Қазақстандағы заң білімінің қалыптасу және даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 18:56, контрольная работа

Краткое описание

Заң – қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын құқықтық акт.

Прикрепленные файлы: 1 файл

контрольная гражданское право.doc

— 172.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

ЖОСПАРЫ:

 

І. Қазақстандағы заң білімінің қалыптасу және даму тарихы.

ІІ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқық ғылымы.

ІІІ. Азаматтық құқық ғылымын зерттеу үрдісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қазақстандағы заң білімінің қалыптасу және даму тарихы.

 

Заң – қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының көзделген түбегейлі  принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын құқықтық акт.

Азаматтық құқық ғылымының аясын зерттеуді Қазақстандағы заң білімінің тарихынан бөліп қарауға болмайды.

Ал осы азаматтық  құқық ежелден келе жатырған ата  бабамыздың қабылдаған заң-ережелерінің жалғасы.

Қазақстан тарихында  әдет-ғұрыптың алатын орны ерекше. Қазақтың заңгер ғалымдары С.Зиманов және Н.Өсеров былай дейді: «Үш жүзден тұратын қазақтарды тарих бетіне шығарды. Сонымен   бірге өзіне тән ерекшеліктері бар қазақ әдет-ғұрып заңдары да қатар өмірге келді.

Мәселен ежелгі қазақ  заңдарында бүгінгі біз құрып  жатырған халықтық билік-демократия айқын көрініс тапқан. Өлім жазасын хандар емес, негізінен халық шешкен. Хан билігі орта ғасырлардағы Батыс елдеріндегідей абсолютті монархия сияқты патшалар мен корольдердің шексіз билігі түрінде болмаған. Барлық мемлекеттік маңызды мәселелер Хан кеңесі түріндегі халық арасынан шыққан аса беделді адамдардан құралған ақылдастар алқасымен кеңесе отырып шешілген. Өлім жазасы аса ауыр қылмыстарда болмаса, көбіне даулы істер айыппұл арқылы шешімін тауып отырған құқық саласындағы ізгілендіру саясатының көрінісі емес пе.

Әз Тәуке ханның шығарған «Жеті жарғысында» әкімшілік, қылмыстық, азаматтық, отбасылық, құқықтармен  қоса алым-салық, дін мәселесі сияқты сол тұстағы қоғамдағы барлық мәселелер түгел қамтылады. Заңда қазақтың сол кездегі әдет-ғұрпы, салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі түгел көрініс тапқан. Қазақ көзі тірі кезінде балаларын үйлендіріп, мал-мүлкін теңдей бөліп беріп отырған. Осыған орай мұрагерлікке байланысты даулар онша көп болмаған. Яғни шетелдердегі сияқты ағайын адамдар мұраға таласып қырық пышақ болып тартысып жатпаса, бұл сол тұстағы заңдар мен ұлттық дәстүріміздің жемісі екендігі анық. Сондай-ақ «Жеті Жарғы» көрініс тапқан отбасылық құқыққа қатысты әмеңгерлік құқығы да сол кездегі қазақ қоғамы үшін мағызды болғандығы даусыз жай. Жесірі мен жетімін далаға тастамау қазақ қоғамының беріктігі мен имандылығын, тұтастығын сақтауға игі ықпал еткендігін айқындайды.

Исламға дейінгі түркі  тілдес халықтарының құқықтық ерекшеліктерінің бірі қатарын қазақ билер сотының жүйесінде көруге әбден болады. Өйткені, Қазақ халқы көшпелі дала мәдениетінің соңғы өкілдері болып табылады. Осы мәдениеттің өкілі болған түркі халықтарының  көбісінің ерте кезден отырықшылдыққа өтіп қала мәдениетіне ауысып кеткені белгілі. Оларда көшпелі дала мәдениетінің көптеген ерекшеліктері жойылып ұмыт болып кеткенде, қазақтар арасында көптеген белгілері сақталып қалды. Осындай белгілердің бірі – билер соты. Билер сотының түп-тамырының жыл санауымыздан бұрынғы және кейінгі дәуірлерде өмір сүрген сақ, ғұн, түрік қағанаты сияқты көне түркілерден бастау алатыны белгілі.

Кеңес дәуірінде де әдет-ғұрып құқықтың дерекнамасы деп саналды. Азаматтық кодекстің үшінші және тқртінші тармағына сәйкес азаматтық қатынастар, егер әдеттегі құқықтар, Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін.

Ю.Г.Басиннің пікірінше, Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіндегі әдет-ғұрып мүліктік немесе өзіндік жеке қатынастар жайында жалпы түрі жағынан азаматтық-құқықтық реттеуде сол тұрғындардың жергілікті жердегі немесе этникалық топтардың қалыптасқан дәстүр ережесі деп түсіндіріледі. Іскерлік қызмет өрісіндегі әдет-ғұрып деп кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қалыптасқан ережені айтады. Мысалы, әртүрлі мемлекеттердегі  сатушы мен сатып алушы арасындағы сатып алынған тауарды жеткізу шығындарын бөлу туралы мәселені айтуға болады.

Ю.Г.Басин Азаматтық  кодекстің үшінші бабы заңға немесе шартқа қайшы келмесе, әдет-ғұрыпты (іскерлік өрісіндегі әдеттер) қолдануға болады деп  тұжырым жасайды.

Ғылыми зерттеудің қайсысы  болмасын, ұқсастық пен айырмашылықтарды саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін  объект белгілі бір уақыт аралығын қамтитын болса, оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай жүргізіледі. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы заң білімінің дамуы барысын мынадай бес кезеңге бөлуге болады, яғни көне дәуірдегі заң, дербес Қазақ хандығының заң білімі, патшалық Ресейдің отары болған кездегі заң білімі, социалистік заң білімі, ұлттық заң білімі.

Қазақстандағы заң білімі мен құқықтану, оның ішінде Азаматтық құқық ерекше тарихи сипатқа ие десек қателеспейміз. Өйткені, Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзге мемлекеттің құрамына еніп, яғни оның құрамдас бөлігі болып саналды. Соның салдарынан заң білімі мен құқықтануы өз тізгініне өзі ие бола алмағаны да тұсінікті. Ұлттық юриспруденцияға ең алдымен бөгде елдің ғылымы дәрежесіне көтерілу міндеті тұрды. Міне, сондықтан даұлттық азаматтық құқықтың ғылыми тұрғыдан дамуы орыс азаматтық құқықығының тағдырымен тығыз байланысып жатыр. Әділіне жүгінсек, орыс цивилистикасы өзінің ықшамдылығымен, кереметтей қарапайымдылығымен азаматтық құқық теориясын сомдап берді. Дәл қазір де ол ұлттық цивилистиканы азаматтық құқықтың биік шығына көтеруде оң әсерін тигізуде. Егеменді Қазақстанға бүгінгі талапқа толық жауап беретін азаматтық құқық ғылымын қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр. 

Тарихқа жүгінсек, қазақ халқы өз алдына ел болып, дербес мемлекет құрғалы бірнеше күрделі заң жинақтарын қабылдаған. Мұндай заң құжаттары туралы сөз болғанда алдымен ХVІ ғасырдың бірінші ширегінде Қасым хан дәуірінде қабылданған «Қасым ханның қасқа жолын» жатқызуға болады. ХVІ ғасырдың басында «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңдар жинағын билік құрған Есім хан шығарғаны тағы белгілі. ХVІІІ ғасырдың басында Тәуке хан тұсында атақты «Жеті Жарғы» қабылданды. Бұл құжат аты айтып тұрғандай жеті саланы, атап айтқанда, жер дауын, жесір дауын құн дауын, бала тірбиесі мен неке қатынасын, қылмысқа жауапкершілікті, ру аралық дауды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қамтиды.

Мысал келтіретін болсақ, Жер дауы белгілемелер, қазақ ұлты ру-ру бойынша қанаттас көшіп қонады. Көктеулік, жайлау, кұздеу, қыстаулық жерлерде рулар ішінде қонысқа таласу кезігіп отырған. Жер туралы белгілемеде қонысқа кім бұрын қонса, жер ошақ қазып кұл төксе, қоныс сол адамдікі. «Алдымен қонғандар қоныс алса, соңғы қонғандар өріс алады» дейтін сөз содан қалса керек.

Егіндік жерлерге кім  еңбек етіп, тоған қазып су шығарса, жен сонікі, басқалар таласпасын, бастау, бұлақ суларын кім бұрын тауып көзін ашса, иегерлік ету сол адамда болады. Біреудің меншіктенген жер-суына, қонысына таласуға болмайды. Егер зорлық істеп тартып алушылар болса, оның кім болуына қарамай, тартып алған, қорлық етіліп алған жер-суын қайтарып берумен бірге, қорлығының сипатына қарай айыпқа кесіледі.

Бұл заң құжаттарының бәрі де сол заманның қажеттілігінен дүниеге келгені сөзсіз. Өкінішке орай, мәселенің байыбына бармай тұрып, Қазақстанда құқықтық мәдениет болғанына күмән келтірушілер де кездеседі. Тіпті әлі күнге дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен академиялық еңбектерде ұлттық құқықтың кенже қалғанын дәлелдеп бағуға тырысушылық байқалады, тегінде құқықсыз мемлекет болуы мүмкін емес, өйткені онсыз жария-құқықтық реттеу мүмкін еместігі түсінікті жәйт.

Кезінде Ресейдің отары  болған Қазақстанда арнайы жоғары заң  білімін беретін оқу орындарының  неліктен болмағанын тәптіштеп айтып  жатудың өзі артық болар. Ол кезде  қазақтар үшін жоғары білім алду таптық және топтық тұрғыдан алғанда мүмкін емес болған. Сонымен қатар талапкерлердің оқуға қыруар қаржы жұмсау керектігі тағы да қолын байлады. Мәселен, орыс университетіне түсу үшін жиырма бес сом жарна талап етілді, содан кейін лекция тыңдауға, сынақ, емтихан тапрсыруға және тағы да басқа төлемдер төлеу керек болды. Тек ауқатты адамдардың балалары ғана Ресей университеттерінде заң білімін ала алды.

Осы арада мына бір  жағдайды айта кеткен жөн, Қазақстан  отар болуды бастаған, яғни 1731 жылғы 19 ақпаннан ақ патшалық Ресей қазақтардың құқықтық жүйесіне өзінің заңын енгізуді қолға алды. Қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын қалайда өзгертуге патша өкіметі жанын салып бақты, сөйтіп орыс мемлекетінің құқық нормалары оның орнын біртіндеп баса берді. Ақырында отаршылдық саясат өз дегенін істеп, айтқанға көндіріп, айдауға жүргізе білді. Дейтұрғанмен қоғамның құқық өмірінің кейбір салаларында орыс зағы мен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтары тоғысты. Демек, қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын түбірімен өзгертемін деген патша өкіметінің пиғылы жүзеге аса қойған жоқ, соған байланысты Қазақстанда екі құқық жүйесі де қолданылып келді.

Кешегі социалистік  дәуірде заң білімін беру Мәскеу, Ленинград және басқа қалаларда  жүзеге асты дегенімізбен, онда ұлттық кадрларға бөлінетін орын шектеулі еді. Бірақ заман өз талабын алға тартты, нәтижесінде жоғары оқу орындары мен факультеттер шет аймақтарда құрыла бастады. Айталық, 1923 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетінде құқықтық бөлімшесі бар қоғамдық ғылымдар факультеті ашылып, онда бірқатар қазақ жастары оқуға мүмкіндік алды. Ал Қазақстанда тұңғыш рет заңгер кадрлар дайындау курсы 1926 жылы Қызылорда қаласында ашылып, кейін ол екі жылдық заң мектебіне айналды. Кейбір үзілістеріне қарамастан бұл оқу ошағы 1954 жылға дейін заңгерлер дайындады.

Қазақстанда жоғары заң білімін дамытуға 1931  жылы 20 сәуірдегі қабылданған РСФСР Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінің «Кеңес құрылысы қызметкерлерінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі шаралар туралы» қаулысы үлкен мән бергенін айтпасқа болмайды. Аталған құжатта институттың кеңестік құқық және кеңестік құрылыс деп аталатын екі түрін құру көзделді. Осы қаулы негізінде 1932 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚАКСР) Орталық Атқару Комитеті (ОАК) жанынан республика кеңес аппаратына кадрлар даярлау үшін алты айлық курс ұйымдастырылды, кейінірек ол бір жылдық курс болып қайта құрылды.

Осы курстардың негізінде 1933 жылы 17 мамырда Қазақ АКСР ОАК-нің Төралқасы қаулысымен кеңес құрылысы институты құрылып, 1934 жылы 1 қаңтарынан жұмыс істей бастады. Республикамызда жоғары білімді заң кадрларын даярлау, міне, осы  сәттен басталды.

Кеңес құрылыс институты мемлекеттік  аппаратқа кәсіби білікті мамандар даярлауға тиіс болды. Оқу мерзімі  онда үш жыл, ал жұмысшылар факультетінде  екі жыл болып бекітілді. 1934 жылы 23 қазанда Каз АКСР ОАК-нің Төралқасы  қаулысымен институт құрамында заң бөлімі ашылуына байланысты сот жіне тергеу органдары үшін кадрлар даярлана бастады.

1934 жылы 1 наурыздағы мәлімет бойынша институтта 88 адам, жұмысшылар факультетінде 87, ал дайындық курсында 103 адам оқыды. Алғашқы кезде институтта – 10, жұмысшылар факультетінде 7 оқытушы жұмыс істеді. Ұлттық құрамына келетін болсақ, олардың 5 орыс, 3 қазақ, 1 татар, 1 неміс болды.

Институтта ол кезде  әлеуметтік-экономикалық (кафедра меңгерушісі Ш.Х.Сакаев), тарих (кафедра меңгерушісі А.П.Чижов) және мемлекеттік құқық (кафедра меңгерушісі Н.И.Кондратьева) деп аталатын үш кафедра жұмыс істеді. Шын мәнінде кафедралардың бірде бірі әдістемелік және ғылыми зерттеумен айналысқан жоқ.

Әрине, институттың құрылуы кеңес құрылысына республикадағы заңгер кадрлар даярлауда айтарлықтай рөл атқарды.  Бірақ мамандарды даярлау жүйесі ол кезде нақты айқындалмаған еді, сондықтан сот-тергеу кадрларына деген күн сайын өсіп тұрған сұранысты бұл институтында пәндердің шамадан тыс көп болуына байланысты заң ғылымы өз дәрежесінде дами алған жоқ.

1935 жылы 5 наурызда ҚСРО Халық комиссарлар Кеңесінің және ОАК-нің «Құқықтық білім беруді кеңейту және жақсарту шаралары туралы» қаулысы қабылданды, онда төрт жылдық мерзіммен заң институттарын ашу қарастырылды, сондай-ақ аудандарда жұмыс істейтін заңгер-қызметкерлерді қайта даярлаудан өткізетін тұрақты курстар құру, бір жылдық құқықтық мектеп ашу, кейін оны екі жылдыққа көшіру жоспарланды. Осы қаулыны одан әрі жетілдіре түсу мақсатында 1938 жылы 28 сәуірде Қазақ КСР Халық комиссариаты Кеңес құрылысы институтын Алматы заң білімін беру ісінің нағыз орталығына айналды. Институттың директоры болып доцент Д.В.Кузнецов тағайындалды.

1938 жылы 15 мамырда Алматы заң институтында 14 адам ұстаздық етті, оның ішінде 2 доцент, 12 оқытушы болды, дәлірек айтсақ жұмысшылар факультетінде 6, дайындық курсында 8 ұстаз болды. Ол кезде Институтта дәріс беретін небәрі үш-ақ қазақ бар болатын, аты-жөндерін айта кетсек, олар –  Р.А.Әшкеев (мемлекеттік құқық пәнінен сабақ берді), А.Қайыргелдин (қазақ тілі) және доцент міндетін атқарушы У.М.Балқашов (философия).

1938-39 оқу жылындағы студенттер құрамы мынадай еді: бірінші курста – 150, екінші курста – 75, үшінші курста – 40 адам, ал дайындық курсында 75 адам оқыды. Жасыратыны жоқ, студенттердің ішінде сол кезде қазақтар аз еді жиырма төрт пайыз. Институтта мынадай жеті кафедра ашылды: марксизм-ленинизм (кафедра меңгерушісі Л.В.Олейник), саяси экономия (кафедра меңгерушісі экономика ғылымының кандидаты, доцент  Кузнецов Д.В.), мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы (кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Н.И.Кондратьева), кеңестік мемлекеттік құқық (каф.меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.И.Лепешкин), азаматтық құқық (кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент  А.Н.Агеев), қылмыстық құқық (кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.П.Шаламов), тілдер  кафедрасы (кафедра меңгерушісі, аға оқытушы Р.Л.Зор).

Сол кездің өлшемімен  қарағанда Институтқа әкелінген кітап қоры айтарлықтай еді, бұл орайда Қазан кеңес құрылысы институтының үлесі аз болған жоқ.

Алматы заң институтына  Мәскеуден, Ленинградтан және басқа  қалалардан Т.М.Шаламов, В.А.Хван, В.Н.Маркелов және басқа кәсіби деңгейі жоғары кадрлар жіберілді.

Осындай игі шаралар  нәтижесінде институтта ғылыми-зерттеу жқмыстарын бастауға мүмкіндік  туды. 1940 жылы жергілікті басылымдарда, сондай-ақ «Советская жизнь» журналына ұстаздардың отыз мақаласы жарияланды, бес кітапшасы баспадан жарық көрді, екі жүз студент қатысатын жеті үйірме құрылды.

Жоғары заң оқу орны ашылғанға дейін Қазақстанда  құқықтық зерттеу кенже қалып  келді, құқықтық проблемалар жалпы  тарихи зерттеулер аясында болды. Қазақстандық алғашқы құқықтанушылардың арнайы зерттеулері көбіне-көп Қазақстан мемлекеті мен құқығының пайда болуы, оның дамуы тарихына арналды. Мәселен, Т.М.Культеев қазақтардың- әдет-ғұрып құқықтарын зерттедә, М.Т.Шаламов болса өз еңбектерінде Қазақстандағы кеңес адвокатурасының тарихына мән берді, ал А.В.Якушев Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты тақырыптарды қозғады.

Информация о работе Қазақстандағы заң білімінің қалыптасу және даму тарихы