Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 16:39, дипломная работа

Краткое описание

Алматы еліміздің аса ірі қалаларының бірі, Қазақстан Республикасының оңтүстіктегі астанасы. Үкіметтің шешімдерінен туындайтын міндеттерге сәйкес оны одан әрі дамыту, еңбекті ұйымдастыру мен өндіріс технологиясында түбегейлі өзгерістер жасау көзделеді. Қазірдің өзінде осы бағытта көп іс атқарылды және атқарылуда. Бұл қаланың экологиялық-санитарлық жағдайын бұрынғыдан анағұрлым жақсартумен қатар еңбеккерлерінің таза да, қолайлы жағдайларды толық пайдалануына мүмкіндік берілмеген.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................4
1 АЛМАТЫ АГЛОМЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..................................................5
1.1 Табиғи ортаның қалыптасуындағы гидроклиматтық факторлар.............5
1.2 Қала топырағының фондық құрамы..........................................................11
1.3 Қаланы ластаушы көздердің сипаты.........................................................14
1.4 Қаланың ауа және су бассейіндерінің ластану дәрежесінің факторлық
анализі...........................................................................................................15
2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ......................................................................20
2.1 Ластаушы заттардың Алматы қаласының топырақ грунттарына
әсері..............................................................................................................23
2.2 Автокөлік тастандыларынан ластану үлесі..............................................25
2.3 Өндіріс қауіптілігі категорияларын анықтау...........................................29
2.4 Алматы өңіріндегі антропогендік жүктемеге байланысты
геоэкологиялық құрам бөліктердің ластануы (ауа мен су мысалында) 30
2.5 Алматы қаласының атмосферасын ластайтын негізгі көздер.................35
3 АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕГІ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАДАҒЫ ЗИЯНДЫ
ЗАТТАРДЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫН ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ
(ЖЭЦ-1бойынша)........................................................................................38
4 АЛМАТЫ АЙМАҒЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК
ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДЕНСАУЛЫҚ БАРЫСЫ.......................41
5 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛІНУІ....45
5.1 Өзекті мәселелер..........................................................................................45
5.2 Алматы қаласының экологиялық өте қауіпті аудандары........................45
5.3 Алматы өңіріндегі көрсетілген әсерді инженерлік тұрғыдан бағалау...47
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері.doc

— 568.00 Кб (Скачать документ)

Алматыда саны 6-8 мыңға  жететін газ, шаң-тозаң жұтатын  жүйе бар, бірақ, өкінішке орай, олардың  көбі қазір не сынып жатыр, не болмаса айтарлықтай эффект бермейді.

Мінеки, жоғарыда айтылғандар  қалада тұратын адам денсаулығына зиянды факторлар ретінде бұларға қарсы  күрес жүргізудің маңызы зор. Бұл  мәселелер біздің жанадан тәуелсіздік  алған елімізде жалпы мемлекеттік  тұрғыдан қаралып, шешілуі керек. бұған Қазақстан республикасының денсаулық сақтау туралы заңдары негіздерінде осы зиян заттардың шудың  тербелістің т.б. адам ағзасына зиян келтіретін факторлардың алдын алу және оны жою үшін арнаулы құжаттар шығаруы дәлел бола алады.

Алматы қаласында "Гидрометтің" мәліметі бойынша тигізетін әсері  туралы бірнеше ғана химиялық заттардың (шаң, мырыш, қорғасын т.б.) фондық концентрациясы анықталады. Басқа да, саны 100-ге жететін қолайсыз, ауаны, суды, жерді ластайтын заттардың сапасын анықтайтын жұмыстар жүргізілмейді.

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінен  жинақталатын су қоры (водозабор) эпидемиялық, гигиеналық, санитарлық жағынан қарағанда  өте нашар, лас. Үлкен Алматы, Казачка, Проходная дейтін су қорында санитарлық қорғау немесе түнде қорғайтын ұйым жоқ, олардың айналасы адамдар демалатын жерлерге айналып кеткен.

 

2.4 Алматы өңіріндегі  антропогендік жүктемеге байланысты  геоэкологиялық құрам бөліктердің  ластануы (ауа мен су мысалында)

 

Алматы қаласының атмосфера  ластануының жоғарғы аясы көбінесе осы аймақтың қазаншұңқырлы жер бедері жағдайындағы жер бетіндегі ауа температурасының инверсиясымен және жердің тымық тәртібімен байланысты.

Қаланың ауа бассейінінің интенсивті ластануына атмосфералық жауын-шашынды  және шаң тозаңның таралуын алған  сынаманың мәліметтері бойынша геохимиялық бақылауларында көрсетілген.

Техногенді заттардың  атмосфераға таралуы қоршаған ортадағы объектілерде (топырақта, суда, өсімдікте) геохимиялық алаңдарда ластандыру көздерін қалыптастырады. Ауа бассейіндері жөніндегі мәліметті атмосфералық жауын-шашын және шаң-тозаңның құрамын анықтау арқылы білуге болады. Бұл әдіс қаланың территориясындағы ауа бассейінінің жағдайына баға беру үшін қолданылады.

Атмосфераның жағдайына  баға беруде қоршаған ортаға түсетін  шаң-тозаңның көлемі белгілі бір уақытта, белгілі бір ауданға түсетін шаң-тозаңның көлеміндегі ласты заттармен өлшенеді.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде  мынандай нәрселерді анықтауға мүмкіндік  береді. Химиялық элементтердің жерге түсу мөлшері таулы аймағында 10 кг/км2 және жазықта 20 кг/км2 , оның 75 пайызы суда еритін тұздар екен. Алматы аумағында қоршаған ортаға түсетін ауа бассейінінің шаң-тозаңмен ластану дәрежесі, оңтүстіктен солтүстікке қарай өсіп отыратыны анықталады.

Шаң-тозаңның өсуі өнеркәсіп  алаңдарының орналасуына байланысты.

Ластандыру көздерінен шаң-тозаңның таралуына өсімдіктер кедергі болып табылады. Қала саяжайларындағы жасыл желектер жылына бір га 70 т атмосферадағы шаң-тозаңдарды жұтады.

Алматы аудандарындағы ауа бассейініндегі шаң-тозаң құрамындағы металдардың мөлшері (мырыш, марганец, қорғасын, мыс т.б.) жердегі қалыпты топырақтың құрамындағы металдар үлесіне қарағанда бірнеше есе артық екені анықталады.

Алматы қаласының атмосферасы - өнеркәсіптік ландшафттар атмосферасына  жатады. Оның құрамында техногенез әсерінен қатты және сұйық аэрозольдер бөлшектерін, яғни күйелердің, шаңның, қышқылдардың күрт артуы байқалады. Антропогенез атмосфера құрамында СО2-нің артуын анықтайды, және де атмосфераның көптеген бөтен ингредиенттерімен ластануына әкеледі

Атмосфералық ауаны ластандырудың өнеркәсіп көздерінен болатын экономикалық шығындарының ірілендірген бағасы Қазақстан Республикасының министрлер кабинеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы төралқасының, халық шаруашылығының қоршаған ортаға келтірген зиянының экономикалық тиімділігін анықтаудың уақытша типтік методикасы туралы қаулысына сай Алматының табиғатын қорғаудың территориялық кешенді схемасын жасау процесінде ауаны ластаудан болатын шығынмен есептейді, қаладағы ауа бассейініндегі ластаудың 10 пайызы өндіріс кәсіпорындарының үлесіне тиеді.

Қала үстінде қалқып жүрген заттардың химиялық құрамына анализ жасап қарағанда онда көмірсутегі, азот тотықтары бар екені анықталған. Олар ауадағы басқа да қосылыстар мен реакцияға түсіп, өте улы газдар түзеді. Бұл химиялық қосылыстар адамның, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің генетикалық ерекшеліктеріне өте зиянды әсер етеді. Нәтижесінде ауада түтін, шаң-тозаңдардың мөлшері артты.

Ауаны көмірқышқыл газымен  ластауда, басты кінә автокөліктер болып отыр. Автокөліктер негізгі  отын ретінде қолданылатын жанармайдан  улы газдар (қорғасын, көмірқышқыл  газы, күкірт, формальдегид т.б.) шығады.

Алматы қаласында геожүйенің экологиялық реттейтін нормативтік мөлшерлі шекті шамамен салыстырғанда күйе 1,4-2 есе, шаң 2-6 есе, азоттың қос оксиді 3,6 есе артып отыр. Соған байланысты Алматы қаласында атмосфераның жер бетіне жақын қабатының жоғарыда атап кеткен заттардың ластау деңгейін сызба нұсқа ретінде ұсынамыз /сурет 7,8/.

Қорытып айтқанда өндіріс  орындарының ауаның құрамына жіберетін керексіз улы заттарды шығару мөлшері әлі де белгіленген санитарлық шамадан ондаған есе артып жатыр.

Алматыда шаң-тозаң қалдықтары жиналып, ауаны ластай бастайды. Қаланың төменгі жағында қимылсыз тұрған ауаның қалыңдығы 300-400 метрге жетсе, тау жағында 100-200 метр болады.

 

Алматы қаласындағы  ластаушы заттардың атмосфераға  тастандысы (мың тонна) есебінде

 

 

Сурет 7

 

 

Алматы қаласының  атмосферасының күкіртті ангидридпен ластану көрсеткіштері  (мың тонна ) есебінде

 

Сурет 8

 

Қыста атмосфералық ауаның қысымы жоғары болғандықтан желсіз күндер көбейіп ауада жиналған шаң-тозаң  қалаға қайтадан түседі. Күн сайын аспаннан келетін шаң-тозаң мөлшері 125-130 тонна шамасында болады.

Алматының орналасқан жерінің  ерекшелігін ескере отырып, мұнда өндірістің қалдықтары аз технологияларды енгізу, газбен шаңды ұстайтын қондырғылар қою, күлі аз көмірді отқа жағу, тағы басқа химиялық зиянды қалдықтарды тазарту шараларын іске асыру арқылы қаланың ауасын таза ұстауға болады. Ол үшін:

–   Алматы табиғатына антропогендік әсерлердің салдарын алдын алу;

– Алматының айналасындағы табиғи ресурстарды шаруашылыққа пайдалануының орынды кезектілігін қарастыру;

– Тау өңіріндегі және басқа рекреациялық-сауықтыру мақсаттар есебімен Алматының табиғи ресурстарын дұрыс пайдалану керек.

Алматы өнеркәсіптік ауданы шегінде табиғат өзгерістерге ұшырады. Соның салдарынан қоршаған ортаның жағдайы стандартқа сай келмейді. Таулы және тау маңындағы орналасқан санаторий, курорттарда, ресторандарда т.б. сол сияқты жерлерде су тазартқыш желілер жоқ. Жоғарыда аталған объектілер су қорғау аймағында жатыр, сондықтан бұл талаптарды бұзу өте қауіпті екенін ескеру қажет, өйткені мұнда жер асты және жер беті су көздері түзіледі /сурет 9/.

 

 

 

 

Алматыдағы  өнеркәсіп кешенінің қалдықтар  концентрациясы

 

Сурет 9

 

Тікелей су шығару конусында  жер асты суын пайдалану аймақтың бастапқы кездегі су деңгейінің 40 метрге дейін төмендеуіне алып келді.

Сондықтан тау етегінде сайға жиналған шөгінділердің астындағы жер асты суларымен түйіскен жерінде территориялық ауқымның ені 1 км-ге дейін және ұзындығы 20 км жуық жерде жер асты суын ағыны аймағының түзелуіне алып келді. Мұнда сайларға қоқырсық қалдықтар тасталып жатыр, ағын сулар жауын-шашынның жерге сіңуі, ал бұрынғы құдықтардың көпшілігі әжетханаға айналған, бұл жерде айта кететін жай ластандырғыш заттар сумен араласып сулы горизонттар түсуі мүмкін.

Су ағындарының химиялық құрамы әр түрлі, бұлардың көпшілігі барлық тірі организмдерге қауіпті химиялық қосылыстар түзуі әбден мүмкін. Мысалы үшін Сайран су қоймасының жер асты суларының фенолмен ластануы байқалуда, бұл суда тасымалданады. Бұрыннан келе жатқан қайнар су көздері орналасқан жерлерінде шіріген органикалық заттар жергілікті ластандырғыштар азот қышқылының тұздарымен қосылып нитраттарға өту кезеңінде ауыр уландырғыштар тудыруы мүмкін.

Алматы қаласына келетін  су көзі негізінен биік тау басындағы  мұздықтардың еруі, жауын-шашынның түсуінен пайда болған жер беті және жер асты сулары.

Қазіргі уақытта қалада пайдаланылып, ластанған негізгі су көздері  
6,5 м3/с мөлшерінде су тазалау жүйелері арқылы қаланың сыртына орналасқан "Сорбұлақ" көліне барып құюда. Соңғы кезде "Сорбұлақ" көлінің экологиялық жағдайы өте нашарлап кетті. Алматы қаласының көшелерімен өтетін Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Есентай, Қарасу өзендерінде мұнай өнімдерінен басқа да зиянды қалдықтар өте көп /1/.

 

2.5 Алматы қаласының  атмосферасын ластайтын негізгі көздер

 

Алматы қаласындағы  халық тығыздығы – адам қоғамының  қаланың табиғатына тигізетін әсерінің маңызды факторы.  Алматы үлкен  қала мен елді мекендер ландшафттарының  дамитын регионына жататындықтан  барлық табиғи құрам бөліктеріне  антропогенді жан-жақты әсер етеді. Әсіресе бұл қалада қатты әсерге душар болатын гидроклиматогенді және биогенді құрам бөліктер. Олар атмосфералық ауаның ластануында жер асты және жер беті сулар ресурстарының сарқылуында, топырақ түзуші процестердің тоқтатылуы мен өзгертілуінде, табиғи өсімділікпен қаланың биотоптардың толық жоғалуымен өзгеруіне ықпал етеді.

Қала ландшафтының литогенді  ортасы да едәуір әсерге ұшырайды: қозғалыстың  нәтижесінде жер бедерінің теңестірілуі жүреді, бір жерден екінші жерге  көптеген жиыны тасталады. Елді мекендердердің жанында, яғни Алматы қаласының айналасында, антропогенді әрекет ықпалымен су және эрозия процестері белсендіріледі, грунт өзгереді.

Урбандалудың қоршаған ортаға ықпалы ретінде ауылдық жерлермен  салыстырғанда Алматы қаласы – ірі қала ретінде өнеркәсіптік орталық ретінде климаттық жағдайлардың өзгеруіне әкеледі.

Келтірілген мәліметтер қолайсыз экологиялық жағдайы атмосфералық ауаның ластануымен қалыптасатын жасанды  қалалық ортаның құрылуына ықтимал.

Техногенездің негізгі  факторлары және қоршаған ортаның қазіргі жағдайын әсіресе ауаны нашарлататын негізгі көздерге тоқталайық; техногенездің негізгі факторлары болып келесі өнеркәсіп нүктелері табылады:

1. Алматы жеміс-жидек  комбинаты,

2. Алматы үй салу  комбинаты,

3. Алматы мақта-мата комбинаты;

4. Алматы ауыр машина  жасау зауыты;

5. «Поршень» зауыты;

6. ТЭЦ – 1;

7. Битум-асфальт зауыты;

8. ТЭЦ –2;

9 Элеватор;

10. Станок жасау зауыты;

11. АГРЭС;

12. Солтүстік-шығыс аудандық  котельныйы;

13. «Дорожник және Айнабұлақ»  шағын аудандарының котельныйы;

14. Оңтүстік аудандық  котельныйы;

15. Оңтүстік-шығыс аудандық  котельныйы;

16. Котельныйға керекті  құрал-жабдық шығаратын зауыт;

17. Электр вагон жөндейтін  зауыт;

18. «Мерей» жиһаз жасау  бірлестігі;

19. Батыс аудандық котельныйы.

ТЭЦ – 2 және АГРЭС өндіріс көздері қаланың сырт аймағында орналасқан. Бірақта, олардың түтін шлейфтері көбінесе солтүстік және қаланың солтүстік және орталық аудандарына әсер етеді. Бұл өндіріс көздерінде отын ретінде негізінен көмір мен мазут қолданылады. Айта кететін жағдай, осы өндірістерде қолданылатын көмірдің күкірттігі орта есеппен санағанда 0,5-0,7%, ал күлділігі 37-40 %-ға дейін жетеді. Бұл атмосфераға тарайтын тастандыларды азайту процестерін айтарлықтай қиындатады. Бұған қоса қаладағы газ ұстайтын қондырғылар саны аз, бірақ соңғы кезде олардың саны күрт көбеюде. Алайда, газ тазалаушылардың деңгейі көп емес, осыған орай келесі токсикалы заттар – қорғасын, азот тотығы, фтордың қосындылары, күкіртсутек және т.б. тазаланбай тасталынады. Осы жағдайда, жоғарыда айтылған зат ұстағыштардың көлемін соңғы кездегі өндірістің азаюымен  байланыстыруға болады. Атмосфераға тасталатын залалсызданған заттардың пайыздарының азаюын осымен байланыстыруға болады.

Алматы қаласын электрмен  қамтамасыз ету өндірістерінен басқа  өндірістік мекемелерде қоршағн ортаға жан-жақты әсер етеді. Бұл мекемелер қалдықтар қоймасы мен зауыттардың өндірістік цехтарынан үлкен аудан иемденеді, тармақталған транспорттық шаруашылығы бар және суды үлкен көлемде пайдаланады. Фабрикалардағы өнімдермен, яғни әртүрлі майлармен, спирттермен, фенолдармен ластанған ағынды сулар бөлігі Алматының өзендеріне келіп құйылады. Алматының атмосферасына қаладағы орналасқан бірнеше комбинаттар өндірісінің қалдықтарының өнеркәсіптік қоқыстары адам денсаулығына зиянды әсер етеді. Алматыдағы бірнеше өнеркәсіптік нүктелердегі шығатын шаңды бөлшектері қаланы қоршаған ландшафттың суын, топырағы, атмосферасын ластайды. Өрістеу мен шайылу нәтижесінде үйінділер мен штаммалардағы улы заттар алыс қашықтыққа таралады және қаланың табиғи геохимиялық аясын өзгертеді.

Алматыда құрылыс материалдарының  өнеркәсібі және құрылыс индустриясы  қарқындап келеді. Олар темір бетонды  құрылысты конструкциялар өндіріс  мекемелерімен, цемент, кірпіш, асфальт-бетон  зауыттарымен және табиғи құрылыс материалдарымен жұмыс істейді. Осы қарастырылып отырған өнеркәсіп тармағының маңызды ерекшелігі құрылыс тастары, құм, ұсақталған тас, балшық, гипс, әкпен жұмыс істеу процесінде қаланың ландшафттық геологиялық құрылымын тікелей бұзады. Осының нәтижесінде қаланың ландшафт бедері қатты өзгереді, табиғи өсімдіктің, топырақтың құруын, жоғалуын ілестіре жүретін жағдайға жеткізеді. Бірақта Алматының экологиялық дестабилизациясының басты көрінісі болып, атмосфералық ауаның шаңмен токсикалық заттармен ластануы болып табылады. Ауа алабының автокөлік пайдаланған газдармен ластануы Алматыда және өнеркәсіп орталықтарында ортаның экологиялық дестабилизацияның маңызды факторларының бірі болып табылады.

Информация о работе Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері