Азаматтық құқық субъектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 19:04, курсовая работа

Краткое описание

Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық- құқықтық қатынастар орнығады. Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер жасасып құқық субъектісінің тұлғасы деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде ғана құқықтық қатынастарға қатыса алады.
ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетгі — азаматтық құқық субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (иңдивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады. Мұнда әрбір адамның, мейлі ол ҚР азаматы болсын, мейлі басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын, азаматтық құқық субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъектісі деп танылады. Ал ұйым — бұл басқаша жағдай. Ол азаматтық құқықтың субъектісі болуы да, болмауы да мүмкін немесе азаматтық құқық субъектілігі болмауы да мүмкін.

Содержание

Кіріспе 3
1 Тарау Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар — азаматтық құқық субъектілері
1.1. Жеке тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі 5
1.2. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 20
1.3. Азаматарды хабар-ошарсыз кетті және өлді деп тану 24

2 Тарау Азаматтың кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңды тұлға құрмайтын құқық субъектілігі 28

Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

азамат. суб.DOC

— 205.50 Кб (Скачать документ)

Тек заң актілеріне сәйкес және оның үстіне, АК-да көзделген  ерекше жағдайларда ғана азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеу мүмкіндігі ҚР Конституциясы 39-бабының 1-тармағының нормаларына сәйкес келеді. Конституция бойынша адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.

Атап айтқанда, ҚР азаматтары болып табылмайтын  адамдарға қолданылатын шектеулер  азаматтық құқық қабілетгілікті шектеулердің қатарына жатады. Азаматтық заң актілерінде мұндай шектеулер аса көп емес. Мәселен, жер туралы заңдарға сәйкес, шетелдік азаматтардың жеке меншігінде өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ өсіру және саяжай тұрғызу үшін берілетін жер учаскелері болмауы тиіс.

Заң актілерінде ҚР азаматтары емес және тұлғалар үшін кейбір қызмет түрлерімен (адвокатгық, нотариалдық) айналысуға да шектеулер қойылған. Құқық қабілеттілігін шектеу жеке тұлғалардың белгілі бір санаттарына ғана емес, сонымен қатар жасаған қылмыстары үшін жаза ретінде кейбір жеке тұлғаларға да белгіленуі мүмкін. Мұндай шектеулер ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес соттың үкімімен белгіленеді, ол жазалау түрі ретінде белгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді.

Азаматтық құқық қабілеттіліктің тендігі принципі азаматтық құқық субъектілерінің барлық түрлері үшін жалпылама принцип емес, ол жеке тұлғаларға ғана таралады. Ал заңды тұлғаларға келетін болсақ, онда, олар біріншіден, өзінің табиғаты жөнінен жеке тұлғаларға ғана байланысты құқықтарды иелене алады (мысалы, мүлікті мұраға қалдыру құқығы). Екіншіден, заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінің өзі олар алуан түрлері үшін бірдей болмайды. Мәселен, шаруашылық жүргізу құқығында мүлкі болатын мемлекеттік кәсіпорындардың құқық қабілеттілігіне қарағанда, қазыналық кәсіпорындардың құқық қабілеттілігі тар болып келеді. Шаруашылық серіктестіктермен салыстырғанда, мекемелердің құқық қабілеттілігі тар болады. Занды тұлғалардың құқық субъектілігі заңды тұлғалар жөніндегі тарауда толығырақ қарастырылады. Мұнда жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін жүзеге асыру зандық шындықта орын алатын бірқатар мән-жайларға байланысты болатынына назар аудару қажет. Мәселен, тиісті рұқсаты немесе лицензиясы бар адамдар ғана кейбір қызмет түрлерімен айналыса алады. Кейбір қызмет түрлерімен айналысу бұл тұлғаларды міндетті түрде тіркеумен немесе жоғары білімінің болуымен және мемлекеттік аттестациядан өтуімен байланысты болады (мысалы, адвокаттық қызметпен айналысу үшін). Заң кейде құқық қабілеттілік шарасының өзін белгілі бір фактілермен, атап айтқанда, лицензия алумен байланыстырады. Мысалы, АК-ның 35-бабы айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады деп көрсеткен. Осылайша, занды тұлғаның құқық субъектілігі белгілі бір зандық фактілердің болуына байланысты уақыт аралығында өзгеріп тұруы мүмкін.

Құқық қабілеттіліктің  мазмұнына және оны жүзеге асыруға байланысты мән-жайларға қатысты осы айтылғандардың барлығы кезінде серпінді дамитын құбылыс — құқық қабілеттілігі теориясының тууы үшін негіз болды. Мәселен, М.М. Агарков былайша жорамалдады: осы сәттегі әрбір тұлға үшін азаматтық құқық қабілеттілігі оның басқа тұлғалармен өзара әрекеттесуіне қарай нақты құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігін білдіреді.

Осы заманға  шындыққа сәйкес түзетулер енгізілген серпінді құқық қабілеттілік теориясы занды тұлғаларға лайықты болар. Бірақ, жеке тұлғаларға қатысты алғанда, ол АК нормаларына ғана емес, сондай-ақ адам мен азамат құқықтары теңдігінің конституциялық принципіне де қайшы келеді. Шынында да, заңдарда көзделген бірқатар мән-жайлар азаматтардың құқық қабілеттілігін жүзеге асыруға ықпал ете алады. Бірақ мұндай мән-жайлар заңды тұлғалармен болғандағыдай, жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігін өзгертпейді, оны жүзеге асырудың шарттары болады. Сондықтан жеке тұлғаларға қатысты алғанда, құқық қабілеттілікті әрбір тұлға үшін бірдей деп айыра білу керек.

Құқық қабілеттілікті жүзеге асыру жағдайларын жалпы  және ерекше жағдайларға бөлуге болады. Құқық қабілетгілікті барлық жағдайларда жүзеге асыру үшін жалпы жағдайлар болуы қажет. Құқық қабілеттілікті белгілі бір, зандарда көзделген жағдайларда жүзеге асыру үшін ерекше жағдайлар қажет.

Әрекет қабілеттілігі  құқық қабілеттілігін жүзеге асырудың жалпы жағдайы болып табылады.

Азаматтың толық көлемдегі әрекет қабілеттілігі ол 18 жасқа жеткен кезден басталады. Әрекетке қабілетсіз азаматтардың құқық қабілетгілігін олардың заңды өкілдері жүзеге асырады.

Құқық қабілеттілігін жүзеге асырудың жалпы жағдайы ретіндегі  әрекет қабілетгілігімен қатар, зандар бірқатар жағдайларда оны жүзеге асырудың ерекше жағдайларын да көздейді. Бұл — лицензия немесе өзге де рұқсаттар алу, арнаулы білімнің болуы, аттестациядан өту жөне заңдарда көзделген басқа да мән-жайлар. Мысалы, өндірістік кооператив туралы заңға сәйкес 16 жасқа толған және кооперативтің қызметіне белсене қатысатын адам оған мүше бола алады.[3.15]

Құқық қабілетгілікті жүзеге асырудың барлық ерекше жағдайлары өздерінің табиғаты жөнінен заңдық фактілер болып табылады және оларды заңдық тұлғалардың құқық қабілетгілігі ұғымы қамтымайды, өйткені заңдар азаматтар мен басқа да жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі теңдігінің конституциялық принципінен туындайды.

Әрекет қабілеттілік. Адамның психикалық күйімен байланысы  жоқ зандық қасиет ретіндегі құқық  қабілеттіліктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына, өзінің іс-әрекеттерін саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толғандардың толық дәрежеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады. Атап айтқанда, азаматтардың өздерінің мәмілелер (мәмілелер жасау қабілеті) және басқа занды іс-әрекеттер жасау қабілеттерін, сондай-ақ азаматтық-құқық бұзушылық (деликт қабілеттілік) үшін жауапкершілік атқару қабілеттерін әрекет қабілеттілікұ қамтиды. Бұл арада әрекет қабілеттілік іс-әрекетгер жасаудың өзі емес, керісінше, нақ іс-әрекеттер жасау заңдық қабілеті, оларды басқару және олар үшін жауап беру қабілеті болып табылады.

Егер заң  құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады (АК-ның 17-бабының 3-тармағы).

Азаматтың әрекет қабілеттілігінің оның ақыл-ойы мен ерік-жігері күйімен байланысы, біріншіден, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу қажеттігіне және, екіншіден, олардың ақыл-ойы мен ерік-жігерінің жетіспеушілігі салдарынан кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу немесе одан айыру мүмкіндігіне әкеп тірейді. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу тікелей заң актілерімен жүзеге асырылады, ал кәмелетке толғандардың әрекет қабілеттілігін шектеу — заң актілерінде көзделген жағдайларда тек сот арқылы шешіледі.

Қазақстан заңдары адам 18 жасқа жеткенде толық көлемде әрекет қабілеттілігі пайда болатыны туралы жалпы ережеден бір ғана ерекшелік белгілейді: заң құжаттарыңда 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рүқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады (АК-ның 17-бабының 2-тармағы).

"Неке және  отбасы туралы" 1998 ж. 17 желтоқсандағы  Заңның 13-бабына сәйкес белгіленген  тәртіппен жасалған неке ғана жұбайлардың міндеттерін іс-жүзінде некеге тұруы (бірге тұруы) ол толық көлемде әрекет қабілеттілікке ие болды дегенді білдірмейді.

ҚР азаматтық  заңдары құқықты теңеу (эмансипация) институты дегенді, мысалы, РФ АК көрсеткендей, құзіреті мемлекеттік органның шешімімен кәмелетке толмағанды толық әрекетке қабілетті деп жариялау дегенді білмейді. Алайда РФ АК секілді, ҚР АК азаматтар кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі пайда болатыны туралы жалпы ережеден кейбір ерекшеліктерге жол береді. Мұндай ерекшеліктердің азаматтық қатынастардың кейбір салаларына ғана қатысы бар. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы (АК-ның 25-бабы).

ҚР АК психикалық даму деңгейіне қарай кәмелетке  толмаған азаматтарды 14 жасқа жетпегендерге  және 14-тен 18-ге дейінгілерге бөле отырып, олардың әрекет қабілетілігінің түрлі шешімін белгілейді.

14 жасқа дейінгі  азаматтар әрекетке қабілетсіз  болады. Сондықтан, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары мәмілелер жасайды (АК-ның 23-бабының 1-тармағы). Әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін де осылар жауап береді.[4.17]

Заң 14 жасқа  жетпеген азаматтардың әрекетке қабілетсіздігі туралы жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер жасайды. Бұл адамдар өздерінің жасына қарай жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға (АК-ның 23-бабының 2-тармағы), сондай-ақ банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы.

Кәмелетке толмаған азаматтың өзінің, оның отбасының және өзге де оған таныс адамдардың күнделікті тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға байланысты жасайтын құны болмашы мәмілелерін тұрмыстық ұсақ мәмілелер деп түсіну керек. Мысалы, тағам өнімдерін, газет, мектеп оқу керек-жарақтарын, қала көлігінде жүру билеттерін және т.с.с. сатып алу тұрмыстық ұсақ мәмілелерге жатады. Бұл арада, 14 жасқа жетпеген адамдар жасайтын тұрмыстық мәмілелер бір мезгілде мынадай үш шартқа сай болуы тиіс. Біріншіден, мұндай мәмілелер ұсақ, яғни құны жөнінен болмашы болуға тиіс. Екіншіден, олар кәмелетке толмағанньщ жасына, яғни оның психикасының деңгейіне сай болуы, ал мұндай мәмілелер ауқымы шектеулі болуы тиіс. Мысалы, 2 жасар, 7 және 13 жастағы балалардың психикалық даму деңгейі түрліше болатыны айқын. 2 жасар бала өзінің психикалық даму деңгейі бойынша тіпті өте ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алмайды, ал 7 жасар бала да тұрмыстық ұсақ мәмілелерді (мысалы, сіріңке сатып алуды) жасай алмайтыны түсінікті. Бұл мәмілелердің құны аз ғана болғанымен, сіріңкенің ерекше қасиеті бар — оны пайдалану қауіпті болатындықтан, баланың қолына беруге болмайды. Бұл жастағы балалар, әдетте, сатушылар немесе тіпті тұрмыстық ұсақ мәмілелер бойынша сыйға тартушылар бола алмайды. Үшіншіден, 14 жасқа жетпеген адамдар жасалып болысымен орындалатын мәмілелерді ғана жасай алады, мысалы, азық-түлікті несиеге емес, тек қолма-қол ақшаға сатып ала алады.

Заңда қандай мемілелерді ұсақ деп есептеуге болатын және қандай мәмілелерді оларды жасайтын кәмелетке толмағанның жасына сай келеді деуге болатын жалпы өлшемдерді белгілеу мүмкін емес. Сондықтан мұндай өлшемдер әрбір нақты жағдайда бағалаушы сипатта болады, ал бағалауды, әдетте, бастапқы кезде кәмелетке толмағанмен мәміле жасайтын адамның өзі жүргізеді. Жасалған мәміленің ұсақ екені және оның кәмелетке толмағанның жасына сай келетіні жөніңде дау туатын жағдайда — дау сот арқылы шешіледі.

РФ Азаматтық кодексінде 14 жасқа жетпегендердің әрекет қабілеттілігі  туралы мәселе өзгеше шешілетінін атап көрсеткен жөн. Мұнда 6-дан 14 жасқа дейінгі жас балалар тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасай алады. Олар, осымен қатар, нотариалдық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді қажет етпейтін пайданы тегін алуға бағытталған, сондай-ақ белгілі бір мақсаттар үшін немесе еркін билік етуі үшін заңды өнімдері немесе олардың келісімімен үшінші тұлғалар беретін қаражатқа билік ету жөніндегі келісімдерді жасауға құқылы. Заңның бұлайша тұжырымдауы кәмелетке толмағанның нақты мәміле жасау кезіндегі әрекет қабілеттілігін бағалауда айтарлықтай қиындықтар туғызатын болып көрінеді.

14 жасқа жетпеген  кәмелетке толмағандардан өзгеше, олардың әрекет қабілеттілігі  шектеулі болса да, 14 жастан 18 жасқа  дейінгі азаматтар әрекетке қабілетті  деп есептеледі. Заңның жалпы  ережесі бойынша (АК-ның 22-бабының  1-тармағы), олар мәмілелерді ата-аналарьшың, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасанды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс.

Заң құжаттарында кәмелетке толмағандар жасайтын және олар үшін жасалатын мәмілелерге қорғаншылық және қамқоршьыық жасау органының алдын ала келісімі талап етілетін жағдайлар да белгіленуі мүмкін. Әдете, мүлікті иеліктен шығару (мысалы, пәтерді сату) жөніндегі аса маңызды мұндай жағдайлар отбасы заңдарында көзделеді.[6.43]

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін жауап береді (АК-ның 22-бабының 4-тармағы).

14 жастан 18 жасқа  дейінгілер мәмілелер жасау туралы  жалпы ережелер бойынша, ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне дербес билік етуге құқылы, 14—18 жастағылар өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне, мысалы әдеби шығармаларына, өнер табыстарына дербес билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға құқылы.

Көрсетілген жағдайларда 14 жастан 18 жасқа дейінгілердің әрекет қабілеттілігін ұлғайту олардың әрекет қабілеттілігін кәмелетке толғандармен теңестіреді. Кәмелетке толмағандардың өздерінің табыстарына немесе өздері жасаған интеллектуалдық меншік нысандарына билік ету жөніндегі әрекет қабілетгілігін шектеу олардың кіріс келтіретін қызметпен айналысу немесе кәмелетке толмағаңдардың психикалық толысуының айтарлықтай жоғары деңгейін көрсететін интеллектуалдық меншік нысандарьш жасау ынталарын тұншықтыруға әкеп соққан болар еді. Көрсетілген жағдайларда кәмелетке толмағандар тарапынан теріс әрекеттер (мысалы, кірістерді ысырап ету) байқалатын реттерде, АК қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдарының кәмелетке толмағандардың тиісті құқықтарын шектеуіне немесе тіпті мұндай құқықтарынан айыруына рүқсат етеді.[7.56]

Заң бойынша  әрекет қабілеттілігі пайда болатын жасқа жеткен кейбір азаматтар өздерінің психикалық күйіндегі кемістіктері салдарынан өз іс-әрекеттерінің зардаптарын толық дәрежеде түсіне алмайтындықтан және оларды орынды пайдалана білмейтіндіктен, соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылуы мүмкін.

АК-ның 26-бабына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азамат әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін.

Жүйке ауруы  да, ақыл-естің кемдігі де жүйке  бұзылуының түрлері болып табылады, оның үстіне, ақыл-есінің кемдігі аурушаң күйге байланысты болса да, азаматтың туған сәтінен басталады. Өз әрекеттерінің маңызын түсіну немесе оларды пайымдай білу қабілетінен айрылуға әкеп соқтыратын жүйкенің бұзылуы ғана азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану үшін шешуші рөл атқарады.[8.24]

Информация о работе Азаматтық құқық субъектілері