Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты географиядан сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 10:01, курсовая работа

Краткое описание

География пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие ісінің негізгі бөлігі болып табылады, себебі білім беру мен оқушыларды тәрбиелеуде маңызды мәселелерді шешуге ықпадасады және олардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................3
1 Мектептегі географиядан сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері..........................................................................................
Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері................................................................................
Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігінің негізгі көрсеткіштері............................................................................................
Географиядан сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері ...................
1.4 Географиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері..................................................................................
1.5 Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формалары............................
1.6 Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі бағыттары.................................
2. Географиядан сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне және сыныбына байланысты ұйымдастыру........................
2.1 6 сынып оқушыларына «Физикалық географияның бастапқы курсы» бойынша сыныптын тыс жұмыстарды ұйымдастыру..........................................................
2.2 7 сынып оқушыларына «Материктер мен мұхаттар географиясы» курсы бойынша сыныптын тыс жұмыстарды ұйымдастыру ................
2.3 8 сынып оқушыларына «Қазақстанның физикалық географиясы» курсы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.............
2.4 9 сынып оқушыларына «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» курсы бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру .........................................................................................
2.5 10 сынып оқушыларына «География. Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері» курсы бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру........
2.6 11 сынып оқушыларына «География. Дүние жүзіне аймақтық шолу» курсы бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру...................

Прикрепленные файлы: 1 файл

мика курсовая.docx

— 87.28 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Қостанай мемлекеттік  педагогикалық иституты

Жаратылыстану-математика факультеті

Биология және география  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне  байланысты географиядан сыныптан тыс  жұмыстардың ерекшеліктері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

Кіріспе..................................................................................................3

1 Мектептегі географиядан сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері..........................................................................................

    1.   Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері................................................................................
    2. Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігінің негізгі көрсеткіштері............................................................................................
    3.   Географиядан сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері ...................

1.4 Географиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру       ерекшеліктері...................................................................................

1.5  Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формалары............................

1.6  Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі бағыттары.................................

2. Географиядан сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне және сыныбына байланысты ұйымдастыру........................

2.1 6 сынып оқушыларына «Физикалық географияның бастапқы курсы» бойынша сыныптын тыс жұмыстарды ұйымдастыру..........................................................

2.2 7 сынып оқушыларына «Материктер мен мұхаттар географиясы» курсы бойынша сыныптын тыс жұмыстарды ұйымдастыру ................

2.3 8 сынып оқушыларына «Қазақстанның физикалық географиясы» курсы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.............

2.4 9 сынып оқушыларына «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» курсы бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру .........................................................................................

2.5 10 сынып оқушыларына «География. Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері» курсы бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру........

2.6 11 сынып оқушыларына «География. Дүние жүзіне аймақтық шолу» курсы бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру...................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

География пәні бойынша сыныптан тыс  жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие ісінің негізгі бөлігі болып табылады, себебі білім беру мен оқушыларды тәрбиелеуде  маңызды мәселелерді шешуге ықпадасады және олардың бос уақытын дұрыс  ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

География оқу пәні ретінде мазмұны қоршаған ортамен, адамдардың шаруашылық әрекетімен, еліміздегі және әлемдегі ағымдағы жағдайлармен тығыз байланысы болғандықтан, сыныптан тыс жұмыстарды өткізуге көп мүмкіндік береді. Оқушыларды көіне сабақ үстінде қарастыруға уақыт жете бермейтін көптеген географиялық мәселелер қызықтырады. Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыру, туған өлке табиғат байлығы мен көптүрлілігімен жан-жақы таныс болу, өз халқы мен бүкіл планетамыздың тіршілігінен хабардар болу, балалардың сезімдері мен ақылына азық беру – мұның бәрі географиядан сыныптан тыс жұмыстардың  басты міндеті. 

Сыныптан тыс жұмыстар сабақтан мақсатымен, мазмұнымен, ұйымдастыру  формалары мен өткізу әдістемесінің  ерекшеліктерімен айырмашылық жасайды. Сыныптан тыс жұмыстардың білімділік мақсаттары – география ғылымы саласында оқушылардың географиялық ой-өрісін кеңейту, жалпы білімділік пен арнайы географиялық біліктіліктерін жетілдіру. Бұл мақсаттар сыныптан тыс жұмыстарға бағдарламадан тыс мәселелер мен география ғылымдарының мәселелерін кіріктіру, сондай-ақ жоғары ғылыми деңгей мен бағдарлама материалын тереңірек ашу негізінде жүзеге асады.

Сабақ уақытымен ғана шектелмей  мұғалім географиялық құбылыстар мен  процесстер туралы жаңа көзқарастар  қалыптастырып, жаа ұғымдар мен  терминдерді енгізуге көмектесетін қосымша материалдарды кеңінен  қолдана алады.

Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар түрлі ақпарат көздері арқылы біліктерін өз бетінше арттыра алады. Қосымша ғылыми-ағарту әдебиеттері, периодикалық баспалар бойынша аннотация, реферат пен баяндама жасау арқыл  оқушылар кітаппен жұмыс істеу біліктілігін жетілдіреді: басты ой-пікірді бөлуге, теориялық жағдайды дәлелдейтін  фактілерді табуға, мәтін бойынша  жоспар мен конспект құрауға үйренеді. Топсеруендер мен жорықтарда олар географиялық ғылымдардың кейбір зерттеу әдістерін бекітеді: бақылау жасауға, тау жыныстары мен минералдар топтамасын жинау мен безендіруге, статистикалық мәліметтерді графикалық бейнелеуге және т.б. машықтанады

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың  картографиялық біліктерін жетілдіруге  мүмкіндік береді. Жорықтар кезінде  қорғауға қажетті табиғат нысандары  белгіленетін пландар мен карталар құрылады. Ал еліміздегі және шетелдердегі ағымдағы жағдайлар туралы баяндама жасау географиялық номенклатурадағы білімін кеңейтуге, географиялық нысандарды табу кезінде карта бойынша бағдарлануға көмектеседі.

Географиядан сыныптан жұмыстардың  оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуда да үлкен рөлге ие, себебі ол дербестілік, шығармашылық, географиялық ойау, таным қызығушылығы, байқағыштық сияқты қабілеттердің қалыптасуына көмектеседі.

Өлкетану жұмыстарында оқушылар табиғи нысандарды зерттеп қана қоймай, сонымен  қатар оны қорғау ісіндегі қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатынасады. Қоғамдық және шаруашылық ұйымдардың тапсырмаларын орындайтын жасыл және көк патрульдер құрылады. Оқушылардың табиғат қорғау ісіне белсене араласуы жауаптылық, табиғат байлықтарына ұқыпты қарау, еңбекқорлық пен ұжымшылдық сезімдерін тәрбиелейді.

Өлкетану басқа да оқу пәндерімен байланс жасау және сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша білім беуді ұйымдастыру кезінде тәрбиелеу потенциалын жүзеге асыруда үлкен мүмкіндіктерге ие.

Өлкетанушылық білім беруді ұйымдастыруда  топсеруендер мен жорықтар белсенді түрде қолданылады. Негізінен, бұл  жергілікті әсем жерлерге кешенді топеруендер  мен аудандық (қалалық) өлкетану мұражайларына  жорық. Топсеруен сабақтардың үздік  жоспарларында көргендерін жалпылау және бақылау үшін сұрақтар, танымдық тапсырмалар мен «кері байланыс»  парақтары, топсеруен жүргізуші  немесе мұғалім баяндауы үшін қосымша  материал қарастырылады.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың  кәсіби бағдарын анықтауда белгілі  бір рөлге ие. Өз қаласын, ауылын, ауданын танып –білуге арналған конференциялар мен топсеруендерде оқушылар көптеген мамандықтармен таныс  болады.

Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың  оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде де мәні зор. География сабақтарында уақыттың жетіспеуінен мұғалім табиғт әсемдігін эмоционалды түрде  толығымен жеткізе алмайды. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз елінің немесе облыстың, ауданның табиғаты мен  шаруашылық өмірінен хабар беретін  суретшілер мен фотографтардың көрмелеріне  қатысуна мүмкіндік береді.  Оқушылардың  «Менің облысымның табиғаты», «Қаламыздың  мақтаныштары», географиядан үздік  көрнекілік конкурсы сияқты тақырыптардағы өз жұмыстары (фотографиялар, суреттер, шығармалар) үлкен қызығушылық тудыратыны сөзсіз.

Сыныптан тыс жұмыстардың әдістемелік  ерекшеліктері оқушылардың сабақтағыдан гөрі артық дебестігінде, ойындық  ситуациялар (викториналар, конкурстар, КТК) қолдануда, ақпараттық технологиялар  мен техникалық құралдарды кеңінен  қолдануда болып табылады. Егер оқушылардың  оқуға деген стимулдарының бірі география бойынша сабақ үлгерімі болса, ал сыныптан тыс жұмыстарда бірінші орында белгілі бір географиялық мәселе бойынша қызығушылықтарды қанағаттандыру, білімдерін кеңейту, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру кезінде қоғамдық жұмыстарды орындауда өз пайдасын сезіну болып табылады. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстар мазмұны, әдісі, формасы мен өткізу орны жөнінен қарапайым сабаққа мүлдем ұқсамайды. Олар география кабинетімен қатар, оның сыртында (өлкетану мұражайында, топсеруендерде, мектептің мәжіліс залында, қалалық, аудандық олимпиадалар мен мерекелерде) өткізілуі мүмкін.

Географиядан сыныптан тыс жұмыстар формаларының көптүрлілігімен ерекшеленеді: үйірмелер, сыныптан тыс кітап оқу, конференциялар, ертеңгіліктер, кештер, олимпиадалар, география апталықтары  мен декадалары, қолжазба баспалар (газеттер, альбомдар, күнтізбелер және т.б.) шығарылымдары. Формаларының көптүрлілігіне қарамастан, қазіргі таңда сөздік және ойындық формалардан басқа оқушылардың қоғамдық пайдалы қызметтеріне баса назар аударған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Мектептегі географиядан сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері

    1. Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері

Сабақтан тыс жұмыстардың  географияда атқаратын ролі зор. Белгілі бір мектеп бағдарламасында  және білім аумағында біршама  қызықты және жарқын бейнесін ұғындырады.

Пәннің басты міндеті  география болғандықтан, ол адамға өзі тұратын әлем туралы көптеген толық, біршама көрініс береді.    

Өзінің туған өлкесіндегі  экскурсиялар, поход балалрға өз Отанын, туған жерінің табиғатын сүюге, оның байлығын тиімді пайдалануға (игеруге), бағалауға және оны сақтауға үйретеді. Сабақтан тыс жұмыстардың негізгі  мақсаты – оқушылардың ойлау  қабілетін жан-жақты жетілдіруді  қамтамасыз ету.

         Сабақтан тыс жұмыстардың география бойынша білім және тәрбие беру жұмыстары жалпы мақсаттары мен тапсырмалары бойынша анықталады. Географиядағы сабақтан тыс жұмыстарының бірден-бір алға қойған мақсаты – оқушыларды жаңа түсініктермен, жаңа ақпараттармен толықтырып, қызықтыра оқыту.

           Белгілі-бір ұжымда, яғни топта  сабақтан тыс жұмыстарды география  ғылымында топ бойынша жұмыс  жасатып, оқушылардың сабаққа  деген қызығушылық ынтасын арттыру  қажет.

          Бірігіп жұмыс жасау, өз еңбегін және достарының еңбегін бағалау оқушыларды жақсы тәртіпке, достыққа, бір-бірін жақсы түсінушілікке, қол ұшын беріп отыруға тәрбиелейді.  Жалпы білім беретін мектептердің оқыту – тәрбиелеу процесі кезінде сабақтан тыс жұмыстардың негізгі маңызы – үздіксіз даму үстінде. Пән бойынша сабақтан тыс жұмыстардың маңызы мен міндеті төмендегі жұмыс жоспарында айқын көрсетілген.

        Географиядан сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау – негізгі міндет болып табылады.

         География пәнінің мұғаліміне  өз сабағын анық жоспарлау  – жұмысын анық және жақсы  ұйымдастыруға, топ бойынша және  жеке оқушылармен жұмыс жасауға  мүмкіндік береді.

Географиядағы кластан тыс  жұмыстардың жоспары барлық талаптарды қамтуға сай болып тұру керек:

- тәрбиенің жалпы мақсаты  мен міндеттерінен таладу керек.

- Алға қойған мақсатына  жету үшін қатаң бағыт қою  арқылы ерекшеленеді.

- Елдің жаңа өмірімен  байланысын көрсету, елдегі елеулі, тарихи, басты оқиғалар мен ел  өміріндегі елеулі күндерді еске  сала отырып, оқыту керек.

- Жалпы мектептегі оқыту-тәрбие  жұмыстарының жоспарынан әртүрлі  шараларды өткізіп тұру қажет.

- Оқушылардың өзіндік  қызығушылығын ескеріп отыру  оқушылардың жас ерекшеліктеріне  қарай қадағалап оқыту керек.

- Географиядағы сабақтан  тыс жұмыстардағы әртүрлі тәсілдер  мен формаларды қадағалау, оқушыларды  тәрбиелеудегі жүйелілікті қамтамасыз  етеді.

     Жоспар негізінен жұмыстардың қысқаша мазмұнына, сабақтың формасына, олардың жүргізілу уақыты мен оларды орындаудағы жауапкершілікке нұсқау береді. Жоспар формасының үлгісі мынадай түрде болуы, яғни жасалуы қажет: сабақтан тыс жұмыстарды жоспарлау кезінде оқушылардың физикалық географияның бастапқы курсынан бастап, үйірмедегі жұмыстарға белсенді араласуына көп көңіл бөлу керек.

        География  пәніне деген қызығушылық ерте  басталса, онда оқушыларды берілген  ғылыммен таныстыру көп қиындық  туғызбайды. 
ҒТР заманында ең бірінші проблемалық мәселелердің бірі – қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасы болып табылады. Соның ішінде, география – барлық сұрақтарға жауап беретін ғылым болып табылады. Ол қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасқа түсуін, табиғатты тиімді пайдалануда және оны қорғау мәселесінде басты қызмет атқарады. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнында 2 негізгі бағытты көрсетуге болады:

  1. Білім мен тәрбие беретін үлкен мағынасы бар, оқушыларда үлкен қызығушылық тудыратын мектеп курсындағы негізгі сұрақтар мазмұнын тереңдете оқытады.
  2. Құралдар және ЭЕМ-ды қолдану барысында сыныптағы әртүрлі ақпараттармен жұмыс жасағанда жергілікті жер бойынша практикалық жұмыстар жүргізуді қолданады. 
               Географиядағы кластан тыс жұмыстардың мазмұнының ерекшелігі-бұл пәнаралық байланыс, яғни мектепшілік әртүрлі пәндермен байланыстыра оқыту керек, соның ішінде, биология, химия, тарих, физика, бастауыш алғашқы дайындық курсы, әдебиет, қоғамтану және т.б.

 

 

 

    1.  Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігінің негізгі көрсеткіштері

Информация о работе Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты географиядан сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері