Тұқым қуалайтын аурулардың геногеографиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 08:57, реферат

Краткое описание

Генография- жердегі географиялық аймақтарда, гаплоидты ДНК-ның таралуын, тірі организмнің жер бетіне таралу ошағын, және олардың тексеруін айтады. 1928жылы ең алғаш генография жайлы түсінікті Ресей академигі генетик Александр Сергеевич Серебровский енгізген. Генографиялық тексеру адамның генофонды картогеографиялық анамнезі бойынша генетикалық гаплоид топтарының маркерлерінің үлкен аймақтарда таралуын айқын популяциялық топтардың таралуын айтады. Генотипті әр түрлі ДНК-лы классикалық маркерлерге арнайы зерттеулер жүргізеді.

Содержание

Кіріспе.
Тұқым қуалайтын аурулардың генографиясы.
2. Негізгі бөлім
а) Экологиялық жағдай және адам денсаулығы.
б) Тұқым қуалаушылық және патология.
в) Тұқым қуалаушылық қасиетін зерттеу.
г) Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалаушылық аурулардың алдын алу мен емдеу.
3. Қорытынды.
4.Қолданылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

генография.doc

— 160.00 Кб (Скачать документ)

 

  • Полиплоидия - хромосома санының гаплоидты өсуінің еселенуі/ 3 п, 4п, 5 п, .../. Полиплоидия өсімдіктер селекциясында қолданылады, өнім алуды бірнеше есеге өсіреді. Сүт қоректілер мен адамдар үшін бүл өлімге әкелетін мутациялар.
  • Гаплоидия /1 п/ - бұл хромосоманың бір жұбы, мысалы араның еркегінде болады. Гаплоидтардың тіршілік ету қабілеті төмендейді, өйткені бұл жағдайда жеке санды құрайтын барлық рецессивті гендер білінеді. Сүт қоректілер мен мен адамдар үшін бұл өлім мутациясы.
  • Анеуплоидия - хромосома санының гаплоидты өсуінің немесе азаюының екі еселенбеуі /2 п+1, 2 п+2 және т.б./. Анеуплоидияның түрлері: а/ трисомия - кариотипте 3 гомологиялық хромосома болады, мысалы Дауна синдромында /21-ші хромосома брйынша трисомия/; б/ моносомия - жиынтықта гомологйялық хромосоманың бір жұбы, мысалы, Шерешевский -Тернер синдромында /X моносомия/. Хромосоманьщ алғашқы ірі жүптары бойынша моносомия адам үшін өлім туғызатын мутация болып табылады. Нулисомия - хромосома жүбының жоқ болуы /өлім туғызатын мутация/.
  • Геномды мутациялар цитогенетикалық әдістермен анықталынады. Олар барлық жағдайда фенотипиялық жағынан білінеді. Геномды аурулардың себептері ата-аналарының біреуінде мейоз процесінің бұзылуы болып табылады. Бұл уақытта ағзаның барлық жасушалары ақау кариотиптен тұрады. Хромосома жиытығының өзгеруі зиготаның алғашқы бөлінуі кезінде, тіпті ол қалыпты гаметадан қалыптасқан жағдайда да байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда мозаицизм байқалады, яғни ағза жасушасының бір бөлігі хромосоманың басқа жиынтығынан тұрады.
  • Хромосомды мутациялар /аберрациялар/ хромосома құрылымының өзгерістеріне байланысты туындаған мутациялар. Олар хромосома ішілік және хромосома аралық болуы мүмкін.
  • Хромосома ішілік мутацияларға бір хромосома ішіндегі қайта қүрылулар жатады.
  • 1. Делеция /жетіспеушілік/ - хромосома бөлігінің түсіп қалуы. Адамда 5-ші хромосоманың қысқа иығының бір бөлігінің түсіп қалуы жылауық мысық синдромының дамуына әкеліп соқтырады. Хромосоманың екі иығы теломерлерінің жетіспеушілігінде көп жағдайда қалған құрылымының сақинаға тұйықталуы байқалады, оны сақиналы хромосомалар деп атайды. Хромосоманың центромерлік бөлігінің түсіп қалуында децентрлік хромосомалар пайда болады.
  • 2.  Дупликация - хромосома бөлігінің екі еселенуі. Дрозофила шыбынында тілім тәрізді көздің пайда болуы 2-ші хромосома дупликациясының нәтижесі болып табылады.
  • 3. Инверсия - хромосома бөлігінің жүлынып кетуі, оның 180°-ке бүрылуы және жұлынған жерге бекінуі. Бұл кезде геннің орналасу тәртібі бүзылады.
  • 4.  Инсерция - хромосомаға қосымша бөлікті қондыру.
  • 5. Изохромосома - қосарланған ұзын немесе қосарланған қысқы иықтан тұратын хромосома. Ол хромосоманың үзіліп кетуінде центромерлер тұсында мейоз кезінде әдеттегідей тігінен емес көлдеңінен бөлінуде қалыптасады.
  • 6.  Тұйықталған хромосома - хромосоманың қалған бөлігінің сақина түзуіне әкеліп соқтыратын хромосоманың үшты бөлігінің екі қапталынан түсіп қалуы.

 

Функциональдық гендер өзгерісінің  нәтижелері.

 

  • 1/,Репрессор - белок оператор - генге жақындамайды / "кілт қүлып саңылауына кірмейді "/- құрылымдық гендер түрақты жүмыс /белоктар барлық уақытта түзіледі/ істейді.
  • 2/ Репрессор - белок оператор - генге нықтап жанасып "қосылады " және индуктормен шешіп алынбайды /"кілт қүлып саңылауынан шықпайды /қүрылымдық гендер тұрақты жүмыс істемейді және осы транскриптонда кодпен жазылған белоктар түзілмейді.
  • 3/ Репрессия және индукцияның кезектесіп келуінің бүзылуы -индуктордың жоқтығында арнайы белок түзіледі, ал оның бар болуында белок түзілмейді. Транскриптон жұмысының жоғарыда аталған бұзылулары реттеуші - ген немесе оператор - геннің мутациясымен байланысты.
  • Гендік мутациялар көп жағдайларда фенотипиялық білінеді және зат алмасуы бұзылуының /генді аурулар/ себептері болып табылады, адам популяцияларында біліну жиілігі 1-2 пайызды құрайды. Олар биохимиялық әдістермен және рекомбинатты ДНҚ әдістерімен анықтал ынады.
  • Аутосомды хромосоманың сандық және құрылымдық ақаулары     
  • Жүйке-психикалық және физикалық дамудың бұзылуы әсіресе аутосомды хромосомалардың сандық және құрылымдық өзгерісін қамтиды. Олардың арасында ете жиі кездесетіні трисомия, ең алдымен 21-хромосоманың трисомиясы болып табылады. Туылған нәрестелерде басқа хромосомалардың трисомиясы сирек анықталынады. Осы сияқты хромосома өзгерістерімен туылған сәбилер құрсақтан тыс өмір сүре алмайды, яғни тіршілік етуге, тіпті құрсақ ішілік жағдайда да тіршілік етуге сәйкес келмейді. Жүктіліктің өздігінен үзілуіндегі ұрықтардың 50 пайызға жуығын трисомия жағдайы құрайды.

 

  • Дауна синдромы - адамда жиі кездесетін жақсы зерттелген хромосомды ауру. Алғаш рет 1866 жылы ағылшын педиатры АДаунмен анықталынған болатын. Дауна ауруының ең басты себебі науқас кариотипінде қосымша 21-ші хромосоманың болуы болып табылады.
  • Бұл аурудың орташа жиілігі - 650-700 нәрестеге 1 науқастан келеді. XX ғасырдың ортасында мүндай балалардың 35 жастан асқан әйелдерде жиі туылатындығы анықталынған болатын.
  • Кейіннен аурудың 80 пайыз жағдайында анасының мейоз процесінде хромосоманың ажырамау нәтижесі болып табылатындығы анықталынды. Ал қалған 20 пайызында 21-ші хромосома трисомиясы науқас әкесіндегі сперматогенез процесінің бұзылуымен байланысты болады.

 

  • Дауна синдромымен баланың туылу жиілігі анасының жасына тура байланысты болады. Мысалы, 20-24 жас аралығындағы әйелдердің ұрпақтарында бүл аурудың болу мүмкіншілігі 1980 босануға 1 жағдайды құраса, 35 жаста - 250 сәбиге 1 науқасты құрайды. Ал 45 жастағы әйелдерде Дауна синдромы әрбір 3 нөрестеде анықталынады.
  • Дауна синдромы 21-ші хромосома санының өсуіне әкеліп соқтыратын хромосома өзгеруінің әртүрлі варианттары нәтижесінде дамуы мүмкін:
  • • 21-ші хромосоманың қарапайым /реттілік/ трисомиясы барлық аурудың 94 пайыз жағдайын қүрайды. Мұндай науқастың кариотипін темендегідей етіп жазуға болады: 47, ХУ, + 21 немесе 47, XX, + 21;
  • • Аурудың транслокациялық варианты; бұл кезде қосымша 21-ші хромосома басқа хромосомаларға /жиі 13 немесе 14-ші хромосомаға/ жалғасады. Кейде ауру 21-ші хромосоманың тек қана ұзын иығының транслокациясында пайда болады. Аурудың бұл түрі шамамен 4 пайыз жағдайда кездеседі.
  • Дауна синдромының мозаикалық /өрнекті/ варианты науқастардың 2 пайызында анықталынады. Бүл кезде ағза жасушасының бір бөлігі қосымша хромосомадан тұрады, ал басқа жасушалары қалыпты кариотиптен түрады. Дауна ауруының бұл варианты әдетте қарапайым трисомиямен салыстырғанда фенотиптік аз өзгерістермен білінеді. Дауна синдромы арнайы клиникалық суреттемелермен сипатталады (5-сурет), хромосомды зерттеулер жүргізгенге дейін нәресте туылған бойда-ақ диагноз қоюға болады.
  • Мүндай науқастарды қарау барысында синдромға тән беті және желкесі жалпайған бас пішіні, желкенің артқы бетінде қатты тері қыртысы анықта-лынады. Көз қиығы "монғол" типтес, яғни көздің сыртқы бүрышы ішкісіне қарағанда жоғары қарай көтерілген. Кеңсі-рігі жалпайған және ішке қарай ойыңқы  біткен.  
  • Бұл ауруда бұлшық ет тонусы төмендеген, сондықтан Дауна синдромымен туылған нәрестелер әдетте керуетте жатқанда аяқ-қолдарын жинақтамай, айқара ашып жатады. Олардың аяқ-қолдарының саусақт<span class="dash041e_0431_

Информация о работе Тұқым қуалайтын аурулардың геногеографиясы