Стратегияның негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 17:05, реферат

Краткое описание

Көлік жүйесінің дамуы мен тиімді жұмыс істеуінің барынша маңызды шарттары оның теңгерімділігі мен өзіндік жеткіліктілігі болып табылады. Нақ осы екі шартты орындау қандай да бір міндеттерді шешуге арналған бағыттар мен күш-жігерді шоғырландыру дәрежесін анықтай отырып, экономика мен халықтың көлік қызметтеріне қажеттіліктерінің өзгеруіне уақтылы және жедел ден қою қабілетін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

СТРАТЕГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.doc

— 65.50 Кб (Скачать документ)

экологиялық бақылау қызметін құруды және олардың  орталық уәкілетті орган алдында  мерзімді есеп беруін қамтамасыз етуді  қоса алғанда, инфрақұрылымды пайдалану  нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін көлік инфрақұрылымының иелері мен операторларының жауапкершілігін арттыру;

мониторинг  жүйесін әзірлеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама шеңберінде тиісті шараларды қолдана отырып, көлік инфрақұрылымы объектілерінде құрылыс, жөндеу, пайдалану және басқа да жұмыстарды орындау нәтижесінде экологиялық талаптарды бұзғаны және қоршаған ортаға келтірілген зияны үшін мердігерлік және инженерлік-консультациялық құрылымдардың жауапкершілігін арттыру. 

 

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР:  

 

шаруашылық  қызметінің нәтижелерімен салыстырғанда  азаматтардың өмірі мен денсаулығының  басымдығы;

азаматтардың  жауапкершілігімен салыстырғанда  мемлекет жауапкершілігінің басымдығы;

ел  ішінде өндірілетін және импорт бойынша  да әкелінетін көлік құралдары экологиялық қауіпсіздік пен көлік процестерінің қауіпсіздігі саласындағы стандарттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс. 

 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ  АКЦЕНТТЕР: 

 

техникалық-технологиялық  процестердің,  әуе, жер үсті және су көлігі түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау  жүйесін жетілдіру;

көлік инфрақұрылымы  мен техникалық қызмет көрсету процестерінің  сенімділік және қауіпсіздік деңгейін арттыру;

қоршаған ортаны ластаудың жылжымалы көздеріне  қойылатын экологиялық талаптарды қатайту, мониторинг және құқық қолдану жүйесін жетілдіру, жауапкершілікті арттыру.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Транзиттік   әлеуетті   пайдаланудың  тиімділігін арттыру 

 

Транзиттік  әлеует өзінің аумағы арқылы халықаралық  транзитті жүзеге асыру жөніндегі  мемлекеттің қызмет көрсету мүмкіндігін айқындайтын сыртқы және ішкі факторлар мен шарттардың жиынтығын білдіреді.

Транзиттік  әлеуетті пайдалану тиімділігі мемлекеттің  қолда бар мүмкіндігін толық  көлемде іске асыру қабілетімен  айқындалады.

Жаһандану мен  кірігу процестерінің жеделдеуі транзитті дамыту мен оның сапасын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауды мемлекеттік басымдықтар деңгейіне көтере отырып, Қазақстанға қалыптасқан транзиттік мемлекет ретінде сапалық жаңа талаптар қояды.

Қазақстанның  транзиттік әлеуетін дамыту және тиімді пайдаланудың алғышарты Қытай мен Еуропа арасындағы жаңа жүк ағындарының туындауы  болып табылады, бұған мыналар септігін тигізеді:

Қытайда іске асырылып жатқан  Бірыңғай көлік стратегиясы («Қарқынды қадам») және "Go West" («Батысқа қарай жүру») ҚХР-дің батыс провинцияларын жедел дамыту бағдарламасы. Олар ірі көліктік инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде қазақстан-қытай шекарасында құрылып жатқан «Қорғас» еркін сауда аймағына жаңа темір жол желілерін (атап айтқанда, пайдаланудың алғашқы жылдарында тасымалдау көлемі жылына 6 млн. тоннадан асатын Цзиньхе – Қорғас), сондай-ақ "Шығыс-Батыс" бес стратегиялық автомобиль жолын (соның ішінде Ляньюньгань – Қорғас, Шанхай – Хэфэй – Сиань - Қорғас) салуды жүзеге асыруды  көздейді, бұл Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан транзиттік жүк ағынының перспективті ұлғаюын болжауға мүмкіндік береді;

Бостон портынан (АҚШ-тың солтүстік-шығыс бөлігінде) бастау алып, норвегиялық Нарвик портына  дейінгі теңіз жолы бойынша өтетін Трансазиялық темір жол магистралінің (Петропавл – Достық) Солтүстік дәлізі бағыты бойынша Норвегия, Швеция, Финляндия және Ресей аумақтары бойынша өтетін, Суэц   каналы арқылы оңтүстік теңіз дәлізіне балама болып табылатын АҚШ – ҚХР бағытындағы "N.E.W. - corridor" көлік дәлізін дамыту перспективалары;

"NELTI" жаңа автокөлік бастамасын іске асыру.

Баламалы бағыттар, атап айтқанда Транссібір магистралі тарапынан қазіргі  бәсекелестік жағдайында Солтүстік–Оңтүстік дәлізі шеңберінде Бандар-Аббас –Бандар-Анзали – Ақтау порттарын пайдалана отырып, Қытайдың шығыс порттарынан шығатын трансмұхиттық жол жүктерді тасымалдаудың тартымды бағыттарының бірі болуы мүмкін.

Бұдан басқа, әлемдік нарықтың Орталық Азия өңіріне  және Ресейге әртүрлі тауарлар транзиті бойынша БАЭ алып отырған орнықты  коммерциялық жағдайы Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді тасымалдау бағытын дамыту үшін жағдай жасап отыр. Бұл ретте, шығыс Қытайдан жүк ағынын осы бағытқа ішінара қайта бағыттауға ықпал ететін бірқатар факторлардың болуын атаған жөн, атап айтқанда:

жолдағы барлық порттарда  (Дубай – Бандар-Аббас – Бандар-Анзали –Ақтау) қазіргі шығындарды мейлінше азайтуға ықпал ететін  еркін экономикалық аймақтар режимінің болуы;

электр тұрмыс техникасын, халық тұтынатын тауарларды, доңғалақты техниканы, контейнерлердегі жүкті орнықты тасымалдау бойынша Бандар-Аббас – Бандар-Анзали – Ақтау бағытын пайдаланудағы соңғы жылдардың табысты тәжірибесі;

Батыс Қазақтанның  мұнай кен орындарын әзірлеуді  жүзеге асыратын Қытайдың бірқатар ірі  компанияларының әртүрлі жүктерді жеткізуге мүдделілігі.

Осы бағыттағы орнықты қызметті ұйымдастыру Каспийдегі порт инфрақұрылымдарының және кеме қатынасының дамуына ықпал ететін болады, сондай-ақ темір жол-паром және қазіргі автопаром қатынасының (РО-РО) жандануына серпін береді. Сонымен бірге, Транссібір арқылы өтетін жүктерді қайта бағдарлау үшін баламалы бәсекелес бағытты іс жүзінде құру бастапқы кезеңде жыл сайын шамамен 100 мың тонна жүк ағынын және 10 мыңнан астам стандартты контейнерлерді қамтамасыз етуге қабілетті.

Қазақстан Республикасының  аумағы арқылы транзиттің одан әрі өсуін ескере отырып, толассыз тарифті, жеткізу жылдамдығын, жүктердің сақталуын, ақпараттық қамтамасыз етілуін және шекаралық және кедендік  қызметтер тарапынан транзиттік көліктің қызметіне кедергі болатын әкімшілік тосқауылдардың болмауын қамтамасыз ететін транзиттік дәліздерді кешенді дамыту қажет.

Осыған  байланысты:

транзиттік  тасымалдарды дамыту, оның ішінде көлік  дәлізіне барлық қатысушы-мемлекеттермен толассыз бірыңғай тарифті қалыптастыру мәселелерінің мемлекетаралық қатынастар деңгейінде шешілуіне саяси жәрдемдесу;

көлік инфрақұрылымының қазіргі элементтерін қалпына келтіруді  және жаңаларын салуды қоса алғанда, транзиттік көлік дәліздерінің инфрақұрылымын басымдықты келісілген дамыту;

жол бойы сервисі  объектілерін дамытуды қоса алғанда, транзиттік көлік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін, олардың техникалық және сервистік деңгейін әлемдік стандарттарға дейін жеткізу арқылы арттыру;

Қазақстан Республикасының  аумағы арқылы транзиттік жүктердің  басымдықты, кедергісіз және қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету;

ішкі де, халықаралық  қатынастағы да жүктің көлемдері, түрлері  мен көлік түрлері бойынша  тасымалдардың бағыттары жөніндегі  деректерді жинақтауға, талдауға және болжауға, сондай-ақ жүктің тұрған орны туралы ақпарат жинауға мүмкіндік  беретін қазіргі заманғы байланыс жүйелері мен көліктік деректер базасының ақпараттық талдау жүйесін енгізу;

қосарланған сақтандыруды болдырмайтын екі жақты  халықаралық шарттар жасасу;

инфрақұрылымды  дамытуға отандық және шетелдік инвестицияларды  тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

халықаралық және транзиттік тасымалдарға анағұрлым  сапалы қызмет көрсету үшін Қазақстан  өңірлерінің көліктік тораптарында өңірлік көліктік-логистикалық орталықтар мен терминалдық кешендер құру;

мультимодальдық, контейнерлік тасымалдарды дамыту қажет.  

 

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР:  

 

икемді тарифтік саясат транзиттің ұлғаюын ынталандыруы тиіс;

Қазақстанның  аумағы бойынша транзиттік қозғалыстан  түсетін кірістер есебінен инфрақұрылымды ұстауға арналған шығындарды өтеу;

транзиттік  жүк тасқынын зерттеу мен талдауды ынталандыру және жүктерді баламалы бағыттардан біздің мемлекеттің аумағы арқылы өтетін көлік дәліздеріне бағдарлау жолдарын іздеуге бастамашы болу;

транзиттік  әлеуеттің дамуына ықпал ету  барлық мемлекеттік органдардың  стратегиялық басымдығы болуы тиіс.  

 

Стратегиялық  акценттер: 

 

республика  көлік дәліздерінің халықаралық  жүйедегі бәсекеге қабілеттілігін дамыту және арттыру;

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік шекарасынан өтудегі  өткізу пункттерін техникалық және технологиялық  жарақтандыру деңгейін арттыру. 

 

 

 .  Көлік саласындағы инновациялық даму 

 

Экономиканың  жүк қажеттілігін төмендету немесе бұл көрсеткіш  көлік жүйесінің тиімділігі мен көлік қызметінің мультипликативтік дәрежесін анықтайтындықтан, өндірілетін өнім (қызметтер) бірлігіне жұмсалатын көлік жұмыстары көлемін азайту ел экономикасының даму деңгейін арттыру тұрғысында көлік жүйесі алдында тұрған мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады.

Сондықтан, тауарлар өндіру мен қызметтердегі көліктік құрамдасының бөліктің үлестік салмағын азайтуды мемлекет көлік жүйесінің  негізгі стратегиялық басымдықтары қатарына жатқызуы тиіс, бұл көлік өнімі мен қызметін халықтың барлық топтары үшін анағұрлым қол жетімді етуге мүмкіндік береді.

Бұл орайда, мемлекеттің  бірінші кезектегі міндеті құқықтық негіздерді қамтамасыз ету және мультимодальдық тасымалдарды дамыту мен логистикалық орталықтар құру үшін қажетті экономикалық жағдайлар жасау болып табылады.

Көлік процестерінің  тиімділігін арттыруда оларды ақпараттық қамтамасыз етудің елеулі маңызы бар. Спутниктік навигация жүйесін қарқынды дамыту, өндірілетін өнімдер мен қызметтер туралы ақпараттық деректер базасын құру қажет.

Көлік процестерінің  қоршаған ортаға келеңсіз әсерін шектеу және реттеу көлік құралдарының экологиялық  өлшемдерін бақылау үшін көліктік бақылау  органдарын және экологиялық органдарды қазіргі заманғы жабдықпен және технологиялармен (газ анализаторлары, түтін өлшегіштер, отындағы ауыр металдардың құрамын анықтауға арналған құралдар және т.с.с.) жарақтандыруды қажет етеді.

Әрине, бастапқы кезеңде көлік жүйесінің техникалық және технологиялық деңгейін арттыру мемлекет тарапынан да, жеке сектор тарапынан да едәуір күрделі қаржы салымдарын талап етеді. Сонымен бірге, дамыған елдер тәжірибесі жаңа технологияларды дамытуға және енгізуге,  энергия- және ресурстарды  үнемдеуге, кешенді ақпараттандыруға инвестиция салудың толық ақталатынын және қысқа мерзімде жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретінін көрсетеді. 

 

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР:  

 

ұлттық көлік  жүйесін инновациялық дамыту ең алдымен  көлік қызметтеріне қол жетімділікті арттыруға және экономиканың жүкті қажетсінуін азайтуға бағытталуы тиіс;

енгізілетін жаңа технологиялар республиканың  ішінде жүзеге асырылатын көлік процестерінің  жаһандық көлік жүйесі процестерімен  біріздендірілуін қамтамасыз етуі тиіс.  

 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКЦЕНТТЕР: 

 

көлік технологияларын  жетілдіру және қазіргі заманғы  техника мен жабдықты енгізу;

өндірістік  және көлік процестерін ықпалдастыру және кешенді ақпараттандырумен  қамтамасыз ету. 

 

3.8. Көлік саласындағы  ғылыми және кадр әлеуетін  арттыру 

 

Көлік  жүйесін қарқынды дамыту мен жоғары көлік әлеуетіне қол жеткізудің негізгі құрамдастары арасында жоғары технологиялы және тиімді көлік жүйесінің ажырамас бөлігі және міндетті шарты болып табылатын ғылыми және кадр әлеуетін арттырудың маңыздылығын ерекше атаған жөн.

Ғылымды дамыту, әсіресе, ерекше маңыздысы, жоғары білікті  кадрлар даярлау белгілі бір  уақытты талап ететіндіктен, мемлекет мамандарға деген болашақ қажеттілікті дұрыс айқындауды күні бұрын ойлап, оларды оқыту үшін барлық қажетті  жағдайларды жасауы тиіс.

Көлік саласындағы  мамандардың біліктілігін арттыру  үшін бірнеше бейінді жоғары оқу  орындарын белгілеу және олардың  базасында жүк ағынын және жолаушы  көлігін жоспарлауға оқыту орталықтарын құру қажет. Міндеті, басқа міндеттерімен  қатар, көлік модельдерін, жоспарлау тетіктерін әзірлеу, санаткерлік ресурстарды дайындау, оқыту және халықаралық тәжірибені дарыту болатын институттарға мемлекеттік органдар қолдау көрсетуі тиіс. Институттар мемлекеттік органдарға даму бағдарламаларын әзірлеуде, сұранысты болжауға,  жобаларды анықтау мен бағалауға және жолаушы мен жүк көлігінің қызметін қамтамасыз етуге байланысты басқа  да мәселелерді шешуде жәрдем көрсететін болады. 

 

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР:  

 

республиканың көлік жүйесін инновациялық дамытудың  негізіне көлік саласындағы өз ғылыми әлеуетімізді дамыту алынуы тиіс;

көліктің барлық түрлері үшін кәсіби кадрлар даярлау  көлік жүйесінің дамуынан озыңқы, жұмыстың жаңа әдістерінің енгізілуі  және жаңа технологиялардың енгізілуін ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. 

 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ  АКЦЕНТТЕР: 

 

көлік саласындағы  ғылыми мекемелерді дамыту және ауқымды  зерттеулерді ынталандыру;

мемлекеттік қызметшілер мен көлік қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;

Информация о работе Стратегияның негізгі бағыттары