ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 18:02, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін интеграциялық процестерді дамыту мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады. Дипломдық жұмыста салыстырмалы талдау, бағалау, статистикалық, т.б. экономикалық географиядағы әдістер пайдаланылды. Зерттеудің теориялық негiздерi ретiнде ғылыми ойды қалыптастырушы ғалымдардың, еуропалық, ресейлiк және отандық география, экономика саласындағы ғалымдарының теориялық еңбектерi басшылыққа алынды.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 Халықаралық экономикалық интеграция………………
1.1 Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері……
1.2 Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму
ерекшеліктері…………………………………………………………………….
1.3 Аймақтық экономикалық ұйымдар...............................................................
1.3.1 Солтүстік америкалық еркін сауда зонасы
1.3.2 Оңтүстік америкалық ортақ рынок
1.3.3 Африка және Араб елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы

2 ТМД елдеріндегі экономикалық интеграциялық процестер
2.1 ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті
ерекшеліктері
2.2 Ынтымақтастықтың интеграциялық формаларының қалыптасу
кезеңдері
2.3 ТМД елдерінің сауда қатынастары
2.4 ТМД елдерінің өндірістік кооперация мен валюталық-қаржы ынтымақтастығының дамуы
2.5 Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесі
2.6 ТМД елдерінің валюталық-қаржылық қатынастары

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыс
ерекшеліктері
3.2 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы инвестициялық
саясат
3.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы интеграция мәселелері
3.4 ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселері
мен ерекшеліктері
3.5 ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі

ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДЖ. интегр.проц..doc

— 1.08 Мб (Скачать документ)

Дамушы елдердің ынтымақтастығы, олардың интеграцияға ұмтылуы туралы айта отырып, нақты интеграциялық  процестер әлі де мейлінше әлсіз  және өзара даму қарқыны, қозғаушы факторлары және сипаты бойынша өзгешеленетіндігін назарда ұстау қажет. Дамушы елдердің көпшілігі іс жүзінде шын мағынасында интеграция процесінен, яғни жекелеген фирмалар мен кәсіпорындар сияқты, сондай-ақ тұтасынан ұлттық шаруашылықтар бойынша да деңгейде тікелей елдер арасындағы тұрақты дамушы байланыстар процесінен  тыс орналасады. Дамушы елдердің экономикалық ынтымақтастығы, олар жариялаған интеграциялық мақсаттар нақты интеграциялық процестің дайындық баспалдағы болып қана табылады. Көптеген жария етілген интеграциялық топтамалар әлеуметті-экономикалық қатынастардың пісіп-жетілмеуі салдарынан, рыноктың және қаржылық инфрақұрылымдардың дамымағандығынан, ұлттық шаруашылықтардың жабайылығы мен құрылымдық тепе-теңсіздігінен бұл құрылымдар не толық сәтсіздікке ұшырады немесе ашық әуре-сарсаңмен аяқталды.

 

1.3.4 Азиялық — Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық

 

Соңғы жылдары Шығыс  Азияда интеграциялық процестер  күш ала түсуде. 30 жыл бойы дерлік төрт азиялық «айдаһарлардың» бірі — Сингапур, сондай-ақ «жаңа толқынның» НИС-і — Малайзия, Индонезия, Таиланд, Бруней және Филиппины кіретін оңтүстік-Шығыс Азия елдері Ассоциациясы (АСЕАН) неғұрлым табысты әрекет етуде. Бұл топталулар аясындағы өзара ынтымақтастықтың табысы олардың сәйкестіліктегі даму деңгейімен, жақсы қалыптасқан және бұрыннан бар өзара сауда байланыстары тарихи дәстүрлерімен, сондай-ақ ынтымақтастықтың реттелген формасыен АСЕАН қатысушы-елдерінің көпшілігінің қызу экономикалық өсуімен тығыз байланысты. АСЕАН жоспарында 2000 жылға дейін қатысушы-елдердің кеден алымын орташа есеппен алғанда тауарлардың 38 мың атауы бойынша 5%-ке төмендету бар. 1995 жылдың аяғында еркін сауда аймағын 2003 жылы құру, егер оқиғаның қолайлы дамуы жағдайында 2000 жылға құру туралы шешім қабылданды.

Шығыс Азияда экономикалық интеграцияны дамытудың перспективаларын белгілі бір дәрежеде Азиялық  — Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық  ұйымын құрумен байланыстырады. Азиялық  Тынық мұхит ынтымақтастығы —  бұл аймақтың 21 мемлекетін біріктіретін үкімет аралық ұйым. Азиялық Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы 1989 жылы тынық мұхит бассейнінде экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Аустралия ұсынысы бойынша құрылды. Бастапқыда оған 12 ел кірді, олар: Аустралия, Бруней, Канада, Индонезия, Жапония, Малайзия, Жаңа зеландия, Филиппины, Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайланд және АҚШ. Одан кейінгі жылдары оларға Қытай, Гонконг (Сянган), Тайвань, Мексика, Чили, Папуа — Жаңа Гвинея, ал 1998 жылы Вьетнам, Перу және Ресей қосылды.

Азиялық-Тынық мұхит  экономикалық ынтымақтастығы формальды түрде кеңес берушілік мәртебеге ие. Алайда, оның жұмысшы органдары аясында сауда, инвестициялық және қаржы қызметтерін жүргізудің аймақтық ережелері анықталады, қандай да бір салаларда ынтымақтастық мәселелері бойынша салалық министрлер мен эксперттердің кездесуі жүргізіледі.

1993 жылы Азиялық Тынық  мұхит экономикалық ынтымақтастығы  елдері жетекшілерінің бірінші  кездесуі өтті (Сиэтл, АҚШ), оның  барысында аймақта интеграциялық  процестерді жүзеге асырудан  игіліктерді бөлудің тепе – теңсіздігі жайына байланысты елеулі алшақтықтар бар екендігі анықталды. Эксперттердің бағалауы бойынша Азиялық-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығында сауданы ымырашылдыққа апару мүше-елдердің нақты табыстарының 2%-ке өсуіне әкелуі тиіс. Алайда тиімділікті бәрінен бұрын неғұрлым бәсекеге қабілетті елдер алады.

Азиялық Тынық мұхит аймағындағы экономикалық интеграция процестерін бағалай отырып, көптеген мамандар оның дамуының ерекше жағдайлары мен өзіндік ерекшеліктеріне назар аударады. Азиялық Тынық мұхит аймағындағы интеграциялық процестердің негізгі ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

* біріншіден, Азиялық Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы ұйымдарында интеграциялық процестер мемлекетаралық ынтымақтастық үшін негіз қалайтын трансұлттық жетекші рольде жүреді. Бұл негізінен, мынадан көрінеді, үкіметтік емес аймақтық экономикалық ұйымдар — Тынық мұхит экономикалық кеңесі (1967 ж.) мен тынықмұхиттық экономикалық ынтымақтастығы бойынша кеңес (1980 ж.) құру Азиялық Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығын құруды біршама айқындап берді. Сонымен бірге, Тынық мұхит экономикалық кеңесі мен тынықмұхиттық экономикалық ынтымақтастығы бойынша кеңес өздерінің үкіметтерімен тұрақты байланысқа ие және олардан жан-жақты қолдау көріп отырған ұлттық комитеттер базасында негізделді.

* екіншіден, интеграция  процесі экономикалық дамудың  әр түрлі деңгейімен, әр түрлі  мәдениет және әлеуметтік-саяси  жүйелермен ерекшеліктегі елдерді  қамтиды. Азиялық Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығының бірегей ролі ХХ ғасырдағы екі ұлы экономикалық державалар — АҚШ пен Жапония, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы экономикалық алып — Қытайдың оған бірігуінен көрінеді.

Жапонияға қатысты айтар  болсақ, Азиялық-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы бұл держава кіретін интеграциялық типтегі дара халықаралық құрылым болып табылады. Араларындағы күрделі өзара қарым-қатынастар қолайлы сыртқы жағдайларды талап ететін Қытай Халық Республикасы мен Тайвань кіретін Азиялық-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығындағы фактіні атап өту маңызды;

* үшіншіден,  Азиялық Тынық мұхит аймағы субаймақтық экономикалық одақты біріктіреді (АСЕАН, НАФТА, Оңтүстік Тынық мұхит форумы, т.б.), яғни интеграцияның әр түрлі деңгейіне жол ашады, мысалы, сыртқы сауданы либерализациялау дәрежелері бойынша.

* төртіншіден, тынықмұхиттық экономикалық ынтымақтастығы бойынша кеңес пен Тынық мұхит экономикалық кеңесінде дамыған тынықмұхиттық «ашық» аймақ идеологиясы аймақтық интеграцияны экономикалық глобализм элементі ретінде қарастырады. Мұнда әлемдік экономиканың дамуы аймақтық экономикалық одақтардың бірте-бірте бірігуі және өзара енуі процесі ретінде тұрады. «Ашық аймақтық» концепциясы сондай-ақ тынықмұхиттық аймақ ішінде тауарлар, капиталдар, жұмысшы күші қозғалысына шектеулер алынып тасталатындығын, тамыр-таныстықтан бас тарту бойынша міндеттемелер қабылданатындығын, аймақішілік экономикалық байланыстар ынталандырылатындығын болжамдайды.

Тұтасынан алғанда, Азиялық Тынық мұхит аймағы аясындағы интеграциялық қатынастардың пісіп-жетілу дәрежесі әзірге жоғары емес. Мәселен, АСЕАН жүйесіндегі сауда аймағын экономикалық интеграцияның дамуының бірінші кезеңіне, яғни тарифтерді және басқа шектеулерді өзгертумен еркін сауда аймағына жатқызуға болады. Азиялық Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы тұрғысынан әзірге еркін сауда аймағы туралы емес, «ашық экономикалық ассиоциация» туралы айтуға болады. Бұл ұйымның аясында Азиялық Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы мен интеграциялық процестер дамуы перспективалары таяу жылдарға үш вариантта қаралады.

Біріншісі — Азиялық Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы дамуы Багордағы кеңесте (Индонезия, 1994 ж.) қабылданған сценарий бойынша өтетін болады. Оған сәйкес 2020 жылы еркін сауда аймағы құрылып және инвестициялық салаларды либерализациялау жүретін болады (өнеркәсіпті дамыған елдер үшін — 2010 жылға дейін). Кеден тарифтерін төмендету ГАТТ/Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы аясында қол жеткізілген келісімдерге сәйкес өтетін болады.

Екіншісі, мамандар болжағандай, неғұрлым қолайлы вариант, Азиялық Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығына аймақтағы сауда проблемаларын талқылау үшін форум ролін бекітеді. Бұл жағдайда бұрыннан бар келісім-шарттарды орындау барысына қатысты дау-дамайдан қашып құтылуға болмайды, бұл ұйымның әлсіреуіне алып келеді. Бұл жағдайда басқаларының, неғұрлым интеграцияланған аймақтық топтардың рольдері арта түседі, оның үстіне  Азиялық-Тынық мұхит аймағындағы топтарда және субаймақтарда жекелеген елдердің интеграциялану дәрежесі салыстырмалы түрде жоғары және олар тұтасынан алғанда аймақтағы интеграциялық процестердің жеделдетілген дамуының ұяшығы, өзіндік полюсі бола алады. Мәселен, «өсудің үшбұрышы» — оңтүстік қытайлық экономикалық аймақ (Қытай Халық республикасы, Гонконг, Тайвань); «өсудің алтын үшбұрышы» (Индонезия, Малайзия, Сингапур); Жапон теңізі бассейні елдерінің экономикалық аймағы; үндіқытайлық экономикалық аймақ.

Үшінші вариант АҚШ-та және Еуропалық одақта тамыр-таныстықтың  басымдық көрсете бастағанын жоққа  шығармайды, бұл азиялық елдердің Азиялық-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығында әлемдік сауданың жедел либерализациялануына кедергі келтіріп, интеграциялық процестердің аясын шектеуі мүмкіндігін көрсетеді.Азиялық Тынық мұхит аймағының көптеген елдерінің жедел тұрақты экономикалық өсуі әлемдік экономикалық дамудың орталығы Тынық мұхит бассейніне қарай қозғалуы туралы пікірді қалыптастырды.

90-шы жылдардың ортасында  Азиялық-Тынық мұхит экономикалық  ынтымақтастығы елдеріне әлем  тұрғындарының 38,2%, оның ішкі жалпы  өнімдерінің 55,7% келді (Сол кезде  тиісінше Еуропалық одаққа, мысалы, 6,7 және 20,5%). Еуропалық одаққа үлес салмағы жақын НАФТА елдері болып келеді. Азиялық-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығына сондай-ақ әлемдік саудадағы тауарлар көлемінің 43,9%, қызметтерді сатудың 32,9%, технология экспортының 64,1% келеді. Сыртқы сауда саласында Азиялық-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы және оған кіретін елдер аясында аймақішілік мәмілелерге тәуелділік 70% құрады, ал Еуропалық одақ елдерінде бұл көрсеткіш 55%-ға жетті. Азиялық-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығының үш басты қатысушысы: Жапония, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия (Жапониясыз) арасындағы тауар айналымы мейлінше жедел қарқынмен өсуде.

Кейбір бағалаулар бойынша, Азиялық-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы экономикалық өсуінің  орташа жылдық қарқыны 2000 жылға дейін 3—3,5% құрайды. Бұл тұрғыда азиялық елдер өзінің өнеркәсіптік неғұрлым дамыған батыстық әріптестерін елеулі түрде басып озатын болады. Экономикалық дамудың жоғары қарқыны, тауарлардың, қызметтердің, капиталдың өспелі аймақішілік ағындары ХХІ ғасырда Азиялық-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығының әлемнің экономикалық өсуі түп қазығына айналатындығына негіз береді.

 

 

 

 

 

 

2 ТМД елдеріндегі экономикалық интеграциялық процестер

2.1 ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті

ерекшеліктері

 

ХХ ғасырдың соңындағы  маңызды оқиға социализмнің экономикалық жүйесі мен оған негізделіп құрылған халықаралық экономикалық қатынастардың жүйелерінің ыдырауы болды. Елу жыл тіршілік еткеннен кейін үш континентте орналасқан 10 социалистік елді біріктірген Экономикалық Өзаракөмек Кеңесі ұйымдары қирады. Экономикалық Өзаракөмек Кеңесі өз қызметін тоқтатар алдында бұл ұйымға кіретін елдердің үлесіне әлемде өндірілетін ұлттық табыстың шамамен 25%, әлемдік өнеркәсіп өнімдерінің үштен бірі, әлемнің барлық елдеріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 20% тиді.

Экономикалық Өзаракөмек Кеңесі ыдырауымен оның негізгі қатысушысы — КСРО да қирады. 90-жылдары оның орнына бірқатар жаңа тәуелсіз мемлекеттер  құрылымдала бастады.

ТМД мемлекеттеріне КСР  Одағынан бірыңғай энергетикалық жүйе, транспорт, байланыс, телекоммуникацияның бірыңғай жүйесі, өзара байланысқан халық шаруашылығы кешендері, мұнай және газ құбырларының ортақ жүйесі, жұмысшы күшінің еркін қозғалысы, бірыңғай техникалық стандарттау мұра болып қалды. Барлық осы бірыңғай кеңістік кеңестік кезеңде рыноктық емес принциптерде қалыптасты. Енді бұрынғы КСРО аумағында шетелдік мемлекеттер арасында сыртқы экономикалық айырбастың дәстүрлі формаларына неғұрлым көбірек қайта құрылымдалған өзара байланыстар, жаңа рыноктар құру нақты шындыққа айналды.

Жаңа мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуы өндіріс көлемінің елеулі құлдырауымен, туыстас елдер арасындағы өндірістік-техникалық, ғылыми, мәдени байланыстардың қысқаруымен қатар жүрді. Егер ТМД-дағы өндірістің жалпы құлдырауын 100%-ке қабылдайтын болсақ, онда бұл 50% құлдырау шаруашылық байланыстардың ажырауы есебінен орын алды.

Жаңадан құрылымдалған  мемлекеттердің үкіметтері өздерінің  экономикалық мақсаттары мен басымдықтарын  қалыптастыра отырып, бұрынғы одақтас  республикалар арасындағы тарихи түрде  қалыптасқан еңбек бөлінісін жоюдың мүмкіні еместігін мойындады. Бұрынғы одақтық республикалар арасындағы өзара тәуелділік пен өзара орын басушылықтардың соншалықты маңыздылығы мен ауқымдылығы сондай, егер оны толық көлемінде қалпына келтіре алмағанның өзінде, ең болмағанда негізгі шаруашылық байланыстарды мейлінше күшті дәрежеде ұстап тұрудың ұғыну қажет болды. ТМД елдерімен кооперациясыз Ресей өнімнің бұрынғы көлемінің 67% шамасын ғана, ал Ресейдің қатысуынсыз ТМД-ның басқа елдері одан да аз мөлшерде өндіретін болды. Қазақстан, мысалы, 48%, Украина әр түрлі бағалаулар бойынша, 28-ден 33%-ға дейін, Белоруссия —16%, Әзербайжан —15% шамасын ұстанды.

Бұрынғы КСРО-ның республикаларының  кооперациялық байланыстарының  үзілуі Экономикалық Өзаракөмек Кеңесі аясындағы өндірістік ынтымақтастықтың жоғалуымен толықтырылды. ТМД елдеріндегі өндірістің жалпы құлдырауының 20%-на дейін социалистік экономикалық интеграция бойынша, бәрінен бұрын Шығыс Еуропадағы бұрынғы әріптестермен шаруашылық байланыстардың үзілуі тікелей себеп болды деген бағалаулар бар. Нәтижесінде саяси дербестік үшін мейлінше қымбат баға төлеуге тура келді. 90-жылдардың аяғында ТМД елдері арасындағы шаруашылық байланыстардың үзілуі нәтижесінде жалпы сыртқы өнім көлемінде жоғалулар қысқармады. Олар құралатын жалпы сыртқы өнімнің 24% шамасын құрады.

Информация о работе ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі