Тасымалдау шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 14:52, реферат

Краткое описание

Тасымалдау шартының негізінде жүктерді, жолаушыларды және теңдеме жүкті тасу жүргізіледі. Тасымалдаудың жалпы талаптары көлік туралы заң актілерімен, өзге де заң актілерімен және оларға сәйкес шығарылған ережелер мен белгіленеді. Жүктерді, жолаушыларды және теңдеме жүкті көліктің жекелеген түрлерімен тасымалдау талаптары, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен және көлік туралы заң актілерімен, оларға сәйкес шығарылған ережелерде өзгеше көзделмесе тараптардың келісімімен тасымалдау шарты жүзеге асырылады.
Жүктерді тасымалдау шарты бойынша бір тарап, яғни тасымалдаушы, басқа тараптың яғни жүк жөнелтушінің сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе белгіленген тарифке сәйкес жүк тасымалдаушыға ақы төлеуге міндеттенеді.

Содержание

1. Кіріспе бөлім
1.1. Тасымалдау шартының түсінігі...................................................................1-2
2. Негізгі бөлім
2.1. Тасымалдау шартының мазмұны.................................................................3-5
2.2. Тасымалдау шартының түрлері.................................................................6-11
а) темір жолмен тасымалдау.
ә) жүкті ішкі су жолдарымен тасымалдау.
б) теңіз жолымен тасымалдау.
в) әуе жолмен тасымалдау.
г) автомобиль жолдарымен тасымалдау.
3.Қорытынды бөлім
3.1.Қорытынды......................................................................................................12
3.2.Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................13

Прикрепленные файлы: 1 файл

тасымалдау шарты.doc

— 102.50 Кб (Скачать документ)

 

  ә) жүкті ішкі су жолдарымен тасымалдау.

  Өзен суларымен жүретін транспорттар арқылы, флотпен жүк тасымалы

жасалады. Жергілікті  жүк тасуда порт, ал қалған жағдайда  – пароход иелері жүк тасушы болып есептеледі. Жүк тасуға арналған құжаттар тізімі онда жасалатын шарттардың тәртібі мазмұны темір жол транспортында рәсімделетін құжаттарға ұқсас. Шартты  орындау ережесі де бірдей. Ал айырмашылығы мынадай: егер жүк белгіленген пунктке келген мезгілде жүкті қабылдаушы келмесе, ал порттың жүк сақтайтын қоймасы болмаса, онда порт жүкті келесі қоймасы бар пункте жеткізеді, бірақ төленетін шығынды жүкті күтіп алушы жақ төлейді.Мұндай жағдайда пароходство жүк жіберушіге, жүкті ешкімнің қабылдамағандығы туралы хабарлауға тиіс және жүкті одан әрі не істеу керектігі туралы келісуі керек. Осы уақытта жүкті басқа пунктен түсіруге кеткен немесе  суднаны ұстағаны үшін шығынды, жүкті жіберушінің шығыны ретінде есептеледі.

 

  б) теңіз жолымен тасымалдау.

Теңіз жолымен жүк тасу бірнеше жүйеге бөлінеді:

а) бір теңіздің порттары арасындағы кіші каботажды  тасымалдау болып 

есептелсе.

б) үлкен каботаж  дегеніміз  - әр түрлі теңіздер елдерінің  порттары

арасында жүктерді тасымалдау. Шетелдік  жол қатынасының тасымалына Қазақстан Республикасының порттарынан шетел порттарына тасымалдау жатады.Теңіз арқылы жүкті тасуда пароходство немесе порт тасымалдаушы

болып есептеледі. Теңізбен тасымалдау шартын жасағанда: мынадай жағдайлар ескеріледі:

а) жүк тасуға түгел суднаны немесе оның белгілі бір бөлігі (трюмды) пайдалану. Мұндай жағдайда чартерлік шарт жасалады, яғни  судна иесі жүкті, жолаушыларды ақылы түрде бір жолғы тасумен немесе бірнеше рет тасу арқылы бір порттан келесі портқа жеткізуге келіседі.Чартерлік  шарт көлемді, әрі көп жүктерді тасу барысында қолданылады. Ал көлемі аз жүктерді тасуда коносамент шарты жасалады, оның мазмұны, оған капитан қол қойып жүкпен бірге жіберетін құнды құжат болып табылады. Ол ордер түрінде болуыда мүмкін. Коносамент реквизиты міндетті (заңда көрсетілген) және факультативті болып екі жақтың келісімі арқылы жүзеге асырылады. Міндетті түріне:

а) судна аты  көрсетіледі (егер жүк тасымалдауға қабылданса).

б) тасымалдаушының  аты-жөні.

в) жүкті қабылдаған, тиеген жері.

г) жүкті жіберушінің  аты-жөні.

д) жүкті түсіретін  жері, бағыты, судна аты көрсетіледі.

е) аты-жөні көрсетілген  жүкті қабылдаған алушы.

ж) жүкті түріне сипаттама беріледі.

з) тасымалдау үшін төленетін ақы көрсетіледі (фрахта).

и) коносаментты тапсыратын уақыты мен орны.

к) коносамент түрі.

л) капитан қолы керек.

Егер осы  құжаттардың біреуі дұрыс болмаса, онда ол коносамент болып есептелмейді. Коносамент негізінен екі дана болып жасалады, біреуі жүкпен бірге кетеді, екіншісі жүкті жөнелтушіге беріліп, ол жүкті алу үшін қажет негізгі құжат болып есептеледі. Жүкті қабылдап алғаннан кейін, ол күшін

жояды.

  Теңіз  тасымалындағы шарт жасау, стандарттық сату-сатып алу шартын жасаудың шартымен сәйкес келеді, яғни онда жүкті тиісті, келіскен жерге жеткізу, тасымалдау ақысын төлеу міндеттемесі, сақтандыру жағдайы қарастырылады.

  Чартер – консенсуалдық тасымалдау шартының бір түрі. Бірақ бұл шарт  жүкті тасымалдауға бірден-бір негіз бола алмайды, чартерлік тасымалдауға коносамент бірге жасалады.Мұндай жағдайда фрахтовщик пен жүкті тасымалдауға алушы арасында чартер жасалады. Ал жүкті тасымалдаушы мен қабылдаушы арасында коносамент жасалады. Чартер шарты суднаны уақытша тасымалдауға алғанда   тайм-чартер жасалады.  Ол жүк тасымалдау (ғылыми экспедиция, теңіз байлығын пайдалану, экскурсия ұйымдастыруға қолданылады).Тасымалдау төлем ақысы (фрахта) теңізбен тасымалдау шартына сәйкес, кейде тарифке сәйкес айқындалады.Жүкті табыс ету үшін құжат бойынша белгілі сумма аударылуға тиісті. Жүкті тасымалдау мерзімі нормативті тәртіпке және екі жақтың келісіміне сәйкес болуы керек. Егер олар айқындалмаса, тасымалдаушылар өз міндеттерін орындаған болып есептеледі. Жүкті  түсіргеннен кейін судно рейске шығып белгілі жылдамдықпен  қайтарылады. Жолда  белгілі бір жағдай бойынша адам өмірін құтқару, судно немесе жүкті апаттан құтқару туралы әрекетке байланысты жүріс уақыты өзгерсе, ол шартты бұзған деп есептелмейді.Жүкті қабылдаушы белгіленген уақытта келіп жеткен жүкті қабылдауға міндетті. Егер қабылдап алушы келмесе немесе алмайтындығын хабарласа, жүкті  капитанға тапсырады (егер тез бұзылатын жүк болмаса). Екі айға дейін сақтауға болады. Егер төлем ақысы  өтелмесе жүкті сатып, шығынды орнына келтіреді.

 

  в) әуе жолмен тасымалдау.

Әуе кодексіне  сәйкес ішкі әуе жолымен тасымалдау жүзеге асырылады, ал  тасымалдау  барысында  әуе  жолындағы  қонатын  орын  шетел территориясында болса, онда ол халықаралық әуемен тасымалдау болып есептеледі.Одан басқа әуе жолы жергілікті, тіке транзиттік әуе жолы деп бөлінеді. Әуе  жолымен  тасымалдауда  авиациялық  өндірістер,  пайдаланушы, тасымалдаушы болып есептеледі. Авиациялық өндірістер  – заңды тұлғалар, олар түрлі тасымалдау әрекеттерін жүзеге асыра аладынемесе  лицензиясы негізінде өзгеде авиациялық жұмыстарды атқара алады.Эксплуатант деп  – заңды немесе жеке тұлғаны атаймыз. Ол меншіктік құқы, немесе өзге де заңды жалдау құқы бар тұлға болып есептеледі. Эксплуатант әуеде ұшу үшін арнайы, ерекше сертификаты болу керек. Келісім шарт жүк тасу үшін (пошта үшін) накладной түрінде рәсімделіп жүкті атқарушының жасайтын құжаты. Жүкті атқарушы берілетін мағлұматтың дұрыс, толық болуына жауапты.

  Жай әуе жолындағы тасымалдау шарты  – чартер жасау арқылы жүкті

жіберуші (фрахтовщик) жүкті қабылдаушыға бірнеше әуе суднасын беріп, жүк немесе жолаушы тасуға береді. Ал шартты жасау жолы теңіз чартеріне ұқсас болып келеді.Тасымал үшін төленетін ақы тарифтен немесе келісіммен төленеді. Жүкті тиісті орнына жеткізу тасымалдау шартына, әуе тасымалындағы самолет рейсіне байланысты болады.Егер самолет ұшпайтын болса т.б. жағдай болса жүк жіберушіге уақытында  ексертіп қою  қажет.Егер ұшу рейс тоқтаса ол туралы жүк жіберушіні және жүкті қабылдап алушыны ескерту қажет. Ал самолет ұшатын болса жүкті қабылдаушыға ескертіп қою қажет. Жүкті аэропорттағы қойма арқылы береді.Егер жүк бұзылған, қираған болса, жүкті қабылдап алушы жүкті алудан бас тарту құқы бар.Егер жүкті қабылдаушы жүкті алуға келмесе, алудан бас тартса, ол туралы тасымалдаушы жүк жіберушіге ескертуі керек, жүкті өзіне қалдырады, кейде сатып, тиісті шығынды қалпына келтіреді.

 

  г) автомобиль жолдарымен тасымалдау.

  Автомобильмен тасымалдаудың өзіне тән ерекшелігі территориялық белгісіне байланысты атап айтқанда:

а) қалалық (қала ішіндегі немесе жақын елді мекенде).

б) қала маңында (қаладан 50 шақырымдай жердегі елді мекендер).

в) қала арасындағы, қаладан тыс жердегі, 50 шақырымнан алысырақ.

г) республика аралық.

д) халықаралық.

  Автомобиль транспортымен тасу орталықтанған немесе орталықтанбаған болып бөлінеді.

  Орталықтанған тасымалдау түрінде автотранспорт ұйымы жүкті

жіберушімен шарт жасайды (станция, портпен). Шарт бойынша қабылданып

алынған жүкті  тиісті орынға жеткізеді.

  Бір орталыққа бағынбаған автотранспорттық тасымалдау мекемесі әрбір жеке жүкті қабылдаушымен шарт жасайды және соған сәйкес жүкті тиісті орынға жеткізіп береді. Автомобильмен  тасымалдаудағы шарттың өзіне тән ерекшелігі бар. Жүкті тасымалдаушы орынға тапсырғанда тауар транспорт накладноймен рәсімделеді. Ол шарттың бір түрі ретінде темір жол накладнойы сияқты рөл атқарады.Бір текті жүкті бір жөнелтушімен қабылдаушының арасында тасылатын болса, онда өлшеу актісімен бүкіл салмағы есептеліп автомобиль көлігінің тасуымен бір смена ішінде тасылып болады. Жүргізушінің еңбегіне қолма-қол ақы төлеу уақытта тарифке сәйкес

жолдамасына ( путевой лист) белгіленеді.

  Тасымалдау үшін төленетін ақы шартта көрсетіледі (соның ішінде жылдық шартта да көрсетіледі), оның көлемі тарифке сәйкес болады. Барлық  атқарылған қызметі үшін ақы төлеуші автотранспортты жолдаушы немесе жүкті қабылдаушы болып есептеледі. Тасымалдау үшін төленетін ақы алдын ала төленуге тиіс. Ал тасымалдау ақысы уақытында төленбесе жүкті тасымалдауға қабылдамай тастайды.Халықаралық  жүк тасу шарты бойынша жүкті тек 24 сағат ішінде қабылдап, төлем ақысын уақытында төлеу қажет, ол жүкті қабылдаған уақыттан басталады.

  Жүкті тасымалдау өте қысқа жолмен тасылуға тиіс, егер жолдың  жыл мезгіліне байланысты кедергілері болмаса. Мұндай жағдайда автотранспорт иелері жолдың жағдайын алдын ала жүк иесіне ескертуі қажет. Тасымалдан әкелген жүкті қоймадан немесе басқа да келісілген жерден  қабылдап алады. Қабылдап алушы заңға сәйкес жүкті қабылдап алуға жүкті  құқы бар. Егер  әкелінген жүк бұзылған, қираған жағдайда жүкті қабылдап алушы жүктен бас тартуға құқы бар. Жүкті түгел немесе бір бөлігін тиісті мақсатта қолдануға келмейтіндігін накладнойға көрсетіп беруге тиісті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

  Жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi тасу тасымалдау шартының негiзiнде жүргiзiледi.

 

Жүктi тасымалдау шарты бойынша  бiр тарап (тасымалдаушы) өзiне басқа  тараптың (жүк жөнелтушiнiң) сенiп тапсырған жүгiн белгiленген мекенге жеткiзуге және жүктi алуға уәкiлеттi адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшiн шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге мiндеттенедi.

Жүк тасымалдау шарты көлiктiк құжатын, коносаменттi, тауар-көлiк құжатын немесе жүк тасымалдаудың көлiк туралы заң актiлерiнде көзделген өзге құжатын толтыру арқылы ресiмделедi.

 

Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны  баратын мекенiне, ал жолаушы теңдеме  жүктi тапсырған жағдайда теңдеме жүктi де апаратын мекенге жеткiзудi және оны теңдеме жүктi алуға құқық берiлген адамға беруге мiндеттенедi; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгiн тапсырған кезде - теңдеме жүгiн алып баруға ақы төлеуге мiндеттенедi.

Жолаушы мен  теңдеме жүктi тасымалдау шарты тиiсiнше жол жүру билетiмен және теңдеме жүк түбiртегiмен ресiмделедi. Жол жүру билетi мен теңдеме жүк түбiртегiнiң нысаны көлiк туралы заң актiлерiнде көзделген тәртiппен белгiленедi.

Кеме жалдау (чартер) шарты бойынша бiр тарап (кемемен жалданушы) басқа тарапқа (кеме жалдаушы) жолаушыларды, теңдеме жүктi және жүктердi тасымалдау үшiн бiр немесе бiрнеше көлiк құралын толық немесе оның сыйымдылығының бiр бөлiгiн бiр немесе бiрнеше рейске ақы төлеттiрiп беруге мiндеттенедi.

Кеме жалдау шартын жасасу тәртiбi, сондай-ақ оның нысаны мен түрлерi көлiк туралы заң актiлерiмен белгiленедi.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Қ.Р. Азаматтық  кодексі (Жалпы және Ерекше  бөлімдер). Алматы. 2009.

2. Гражданский  кодекс РК (Особенная часть). Комментарий  (постатейный). В

двух книгах. Отв. ред: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин.  Алматы, 2006.

3. Жайлин Ғ.А.  Қазақстан Республикасының Азаматтық  құқығы. Оқулық.

Ерекше бөлім. 2-том. Алматы. 2004ж.51

4. Адельшин Н.С.  Договорные отношения по автоперевозке  грузов и их 

правовое регулирование в условиях современной экономики. Автореф. канд.

дис. Алматы. 1999.

5. Гражданское право. Учебник.  Часть 2. Под ред. А.П.Сергеева.,

Ю.К.Толстого. М., 1997г.


Информация о работе Тасымалдау шарты