Қазақстандағы заң білімінің қалыптасу және даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 18:56, контрольная работа

Краткое описание

Заң – қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын құқықтық акт.

Прикрепленные файлы: 1 файл

контрольная гражданское право.doc

— 172.00 Кб (Скачать документ)

Маман-цивилист шетел  азаматтық құқығымен қоса халықаралық жеке құқықты да оқып-үйренуі керек.

Халықаралық жеке құқық  дегеніміз мемлекеттік жеке ішкі заңдарын, халықаралық шарттар мен  әдет-ғұрып нормаларымен біріктіретін кешенді құқықтық жүйе болып табылады. Бұл жүйе коллизиялық-құқықтық және материалдық-құқықтық әдістемелерге сүйене отырып, халықаралық сипаты бар қатынастарды, яғни мүліктік және жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды реттейді.

Халықаралық жеке құқық  азаматтық-құқықтық сипаттағы әрі мүліктік, әрі жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды қамтитын болғандықтан, мемлекеттің ішкі азаматтық құқығымен ұштасады.

Екінші жағынан алып қарағанда, халықаралық жеке құқық  құрамында әртүрлу халықаралық  элементтері бар халықаралық  жария құқыққа ұқсайды. Халықаралық жеке құқық тұрғысында қолданылатын «халықаралық» терминнің халықаралық жария құқығының сондай терминінен ерекшелігі болады. Ол белгілі бір жағдайларда азаматтық құқықтық сипаттағы қатынастардың мемлекеттік ішкі құқықтық сипаттағы қатынастардың мемлекеттік ішкі құқықтық жүйесі шеңберінен шығып шетел құқығын, сондай-ақ әдет-ғұрып нормаларын қолдану мүмкіндігін туғызады.

Халықаралық жеке құқық  мынадай негіздерге жүгінеді: мемлекеттің  ішкі заңдары, халықаралық шарттар, халықаралық әдет-ғұрып.

Халықаралық жеке құқық «тараптардың ерік дербестігі» деп аталатын арнайы принциппен сипатталады, яғни бұл талаптардың өздерінің қатынастарына қолданылуға тиісті құқықты таңдау туралы келісімдерінің нормаларын біріктіретін институт дегенді  білдіреді.

Халықаралық жеке құқықтың нормаларын коллизиялық, шиеленісті, сілтеме жасау немесе құқық қолдану деп атау дәстүрі бар.

Бүгінгі таңда ілемдегі әрбір мемлекеттің өзіне тән  құқығы бар. Қандай елде болмасын, құқық  жүйесі аясындағы азаматтық құқықтың орны айрықша. Француз ғалымы Рене Давид азаматтық құқыққа мынадай анықтамасын берген: «Нағыз құқық – жеке құқық болып  қала береді, заңгерді қалыптастыру тек азаматтық құқықты оқып-үйрену арқылы ғана болуы мүмкін».

Әдетте, құқықтық жүйелер: роман-герман құқығы, «жалпы құқық» және социалистік құқық болып үш топқа бөлінеді. Айта кету керек, мемлекеттік емес қауымдастықтың өз құқығы болады, айталық, оған канон құқығы, мұсылман құқығы, индустар құқығы жатады. Сондай-ақғ бүкіләлемдік немесе аймақтық көлемде мемлекетаралық және сыртқы сауда қатынастарын реттеуге арналған халықаралық құқық та бар.

Азаматтық құқықтану, яғни мұсылмандардың азаматтық жалпы  тұрмыс-тіршілігіне қатысты қағидаларды, ережелерді, заңдарды қамтиды және ол үш кітаптан тұрады. Бірінші кітабында міндеттеме, келісім және оның іске асырылуына қатысты екі жақты өзара міндеттейтін шарттары қаралса, екінші кітабында екі жақтың міндеттелуін талап етпейтін, тек бір жақтың ықыласына негізделген азаматтық істер мен келісімдер, ал үшінші кітабына барлық мұсылмандар тарапынан сақталып, әрі орындалуға жататын заңдастырылған қарар, шешімдер кіреді. Олар күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты қағида-ережелер, куәлік беру, мұрагерлік, қылмыстық істер, сот міндеттері т.б. болып бөлінеді. Баршамызға белгілі қазақтар исламның бір ағымы суннизм жолын ұстаған. Қазақ халқы сенімді түрде өздерін мұсылманбыз деп есептегенмен, бірақ шариаттың талаптары қазақтардың әдет-ғұрып нормаларын ығыстыра алмаған. Айта кететін жайт, ІХ ғасырдан бастап лифат заң мектебі «оның негізіг салушы Абу Ханифат есімімен аталады) оны мұсылман дініне лайықтауға күш сала тұрса да, қазақтың бұрынғы әдет-ғұрып нормалары қала берген.

Азаматтық құқықтың негізгі  дерекнамалары: заң, әкімшілік құжаттар, сот тәжірибесі (прецеденттер), әдет-ғұрыптар және халықаралық келісімдер болып табылады. Мысалы, роман-герман жүйесі қолданылатын елдерде, заң басты рөл атқарады (қаң құқығы). Бұл елдерде ең жоғары заң сатысында тұрған азаматтық, сауда және т.б. кодекстер дер едік. Ал англо-американдық құқықты қолданатын елдерде сот шешімдері (прецеденттер) басымырақ.

Роман-герман құқық жүйесі таралған елдерде судья заңға қатаң түрде бағынады және ол ең алдымен заң негізінде шешім қабылдауға тиіс. Демек, судья талаптан ешқандай бұлтара алмайды. Мәселен, заңда түсініксіздік не ақау болған жағдайдың өзінде де, оның норманы ойлап табуына хақысы жоқ. Мысалы, Франция Азаматтық Кодексінің бесінші бабына сәйкес іс бойынша тек заңға сүйеніп отыру міндеттелген, ал жалпы өкім түрінде шешім шығаруға тыйым салынған.

Азаматтық құқық жүйесінде  заңдардан басқа әкімшілік құжаттар да үлкен рөл атқарады. Мұндай құжаттардың болуының себебі, ол коммерциялық салаға мемлекеттің араласуымен тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет өзіне берілген өкілеттіке орай үкімет шығаратын заң орнына жүретін нормативтік құжаттарға ереше маңыз берген. Кез келген әкімшілік құжат заңға сүйенеді және оған бағынуға тиіс, бірақ кейбір кездерде тәжірибеде бұл жүзеге аспай қалып жүр. Көбінесе әкімшілік құжаттар заңдарды өзгертіп немесе теріске шығаратын жағдайлар да кездеседі. Екінші жағынан алғанда, әкімшілік құжаттарда азаматтыққ құқықтан туындайтын диспозитивтік нормалар барынша императивті нормалар болып кете береді.

Барлық елдерде де азаматтық құқықтың негізінің бірі әдет-ғұрып болып табылады. Әдет-ғұрыптың белгілері: көнелілік, үзілмеушілік, жалпы бейбіт тұрғысынан пайдалану, міндеттеу күші, айқындылық, басқа да жергілікті әдет-ғұрыппен үйлесімдік, даналық.

Англо-саксондық құқық тараған  елдерде сот шешімі «прецедент – үлгі іс айқындаушы түтұа болып табылады. Оның себебі, ағылшын «жалпы құқығы» көбіне-көп әдет-ғұрып құқығынан бастау ала отырып қалыптасқан. Прецеденттік құқық «судьяның шешім шығару процесі кезінде пайда болатын және қолданылатын нормалары мен принциптерінен тұрады». Құқықтың аталған нысаны үшін құқық пен прецедент доктринасының (ілімінің) – дерекнамасы ретінде іс бойынша (дау), сот шешімі маңызды рөл атқарады. Ағылшын прецедент доктринасының (ілімінің) негізгі принципіне келетін болсақ, ол жоғары тұрған соттың ұқсас іс бойынша шығарған шешімі төмендегілерінің шығарған сот шешімі үшін міндетті үлгі болады. «Сот шешімі» ұғымын «прецедент» ұғымымен тең қоюға болмайды. Прецедентке екінші инстанциядан және одан жоғары шешімдер қатысты келеді (Англия).

Ағылшын құқықтық доктринасы прецеденттерді міндетті күші бар (міндетті прецеденттер) және сендіруші күші бар (сендіруші прецеденттер) прецеденттер деп бөледі. Бұл орайдағы негізгі ерекшеліктер міндеттілік прецедентіне арқа сүйеу міндетті, ал сендіру прецеденттің есепке алынуы, не алынуға тиістілігімен көрінеді.

Мұсылман құқығының нормалары исламды қабылдаған халықтардың әдет-ғұрып құқық нормалары мен мазмұны жағынан көбіне-көп сәйкес келеді. Соның нәтижесінде құқықтық реттеудің ыөпалы барынша қатты сезіледі.

Шетел мемлекеттерінің  азаматтық құқығында заңмен байланыста қолданылатын әдет-ғұрып құқығының: заңға толықтыру ретінде, дербес қолданылуы, заңға қарсы қолданылуы тәрізді үш тобы бар. Алғашқы екі топ заңның осал тұстарын толықтырып, кемшілік тұстарын түзейді. Үш топ заң нормаларын теріске шығарады немесе оны өзгертуді талап етеді.

Әдет-ғұрыпты құқықтың дербес дерекнамасы ретінде қолданатын бірқатар елдер бар. Мәселен, Индияның «Неке туралы» заңының үшінші бабына сәйкес, үнділердің неке қатынасына әдет-ғұрып нормалары ұзақ уақыт бойы қолдануда.

Адаттың нормалары да дербес  қолданылады. Адат пен ислам елдерінің, мұсылман халықтарының әдет-ғұрып нормаларының жиынтығын айтады.

Шет елдердің азаматтық  құқығында негізінен сауда мәмілеріне қолданылатын, яғни олардың қатынастарын реттейтін ғұрып (обыкновение) деп  аталатын ұғым бар. Ғұрып пен әдет-ғұрыптың бір-біріне ұқсайтын жерлері кездеседі. Ғұрып та әдет-ғұрып тәрізді сипат алып, сауда жүйесінде тұрақты не ішінара қолдануға жатады. Сонымен қатар ерекшеленеді десек, оның айырмашылығы ғұрып құқықтың дерекнамасына жатпайды, ал әдет-ғұрып құқықтық дербес дерекнама бола береді.

Ғұрып, мәселен, «Инкотермс-90 (халықаралық терминдер жинағы) жинағында, Варшава-Оксфорд СИФ мәмілелер ережелерінде және басқа құжаттарда келтірілген. Әдет-ғұрып пен ғұрып арасында нақты шекара жоқ екендігін айта кеткен  жөн, өйткені, ғұрып әдет-ғұрыпқа айналып кетуі де мүмкін.

Дамыған елдердің құқықтарының дерекнамасы туралы айта келіп, қазіргі  кезде азаматтық құқықтардың  нормаларының, сондай-ақ басқа да институттарының бір-біріне жақындасу, үйлестірілу ағымы жүріп жатқанын байқауға болады. Мәселен, Еуропа Одағының заңдар жүйесі мынадай төрт еркіндікке негізделген, олар ауылшаруашылық және өнеркәсіп тауарларының емін-еркін алмасуы, жұмыс күшінің емін-еркін алмасуы, қызмет көрсету еркіндігі, қаржы-қаражат пен төлемдердің емін-еркін түрде ауыстырылуы. Осы принциптер Еуропа Одағына мүше елдердің заңдарына енгізілген. Үйлестіру, біріктіру халықаралық сауда құқығын ЮНСИТРАЛ БҰҰ-ның мандатымен үйлестіру ісі, бір ырғаққа келтіру жағдайын қарастырып отыр. Мәселен, тауарларды халықаралық сату-сатып алудағы талап қою мерзімі туралы Конвенция, Теңіз жүктерін тасымалдау туралы Конвенция және т.б. бар.

Халықаралық коммерциялық және қаржылық практикадағы қолданылатын әдет-ғұрыптарды жүйелеудің маңызы  зор болып отыр. Мысалы, Инкассо бойынша үйлестірілген әдет-ғұрыптар мен ережелер 1978 жылғы жүргізген редакциясын айтуға болады. Сондай-ақ, халықаралық сауда тәжірибесінде қалыптасқан әрі қолданылатын табиғаты жағынан халықаралық әдет-ғұрыпқа келетін сауда терминдерін түсіндіруге орай жасалған Халықаралық терминдер жүйесін де (Инкотермс) де мысал ретәнде келтіре кетуге болады.

Инкотермсті қолданғысы келген жақтар өздерінің келісілген шарттарында бұл жөнінде көрсетуі тиіс. Инкотермстің 1990 жылғы жасалған нұсқасында халықаралық коммерциялық тәжірибеде колданылатын контрактылардың он үш үлгісі бар. Мұндай контракт түрлерін бір-бірінен айыруға базистік терминдер (мәселен, СИФ, КАФ, т.с.с.) мүмкіндік береді. Базистік жағдайлар (терминдер) тауарды тасымалдауы және сақтандыруды, тауарға меншік құқығы алмасуын, тауардың кездейсоқ бүлінуі мен қауіпін, сондай-ақ сатушының тауарды сатып алушыға өткізуін қамтиды. Контрактылардың базистік жаңдайлары сатушы мен сатып алушының құқықтары мен міндеттерін қалай үйлестіруге болатындығын белгілейді.

Енді кейбір дамыған мемлекеттердің азаматтық құқығының негіздеріне тоқталайық.

Француз азаматтық құқығының  нормативтік негізін оның Азаматтық  кодексі «Наполеон кодексі деп  те атайды) құрайды. Рим құқығы мен 1978 жылы болған Ұлы француз революциясының идеяларын өзіне арқау еткен бұл кодекс 1804 жылы 21 наурызда күшіне енген болатын. Кодекс кіріспе титулынан және үш кәтаптан тұрады. Оның бірінші кітабында жеке тұлғалардың және отбасы құқығының кейбір нормалары қамтылған. Екінші кітап заттық құқыққа арналған, ал үшіншісі – мұрагерлікке, міндеттемелік құқыққа және талап қою мерзіміне байланысты мәселелерді қамтиды. Айта кету керек, алғашқы нұсқасынан бүгінде жүзден аса баптар алынып тасталған, тоғыз жүздейі қайта қаралған. Оған қоса үш жүздей бап жаңадан қосылған.

1807 жылы қабылданған Сауда кодексі Францияда әлі қолданылуда, оның өзі төрт кітаптан тұрады. Онда Жалпы сауда, теңіз саудасы, дәрменсіздікті сотпен реттеу және оны ақтау, сауда, юрисдикция туралы айтылған.

ФРГ азаматтық құқығының  басты дерекнамасы 1896 жылы 18-тамызда қабылданып, 1900-жылғы 1-қаңтардан бастап күшіне енген Германия Азаматтық заңдар жинағы болып табылады. Ол пандект жүйесі бойынша құрылған және жалпы бөлім, міндеттемелік құқық, заттық құқық, отбасы және мұрагерлік құқық деп аталатын бес кітаптан тұрады.

1900-жылғы 1-қаңтардан бастап  (1897 жылы 10-мамырда бекітілген) Германия сауда заңының жинағы (Сауда сословиесі, Сауда серіктестігі, сауда мәмілесі, теңіз құқығы деп аталатын төрт кітаптан құралады) қолданыла бастады. Германия осы айтылған жинақтардан басқа да азаматтық құқық қатынастарын реттейтін көптеген заңдар бар екендігін айта кеткен жөн.

Англия әлі күнге  дейін не азаматтық кодекс, не сауда кодексі жоқ. Ағылшын азаматтық құқығы король соттарымен құрылып, азаматтық дауларды қарайтын кезде жергілікті әдет-ғұрыпқа сүйенеді. Бұл төменгі тұрған соттар үшін ұқсас істер қарағанда, яғни шешім шығарарда олардың шешімдері (прецедент) міндетті болып табылады. Прецедент дегеніміз кейінгі істер үшін үлгі немесе ереже ретінде алынатын немесе алынуы мүмкін үлгі немесе іс болып табылады. Оның көмегі қандай да бір ұқсас құжат,жағдай бекітілуі немесе жариялануы мүмкін.

Англияның құқығын Сату туралы (1979ж.), талап қою (1980ж.), мүлікті табыстыру мен қызмет (1982ж.), компаниялар (1985ж.) туралы және т.б. заңдар құрайды. Бұл мемлекет те Еуропаның басқа елдері сияқты Еуропа Қауымдастығына кіретін басқа да еуропалық мемлекеттердің құқығы тәрізді оның мәртебелі құқығына Еуропа Қауымдастығының ықпалы болатыны түсінікті.

 

Қазақстан Республикасының  саяси құқықтық ағымының азаматтық құқықты нарықты экономикаға бейімдеуге бағытталғаны белгілі. Бұл орайда азаматтық құқықтың қандай болуы керектігіне жауап беруге жіне қандай  талаптар дәрежесінен көрінуі керектігі мәселелері күн тіртібінде тұр.  Атап айтқанда, құқықтың қандай идеалын түпнұсқа ретінде алу керектігі шешімін күтер мәселе. Мысалы, оған лайық экономика мүддесі ме, табиғи құқық па, «жөні түзу» құқық әлде ұлттық идеал немесе инд ивидуализм бе? Бұл сұрақтарға жауап әзір табыла қойған жоқ.

Еліміздің қазіргі азаматтық құқығы мынадай: әлеуметтік әділеттік, азаматтық құқықты әлемдік деңгейге көтеру және нарықтық қатынастарды дұрыс реттеу тәрізді ағымдармен сипатталады.

Әлеуметтік әділеттілік  орта буындағы тапты қорғауды талап  етеді. Алдыңғы қатарлы азаматтық  заңдар (мәселен, неміс немесе швейцария заңдары) экономикалық жағынан  әлсіздерді қорғауға бағытталған. Әлсіздерді қорғау арқылы ауқаттылар мен кедейлер арасындағы күресті жұмсартуд ы мақсат етеді. Демек, экономика - әлеуметтік деңгейі орташа адам мен экономикалық жағдайы жақсының. Сол орташа адам мен экономикалық жағынан әлсіз адамның арасындағы мүдделердің тоғысу нормаларын жасап шығарды. Әлеуметтік әділеттілік азаматтық құқықтың социалистік жүйесінде де өзіндік орын алды. Біздің қазіргі азаматтық құқығымыз күннен күнге тұлғаның дербестігінің өсуін қамтамасыз етуде, ал осы өсудің нәтижесінде жеке тұлғаның жалпы мүддеден шектеулі қатар жүріп келеді. Айталық, қазіргі азаматтық құқықтың негізгі – еркін бәсекелестік, соның арқасында жеке адамды заң тұрғысынан қорғау шаралары күшейді: мәселен, моральдық залалды қалпына келтіру, шетелдіктердің құқықтарын қорғау, есімді қорғау құқығы және т.б. Ал екінші жағынан алып қарағанда, «істкерлік, парасаттылық» принциптері пайда болуда, яғни өзгенің мүддесімен санасудың үлкен қажеттілігі туындауда. Сонымен қатар, экология үшін жауапкершілік, сатып алушының құқығын қорғау және т.б. мүдделіктер күшеюже.

Информация о работе Қазақстандағы заң білімінің қалыптасу және даму тарихы