Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту
Реферат, 05 Декабря 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Кәмелетке толмаған адамды 18 жасқа толған адамның қылмыстық іске тартуы және қылмыс құрамы ретінде қарастырылады.
Қылмыстың тікелей объектісі-кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары болып табылады. Қылмыстың жәбірленушісі-18-ге толмаған адам, яғни кәмелетке толмағандар. Қылмыс объективтік жағынан алғанда әр түрлі әдістер қолдана отырып кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту арқылы жүзеге асырылады.
Прикрепленные файлы: 1 файл
КІРІСПЕ.docx
— 26.38 Кб (Скачать документ)Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлы адам кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі өзінің құқықтық міндеттерін орындамағанын, оларға қатал қарағанын сезеді және сол әрекеттерді істеуді тілейді. Қылмыстың субъектісі арнаулы:
- кәмелетке толмаған баланың ата-анасы;
- кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жолындағы міндеттер өзіне жүктелген өзге де адамдар, атап айтқанда-бала асырап алушылар, қамқоршылар немесе қорғаншылар;
- кәмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оқу, тәрбие, емдеу немесе өзге де мекеменің қызметкерлері, орта мектептердің, кәсіптік-техникалық оқу орындарының, мектеп-интернаттардың және қиын балаларды тәрбиелейтін тәрбие мекемелерінің педагогтары, аурухана қызметкерлері ж.т.б.).
Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау (138-бап)
Қылмыстық құқықтағы бұл бап мүлдем жаңа құрам болып табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі-балалардың
өмірі мен денсаулығының
Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын
теріс пайдалану (139-бап)
Қылмыстың объектісі-қамқоршы
немесе қорғаншы тағайындалған
баланың денсаулығы, дұрыс тәрбиесі,
сондай-ақ олардың материалдық
Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын)
асыраудан әдейі жалтару (140-бап)
Қылмыстың объектісі-еңбекке жарамсыз жұбайдың материалдық мүддесі.
Еңбекке жарамсыз деп зейнеткерлік жасқа жеткен, аурулығы немесе басқадай зақым алуы бойынша еңбек қабілетін жоғалтқан жұбайды айтамыз. Объективтік жағынан қылмыс сот шешімі бойынша еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) асырауға қаражат төлеуден 3 айдан астам әдейі жалтару арқылы жүзеге асырылады. Жұбайының еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж екенін сот шешеді. Осындай мұқтаждық бар, оны асырауға екінші жұбай (әйелі немесе ері) міндетті деп тапса, сот шешімі бойынша кінәлы адам оны некеде тұрғанына немесе некеде тұрмағанына қарамастан асырауға міндетті. Сот шешімін 3 ай бойы себепсіз төлеуден жалтарса, онда ол әдейі жалтарғандық деп табылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі-еңбекке жарамсыз жұбайын сот шешімі бойынша асырауға міндетті екінші жұбай.