинамид дегидрогеназа ферменттерінің (алкоголь деги­дрогеназа, альдегиддегидрогеназа, глутаматдегидрогеназа, фос­фоглицеринальдегиддегидрогеназа, лактатдегидрогеназа, малат­дегидрогеназа, т.б.) коферменттері – никотинамидаденинди­нуклеотид (НАД), никотинамидадениндинуклеотидфосфат (НАДФ) құрамына енеді.НАД және НАДФ протондар мен электрондарды субстрат­тардан флавопротеидтерге тасымалдап, организмдегі биология­лық тотығу процесіне қатысады.

В5 авитаминозының белгілері:

         В5 авитаминозында адамдар пеллагра ауруына шалдығады. Пеллаграның алғашқы белгілері төмендегідей: ішек-қарынның кілегей қабаты қабынады, іш өтеді (диаррея), кейіннен тері қабынып, кедір-бұдырланады (дерматит), асқынған түрінде ми зақымданып, ойлау қабілеті төмендейді (деменция). Бұл дертке балалар шалдыққанда бойларының өсуі баяулап, салмағын жоғалтады, анемияның жеңіл түрі пайда болады. В6 (пиридоксин, антидерматиттік)

         В6 витамині міндетті түрде ас құрамында болу керектігін 1934 жылы Дьерди, егеуқұйрықтылардың аяқ жағында болатын акродиния деп аталатын ерекше дерматитті, сол кезде белгілі болған суда еритін В1, В2 және РР витаминдері жаза алмағаннан кейін ашты. Бұл витамин1938 жылы ашытқылар мен бауырдан бөлініп алынады, 1939 жылы синтезделеді.В6 витамині химиялық құрылымы жағынан 3 – оксипиридин туындысы: 2 – метил – 3 – окси – 4,5 – диоксиметил – пиридин екендігі анықталады.В6 деген атауды 1970 жылы биологиялық химия номенкла­турасы бойынша халықаралық комиссия витаминдік активтілігі бар үш затқа береді. Олар: пиридоксин (пиридоксол), пиридок­саль және пиридоксамин:В6 витаминінің үш түрінде де витаминдік активтілік болғаны­мен, зат алмасу процесіне тек қана пиридоксаль мен пиридокса­миннің фосфорлы эфирлері – пиридоксальфосфат және пири­доксаминфосфат түрінде қатысады:Пиридоксаль мен пиридоксаминнің фосфорлануы фермента­тивтік процесс, оларды спецификалық киназалар катализдейді.В6 витамині су мен спиртте жақсы еритін түссіз, жоғарғы тем­ператураға тұрақты кристалдар (tпл=160°C).

Биомедициналық қызметі:

        Кейінгі кезде В6 витаминінің азот метаболизмінде атқаратын маңызы өте зор екендігі анықталып отыр. Организмдегі азот алмасуының басты реакцияларын катализдейтін 20-дан астам ферменттердің құрамына В6 витамині кофермент ретінде енеді. Осы ферменттердің ішінде: трансаминаза – амин тобын (-NH2) аминқышқылдарынан α-кетоқышқылдарына қайтымды тасымал­дауын, ал, декарбоксилаза – карбоксил тобын (-СО2) аминқыш­қылдарынан қайтымсыз бөліп, биогенді аминдер түзілуін катализ­дейді. В6 авитаминозының белгілері :

       Пиридоксин авитаминозында амин қышқылдары мен белок­тардың алмасуы бұзылады, қанның түзілуі нашарлайды, жалпы мөлшері азайып, анемия ауруы пайда болады. Жас балалар мен мал төлінің бойларының өсуі баяулап, салмақтарын жоғалтады. Жас сәби балалар пиридоксині аз жасанды тамақпен тамақтанғандықтан, В6 авитаминозымен жиі ауырады, ондайда балалардың терісі қабынып, нерв жүйесі зақымданады.Адамдар РР витаминімен емдегенде жазылмайтын, ал пири­доксинді қабылдағанда тез жазылатын, пеллаграға ұқсас, тері қа­бынатын аурумен ауырады.Туберкулезге шалдыққан адамдар пиридоксин авитаминозы­мен жиі ауырады, себебі, науқастарға пиридоксиннің антагонисі – изоникотинилгидразид (изониазид) дәрісі беріледі

  В12 витамині (цианкобаламин, антианемиялық)

         В12 витамині басқа витаминдерден тек химиялық құрылымы­ның күрделігімен ғана емес, құрамында организмге өте қажет ко­бальт микроэлементінің болуымен ерекше, сондықтан кобаламин деп аталады. В12 витаминінде кобальт циан тобымен және коор­динациялық байланыспен коориндік циклдік жүйесімен байла­нысқан. Бұл жүйе гемопротеиндердің және гемнің порфирин тобына ұқсас және рибоза мен фосфор қышқылының қалдығы бар 5,6 – диметилбензимидазолдың азотымен байланысқан:

В12 витамині (цианкобаламин)

Адам организмінде коферменттік қызмет атқаратын В12 вита­минінің екі  түрі бар, олар: метилкобаламин – цитоплазмада, дез­оксиаденозилкобаламин – митохондрияда шоғырланған. Амери­кандық ғалымдар Джордж Мино мен Уильям Мэрфи 1926 жылы шала піскен бауырды ас құрамына енгізгенде қатерлі анемияны жазатындығын анықтаған. 1948 жылы Эдвард Рикс пен Ролкерс кристалды түрде В12 витаминін жас бауырдан бөліп шығарды. Тек 1955 жылы Ходжкин химиялық құрылымын және кеңістіктегі кон­фигурациясын физикалық әдіспен (рентгеноструктуралық зерт­теу) анықтады. Ал қолдан 1961-1971 жылдары Р.Б. Вудворд син­тездейді. В12 витамині суда, спиртте, төменгі органикалық қыш­қылдарда, фенолдарда жақсы ериді, ал бензолда, хлороформда, ацетонда ерімейді. Жоғары температура әсеріне тұрақты, крис­талдары t≈210-220°С қараяды, t≈300°С жұмсарады. В12 витамині оптикалық активті зат. Бұл витамин адам организміне ас арқылы түседі. В12 витамині бауырда, етте, сүтте, жұмыртқада, жануардан алынатын азықтар­да болады.

Биомедициналық қызметі :

В12 витамині кофермент ретінде  кобамид ферменттер тобы құрамында  азоттың, көмірсулардың, нуклеин қышқылдары мен майлардың алмасуына қатысады. Метилкобаламин кофермент ретінде енетін ферменттер метиониннің биосинтезін жеделдетеді. 5’ – Дезоксиаденозилкобаламин коферменті бар ферменттер су­тегі атомдарын және әр түрлі химиялық топтарды (гидроксилдік, амин, карбонил тиоэфир т.б.) тасымалдауға қатысады.В12 витамині жануарлардың өсіп өнуіне, орталық жүйке жүйе­сінің қызметіне, қан түзілуіне қажет. Әсіресе, қанның қызыл түйір­шіктерінің жетілуіне өте үлкен әсер етеді, гемоглобин құрамына кіретін порфириндер түзілуіне қажет. В12 витамині организмде ли­потроптық қызмет атқарып, бауырды майланудан сақтайды, ме­тионинмен қамтамасыз етеді.

В12 авитаминозының белгілері :

В12 витамині авитаминозында организм қатерлі анемия (пер­нициоздық  анемия) Аддисон-Бирмер ауруына шалдығады. Перни­циоздық анемияда қанда мегалоциттер – көлемі үлкен жетілмеген қызыл  түйіршіктер көбейіп, олардың қан айналымындағы жалпы саны азаяды. Ауру адам күніне 100-200 мкг В12 витаминін қабыл­даса, екі жұмадан соң сауығады.В12 витамині организмде гомоцистеиннен метиониннің син­тезделу процесін тездетеді, авитаминозында зәрде гомоцистеин көбейеді де, метионин азаяды. Бұл витамин метилмалонил-КОА-ның сукцинил-КОА-ға айналуын тездетеді. Авитаминозында метилма­лон қышқылы организмде жиналып, нерв ұлпаларына улы әсер етеді, жұлында дегенерациялық өзгерістер байқалады, асқазан сөлінің қышқылдығы төмендейді.

  В15 витамині (пангам қышқылы, антианоксикалық).В15 витамині алғаш рет 1950 жылы ірі қара малдың бауыры­нан, кейіннен көптеген өсімдіктердің тұқымдарынан бөлініп алы­нады, сондықтан бұл витаминді пангам (грек. пан – барлық жер­де, gamі – тұқым) қышқылы деп атайды. Пангам қышқылы таби­ғатта өте кең таралған. Химиялық құрылымы, құрамы синтездік жолмен дәлелденген.Химиялық тұрғыдан пангам қышқылы глюкон қышқылы мен диметилглициннің эфирі:В15 витамині суда жақсы еритін, эфирде, хлороформда, бен–золда ерімейтін кристалды ақ түсті борпылдақ зат. Осы уақытқа дейін бұл витамин адам организмінде синтезделетіндігі, немесе ас арқылы түсетіндігі белгісіз.В15 витаминінің тағам көздері: бауыр, әр түрлі өсімдік дәнде–рі, ашытқы т.б.

Информация о работе Суда еритін витаминдер