Тұқым қуалайтын аурулардың геногеографиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 08:57, реферат

Краткое описание

Генография- жердегі географиялық аймақтарда, гаплоидты ДНК-ның таралуын, тірі организмнің жер бетіне таралу ошағын, және олардың тексеруін айтады. 1928жылы ең алғаш генография жайлы түсінікті Ресей академигі генетик Александр Сергеевич Серебровский енгізген. Генографиялық тексеру адамның генофонды картогеографиялық анамнезі бойынша генетикалық гаплоид топтарының маркерлерінің үлкен аймақтарда таралуын айқын популяциялық топтардың таралуын айтады. Генотипті әр түрлі ДНК-лы классикалық маркерлерге арнайы зерттеулер жүргізеді.

Содержание

Кіріспе.
Тұқым қуалайтын аурулардың генографиясы.
2. Негізгі бөлім
а) Экологиялық жағдай және адам денсаулығы.
б) Тұқым қуалаушылық және патология.
в) Тұқым қуалаушылық қасиетін зерттеу.
г) Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалаушылық аурулардың алдын алу мен емдеу.
3. Қорытынды.
4.Қолданылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

генография.doc

— 160.00 Кб (Скачать документ)

«Астана Медицина Университеті» АҚ

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Тұқым қуалайтын аурулардың геногеографиясы»

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Шарафова А

Тексерген:   

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана- 2013

Жоспар:

    1. Кіріспе.

   Тұқым қуалайтын аурулардың генографиясы.

2. Негізгі бөлім

    а) Экологиялық жағдай және адам денсаулығы.

    б) Тұқым қуалаушылық және патология.

    в) Тұқым  қуалаушылық қасиетін зерттеу.

    г) Медициналық  генетика және кейбір тұқым  қуалаушылық аурулардың алдын  алу мен емдеу.

3. Қорытынды.

4.Қолданылған  әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе:

Генография- жердегі географиялық аймақтарда, гаплоидты ДНК-ның таралуын, тірі организмнің жер бетіне таралу ошағын, және олардың тексеруін айтады. 1928жылы ең алғаш генография жайлы түсінікті Ресей академигі генетик Александр Сергеевич Серебровский енгізген. Генографиялық тексеру адамның генофонды картогеографиялық анамнезі бойынша генетикалық гаплоид топтарының маркерлерінің үлкен аймақтарда таралуын айқын популяциялық топтардың таралуын айтады.  Генотипті әр түрлі ДНК-лы классикалық маркерлерге арнайы зерттеулер жүргізеді. Оларға: мтДНК-лы, Y-хромасома, гендік-биологиялық басқа да генетикалық маркерлер жатады. 2005жылдан бастап халықаралық «Генографиялық жоспар» құрылды.   Тексеріс барысында мтДНК және Y-хромасома жер шары аймақтарында халықаралық таралуын қарастырды. АҚШ-да жоспардың қаражаты 40млн доллардан жоғары болады. АҚШ және БҰҰ одақ құрып, демеуші ретінде қаражаттандырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ.

Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі. Адамның денсаулығының төмендей, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хе nos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар. Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді. Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық. Америка ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.    Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-теи 12 ЗЖЖК-ге көтерілуі балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы — 1,4 есеге артуына әкеледі. Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7—8, Жапонияда — 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24—25 болған.

Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:

 

1) концерогендер (латын  тілінен аударғанда cancir — рак,  генезис — шығу тегі) қатерлі  ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта  шамамен 500 осындай заттар белгілі.  Олардың ішіндегі ең күштілеріне  бензо(а)пирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;

2) мутагендер (латын тілінен  аударғанда mutasio — өзгеру) – хромосомалар  саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;

3) тератогендер (грек  тілінен аударғанда teras , teralos — қ  ұбыжық) — жеке дамуда кемістіктерге  әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.

Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогеидер (грек тілінен аударғанда embryo – ұрық) эмбрионалдық даму кезінде зақымдануларға әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.

Адам қызметінің нәтижесінде  жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда  болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап  қосылыстарымен (“минамата”) және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.

 

Семей ядролық  полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері.

Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле  бастады. Онда адамдар мен малды  радиоактивті заттардың таралу аймағынан  уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.

Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді.

Семей ядролық полигонындағы  сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды.

Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды  профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі.

1949 жылғы алғашқы жер  бетіндегі жарылыстан бастап  Семей және Павлодар облыстарының  радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті.

Семей полигонына жақын  нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік  кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге  ерекше көп келеді.Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен  болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

 

 

Денсаулық үшін зиянды органикалық  
және бейорганикалық заттар.

Көптеген органикалық  заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты  болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа  аурулардың пайда болуын күшейтеді.

Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті. Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорды бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид), тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен (еріткіштер). Бұл топқа өте улы зат — диоксиндер де жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПАТОЛОГИЯ.

  Тұқым қуалау аурулары - бұл негізіңде тұқым қуалау материалының яғни мутацияның өзгеруі байқалатын патологиялық жағдайлар. Бұл аурулардың дамуында ген немесе хромосома құрылымының бұзылуы ең басты себептердің бірі болып табылады. Мұнан басқа тұқым қуалау патологияларына тұқым қуалау бейімділігі бар -мультифакторлық аурулар да жатады. Олар патологиялық процестің дамуына ықпал ететін жағдайды туғызатын сыртқы орта факторлерінің және геннің арнайы жинағының бірлескен әсері нәтижесінде пайда болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жаңа туылған нәрестелердің 5-8 пайызы осындай аурулармен туылады екен. Олардың ішінде 3 пайызы генді мутацияға, 0,8-1 пайызы хромосомды өзгерістерге, 2,5-3,5 пайызы - іштен туа біткен даму ақаулығына және 1,5 пайызы мультифакторлық ауруларға байланысты болады екен. Тұқым қуалау аурулары адамның мезгілінен бұрын өлуіне әкеліп соқтырады. Сәби өлімінің шамамен 50 пайызы осы патологияға байланысты.

  Клиникалық медицинаның барлық тараулары тұқым қуалау ауруларынан тұрады. Мысалы, көру қызметі бұзылуының 70 пайызға жуығы және есіту қызметі бұзылуының 45 пайызы осы патология себептеріне байланысты. Жүйке ауруларының ішінде шамамен 350 ауру, ал дерматологияда 250 ауру генді мутацияға байланысты дамиды.

  "Іштен туа біткен аурулар" деген түсінік "тұқым қуалау аурулары " деген түсініктің синонимі емес. Іштен туа болған патология бала туылғанда анықталынады. Ол мутациямен қатар ұрықты зақымдайтын құрсақішілік инфекция, жарақаттар және т.б. сыртқы ортаның қандай-да бір факторлерінің әсер етуінде туындайды. Ал тұқым қуалайтын аурулар баланың туылған сәтінде немесе тіпті балалық шақта да білінбейді. Сондай аурулардың бірі мысалы, Гентингтон хореясы 40-50 жаста басталуы мүмкін. Мұнан  басқа "отбасылық аурулар " да барлық жағдайда тұқым қуалайтын болып табылмайды, өйткені бір отбасының мүшелеріне әдетте сыртқы орта факторының әсері бірдей болады, сондықтан патологиялық бұзылулар бір типті болады.

  Генетикада қолданылатын "синдром" деген термин медицинада кеңінен қолданылады. Тұқым қуалайтын патологияларды кескіндеп жазу барысында оны аурудың атауы үшін мысалы, Дауна синдромы қолданады. Тұқым қуалайтын аурулардың топтастырылуы.Тұқым қуалау аурулары тұқым қуалау құрылымының өзгеру сипатына сәйкес топтастырылады. Бұзылулардың 3 негізгі типін ажыратады: хромосомды, моногенді және мультифакторлы аурулар.

  1.  Хромосомды синдромдар адам хромосомасының құрылымы мен санының ақаулығымен өтеді.

 2.  Моногенді аурулар - бұл бұзылудың себебі жеке гендердің мутациясы болып табылады. Адамдағы патологиялық жағдай ядролық, сонымен қатар митохондриялық гендердің өзгерісімен шақырылған болуы мүмкін. Моногенді аурулардың көбі Мендель заңына сәйкес тұқым қуалайды, өйткені тұқым қуалау ақпараты негізінен ДНҚ ядросында болады. Моногенді аурулар тобына: аутосомды-доминантты, аутосомды-рецессивті, Х-тіркес доминантты, Х-тіркес рецессивті және митохондриялық патологиялық жағдайлар жатады.

  3.  Мультифакторлы аурулар - бұл тұқым қуалауға бейімділігі бар, оның білінуі үшін тұқым қуалайтын факторлер мен сыртқы орта факторлерінің бірігіп әсер етуі қажет болатын аурулар. Тұқым қуалау бейімділігінің себебі бірнеше қалыпты гендердің генотипте қолайсыз бірігуі болып табылады. Бірақ ағзадағы патологиялық өзгерістер адамның қоршаған ортаның зақымдаушы факторлерінің әсеріне ұшыраған кезінде пайда болады. Мультифакторлы ауруларды науқастың қаңдай мүшесінің зақымдануына сәйкес, мысалы, жүйке, жүрек-тамырлар, тыныс алу, эндокринды жүйе және т.б. мүшелердің аурулары деп ажаратады.

 

Клиникалық ерекшеліктері

 

$/. Т$ұқым қуалайтын ауруларга ұқсайтын патологияның бір отбасы мүшелерінде қайталану жағдайы. Бұл, әсіресе моногенді немесе мультифакторлы ауруларға тән. Дегенмен хромосомды синдромдар әдетте отбасының тек қана бір мүшесінде білінеді.

  • 2. Аурудың тұқым қуалау сипаты. Даму ақаулығы мен хромосомды синдромдардың көбі нәресте туылғанда анықталынады. Бірақ көп моногенді және мультифакторлы аурулар сәл кешігірек, кейде қарттық кезеңде дамиды. Іштен туа болған патологиялар барлық жағдайда тұқым қуаламайды. Мысалы, жаңа туылған нәрестелерде анықталынған кейбір даму ақаулықтары жүктілік кезінде ұрыққа әсер ететін сыртқы орта факторлерінің әсеріне байланысты қалыптасады.
  • 3. Науқас жағдайын біртіндеп төмендететін аурудың созылмалы, қайталанатын ағымы. Патологиялық процесті, кейде тоқтату мүмкін болмайды. Тұқым қуалау аурулары мүгедектікке және адамның мезгілінен ерте өлуіне өкеліп соқтыруы мүмкін.
  • 4.  Адамда бірнеше мүшелер немесе жүйелердің бір мезгілде зақымдануы. Бұл моногенді және хромосомды синдромдарға тән. Мысалы, бір науқаста дененің жоғарғы бөлігінің даму ақаулығы  бірінші саусақтың, кәрі жіліктің дұрыс жетілмеуі, білек сүйектерінің ақаулығы мен жүректің іштен туа біткен ақаулығының бірігіп дамуы моногенді аутосомды - доминантты Хол-Орам синдромына тән.
  • 5. Арнайы белгілердің болуы. Тұқым қуалау ауруларын клиникалық анықтау белгілі бір патологиялық белгілерге немесе белгілердің бірігуіне, сонымен қатар ағза қызметтерін бұзбайтын дене бөлігі құрылысының ерекшеліктеріне /мысалы: маңдай, мұрын, көз сызығының пішіні, шаштың өсу шекарасы және т.б./ негізделеді. Мысалы, остеогенез - сүйектену процесінің жетілмеуінде бір адамда көру мүшесінің қызметіне әсер етпейтін сынықтың және аяқ-қол сүйектерінің майысуларын, құлақ мүкістігін және көз ағының көк түсті болуын жиі анықтауға болады.
  • 6.  Анагурлым кең таралган емдеу әдістеріне төзімділігі. Қазіргі уақытқа дейін тұқым қуалау ауруларын емдеу өте күрделі болып табылады. Науқас жағдайын жақсарту*және асқынулар дамуын болдырмау қиынға түседі. Мысалы, кәдімгі бронхит - қолқаның қабынуын қабынуға қарсы және қақырық түсіретін дәрілердің көмегімен тиімді емдеуге болады. Ал қолқасы муковисцидозбен зақымданған науқастарға соңғы кездері қолданылатын күшті әсері бар дәрілерді түрақты қабыдауға тура келеді, соның өзі кейбір жағдайларда науқастың құлан таза айығуына әкелмейді.

 

Хромосомды  аурулар.

 

  • Хромосомды аурулар - бұл хромосома құрылымының немесе санының өзгеруінен туындайтын патологиялық жағдай.
  • 1866 жылы ағылшын педиатры Даун балаларда ақыл-ойжетіспеушілігінің ерекше бір түрін анықтады, ол кейіннен Дауна синдромы деп аталды. ХХ-ғасырдың бірінші жартысында Шерешевский-Тернер және Клайнфельтер синдромдары ашылды. Дауна синдромында науқас кариотипінде қосымша хромосоманың болуы анықталынған кездеп бастап, яғни 1959 жылы хромосомды ауруларды зерттеу ісі белсене басталды. Қазіргі уақытқа дейін адам хромосомасы ақаулығының 1000-га жуық алуан түрлері анықталынды.
  • Хромосомды аурулардың таралуы барлық ұлт өкілдерінде бірдей және орташа есеппен әрбір туылған 1000 нәрестеге шаққанда 7-8 науқасты қүрайды. Хромосомды аурулар Ресей елінде жыл сайын 12 000 жаңа туылған нәрестеде тіркеледі екен. Хромосомды аурулары бар эмбрионның, яғни үрықтың 90 пайызы құрсақішінде өледі екен. Өздігінен болатын түсіктің 40 пайызы хромосомды патология нәтижесіңде дамиды. Өлі туылған балалардың 6 пайызы хромосомды патологияға байланысты. Іштен туа біткен көпшілікті ақаудың шамамен 45 пайызы хромосомды синдромды қүрайды.
  • Генетикалық материалдың өзгерісіне байланысты мутациялар 1/ геномды; 2/ хромосомды және 3/ генді болып бөлінеді.
  • Геномды мутациялар хромосома саныньй өзгерісіне байланысты туындайды. Олар - полиплоидия, гаплоидия және анеуплоидия.

Информация о работе Тұқым қуалайтын аурулардың геногеографиясы