Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 20:37, дипломная работа

Краткое описание

Алматы еліміздің аса ірі қалаларының бірі, Қазақстан Республикасының оңтүстіктегі астанасы. Үкіметтің шешімдерінен туындайтын міндеттерге сәйкес оны одан әрі дамыту, еңбекті ұйымдастыру мен өндіріс технологиясында түбегейлі өзгерістер жасау көзделеді. Қазірдің өзінде осы бағытта көп іс атқарылды және атқарылуда. Бұл қаланың экологиялық-санитарлық жағдайын бұрынғыдан анағұрлым жақсартумен қатар еңбеккерлерінің таза да, қолайлы жағдайларды толық пайдалануына мүмкіндік берілмеген.

Содержание

1.3 Қаланы ластаушы көздердің сипаты.........................................................14
1.4 Қаланың ауа және су бассейіндерінің ластану дәрежесінің факторлық
анализі...........................................................................................................15
2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ......................................................................20
2.1 Ластаушы заттардың Алматы қаласының топырақ грунттарына
әсері..............................................................................................................23
2.2 Автокөлік тастандыларынан ластану үлесі..............................................25
2.3 Өндіріс қауіптілігі категорияларын анықтау...........................................29
2.4 Алматы өңіріндегі антропогендік жүктемеге байланысты
геоэкологиялық құрам бөліктердің ластануы (ауа мен су мысалында) 30
2.5 Алматы қаласының атмосферасын ластайтын негізгі көздер.................35
3 АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕГІ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАДАҒЫ ЗИЯНДЫ
ЗАТТАРДЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫН ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ
(ЖЭЦ-1бойынша)........................................................................................38
4 АЛМАТЫ АЙМАҒЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК
ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДЕНСАУЛЫҚ БАРЫСЫ.......................41
5 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛІНУІ....45
5.1 Өзекті мәселелер..........................................................................................45
5.2 Алматы қаласының экологиялық өте қауіпті аудандары........................45
5.3 Алматы өңіріндегі көрсетілген әсерді инженерлік тұрғыдан бағалау...47
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................51

Прикрепленные файлы: 1 файл

Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері.doc

— 568.00 Кб (Скачать документ)


БАКАЛАВРЛЫҚ БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ  АГЛОМЕРАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

Осы жұмысты орындағанда қойған мақсатымыз – Қазақстандағы ең ірі мегаполис – Алматының экологиялық проблемаларын көтеріп, мүмкіндігінше олардың алдын алып, практикалық шараларды ұсыну.

Мамандық бойынша технологиялық процестердің Алматы мегаполисінде өнеркәсіптің, құрылыстың, транспорттың табиғи ортаға көрсеткен ықпалын қарастырды. Біздің анализ бойынша қазіргі кезде Алматыда көп өнеркәсіп көздерінің құлдырауына қарамастан, ауа алабы, су көздері және топырақты ластау белсенді жүріп жатыр. Ауа қабатына жіберілетін ластаушы заттардың құрамына көміртегі оксидтер, күкірт және азот оксидтері, фенолдар, қорғасын, формальдегид және шаң жататын анықталады.

Дипломдық жұмыс 52  бет болды, оның ішінде 5 тарау, қорытынды, 16 қолданылған әдебиеттер тізімі бар.

Дипломдық жұмыста қалада өсетін өсімдіктердің техногенезге байланысты ластануы және олардың тұрғындарының денсаулығына әсер ету байланысы қарастырылған. Осыған байланысты мәліметтер Қазақ ғылыми гигиена және кәсіптік аурулар зерттеу институтынан алынған.

Өзекті мәселелер –  Алматы қаласының қоршаған ортаға байланысты экологиялық аймақтарға бөлу 5-ші тарауда берілген.

Сонымен қатар экологиялық  жағдайды жақсарту үшін пайдаланатын есеп жолдары қаралған.

Бүл жұмыс экологиялық ұжымдарға, ұйымдарға және Алматы қаласының жағдайын көтеруге көмек көрсете алады.

Негізгі қолданылған  түйіндік сөздер: температуралық инверция, радиациялық баланс, ультракүлгін радиациясы, циклон, фондық шоғырлану, ластану коэффиценті, экология, топырақ, санитарлық нормалар, тұндырғы, жасыл желек, герметикалық қондырғы, гидроизоляция, фондық құрам, токсикологиялық баға.

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ...................................................................................................................4

1 АЛМАТЫ АГЛОМЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ

          ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..................................................5

1.1 Табиғи ортаның қалыптасуындағы гидроклиматтық факторлар.............5

1.2     Қала топырағының фондық құрамы..........................................................11  

1.3 Қаланы ластаушы көздердің сипаты.........................................................14

1.4 Қаланың ауа және су бассейіндерінің ластану дәрежесінің факторлық

          анализі...........................................................................................................15                                  

2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ

          НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ......................................................................20

2.1 Ластаушы заттардың Алматы қаласының топырақ грунттарына

          әсері..............................................................................................................23

2.2 Автокөлік тастандыларынан ластану үлесі..............................................25

2.3 Өндіріс қауіптілігі категорияларын анықтау...........................................29

2.4 Алматы өңіріндегі антропогендік жүктемеге байланысты

          геоэкологиялық құрам бөліктердің ластануы (ауа мен су мысалында) 30

2.5 Алматы қаласының атмосферасын ластайтын негізгі көздер.................35

3 АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕГІ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАДАҒЫ ЗИЯНДЫ

          ЗАТТАРДЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫН ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ

          (ЖЭЦ-1бойынша)........................................................................................38

4 АЛМАТЫ АЙМАҒЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК

          ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДЕНСАУЛЫҚ БАРЫСЫ.......................41

5        АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ

          ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛІНУІ....45

5.1 Өзекті мәселелер..........................................................................................45

5.2 Алматы қаласының экологиялық өте қауіпті аудандары........................45

5.3 Алматы өңіріндегі көрсетілген әсерді инженерлік тұрғыдан бағалау...47

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................49

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................51

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Алматы еліміздің аса  ірі қалаларының бірі, Қазақстан  Республикасының оңтүстіктегі астанасы. Үкіметтің шешімдерінен туындайтын міндеттерге сәйкес оны одан әрі дамыту, еңбекті ұйымдастыру мен өндіріс технологиясында түбегейлі өзгерістер жасау көзделеді. Қазірдің өзінде осы бағытта көп іс атқарылды және атқарылуда. Бұл қаланың экологиялық-санитарлық жағдайын бұрынғыдан анағұрлым жақсартумен қатар еңбеккерлерінің таза да, қолайлы жағдайларды толық пайдалануына мүмкіндік берілмеген.

Қазақстанның оңтүстік астанасында экологиялық жағдай 60-шы жылдардың ортасынан бастап-ақ нашарлай бастады. Содан бері экологиялық  қиындықтар көбейді: атмосфералық ауаның бұзылуы, ашық су қоймаларында су дәрежесінің төмендеуі, қалалық тұрғындардың автокөлік бөлген газдармен улануы, т.б. Жоғарыда айтылғандардың барлығы Алматы қаласының экологиялық қолайсыз 100 қаланың қатарына кіргенін көрсетеді /мәлімет – ТМД бойынша/. Бұл қорытынды заңды, өйткені өкімет пен қала басшыларының шешімдерінің 90% жүзеге асырылмайды немесе «кейінге» қалдырылады. Мысалға, «Асфальтбетон» акционерлік қоғамының асфальтбитум өнімдерін қала шетіне шығарып ұқыптауына ұсыныс әлі күнге дейін өз шешімін таппай отыр. Бұл өндіріс әсіресе «Айнабұлақ» және «Дорожник» шағын аудандарының ауасына, тұрғындарының денсаулығына әсер етеді.

Табиғатты климаттың  ерекшеліктеріне байланысты (Алматыда жел өте сирек соғады) қаланың  атмосфералық ауасының ластануы өте  қауіпті. Бұл тұрғыда атмосфера ауа қоспасында фондық мөлшерді өлшеу және лабораториялық бақылау өте қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 АЛМАТЫ АГЛОМЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ

ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

Қазақстан Республикасының  оңтүстік астанасы – Алматы қаласы өзінің территориясының экологиялық ерекшеліктерін қалыптастыратын физикалық-географиялық және табиғи-климаттық сипаттамалары бойынша таңғажайып болып табылады.

Қала Іле Алатауының баурайында, тау жотасының етегі зонасында  орналасқан. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан тау жотасы белдеулейді. Жергілікті жер жалпы еңіспен солтүстік-батысқа қарай шамамен 2°-қа төмендейді. Одан басқа, қаланың орталық бөлігінің экологиялық жағдайының нашарлау себептерінің бірі – екі еңісті жазықтардың қосылған жерінде орналасуы.

Алматы, біздің планетамызда орналасуы ерекше "биік", аздаған қалалар қатарына кіреді. Алматы қаласының ең солтүстік нүктесі теңіз деңгейінен 670 метр биіктікте, ал ең төменгісі 970 метр биіктікте орналасқан. Қаланың мұндай тік орналасуы оның табиғи-климаттық жағдайларының алуан түрлілігін қалыптастырды. Алматыда суық оңтүстіктің және ыстық оңтүстіктің табиғи зоналары қиылысады. Сібір қайыңымен Тянь-Шань шыршасы жүзім, өрік ағаштарымен көршілес өседі.

Қала климаты континентті. Алматы қаласының ерекшелігі болып табылатын, оның толық желсіздігі. Қаланың жел режимі қаланың ауа алабының күйіне едәуір әсер ететін өзіндік ерекшеліктері бар. Желдің барлық бағыттарында қала "аэродинамикалық көлеңкеде" қалады. Сондықтан абсолюттік желсіздік кезеңдері жиі болып тұрады, жазда штилдердің қайталануы 45% , қыста 77% . Бұл қала қалдықтарының барлығының жерге жақын қабатта қалып, тұмшаның түзілуіне әрекет етеді.

Жерге жақын желге ауаның таулы-аңғарлы  желі ластанған қала ауасын тау жаққа  әкетіп, соның салдарынан таулар тез  арада түтінделіп қалады. Түнде қала жаққа таза таудың ауасы соғады. Сондықтан С.И. Төребаеваның (1985) пікірінше, тау беткейлерінде орналасқан қаланың оңтүстік бөлігі қаланың орталық және солтүстік бөліктерімен салыстырғанда ыңғайлы жерде орналасқан. Таулы-аңғарлы циркуляция қаланың желденуінің жалғыз механизмі болып табылады. Алайда Б.Н. Ахметов (1990) жасаған математикалық модельдеу мәліметтеріне сәйкес, қаланың жылу аралының болуына байланысты бір циркуляциялық ұяшық екіге бөлініп, тау ауасының ағыны қалаға тіке өтпейтіндігінің салдарынан қаланың желденуі нашарлайды. Соңғы жылдары қаланың архитекторлық-жоспарлау құрылымы жел режимін өзгерткен - қаланың негізгі ауа жүйесін қамтамассыз ететін салқын тау ауасының ағынына бөгет болып тұр. Оңтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай басым желдердің ығысуы жүрді, яғни 45 %-ға жел жылдамдығы 3 м/с-ке өзгерді (бұрыңғысы 5 м/с). Бұл өзгерістер ауа алмасу процестеріне және ауа алабының табиғи тазалануына әсер етеді. Қаланың оңтүстік бөлігінде желдердің әлсізденуімен байланысты түнде тау желі мүлдем соқпайды. Ауаның күндізгі аңғарлы циркуляциясынының дамуы қала территориясының оңтүстік бөлігінде ауаның ластануына әрекет етеді.

Өзіміз көріп отырғандай, соңғы жылдары жел режимінің  өзгеруі қала шегіндегі ауа алабының сапасында бейнеленеді.

Бұл аспектіде тау бөктерінде орналасқан аудандарға ерекше қауіп туады. Қаланың орналасуы тау беткейінің жазықтыққа қарай өту зонасында жатыр, мұндай орналасудың нәтижесінде қала территориясында тектоникалық бұзылулар, жер бетінің жарықтары кездеседі. Қаланың қазіргі тектоникалық өмірінде анықтаушы жарықтар Іле Алатауы және Күнгей Алатауы жоталарының көтерілуін бақылайтын Іле Алатау жарығы және тауалды жарығы болып табылады.

Қоршаған ортаның денсаулыққа  зиян және қауіпті химиялық заттармен  ластануы экологиялық фактор мәніне ие болады. Қаланың экологиялық статусы қауіп тудырады және қоршаған ортаның ластануын ғана емес деградациясын куәландырады.

 

    1.  Табиғи ортаның қалыптасуындағы гидроклиматтық факторлар

 

Алматы өзінің гидрогеологиялық жағдайы жөнінен Іле артезиан алабына, Іле Алатауының солтүстік бөктерлік терең ойпаңы аймағына жатады. Қалыңдығы 3200 метрден астам палеоген-неоген, антропоген шөгінділерінде түзілу тегі мен құрамы әртүрлі жер асты суы жиналған.

Палеоген мен төменгі  неогеннің құм қабаттарында тұзды (37-54 г/л), хлоридті натрийлі, ыстық (70-80), арыны күшті (250-300 атмосфералық қысымдағы) жер асты суы бар. Суының құрамы (г/кг): йод – 0,007; бром – 0,060; бор – 0,006-0,018; кремний қышқылы – 0,017; фтор – 0,007.

Жоғары неоген жыныстары  қабатының 1750 метр тереңдігінен ыстық (забойында 81 С°), сәл тұздылау су шығады. Құрамы (г/кг): йод – 0,001–0,002, бор – 0,020, бром – 0,012–0,017, кремний қышқылы – 0,036, фтор – 0,003; газдары ( % ): азот пен сирек газдар – 85%, оттек – 13%, метан –2%. Судың емдік қасиеті анықталды. Мұнда қол аяқ, жүйке, ішек-қарын ауруларын емдейтін санаторий салынуда.

Антропогеннің дөңбектасты-малтатасты, құмды-саздақты шөгінділерде (қалыңдығы 500 метрден астам) жер асты суының ағыны бар. Үлкен және Кіші Алматы, Қарғалы өзендерінің ысырынды конустарында бұл су арынсыз келеді, ал таудан 16-20 км қашықтықтағы сазды қабаттарда арынды судың бірнеше горизонттары қалыптасқан, суы тұщы (0,2-0,3 г/л), гидрокорбонатты, кальцийлі және салқын. Бұл горизонттарда 50-60 % өзен суы, 20-25% ирригациялық су, 10 % атмосфера суының үлесі бар. Антропоген жыныстарының сулары қаланы сумен қамтамасыз ету үшін пайдалануда.

Тауда жарықшақтық және өте тұщы (0,1-0,3 г/л), гидрокорбонатты, кальцийлі-магнийлі су көздері өте  көп. Неогеннің тұзды шөгінділерінің жапсарларындағы су сәл ащы (1-3 г/л), сульфатты-натрийлі болады. Тектоникалық жарылыстар мен минералды жылы су аймақтары өзара байланысты. Бұл сулардың шипалық қасиеті бар. Алма-арасан санаторийі осындай судың негізінде жұмыс істейді.

Қала және оның төңірегіндегі өзендер Іле алабына жатады. Негізінен бұлар ағыны қатты, арналы енсіз (10-15 м) және терең шатқалды (800-1000 м) келеді. Бастауларының орналасу және су жинау сипатына қарай бұлар екі топқа бөлінеді: бастаулары қар жиегінен төменде жатқан бөктерлік өзендер мен мұздықтардан шығатын биік таулық өзендер. Негізінен атмосфералық жауын-шашын суымен толысатын болғандықтан су көздерінің ең жоғары деңгейлері көктемгі қар еруге шілде айларындағы таудағы қар мен мұздықтардың еруіне байланысты байқалады. Өзен суы шілденің басында, яғни ауа температурасының шұғыл жоғарылауына байланысты мұздықтардың көп еритін уақытында молыға түседі. Осы кезде сел тасқындары жиі болады. Таңертеңгілікте су деңгейлерінің тәуліктік ауытқуы аз, ал кешкілікте мұздықтардың күндіз еруінен су деңгейі 15-20 см-ге дейін көтеріледі.

Қала арқылы Үлкен  Алматы мен Кіші Алматы және бұлардың салалары – Есентай, Ремизовка, Казачка, Қарасу өзендері ағады /сурет 1/. Бұлар 3000 метрден жоғары беткейлерден басталады, негізінен мұздық суымен толысады, деңгейінің төмендеуіне немесе көтерілуіне жауын – шашын мен жер асты суы әсер етеді.

Үлкен Алматы өзені Іле  Алатауының 3500 м биіктіктегі беткейлік  мұздықтан басталады. Негізінен  мұздық суымен толысады. Орта биіктік  аймағында мұның бір тармағының жоғары антропоген мұздық моренасымен көмкерілуіне Үлкен Алматы көлі пайда болған. Оның төменгі жолында өзен суы құбырымен СЭС-тің тізбегіне беріледі. Одан сәл төменіректе өзен аңғарында Үлкен Алматы су бөгені салынған. Өзен қаланың батыс бөлігімен ағып, қаладан 52 км қашықтықта Қаскелең өзеніне құяды. Жылдың орташа су шығыны 4 м/с. Қаланы электр энергиясы және сумен қамтамасыз етуде маңызы зор.

Информация о работе Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері