Дәлелдеме ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 10:29, курсовая работа

Краткое описание

Бітіру жұмысымның тақырыбы қазіргі азаматтық іс жүргізу құқығындағы өзектілігін жоғалтпаған мәселелердің бірі болып табылады. Дәлелдемелер жинау және оны сот процесінде ұсына беруден сот шешімі тікелей тәуелді деп атауға болады. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Осы бітіру жұмыстың мақсаты болып дәлелдемелермен дәлелдеудің мәнін түсіндіріп ашу, азаматтық іс жүргізу құқығындағы алатын орнын көрсету табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәлелдеме ұғымы.doc

— 156.00 Кб (Скачать документ)

 

 

                          

 

                      1.2   Дәлелдемелердің  қатыстылығы, жарамдылығы 

 

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабындағы  анықтаманың мазмұнынан шығатын  термин — дәлелдемелердің қатыстылығы. Бұл терминге арнайы азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабы арналған: "Егер дәлелдеуде іс үшін маңызды  мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын  не оларға күмән келтіретін нақты  деректер болса, сот дәлелдемені  іске қатысты деп таниды". Азаматтық істегі дәлелдемелердің көлемін  қатыстылығын анықтайды. Сот іске қатысушы тұлғалармен ұсынылған дәлелдемелердің  ішінен бейімділікке жататын фактілермен  мағынасымен байланысты дәлелдемелерге ғана көңіл бөледі. Соттың істі жасық, жан жақты және объективті қарап  шешім шығаруы үшін бір жоқтан қаншалықты көп дәлелдемелерде зерттеп  екінші жағынан өз мағынасымен қаралып  отырған іске байланыссыз дәлелдемелерді айырып алып тастаған дұрыс. Қатыстылық  дегеніміз соттық дәлелдемелермен  сот қарауының объектісі болып  отырған фактілердің арасындағы объективті байланыстың болуы.

Бұндай байланыстың болуы зерттеліп  отырған дәлелдемелер арқылы барлық орын алған немесе орын болмаған мән-жайлар туралы мәлімет алуға болады. Юридикалық  әдебиеттерде дәлелдемелердің қатыстылығын әртүрлі талдалады. Бір қатар  авторлар қатыстылық бұл дәлелдемелердің  белгілі десе, бір қатар авторлар қатыстылық бұл дәлелдемелерді процеске қосу-қоспаудың алғы шарты ретінде  түсінеді.Сот дәлелдемелердің  қатыстылық ережесі бойынша болашақ  осы қаралып отырған іс бойынша  негізінен шешім шығару үшін жеткілікті мөлшерде дәлелдемелер көлемін анықтауы керек.

Заң әртүрлі  істер бойынша керекті әртүрлі  дәлелдемелердің толық шеңберін ашып көрсетпейді. Сол себеппен дәлелдемелердің  қатыстылығы соттық өзінің ішкі өкімі  бойынша бағалайды (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 16-бабы) М.К.Треутниковтың  ойы бойынша қатыстылығын бағалау  процесін екі этапқа бөлуге болады. Бірінші этап: дәлелдемелердің қатыстылығын шешпей жатып осы тартылып жатырған дәлелдеме арқылы орнатылмайын деп  жатырған факті осы азаматтық  іс үшін маңызы бар ма жоқ па?

Сонан  кейін барып екінші этапта осы  дәлелдеменің осы фактіге қатыстылығы  туралы мәселе шешілуі тиіс дейді. Бұл ереже "жалпыдан жекеге" методы негізінде құралған ереже соттық о бастан дәлелемелер шеңберін дұрыс анықтамалар немесе қатыстылық мәселесіндегі ісі бойынша дұрыс шешім шықпауына әкеліп соғады. Өйткені іс бойынша керек емес дәлелдемелер немесе нағыз керекті дәлелдемелер талап етілмей қалуы мүмкін. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 65-бабында дәлелдеу міндеті көрсетілген. Бұл бап бойынша әр тарап өзінің талаптарын және қарсылықтарын негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс. Бұл қалып тараптардың дәлелдемелер ұсыну міндетін ашып көрсеткен. Кейбір авторлар қатыстылық мәселесін соттың жеке шешуі оған шетпен тыс құзырет беру деп санайды14. Меніңше 65-баптағы қалып 67-баптың тежегіш механизмі рөлінде көрсетілген. Қатыстылық нормасының дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуші тағы бір ережелер 65-бапта көрініс тапқан:

1.  Дәлелдемелерді  тараптар мен іске қатыушы  басқа да тұлғалар береді.

2.  Істі  дұрыс шешу  үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың  және   іске   қатысушы  басқа да  тұлғалардың талаптары   мен   қарсылықтарының   негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс   нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.

3.  Сот  тараптарға және іске қатысушы  басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.

4.  Тараптар  мен іске қатысушы басқа да  тұлғалар үшін дәлелдемелерді   ұсыну қисынды келтірген жағдайда, сот олардың өтініші бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.

Осылайша іске қатысушылар соттың дәлелдемелер шеңберін анықтауына қатыса алады.

Егерде  алдыда қарағанда белгілі болғандай  қатыстылық бұл дәлелдеменің мазмұнындағы мәліметке байланысты болса дәлелдемелердің  жарамдылығы сол дәлелдемелердің  процессуалдық формасына немесе процессуалдық дәлелдеу құралдарына  байланыстылығы қаралады.

Жарамдық институты азаматтық іс жүргізу құқығында да қылмыстық  іс жүргізу құқығында да көп зерттеліп  келе жатыр. Белгілі қылмыстық процессуалист  Кипнис Н.М. қылмыстық құқықтағы  дәлелдемелердің жарамдылығын зерттей  келе жарамдылық қасиеті төрт критерийден  тұрады деген тұжырымға келген:

1. дәлелдемелер  алуға байланысты процессуалдық  әрекет жүргізуге құқылы субъектінің  болуы;

2. жарамды  фактілік дерек көзі (дәлелдеменің  мазмұнын құраушы);

3.дәлелдеме алу үшін жасалған әрекеттің процессуалдық талаптарға сай болуы (процесуалдық әрекет);

4. дәлелдеме  алу үшін қолданылған процессуалдық  әрекеттің талаптарға сай болуы.                                                 Дәлелдемелердің жіктелуі дегеніміз — дәлелдемелерді ұқсас белгілеріне байланысты топтауды айтамыз. Жіктеу арқылы біз дәлелдемелерді бірыңғай жүйеге келтіреміз. Бөлу дәлелдемеге  тиесілі бір маңызды белгісі  негізінде жүзеге асырылады. Бөлу жүргізілген  белгі теорияда жіктеу негізі деп  аталады.

Дәлелдемелерді  жіктеу бірге осы дәлелдемелерді тереңірек зерттеуге, белгілі бір  топқа жататын дәлелдемелерді шындыққа қол жеткізудегі маңызын, немесе осал жақтарын білуге мүмкіндік береді. Дәлелдемелерді  жіктеудің негізі болып әртүрлі  белгілер болуы мүмкін. Мысалы дәлелдемелердің  мазмұнына байланысты, немесе процессуалдық  формасына байланысты, соттық бағалау  нәтижесіне байланыты т.б. әртүрлі  негіздерге байланысты бөлуге болады. Заң әдебиеттерінде көп кездесетін және жіктеудің даусыз бір негізі бұл дәлелдемелердің  мазмұнының дәлелденіп жатырған фактімен байланысына байланысты дәлелдемелер екіге бөлінеді: тікелей және жанама17. Тікелей дәлелдемелер деп мазмұны дәлелденіп жатқан фактімен тікелей байланыста болатын дәлелдемелер. Тікелей байланыс дәлелденіп жатқан факті туралы бір жақты жауап береді. Мысалы, өнімнің нақты өмірде орын алған немесе болмағандығы туралы өлім туралы акт жауап береді. Жанама дәлелдемелер дәлелденіп жатқан фактімен көпмағыналы байланыста болады. Көпмағыналы байланыс дәлелдеу барысында бірнеше мүмкін қорытындыларға алып келеді.

Факті туралы деректердің құрылу процессіне байланысты дәлелдемелер алғашқы және туынды болып  екі топқа бөлінеді. Алғашқы дәлелдемелер дәлелденейін деп отырған фактінің тікелей дәлелдемеге мәлімет  қалдыруымен сипатталады.Ал туынды дәлелдемелер дегеніміз — басқа  дәлелдеме көзінен жазылып алынған  дәлелдемелер жатады. Басқаша айтқанда дәлелденіп отырған фактімен зерттеліп  отырған, дәлелдеменің ортасындағы  тағы да басқа аралық мәлімет тасмалдаушылар бар. Дәлелдемелерді  процессуалдық формасының сипаттамасына  немесе дәлелдеу құралы бойынша бөлу олардың пайда болу көзіне байланысты бөледі18. Бұл негізде жіктеуге келгенде көптеген теоретиктердің ойлары бірнеше топқа бөлінеді. Жалпы осы негіз бойынша өзіндік және заттық болып бөлінеді. Өзіндік дәлелдемелерге қайнар көзі адам болып табылатын дәлелдемелерді жатқызады: тараптардың және үшінші жақтың түсініктемелері, куәлардың анықтамалары, тарапшының қорытындысы. Ал заттық дәлелдемелерге жазбаша және заттық дәлелдемелер жатқызылады. Авторлардың пікірлері көбіне осы жерде айырылады. Мысалы, К.С.Юдельсон өзіндік дәлелдемелерге жоғарыда көретілген дәлелдемелермен  қатар жазбаша дәлелдемелерді қосады.

Автор өз позициясын келесі ойлармен бекітеді. "Жазбаша дәлелдемелер әрқашанда белгілі бір адаммен  шығады, және дәлелдеме мазмұны материалдық  объектіде бекітілгендігі маңызды  емес", - дейді автор19. С.В.Курылев осы негізде дәлелдемелерді жіктеген кезде тағы бір топ алып оны аралас дәлелдемелер тобы деп атады. Бұл топқа Курылев сарапшының қорытындысын, таныту фактісін, тергеу эксперименті нәтижелері — фактісін жатқызады20. Автордың бұлай топтау себебі төмендегідей. Сарапшы өз қорытындысын жасау үшін алдымен заттық дәлелдемені зерттеп осы заттық дәлелдемеден алынған мәлметті қағаз бетіне түсіріп өзі де мәлімет тасмалдаушы, дәлірек атқанда мәліметтің жаңа қайнар көзі болады. Даусыз деректер деп екінші тарап дәлелдейтін, бір  тараптан танылған деректерді айтамыз. Біздің азаматтық іс жүргізуші деректе  тану – іс бойынша тек дәлелдеме  болуы саналады. Танылған дерек –  дәлелдеу оған қатысты іске асқан  дерек болып табылады. Бұл істің  мәні бойынша, тараптың тануымен дәлелденген  іс бойынша дәлелденетін, тараптың тануынан дәлелденгендігіне байланысты, істі дәлелдеу пәніне кіретін деректер құрамынан оны алып тастауға негіз  жоқ.

Цивилистика әдебиетінде дәлелдеу пәніне материалдық  – құқықтық мәні бар деректерді жатқызады . Бірақ, сотта дәлелдеу қызметі осындай деректерді ғана анықтаумен шектелмейді. Азаматтық істі қарауда, басқа да мән-жайларды анықтауда материалдық – құқықтық емес, процессуалдық мәнді қажеттілік туындайды. Мысалы, істің соттылығы туралы мәселені шешу үшін, жауапкердің мекен-жайын нақтылау қажеттігі туындайды. Сондықтан, жазбаша дәлелдеме болатын сәйкестенген анықтамалар алынады. Белгілі бір процессуалды сұрақтарды шешу мән-жайларға байланысты, ал бұл мән-жайлар дәлелдеу арқылы дәлелдемелермен анықталады. Процессуалды  мәні бар мән-жайларға, тағы дәлелдемелік деректер жатады. Олар дәлелдеме ретінде  қолданылатындықтан процессуалды мәнге  ие болады. Бұған дейін олар басқа  дәлелдемелер арқылы анықталуы, яғни дәлелденуі керек.

Сонымен, іс бойынша дәлелдеуге тиіс деректер көлемі, дәлелдеу пәні ұғымымен үйлеспейді. Бұл көлем өзіне материалдық-құқықтық мәні бар деректерді (дәлелдеу пәні); процессуалды- құқықтық мәні бар деректерді (процессуалды сұрақтарды шешетін деректер және дәлелдемелік деректер) алып жатады. Істі  шешу үшін қажетті деректерді анықтау, сотқа дәлелдемелерді ұсыну және оларды сот мәжілісінде зерттеу  арқылы дәлелденеді.

Процесс үшін аса маңызды жәй ретінде кімде  дәлелдеу міндеті шығады. Біздің  процессімізде жарысушылық қағидасына сәйкес дәлелдеу міндеті тараптарда болады. АІЖК 65-бабына сәйкес22 , әрбір тарап өзінің талабымен қарсылығының негізіне,сілтеме жасайтындай белгілі бір мән-жайды дәлелдеу керек. Осыдан, біз тараптарда дәлелдеу міндеті болатынын және әрбір тарап өзінің талабын негіздеу үшін сол мән-жайды дәлелдеуге міндетті екенін көреміз. Тараптың  талабымен қарсылығын негіздейтін  дерек болған соң тарап оның анықталуында мүдделі болатындықтан, сол тараптың осы деректің расталуы үшін барлық шаралар жасайтынын айта өту керек. Егер де белгілі-бір тарап деректі  дәлелдемесе, онда шешім оның пайдасына  шешілмейді. Бірақ та,біздің процессте  сот тараптарға дәлелдеуге ықпал  жасайды. Егер де тараптар ұсынған дәлелдемелер аз болса, сот оларға қосымша дәлелдемелер ұсынуға жол береді. Егер қосымша дәлелдемелерді ұсыну  қиын болса, сот тараптардың шағымымен дәлелдемелерді жинауға ықпал жасайды. Бірақ та, тараптар соттың ықпалына сене бермеуі керек, соттық дәлелдемелердің болуын тек тараптардан білетіндігін де есепке алу керек. Процесстегі тараптардың қызметсіздігі, дәлелдеменің табылмай қалуымен анықталуға тиіс деректің дәлелденбей қалуына алып келеді. Осы жоғарыда айтылған ережелерден кейде бас  тартулар да болады, бұлар дәлелдемелік жорамалдар арқылы анықталады.

                                        

                              1.3 Дәлелдемелерді қамтамасыз ету 

 

Өздері  үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну  соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық  келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету  туралы сұрай алады. Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету куәлардан жауап  алу, сараптама жүргізу, оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізіледі. Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету туралы өтініш сотқа  дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі  іс жүргізу әрекеттері жасалуға тиісті аумақ бойынша беріледі. Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету туралы өтініште қамтамасыз етілуге қажетті дәлелдемелер, растау үшін осы дәлелдемелер қажет мән-жайлар, өтініш берушіні қамтамасыз ету туралы өтініш жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ қамтамасыз етілетін дәлелдемелер қажет болып отырған іс көрсетілуге тиіс. Дәлелдемелерді  қамтамасыз ету туралы өтінішті қарау  нәтижесі бойынша сот ұйғарым  шығарады. Мұндай өтінішті қабылдаудан  бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жекеше шағым берілуі мүмкін. Дәлелдемелерді  қамтамасыз етуді судья жүргізеді. Істің сотта  туындауға дейін дәлелдемелерді қамтамасыз етуді заңдармен көзделген  тәртіппен сотта нотариустар  немесе консулдық мекемелердің лауазымды  адамдары жүргізеді. Өтініш  беруші және іске қатысушы басқа тұлғалар дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішті қарауға  кедергі болып табылмайды. Хаттамалар  және дәлелдемелерді қамтамасыз ету  тәртібімен жиналған нәрсенің бәрі іске қатысушы тұлғаларға хабарлана отырып, істі қараушы сотқа беріледі. Әрбір дәлелдеме - қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктігі тұрғысынан бағалануға тиіс. Судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-жайлар туралы ақиқатты   даусыз   айқындауға   жол   беретін   және   сенімді   дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады. Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар  тексеруге және бағалауға жатады. Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.

Тараптың  талабын немесе қарсылығын негіздейтін  фактілерді екінші тараптың мойындауы  ол тарапты осы фактілерді одан әрі  дәлелдеу қажеттігінен босатады. Тарап  мойындаған факті сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған фактіні  мойындаған тарап қол қояды. Егер фактіні тану жазбаша өтініште баяндалған болса, ол іске қосып тігіледі. Егер  фактілерді тану шындығында болған мән-жайды  жасыру мақсатымен не алдаудың, күш  қолданудың, қорқытудың немесе жаңылудың  әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелденуге  тиіс. 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

                                             2. Дәлелдемелер түрлері 

 

                                             2.1 Дәлелдеу құралдары 

 

              Дәлелдеу  құралдарына азаматтық іс жүргізу  кодексінің 78, 79, 81, 86, 96 — баптарыңца көрсетілген дәлелдемелер түрлері  жатады. Енді осы баптарда берілген дәлелдеу құралдарының түсінікгемелеріне  тоқталып өтейік. Кодекстің 78-бабында  тараптардың және үшінші тұлғалардың  түсініктемелерне байланысты келесідей  қалыптар бекітілген. Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша  жиналған басқа да дәлелдемелермен  қатар тежелуге және бағалауға жатады.

             Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері  ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Тараптардың талабын немесе қарсылығын негіздейтін фактілерді, екінші тараптың мойындауы ол тарапты осы фактілерді одан әрі дәлелдеу қажеттілігінен босатады. Тарап мойындаған факті сот отырысының хаттамасына өткізіледі және оған фактіні  мойындаған тарап қол қояды. Егер фактіні тану жазбаша өтініште баяндаған  болса, ол іске қосып тігіледі. Егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды  жасыру мақсатынмен не алдаудың, күш  қолданудың, қорқытудың немесе жақылудың  әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелдеуге тиіс. Кодекстің келесі бабында куәнің айғақтарына байланысты ережелер бекітілген. Оған сәйкес іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә  болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін  көрсете алмаса, дәлелдеме деп  танылмайды. Жазбаша дәлелдемелердің  анықтамасы 81-бапта орын тапқан. Ол бойынша іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтер қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады делінген. Заттай дәлелдемелер түсінігі 66-бапта бекітілген. Егер заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар  мән-жайды анықтау құралы бола алады  деп ұйғарға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады. 96-бапта сарапшының қорытындысы  туралы түсініктемелер берілген. Сарапшының қорытындысы бұл сарапшының алдына сот зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілетін заттай дәлелдемелер мен үліглерге  негізделген қорытындылар.

Информация о работе Дәлелдеме ұғымы