Топырақ құнарлығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 15:14, реферат

Краткое описание

Топырақ құнарлығы деп оның табиғи және мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз ету қабілетін айтады. Топырақ құнарлығы оны кез-келген борпылдақ тау жынысынан ажыратуға мүмкіндік беретін ерекше сапа. Бұл сапаның адамзат қоғамы үшін маңызы зор. Табиғи топырақ құнарлылығы олардың қалыптасуы барысында топырақ түзу факторы әсерінен болады және табиғи өсімдіктер өсімділігімен бағаланады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Топырақ құнарлығы.docx

— 14.11 Кб (Скачать документ)

Топырақ құнарлығы

 

Топырақ құнарлығы деп оның табиғи және мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз ету қабілетін айтады. Топырақ құнарлығы оны кез-келген борпылдақ тау жынысынан ажыратуға мүмкіндік беретін ерекше сапа. Бұл сапаның адамзат қоғамы үшін маңызы зор. Табиғи топырақ құнарлылығы олардың қалыптасуы барысында топырақ түзу факторы әсерінен болады және табиғи өсімдіктер өсімділігімен бағаланады.

 

Өнделетін жердің құнарлығы ауылшаруашылық өнімдерінің түсім көлемімен өлшенеді және ауылшаруашылық өндірістің деңгейіне: осы топырақтың зиянды химиялық қасиетін жоя білуге, қолайлы су мен ауа режиміне, минерал, органикалық, бактериялық тыңайтқыштар пайдалану мүмкіндігіне, ауылшаруашылық өндірісінің механикаландыру деңгейіне байланысты.

 

Түсім көлем еңбек өнімділігіне тікелей байланысты болғандықтан, топырақ құнарлығы да қоғамдық өндірістің маңызды кезі болып есептеледі.

 

Табиғи топырақ құнарлығынан көрсеткіштері – аудан бірлігіндегі жылдық өсімдіктердің үстеме өсуі:

 

Тундра үшін 10-25ц/га

 

Гүлді және шым гүлді топырақ 45-85

 

Қара топырақты жер 90-137

 

Каштан топырақтар 40

 

Сұр-қоңыр топырақтар 12

 

Тропикалық саваннаның

 

қызыл және сары топырақтары 120

 

Ылғал тропиктердің қызыл

 

және сары топырақтары 325.

 

Күнделікті өмірде құнарлы деп белгілі бір мәдени өсімдіктер үшін қолайлы топырақты атайды. Шынында құнарсыз топырақ болмайды, себебі құнарлылық топырақтың ажырамас қасиеті.

 

Кез-келген топырақ, онда жақты өсетін өсімдіктер үшін құнарлы боп табылады. Мысалы, құнарсыз екені айқын сортаң жерлерде кейбір сортаң шөптер жақсы өседі, олар басқа жерде өсе алмайды.

 

Сұр топырақты жерлер мақта өсуіне қолайлы, бірақ картоп үшін құнарсыз т.б. Құнарлығы немен анықталады?

 

өсімдіктер қалыпты өсу үшін топырақта мына жағдайлар блокы тиіс:

 

1. Өсімдік бойына сіңіре  алатын формадағы қорек элементтері  болуы тиіс.

 

2. Өсімдік сіңіре алатын  формада су болуы тиіс.

 

3. Өсімдік тіршілігі үшін  қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз  етілуі тиіс.

 

4. Топырақ массасының құрылымы  қолайлы болып онтайлы ауа  – су режимін қамтамасыз етіп  тамырлардын топыраққа жақсы  өтуін одан қоректікз аттар  мен ылғалдық керегінше алуын  қамтамасыз етуі тиіс.

 

5. Өсімдіктер үшін зиянды  қоспалар болуы тиіс.

 

Мәлім болғандай өсімдіктер негізгі қорек элементі ретінде топырақтан азот, фосфор, калий, кальций, темір, күкіртті сініреді. Химиялық талдауға қарасақ, топырақтағы химиялық элементтер құрамы көп, және ол көп жылға жетеді. Н.П.Ремезов деректері бойынша, қаратопырақ құрамында азот пен фосфордың көптігі сонша, бидайдан орташа түсім алғанда әлі 250 жылға жетеді екен, ал калий құрамы – 3 мың жылға жетерлік.

 

Бірақ өсімдіктер үшін элементтер мөлшері емес, топырақтағы өсімдік сіңіруге ыңғайлы формалары маңызды.

 

Қара топырақтың жыртылатын горизонтындағы қоректік элементтердің жалпы қоры, 1 га шақанда Н.П.Ремезв бойынша 1952ж.Элементтер Мөлшер Бидайдың орташа түсімінің қандай мөлшерін қамтамасыз ете алады

 

 

Топырақтағы азоттың көп бөлігі органикалық қана түрінде болады, сондықтан ол күрделі, соның ішінде мәдени өсімдіктер үшін сінірілмейді. Тек микробиологиялық тіршілік нәтижесінде пайда болушы аммонии және нитрат қоспалар ғана өсімдікке сіңімді.

 

Фосфордың органикалық қоспаларфы және фосфор құрамы минералдардың көбі өсімдіктерге сіңбейді. Топырақтағы калий негізгі массасы екінші дисперсиялық силикат (гидросиюд) құрамына кіреді, бұл күйінде оны өсімдіктер қорыта алмайды.

 

Өсімдіктер сіңірілген калийді және калийдің суда еритін қоспаларын бойына тарады, бұлардың топырақтағы мөлшері мардымсыз. Кальций мен магний де сіңірілген және суда еріген күйінде ғана өсімдіктерге пайдалы.

 

Өсімдіктерге сіңімді түрдегі химиялық элементтер құрамы олардың жалпы құрамына қарағанда өте аз.Сондықтан мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін (демек, жақсы өнім алу үшін) кейбір қоректік элементтерді сіңімді формада топыраққа тыңайтқыш ретінде қосу керек.

 

Оның тағы бір себебі жыл сайын жиналған өніммен бірге химиялық элементтер де топырақтан алынып, азаяды. Демек, өсімдіктердің қалыпты өсуіне керек элеметтер мөлшері де азаяды, бұл егін өніміне әсер етеді. Мысалы, бұл құбылыс АҚШ орталық аудандарында байқалды, онда 20 жыл ішінде топырақтағы азот мөлшері 20% — ке кеміген, келесі 20 жылда 10% — ке, келесі 20 жылда 7% — кеміген.

 

Топырақ құнарлылығы тек табиғи қасиеттеріне емес, оны өңдеу сипатына да байланысты. Табиғи құнарлылық топырақтан жаратылыс қасиеттеріне байланысты. Тиімді құнарлылық табиғи құнарлылық бөлігі, ол мәдени өсімдік түсімі түрінде анықталды. Тиімі құнарлылық тыңайтқыш қолдануға, топырақты ұтымды өңдеуге және т.б. шараларға сәйкес ұлғаяды. Осылайша жасанды тиімді құнарлылық жасалады:

Табиғи құнарлылық

Тиімді  Әлеуметті

 

Жасанды тиімді құнарлылық

 

 

Ғылым мен ауылшаруашылығындағы тәжірибе дамыған сайын жасанды құнарлылық арта түседі. Тиімді құнарлылық адамзат қоғаының дауына, өндіріс күштері мен өндірістік қатынастардың дауына байланысты.

 

Өткен ғасырда «кемуші құнарлық заңы» деген қате және реакцияшыл заң тұжырымдалды. Ол көптеген тәжірибелер нәтижесінде шығарылды. Ол тәжірибелер кезінде топырақ құнарлығына және өнім түсіміне бір фактордың әсері зерттелді. Мысалы: топырақтағы судың арпа өніміне әсері анықталды. Тәжірибе деректері бойынша топырақ ылғалдығы 60%-ке жеткенше өнім артып отырды, ал ылғалдықты көтерген кезде өнім азайып, 100% ылғалдық кезінде нөлге тең болған.

 

Мұндай тәжірибелер басқа да өсімдіктермен олардың тіршілігіндегі басқа да факторларға қатысты жасалып отырған. Барлығында да берілен фактордың онтайлы құрамына сәйкес ең көп өнім алған да, бұл фактордың мөшерін әрі қарай көбейткен сайын өнім жинау төмендей берген.

 

Тәжірибе нәтижесін өндіріске енгізіп, кейбір зерттеушілер жансақ пікірге: топырақты өңдеп пайдаланған сайын топырақ құнарлығы топыраққа салынған еңбек пен қаржыны ақтамай, бірте-бірте азая береді. Осы қорытыдыдан қате тұжырымдар жасалған.

 

В.Р.Вильямс осындай тәжірибелердің ғылыми негізсіздігін дәлеледі. Оларды өткізгенде әдістемелік қателік бар фактодың өсімдік тіршілігіне әсері алынғанын, тәжірибені бірнеше фактор мен өткізсе, өнім өсе түсетіні дәлелденді.


Информация о работе Топырақ құнарлығы