Азаматтық құқық субъектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 19:04, курсовая работа

Краткое описание

Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық- құқықтық қатынастар орнығады. Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер жасасып құқық субъектісінің тұлғасы деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде ғана құқықтық қатынастарға қатыса алады.
ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетгі — азаматтық құқық субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (иңдивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады. Мұнда әрбір адамның, мейлі ол ҚР азаматы болсын, мейлі басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын, азаматтық құқық субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъектісі деп танылады. Ал ұйым — бұл басқаша жағдай. Ол азаматтық құқықтың субъектісі болуы да, болмауы да мүмкін немесе азаматтық құқық субъектілігі болмауы да мүмкін.

Содержание

Кіріспе 3
1 Тарау Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар — азаматтық құқық субъектілері
1.1. Жеке тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі 5
1.2. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 20
1.3. Азаматарды хабар-ошарсыз кетті және өлді деп тану 24

2 Тарау Азаматтың кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңды тұлға құрмайтын құқық субъектілігі 28

Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

азамат. суб.DOC

— 205.50 Кб (Скачать документ)

Сот адамның  хабар-ошарсыз кетуі фактісін мойындағанға дейін оның мүлкіне қамқоршылық жасау екі жағдайда белгіленуі мүмкін. Біріншіден, қамқоршыны мүдделі адамдардың өтініші бойынша қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдары тағайындай алады. Бұл, мысалы, мүліктің жоғалып кету қаупі төнгенде немесе оны тиісті күйде сақтау қажет болатын кезде істеледі. Екіншіден, АТЖК адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы өтінішті қабылдаған соң қамқоршылық және қорғаншылық жасау органына бұл адамның мүлкін қорғау үшін қамқоршы тағайындауды ұсыну құқығын көздейді.

Мүлікке қамқоршылық тағайындаумен қатар, азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танудың басқа да бірқатар салдары болады. Атап айтқанда, ол берген немесе оған берілген сенімхаттың қолданылуы тоқтатылады (АК-ның 170-бабының 7 және 8-тармақтары). Хабар-ошарсыз кетті деп танылған азаматтың жұбайы онымен қиылған некені азаматтық хал-ахуал актілерін жазу органдарында бұза алады ("Неке және отбасы туралы" Заңның 16-бабының 2-тармағының 1-тармақшасы).[18.29]

Азаматты өлді деп жариялау оның өлімі кезіндегідей салдар туғызады, атап айтқанда, оның мүлкіне мұрагелік ашылады. Адамды өлді деп жариялау туралы соттың шешімі заңды күшіне енген соң азаматтық хал-ахуал актілерін жазу кітабына оның өлімі туралы жазылады да, тиісті куәлік беріледі.

Хабар-ошарсыз  кетті деп танылған немесе өлді деп жарияланған азамат өзінің тұрғылықты жерінде пайда болуы мүмкін немесе оның тұратын жері анықталуы мүмкін. Мұндай жағдайларда сот азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялау туралы өз шешімінің күшін жояды (АК-ның 30-бабы жөне 32-бабының 1-тармағы). Мұнда хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы қабылданған шешім бұзылған адамның мүлкіне қамқоршылық жасау тоқтатылады. Бірақ, қамқоршылардың соттың осындай шешімі шыққанға дейін жасаған мәмілелері өз күшін сақтайды.

Азаматты өлді деп жариялау, егер ол іс жүзінде тірі болып шығатьш жағдайда, оның құқық субъектілігін жоя алмайды. Ал азаматтың оны өлді деп жариялаған сәттегі субъективтік құқықтарына келетін болсақ, мұндай жариялау жойылған соң оның кейбір субъективтік құқықтары қалпына келтірілуі мүмкін, кейбір құқықтарын қалпына келтіру мүмкін емес немесе ол басқа адамдардың мүдделеріне қисыпсыз залал келтіруі мүмкін. Сондықтан АК азаматты өлді деп жариялауды жоюдың оның мүлкіне қатысты салдарын мұқият көрсетеді (АК-ның 32-бабы). Бұл салдардың төмендегі жағдайларға қарай бірқатар өзара айырмашылықтары бар. Біріншіден, мүлік жаңа иесіне тегін өтті ме, өлде ақылы негізде өтті ме? Екіншіден, мүлікті алушы мен мүлікті иеліктен шығарушы адам өлді деп жарияланған азаматтың тірі екенін білді ме?

Өлді деп жарияланған азамат өзінің тірі оралу уақытына қарамастан, кез келген адамнан оған тегін өтіп кеткен, өзінің сақталған мүлкін қайтаруды талап ете алады. Өлді деп жарияланған азаматтың мүлкін ақылы мәміле арқылы алған адам бұл мүлікті қайтаруға міндетті, ал ол жоқ болатын жағдайда — шығынның орнын толтыруға міндетті. Мұнда өлді деп жарияланған азаматтың тірі екенін білген адам мүлікті алушымен бірге оны қайтару немесе құнын өтеу жөнінде ортақ міндет атқарады.

2 тарау Азаматтың кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңды тұлға құрмайтын құқық субъектілігі

 

Азаматтың кәсіпкерлік  қызмет саласындағы занды тұлға  құрмайтын құқық субъектілігі —  бұл азаматттық құқық субъектілігінің  ерекшелігін және маңызын ескере отырып, АК-ның "Азаматтық құқықтардың  субъектілері" деген 2-тарауында арнайы бап арналған бірден-бір саласы.

ҚР Конституциясы 26-бабының 4-тармағындағы әркімнің кәсіпкерлік  қызмет еркіндігіне құқығы бар деген  нормасына сәйкес, АК азаматтар заңды  тұлғалар құрып қана қоймастан, сонымен  бірге занды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы деп белгілейді. Бұл ережеден өзгешелікті заң актілері ғана белгілей алады және ол кәсіпкерліктің белгілі бір саласына ғана қатысты болады. Мысалы, банк саласы қызметімен арнайы занды тұлғалар ғана — банктер айналыса алады.[19.25]

Азаматтардың  занды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік  қызметпен айналысуын АК нормаларымен қатар, Жеке кәсіпкерлік туралы заң  және басқа да бірқатарасқа да бірқатарықтық  актілер реттеп отырады. Егер заңдарда немесе құқықтық қатынастарда өзгеше көзделмесе, онда азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне занды тұлғалардың қызметін реттейтін нормалар қолданылады.

Азаматтардың  кәсіпкерлік қызмет саласындағы  заңды тұлға құрмайтын құқық  субъектілігі, азаматтардың жалпы құқық  субъектілігі секілді, тең болып  табылады. Азаматтар өздерінің қалауы бойынша жеке кәсіпкерлікпен өздері немесе бірлесіп айналысуға құқылы. Азамат жеке кәсіпкерлікті өзіне меншік құқығы ретінде тиесілі мүліктің, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге рүқсат беретін өзге де құқықтардың негізінде дербес жүргізеді. Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар (жеке кәсілкерлер) тобы заңды тұлға құрмай-ақ, азаматтардың меншік құқығы ретінде тиесілі мүліктерінің негізінде, сондай-ақ осы мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге рұқсат беретін өзге де құқықтардың негізінде жүзеге асырады. Шаруа қожалықтарындағы кәсіпкерлік, сондай-ақ қарапайым серіктестік түріндегі бірлескен кәсіпкерлік бірлескен кәсіпкерлікке мысал бола алады.

Жеке кәсіпкер өз қызметін өзінің атынан жүргізеді. Бірлескен жеке кәсілкерлікте кәсіпкерлік қызметке байланысты барлық мәмілелер заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады, сондай-ақ құқықтар мен міндеттер алынады. Заң актілері азаматтардың жеке кәсіпкерлік қызмет саласындағы құқық субъектілігін жүзеге асыру шараларын да көздейді.[20.32]

 

                                         Қорытынды

 

Азаматтық құқықта  нақты құқықтар мен міндеттерді  иеленудің алғышарты - құқық субъектіліктің болуы қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша және өзге де қатынастарды жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және азаматтық құқықтың ерекше субъектілеріне заңдық жіктеуге байланысты, оның үстіне, бұл қатысушылардың құқықты иелену шарасы (шегі) түрліше болады.

Азаматтық құқық  субъектіліктің жалпы ұғымдарын  ескермейінше, азаматтық құқық субъектіліктің бір түрі — жеке тұлғалардың құқық  субъектілігін түсіну қиынға соғады. Бұл арада, объективті өмір сүретін  құқықтық шындық, жеке адамдардың жалпы  қасиеті ретінде оны осы құқықтық шындықтың көрінісі — құқық субъектілік ұғымымен шатастырмау керек. Нақты өмірде құқық субъектілік деген жоқ, олардың жалпы зандық қасиеті ретінде жеке тұлғалардың құқық субъектілігі бар. Бұл қасиет, кейде мұны заң әдебиеттерінде көрсететініндей, әлде бір ойда бар, ұғымда ғана сақталатын жинақталған тұлғаға тиісті емес, ол нақты жеке тұлғалардың жалпы қасиеті, яғни әрбір жеке субъекгіге тән жалпы қасиет болып табылады.

Оқу әдебиеттерін қоса алғанда, заң әдебиетгерінде нақты  субъективтік құқықтар мен міндетгер құқығын иеленудің абстрактілік алғы-шарты ретінде құқық субъектіліктің сипаттамасы кең таралған. Мұнымен бір ғана ескертпе арқылы абстракіні ұғымда бар нәрсе ретінде ғана емес, сондай-ақ жеке тұлғалардың нақты, жалпы заңдық қасиеті ретінде де түсіну арқылы келісуге болады.

Азаматтық хал-ахуал  актілері. Азаматтың өміріндегі, оның қоғамдағы құқықтық жағдайын, ең алдымен, азаматтық-құқықтық және отбасылық-құқықтық жағдайын айқындайтын және өзінің құқықтық маңызына қарай мемлекеттік тіркеуге жататын аса маңызды оқиғаларды азаматгық хал-ахуал актілері деп түсінеді. Өзінің құқықтық жаратылысы жөнінен азаматтық хал-ахуал актілері зандық фактілерге жатады.

                         Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

  1. Қазақстан Республикасыныњ азаматтық кодексі: Жалпы бөлім.Ерекше бөлім. - Алматы: ЖШС баспа, 2001.
  2. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі. - Алматы: Қазақ.Респ.Жоғарғы Кеңесінің басылымы, 1994 
  3. Жайлин, Ғ.А. Азаматтық құқық: Ерекше бөлім:Оқулық. - Алматы: Заң әдебиеті,  2003. 
  4. Жайлин, Ғ.А. Азаматтық куқық: Ерекше бөлім:Оқулық/. - Алматы: Заң әдебиеті,  2003 
  5. Мұханова, А.А.  Қазақстан Республикасындағы занды тұлғалардың құқықтық  жағдайы: Оқу құралы/ - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2003.
  6. Ынтымақов, С.А.  Азаматтық құқық: Практикум:Жалпы бөлім,1-ші бөлім/ - Алматы: ҚазМЗА, 2000
  7. Азаматтық құқық: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық/. - Алматы: Курсив, 2003 
  8. Субъекты гражданского права: Материалы междунар.научно-практ.конф.,посвящ.10-летию Независимости РК (в рамках ежегодных цивилист.чтений). Алматы, 18-19 июня 2001 г
  9. Ынтымақов, С.А.  Азаматтық құқық  [Электронный ресурс]: Практикум:Жалпы-1-ші  бµлім,ерекше-2-ші бµлім/ - Алматы: Юрид.лит., 2003 [5.26]
  10. Ғабдуллина, Қ.  Құқық социологиясы [электронный ресурс]: Оқулық - Алматы: Юрид.лит., 2004.
  11. Абдуллина, З.К.  Қазақстан Республикасыныњ азаматтық іс жүргізу құқығы: Оқу  бағдарламасы және тестілік тапсырмалардың жинағы/ - Алматы:  Дәнекер, 2001 [6.29]
  12. Қарағанды мемлекеттік ун - ті. «Азаматтық құқық бойынша" оқу-әдістемелік кешен (ерекше бөлім): заңтану мамандығына арналған: 2 курс / құраст. А. С. Киздарбекова ж. б. - Қарағанды: ҚарМУ басп., 2005
  13. Мемлекет және құқық негіздері: Оқулық /құраст. Е.Баенов – Алматы: жеті жарғы, 2001 – 624 бет, 431 – 437 бет.
  14. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий. 2 кітапта. 2-кітап. Алматы «Жеті Жарғы», 1998.
  15. Заң және заман журналы.
  16. Гражданское право. Е.А. Суханов. БЕК, 1993.
  17. Гражданское право. Е.А. Сулейменов. І том. БЕК. 1993.
  18. Казахстанская правда газеті. 1999, 8-10 – тамыз.
  19. Лебедев С.М. Международный коммерческий арбитраж: компетенция арбитров и соглашение сторон. М. 1993.
  20. Төлеуғалиев Ғ.И., Мауленов К.С. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. – Алматы «Жеті жарғы», 2001ж.

 




Информация о работе Азаматтық құқық субъектілері