Кен орынның геологиялық құрлымының сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2012 в 20:47, курсовая работа

Краткое описание

Әкімшілік жағынан алғанда Теңіз кен орны Қазақстан Республикасы-ның Атырау облысындағы Жылыой ауданында орналасқан (1.1-сурет).
Географиялық жығынан кен орын Каспий маңы бассейнінің оңтүстік – шығыс бөлігінде орналасқан. Осы аймақтағы барланған мұнай қорының не-гізгі бөлігі басейіннің перефериясы бойынша полеозой қимасының тұз асты бөлігіне кіреді.

Содержание

1.Кен орынның геологиясы
1.1.Кен орнының жалпы мағлұматтары....................................................................
1.2.Стратиграфия..........................................................................................................
1.3. Тектоника................................................................................................................
1.4 Мұнайгаздылығы....................................................................................................
2 Игерудің қазіргі жағдайы және қысқаша тарихы..................................................
2.1. Игеру жобасының тарихы ....................................................................................
2.2.Айдау және пайдалану ұңғыларының қорының динамикасы (нақты және жоба бойынша) І шілдеге ұңғыма қорының жағдайы ..............................................
2.3. Мұнай өндіру, ілеспе газ және ілеспе су динамикасы (нақты және жоба бойынша)........................................................................................................................
2.4. Газ айдау және қабат қысымы динамикасы (нақты және жоба бойынша)......
3 Геологиялық – кәсіпшілік сипаттамасы ..................................................................
3.1. Қабат жұмысы режимі...........................................................................................
4 МКОИ жүйесі............................................................................................................
4.1.Қабат жұмыс режимі.Ұңғыма қор динамикасы.Игеру жобасы бойынша талдау және алынған жағдайы.....................................................................................
4.2Мұнай газды өндіру көлемі.............................................................................. ......
4.3. Ұңғымадағы сұйықты өңдеуді қарқындатуға бағытталған шаралар................
4.4.Нақты және берілген жоба бойынша мұнай өндіруді реттеу.............................
Қорытынды....................................................................................................................
Пайдалынған әдибиеттер тізімі.....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Отчет Тениз 2012.doc

— 2.03 Мб (Скачать документ)

Мазмұны

1.Кен орынның геологиясы

1.1.Кен орнының жалпы мағлұматтары....................................................................

1.2.Стратиграфия..........................................................................................................

1.3. Тектоника................................................................................................................

1.4 Мұнайгаздылығы....................................................................................................

2  Игерудің қазіргі жағдайы  және қысқаша тарихы..................................................

2.1. Игеру жобасының тарихы  ....................................................................................

2.2.Айдау және пайдалану  ұңғыларының қорының  динамикасы (нақты және жоба бойынша) І шілдеге ұңғыма қорының жағдайы ..............................................

2.3. Мұнай өндіру, ілеспе  газ  және ілеспе су динамикасы (нақты және жоба бойынша)........................................................................................................................

2.4. Газ айдау және қабат  қысымы динамикасы  (нақты және  жоба бойынша)......

3 Геологиялық – кәсіпшілік  сипаттамасы ..................................................................

3.1. Қабат жұмысы режимі...........................................................................................

4  МКОИ жүйесі............................................................................................................

4.1.Қабат  жұмыс режимі.Ұңғыма қор динамикасы.Игеру жобасы бойынша талдау және алынған жағдайы.....................................................................................

4.2Мұнай газды өндіру  көлемі.............................................................................. ......

4.3. Ұңғымадағы сұйықты  өңдеуді қарқындатуға бағытталған  шаралар................

4.4.Нақты және берілген  жоба бойынша мұнай өндіруді  реттеу.............................

Қорытынды....................................................................................................................

Пайдалынған әдибиеттер тізімі...................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кен орынның геологиялық  құрлымының сипаттамасы

 

1.1. Кен орнының жалпы мағлұматтары

 

Әкімшілік жағынан алғанда Теңіз  кен орны Қазақстан Республикасы-ның  Атырау облысындағы Жылыой ауданында  орналасқан (1.1-сурет).

Географиялық жығынан кен орын Каспий маңы бассейнінің оңтүстік –  шығыс бөлігінде орналасқан. Осы  аймақтағы барланған мұнай қорының не-гізгі бөлігі басейіннің перефериясы бойынша полеозой қимасының тұз асты бөлігіне кіреді. Бұл жерде Теңіз кен орнынан басқа тұз асты қабатына жата-тын бірнеше мұнай, газ және конденсат кен орындары бар. Оларға Қарашы-ғанақ, солтүстіктегі Оренбург, Кеңқияқ және солтүстік-батыстағы Жаңажол, батыстағы Астрахань сияқты кен орындары және жақында ашылған Каспий теңізі шельфінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Қашаған кен орны жатады.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1-сурет Теңіз кен орнының  шолу картасы

Теңіз кен орны диаметрі 500 км болатын  ірі шеңбер тәрізді карбон-атты құрылым  кешенінің бөлігі болып табылады және бұл құрылымға Королев, Каратон, Тәжғали, Пустынная және Қашаған  кен орындары кіреді.

Рельефтің орташа абсолюттік белгілері  минус 25 м құрайды.

Шөл далаға лайықты, территория өсімдіктері  кедей және тікенекті. Жантақ, жусан  көп тараған әр жерде қамыста  кездеседі. Өсімдік әлемінің ке-дейлігіне  тәуелді жануар әлемі де аса байлығымен ерекшеленбейді, жануар-лар әлемінің басым бөлігін кемірушілер тобы құрайды. Өзендер жүйесі жоқ .

Аймақ климаты күрт континентальді қысы суық (-300С дейін), жазы ыстық (+ 450С дейін). Әдетте қар қарашаның ортасына таман түсіп, наурыз-дың аяғына дейін сақталады.Топырақтың қату тереңдігі 1,5-2 м жетеді.

Жауын шашынның негізнен көктемгі және күзгі мезгілдерінде жауа-ды, оның  жылдық орташа көлемі 200 мм аспайды. Аймақ күшті желдермен сипатталады: қыста шығыс және солтүстік-шығыс бағытындағы, жазда батыс және солтүстік батыс бағытандағы желдер басым болып келеді. Қыста қарлы борандар, жазда құрғақ желдер және құмды борандар жиі болып тұрады.   

 

 

1.2. Стратиграфия

 

Теңіз кен орнында төрттіктен жоғарғыдевонға дейінгі жастағы шөгін-ділер ашылған. Негізінен шөгінділер қимасында  үш ірі литолого-стратигра-фиялық кешен  бөлінеді: тұзасты (жоғарғы девон - артиндік), тұзды (кунгур) және тұзүсті (жоғарғы пермь  - төрттіктер).

Тұзасты шөгінділер негізінен әртүрлі  корбанатты жыныстармен көр-сетілген. Керн материалдары мен корреляция мәліметтерін талдау бойынша стратиграфиялық  ярустарға бөлу нақтырақ жүргізілген. Ашылған карбонатты шөгінділердің қалыңдығы 100 ден 300 метрге аралығында ауытқиды. Т-22, Т-24 ұңғыларында қалыңдық 1000 метрге жетеді. 

Атриндік шөгінділер көбінесе қайта  шөккен әктас сынықтары бар терригенді жыныстардан түзілген. Күмбезді бөлігіндегі көтерілім қалыңдығы 20 дан 100 метр аралығында ауытқиды. Қанатында қалыңдық 700-1000 метрге дейін артады.

Кунгур жасындағы тұзды шөгінділер сульфатты-галогенді жыныстармен  көрсетілген және үшмүшелі құрылымнан тұрады: астарлап жатқан ангидрит қабатынан, тас тұзы және жауып жатқан қабат – ангидриттен тұрады. Кунгур шөгінділерінің қалыңдығы 500 ден 1700 метрде өзгереді.

Тұзүсті кешені негізінен бүкіл  оңтүстік – шығыс Каспий маңы ойпатына тән терригенді шөгінділермен көрсетілген.

Теңіз коллекторы үш негізгі блокқа бөлінген: объект 3 (девон шөгін-ділері); объект 2 – туль шөгінділері, «Тула» (ерте – орта визей және турней); және объект 1 (башкир шөгінділері, серпухов ярусы, жоғарғы визей).

Палеозой тобы – Pz

Девон жүйесі D

Теңіз платформасының девон шөгінділері 3 объект ретінде қарасты-рылады. Теңіздің карбонатты платформасы болжам бойынша өзінің өсуін ортаңғы девондағы терригенді шөгінділерден тұратын жергілікті палео-рельефті биіктіктерде бастаған. Девон кезеңінің соңына қарай карбонатты платформаның жалпы қалыңдығы 2300 метрге жетті. Девон коллекторының шамамен 500 метрі 5450 метрді құрайтын болжамды СМЖ деңгейінен жоғары жатқан мұнай бағанасына қосылған.

Теңіз кен орнында девон шөгінділеріне  тек қана екі ұңғы жеткен. Т-10 ұңғысы девонның төмен жатқан астарлаушы қабатқа 100 метр тереңдікке жеткен және оның жалпы өту тереңдігі шамамен 5372 метрді құрады. Қазіргі кезде «Тенгизшевройл» ЖШС-да осы арылықтан екі, ұзындығы 5 см керн үлгісі ғана бар. Терең зерттеулерден кейін бұл сынықтар құрамында пелоидтар және кіші фораминиферлер, криноидеилер және балдырлары бар пакстоун және грейнстоундардан тұрады. Т-10 ұңғысы кешкі девон карбонат түзіліміне кіргені туралы барлық белгілер бар. Девонды ашқан екінші Т-17 ұңғысы орта девон орналасқан девон қабаттарына 5095 метр тереңдікке жетті.

Т-16 ұңғы бойынша 5009 метрде девон шөгінділерінің жапсарлы зонасы бақыланады. Т-16 ұңғысы кристалдық әктасқа 250 метрге кірді. Ол жанжақты жауып жатқан карбонды қабаттан күрт ерекшеленеді. Бұл қима ок горизонты ретінде белгілі [1,6].

Қанатта орналасқан Т-35 ұңғысында  девон жабыны байқалады. Т-35 ұңғысында  карбонатты жыныстардың астарлаушы қабатшасы жоқ. Девон шөгінділерінің жабыны платформада бұрғыланған  ұңғыларда қанаттағыға қарағанда  үлкен тереңдікте жатпау керек.

Таскөмір жүйесі – С 

Төменгі бөлім – С1

Турней және Визей ярустары –  С1t, C1v

II объект төменде жатқан III объектіге  қарағанда жақсырақ зерттелген. Ол өзіне платформадағы ерте  және орта Визе және Турнейдің  550-600 метрін қосады. Т-30 ұңғысында  жасалған шлифтердің талдауы бойынша бұл аралықты вулкандық туф ретінде қарастыруға болады. Вулкандық туф қабаты кем дегенде 14 ұңғыда ашылған. Ол платформаның бортына таман және платформаның солтүстік және шығыс жақтары бойымен созылған құрылым-дық көтерілімдерде жоққа шығады.

II объектіні сынау платформада  орналасқан Т-22 ұңғысымен 420 метр  аралығында тұрақты керн алумен  жүргізілді. Керн материалы қоңыр  пак-стоуннан және онда шашыранды  орналасқан криноидей сынықтарынан, мик-ритизирленген фораминиферден  және балдырлардан тұрады.

Каротажды диаграммалар және кернді материал объект ІІ ашылған аралығын нашар кеуекті коллектор ретінде  сипаттайды. «Тенгизшевройл» ІІ объект бойынша коллектор потенциялын  толық және жан жақты бағалау  мақсатында кернге терең талдау жүргізеді. Жарықшақтар ІІ объектіде қалып-ты жағдай болып табылады. Кейбір жарықшақтар ашық, кейбіреулері жарым -жартылай толтырылған, көбісі толығымен кальцидпен толтырылған. Т-39 ұңғысында біз осымен қатар горизонт бойынша карстотүзілім нәтижесінде пайда болған кеуектіліктің аномальді жоғарғы шамасын бақылаймыз.

Құрылым қанаттарындағы шөгінді жыныстарда орналасқан ІІ объект  аралық ретінде, және ол девон жабыны мен І объектінің сазды байланысқан қабаттардың  арасында қарастырылады. Олардың қалыңдығы 204 тен 607 метрге дейін өзгереді.

Визей, серпухов, башкир ярустары - С1v, С1s , С2b   

Объект І – бұл Визе негізіне шөккен артинск аргилиттер табанынан  вулкандық туф қабатшасына дейінгі  аралық. Ол үш негізгі будадан тұрады, олар башкир, серпухов және ок стратиграфиялық шөгінділер.

Визей ярусы - С1v2

Жоғарғы Визе (ок горизонты) ІІ объектіде  орналасқан вулкандық туф қабатының  үстінде сәйкессіз жатыр. Түзілім  жабыны жан-жақты кеуектілігі нашар  қабат табанында орналасқан. Бұл  осы тереңдік деңгейіне дейін  жеткен Т-22 және Т-31 ұңғыларында байқалады. Қалыңдығы бойынша ок ярусы солтүстікте 170 метрден 210 метр орталық платформада және ары оңтүстікке қарай 250 метрге дейін артады.

Объект І керн материалына ең байы. Т-8, Т-22, Т-24 ұңғыларынан ок аралығынан алынған кернді материал құрамына таяз немесе өте таяз (тасу-қайту) зоналар жағдайында шөккен пакстоун және грейнстоун кіреді. Сонымен қатар кернді материалда криноидеялар, брахиоподтар және фораминиферлі балдырлар қалдықтары мол кездеседі.

Карсты беттердің болу мүмкіндігі окск ярусы жабынының маңында Т-8 және Т-24 ұңғыларында байқалады. Кавернді, ізді , жарықшақты және қуысты кеуектер бүткіл ок ярусы бойынша жақсы байқалады, іс жүзінде ол жабын бойынша жақсы тараған. Жарықшақтардың көбісі жартылай ашық.

Бұл коллекторды моделирлеу кезінде жоғарғы бергіштікті алу мақса-тында, ок ярусы эрозионды стратиграфиялық параллельді келісімсіздіктер бойынша алты қабатқа (О1-О6) бөлінген.

Окск горизонтының орташа қалыңдығы 297 метр.

Серпухов ярусы - С1s

Серпухов ярусы негізгі келісімсіздікті көрсететін латеринді тақта-таспен жабылған. Бұл келісімсіздік бірнеше миллион жылдар бойы түзілген. Тақтатастардың қабаттасуы көптеген ГК диаграммаларында толқулар туды-рады. Литологиялық ярус астарлаушы ок шөгінділеріне ұқсас және сол шөгін-ді жиналым стилінің жалғасы болып табылады. Серпухов аралығы платформа-ның ішкі қимасы бойынша, төрт отыз метрлік нашар кеуекті жынысты жіңіш-ке келісімсіздіктермен байланысқан шөгінді жыналыс циклдерінен тұрады.

Серпухов аралығы таязсулы криноидты, брахиопоидты және фора-миниферлі пакстоундармен жабылған. Ол пакстоундар микритті матрица ішіндегі мол балдырлы материалдан тұрады. Бөлек коралдар бұл жерде бағы-нышты жағдайда, бірақ сонымен бірге ашылған серпухов аралығын сипаттай-ды. Кеуектілік берілген аралықтың көп бөлігіне таралған. Ол жарықшақты, ізді, кавернді-қуысты және түйіраралық кеуектілік түрлерін көрсетеді.

Серпухов ярусы төрт шөгінді  жиналым цикліне сәйкес келетін  төрт зонаға (З1-З4) бөлінеді. Өндіру бойынша  каротаждың мәліметтері Т-113 үңғысымен ашылған З1 және З4 кеуекті зоналары ұңғы оқпанына 80 % флюид ағынын қамтамасыз етеді.

Серпухов ярусының орташа қалыңдығы 197 метрді құрайды.

Башкир ярусы - С2b

Башкир аралығының шамамен 100 метрі  Теңіз коллекторының жабыны маңындағы  балдырлы-олитті тақтасты грейнстоун кешенімен түзілген. Ол перм және артин аргилиттерімен жабылады. Башкир ярусының карбонаты тереңдігі 1-2 метрге дейінгі таяз сулы бассейінде шөккен ұсақ, жұмырланған балдырлар түйірлерінен, жергілікті бай ооид мекенінен, беттік ооид және онкоидтардан құралған.

Башкир аралығының кеуектілігі  серпухов және окск шөгінділеріне қарағанда  біртексіз.

Шөгінді жиналу циклдерінің жоғары қарай таяздануы керн бойынша  жақсы бақыланады, бірақ бұл циклдер  жеткілікті жіңішке (максималды қалың-дығы 5 метр), бұл шөгінді жиналудың таязсулы жағдайда жүргендігімен түсін-діріледі.

Бастапқыда корреляцияның башкир аралығы деңгейлерінің белгілері  ГК шыңдарының корреляциясына негізделген, олар тақтатас қабатшаларының болуын көрсетті. Башкир аралығында төрт белгі (Б1-Б4) орнатылған болатын. Бұл қабаттар қалыңдықтары кейбір ұңғылармен өту кезінде өзгермелі болып келеді, бұл жергілікті шайылу нәтижесі болып табылады [11].

Башкир ярусының қалыңдығы 204 метр.

Перм жүйесі – Р

Теңіз ауданындағы перм жүйесінің  қимасы жоғарғы артин ярусастымен және кунгур ярусымен көрсетілген.

Жоғарғы артин ярусасты. Жоғарғы  артин шөгінділері Т-1, Т-2, Т-11,

Т-15, Т-33, Т-38, Т-39, Т-41, Т-42, Т-43 және басқа  да ұңғылар кернімен ашыл-ған және сипатталған. Жоғарғыартин ярусастының  базальді қабаты орта және төменгі таскөмір түзілімдерінің шайылған бетінде жатыр. Қима толығырақ Т-11 ұңғысымен көрсетілген.

Қиманың төменгі бөлігі ұсақ түйірлі, мол дитритті және микрофауна кешенді: остракодтар, гониатит қуыршақтары, форамини-ферлі  сазды қою сұр, қара дерлік әктастардан тұрады. Жоғары жағында қара тісті, аса сазды, сирек детритті ганотитті ұсақ түйірлі әктастар жатады.

Информация о работе Кен орынның геологиялық құрлымының сипаттамасы