Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 16:39, дипломная работа

Краткое описание

Алматы еліміздің аса ірі қалаларының бірі, Қазақстан Республикасының оңтүстіктегі астанасы. Үкіметтің шешімдерінен туындайтын міндеттерге сәйкес оны одан әрі дамыту, еңбекті ұйымдастыру мен өндіріс технологиясында түбегейлі өзгерістер жасау көзделеді. Қазірдің өзінде осы бағытта көп іс атқарылды және атқарылуда. Бұл қаланың экологиялық-санитарлық жағдайын бұрынғыдан анағұрлым жақсартумен қатар еңбеккерлерінің таза да, қолайлы жағдайларды толық пайдалануына мүмкіндік берілмеген.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................4
1 АЛМАТЫ АГЛОМЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..................................................5
1.1 Табиғи ортаның қалыптасуындағы гидроклиматтық факторлар.............5
1.2 Қала топырағының фондық құрамы..........................................................11
1.3 Қаланы ластаушы көздердің сипаты.........................................................14
1.4 Қаланың ауа және су бассейіндерінің ластану дәрежесінің факторлық
анализі...........................................................................................................15
2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ......................................................................20
2.1 Ластаушы заттардың Алматы қаласының топырақ грунттарына
әсері..............................................................................................................23
2.2 Автокөлік тастандыларынан ластану үлесі..............................................25
2.3 Өндіріс қауіптілігі категорияларын анықтау...........................................29
2.4 Алматы өңіріндегі антропогендік жүктемеге байланысты
геоэкологиялық құрам бөліктердің ластануы (ауа мен су мысалында) 30
2.5 Алматы қаласының атмосферасын ластайтын негізгі көздер.................35
3 АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕГІ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАДАҒЫ ЗИЯНДЫ
ЗАТТАРДЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫН ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ
(ЖЭЦ-1бойынша)........................................................................................38
4 АЛМАТЫ АЙМАҒЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК
ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДЕНСАУЛЫҚ БАРЫСЫ.......................41
5 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛІНУІ....45
5.1 Өзекті мәселелер..........................................................................................45
5.2 Алматы қаласының экологиялық өте қауіпті аудандары........................45
5.3 Алматы өңіріндегі көрсетілген әсерді инженерлік тұрғыдан бағалау...47
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері.doc

— 568.00 Кб (Скачать документ)

Орман белдеуінің төменгі  жағында үйеңкі, долана, сарыағаш, итмұрын, қарақат, т.б. аралас орман өсімдіктері  өседі. Тау беткейлерін әртүрлі  шөпті шалғын алып жатады. Бұл белдеуліктің өсімдіктері ара-тұра қала ішінде де кездеседі. Жапырақты орман шырша басым өсетін қылқанды орманға ұласады. Тянь-Шань шетені, сарыағаш, мойыл, тал, таңқурай, т.б. ағаш пен бұталар орман белдеуінің негізгі түрлерімен аралас өседі. (1200-2800 м).

Бұдан жоғары, яғни (2800-3200м) биіктікте субальпілік және альпілік белдеулер жатады, өсімдігі таулық шалғыннан, арашалы, бетегелі, күйгентасты далалық және альпілік аласа шөптерден тұрады. Бұл өңірді жазда жайлау ретінде пайдалануға болады. Қала шегіндегі жасыл желек шамамен 8000 га ауданы алып жатыр, мұның 2,5 мың га жуығы жеміс ағаштары.

Қала маңында 4 мың  га жуық бақ тараған. Қаланың әрбір  тұрғынының үлесіне 90 м-ге жуық жасыл  желектен келеді. Жыл сайын қалада бірнеше мың түп ағаш, бұта өсімдіктері  отырғызылады. Алматы көшелерінің бойында, саябақ жолдарында ұқсас терек, емен, қараағаш, ақтал, кәдімгі және қырым қарағайы, Тянь-Шань шыршасы, Вигрин аршасы, т.б. жылтыр және қаражемісті ырғай, тобылғы, сирень, т.б. бұта өсімдіктері отырғызылады. Қаланы безендіру үшін аумақты гүлзарлар егілген /5/.

 

1.3 Қаланы ластаушы көздердің сипаты

 

Алматы қаласы статистика Басқармасының 2006 жылдың 1 қаңтардағы деректері бойынша Алматы қаласы көлік парктерінде 186,9 мың көлік болды. Олар атмосфераға бір жыл ішінде 200 мың тонна зиянды зат шығарады. Әрбір жүргізуші бір күнде орташа алғанда 5 литр жанармай жұмсайды. Бұл көлемнің үштен бірін дизель жанармайы құраған күннің өзінде де, Алматыда күнделікті 1,5 миллион литр бензин жағылады.

Қазір қалада автокөлік  саны 500 мыңға жетті (2006). Бұл 14-15 облыстағы көлік санына тең. Оның көбі ескі. Оның ішінде қауіптісі – формальдегид, фенол, азот диоксиді, полициклидтік көмірсутегі. Сонымен қатар олардан шығатын улы газдар мен олардың фотохимиялық айналуларының нәтижесінде түзілген зиянды өнімдер – фотооксиданттар (озон, Na2O), альдегид иемденеді /4,5/. Бұған қоса өндірістерден шығатын түтіннің де зияны айтарлықтай. Төменде келтірілетін диаграммалардан соның біржақты көрінісін байқауға болады /сурет 2,3/.

 

Алматы қаласының өндірістік қалдықтарының пайда болу және көмілу көлемінің диаграммасы

Сурет 2

 

Алматы қаласындағы өндірістік улы қалдықтардың пайда болу және көмілу көлемінің  көрсеткіштері

 

 

Сурет 3

 

 

1.4 Қаланың ауа және су бассейіндерінің ластану дәрежесінің факторлық анализі

 

Халықтың денсаулығына және қоршаған табиғатқа теріс әсерін тигізіп отырған атмосфералық ауаның ластануы Алматы қаласындағы көкейкесті экологиялық мәселе болып отыр. Қаланың бір тұрғынына орташа алғанда жылына 152 кг жуық зиянды зат келеді екен, соның ішінде: 117,6 кг оксид көміртегі, 13,9 кг – көмірқышқылы, 12,1 – азот оксидтері, 4,7 – күкірт диоксиді.

Тұрақты  көздерден  зиянды заттар шығарудың біршама  қысқарғанына қарамастан, Алматы қаласындағы  атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары болып қалып отыр, қала Қазақстан қалаларының ішінде ең лас қала қатарында тұр. Атмосфераның ластану индексі (АЛИ) бойынша қала Өскемен, Шымкент, Ақтөбе және Лениногорск қалаларынан кейін 5-ші орында тұр. Бұл көрсеткіш 2000 жылы 9,9 құрады. Қаладағы ауаның ластануы нормадан 2,5-2,7 есе асып түсіп отыр.

Казгидрометтің көптеген жылдар бойы бақылау бойынша ауаны  ластаушы негізгі заттар:

  • шаң (ұшып жүрген бөлшектер);
  • күкірт диоксиді;
  • көміртек оксиді;
  • азот оксиді мен диоксиді;
  • формальдегид.

Алматы қаласындағы  ауа бассейінінің ластану мәселесінің  көкейкестілігі – ластау заттарын шығаратын бірнеше бастаудың  болуын, Іле Алатауы етегіндегі аймақ  жағдайында атмосфераның өздігінен  тазалану ресурсының әлсіздігін анықтайды.

Қаладағы атмосфералық ауаның ластануының негізгі көзі – транспорт, қала өнеркәсібі және энергоқуат көздері болып табылады. Соңғы жылдары экономиканың қайта құрылуына байланысты қаланың шаруашылық құрылымында біршама өзгерістер болды: көптеген ескі, соның ішінде ірі кәсіпорындар тоқтатылды, бір бөлігі бағытын өзгертті. Сервистік және коммерциялық қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалар қызметтерін қайта ұйымдастырды /7/.

Алматы қаласындағы  аудандар атмосферасының өзін-өзі тазарту  ресурсының әлсіздігі қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың (ҚМЖ) жиі қайталануларымен түсіндіріледі. Бүкіл ТМД территориясынан Алматыдағы секілді желі өте әлсіз ауданды табу өте қиын.

«Қазгидромет» РМК-ның көп жылдық бақылауы көрсетіп отырғандай, әлсіз желдің (1м/с) қайталану жиілігі жазда 71%, қыста 79%-бен бағаланады. Қаладағы жел жылдамдығының орташа жылдық белгісі 1,7 м/с аспайды, ал 2,2 м/с-ке дейін көтерілуі жылдың жылы жарты жылдығында, қарама-қарсы процестердің жиілеп және таулы-жазықты айналымның дамуы есебінен байқалады. Қыс мезгілінде атмосфера ұзақ уақыт бойы қимылсыз болады, желдің орташа жылдамдығы 1 м/с шеңберінде қалып қояды.

Алматы өнеркәсіптік ауданы шегінде табиғаттың келеңсіз өзгерістерге ұшырауы салдарынан, қоршаған ортаның жағдайы стандартқа сай  келмейді. Таулы және тау маңындағы аймақтарда орналасқан санаторий, курорттарында, бұрынғы пионерлагерінде, ресторандарда т.б. сол сияқты жерлерде ластанған су қалдықтарын тазартқыш желілер жоқ, сондай-ақ бағбандар шаруашылықтары өздерінің егін немесе бау бақша отырғызған массивтерінде пестицидтерді, гербицидтерді, тағы да басқа минералды тыңайтқыштарды қолданып жатыр.

Осы жоғарыда аталған  объектілер су қорғау аймағында жатыр, сондықтан да бұл талаптарды бұзу өте қауіпті екенін ескеру қажет.

Тікелей су шығару конусында  жер асты суын пайдалану аймақтың бастапқы кездегі су деңгейінің 40 метрге дейін төмендеуіне алып келеді. Сондықтан  тау етегіндегі сайға жиналған шөгінділердің  астындағы жер асты суларымен  түйіскен жерінде территориялық ауқымының ені 1 км-ге дейін және ұзындығы 20 км-ге жуық жаңа жер асты суының ағыны аймағының түзілуіне алып келеді. Бұл жерде айта кететін жай ластандырғыш заттар сумен араласып сулы горизонтқа түсуі мүмкін.

Су ағындарының химиялық құрамы әр түрлі, бұлардың көпшілігі барлық тірі ағзаларға қауіпті химиялық қосылыстар түзуі әбден мүмкін. Мысалы үшін «Сайран» су қоймасының жер асты суларының фенолмен ластануы байқалуда (сурет 4), бұл су да тасымалданады, пирокатехиндер мен буфенол сияқты зиянды қалдықтар, бастапқы затпен салыстырғанда өте улы жаңа зат түзеді. Бұрыннан келе жатқан қайнар су көздері орналасқан жерлерінде шіріген органикалық заттар жергілікті ластандырғыш азот қышқылының тұздарымен қосылып ритраттарға өту кезеңінде ауыр уландырулар тудыруы ғажап емес /7/.

 

Жер асты суларының фенолмен ластану көрінісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 4

 

 

Алматының солтүстік  бөлігінде жер асты суы деңгейінің көтерілгені білінеді. Жергілікті жердің батпақтарына және сонымен бірге  келеңсіз құбылыстар тудырады. Жер асты суларының мұнай қалдықтарымен ластану жағдайы байқалуда.

Алматы қаласында және оған іргелес жатқан елді мекендерде тұтынушылардың әр түрлі қажеттіліктерін  қамтамассыз ету үшін ірі көлемде  су көздері пайдаланылып жатыр. Қолданылып жатқан дәл осындай мөлшердегі ластанылған суды өндіріс орындары мен комуналдық шаруашылықтар және ауыл шаруашылық объектілері сыртқа шығарып жатыр. Су әртүрлі су жинақталатын жерлерге, сүзгіш алаңдарға, буландырғыш тоғандарға немесе тікелей өзендерге немесе су қоймаларына құйылып, ондағы жер асты және жер беті су қорларын ластандыруда.

Қалаға келетін су көзі негізінен биік тау басындағы  мұздықтардың еруі, жауын-шашынның түсуінен пайда болған жер асты және жер  беті сулары. Қазіргі уақытта негізгі  су көздері 6,5 м/с мөлшерде су тазалау жүйелері арқылы қаланың сыртына орналасқан. «Сорбұлақ» көлінің экологиялық жағдайы өте нашарлап кетті. Ол жөнінде табиғат қорғау партиясының жетекшісі М. Елеусізовтың жазған еңбектері жарыққа шықты. Сорбұлақтағы жағдайды біршама жақсарту үшін қаладағы «Мерей» жиһаз акционерлік қоғамының да қосқан үлесі бар. Мұнда мебель жасауға арналған ағаштар отырғызылды. Бұл «Сорбұлақ» көлін тасу қаупінен сақтап қалды.

Алматы қаласының қалдық суларын жинайтын «Сорбұлақ» көлі де Іле бойындағы елді-мекендерге, Балқаш көліне қауіп төндіріп тұр. Кезінде есептелмей, ойламай жасалған көлден құтылудың жолын таба алмай әуре болуда.

Іле өзеніндегі бөгет  пен Қапшағай су қоймасы да ойланбай бір кісінің еркімен жасалған шаруа.

Алматы қаласының көшелерімен  өтетін Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Есентай, Қарасу өзендерінде мұндай өнімдерінен басқа да зиянды қалдықтар көп. Автобазалардың, тері комбинатының қаладан жоғары канализациясы жоқ елді мекендердің қалдықтары өзен суларын ластайды.

Қаладан жоғары Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің суларының ластану сапасы бойынша І және ІІ топқа – «өте таза» және «таза» – жатады. Қала ішіндегі ағын су сапасы едәуір төмендейді, ІІІ топ – «едәуір ластанған».

Қала ішіндегі суларды  ластаушы заттарға құрамында азот бар  заттар, соның ішінде нитриттер жатады. 2000-2006 жылдары судың нитритпен ластануы «АММК-нан 0,5 км төмен» және «қаладан 0,5 км төмен» жерлерде көбірек байқалған.

1999 жылғы биотест нәтижесі  бойынша кіші өзендер суының  қатты булануы байқалмаған, судың  үнемі улануы Есентай өзенінен  Бірінші май мұнай базасынан төменірек жерде анықталған. Биоиндекация нәтижесі бойынша өзендер жағдайы едәуір тұрақты. Жер беті суларының бактериялыққ ластануы көптеген жерлерде байқалып отыр. Республикалық СЭС деректері бойынша, 1999 жылы жер бетіндегі пайдаланылған су бастаулары мен су қоймаларын тексеру барысында  олардың микробиологиялық көрсеткішке сай келмеуінің үлес салмағы 44,3 %-ды, Республикалық көрсеткіште 7,7 %-ды құрады. Су құбырлары арқылы келетін «ішуге арналған судың»микробиологиялық көрсеткішке сай келмеуінің үлес салмағы, ГОСТ 2874-82 көрсеткіштеріне жүгінсек, Алматы қаласы бойынша 3,2 % (1998 ж. -3,5%), бұл республикалық көрсеткіштен төмен (1999 ж. -5,1%,1998 ж.-4,5%).

Жалпы алғанда қаладағы сулардың ластануы өте қолайсыз жағдайда тұр, бұл қалада нөсерлік канализация жүйесінің жоқтығымен қатар, залалдандырылмаған, кір ағындылардың өзен суларына құйылуына да байланысты болып отыр. Алматы нөсерлі және еріген сулардың екпінді ағынымен сипатталады, бұл қаланың өте ұзаққа созылғандығымен, су жинау бассейінінің көлемді аумағымен және жердің еңістігімен түсіндіріледі. Су қорғау зоналары мен аймақтары өзендерді қорғау міндеттерін атқара а лмай отыр. Су қорғау зоналары мен аймақтары шеңберінде автотұрақтар, көлікке май құю станциялары, ГСМ қоймалары жұмыс істеуде, көптеген кір-қоқыс үйінділері пайда болуда, ағынды сулар рұқсатсыз төгілуде /1/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ  ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ НЕГІЗГІ  КОМПОНЕНТТЕРІ

 

 

Соңғы уақытта қаланың  оңтүстік территориясында жанармай бекеті (ЖБ) көп салынуымен байланысты, олардың мысалында, Алматы қаласында сулардың ластануын қарастырайық.

ЖБ территорияларында  сумен қамту жүйесі жоқ. Шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне адамға тәулігіне 25 литр көлемінде әкелінетін су қолданылады. Су арнайы мырыштандырылған ыдыста сақталады.

Өрт сөндіруге кететін  су шығыны 10 л/сек құрайды. Өрт гидранттарының орналасу орындарына флуористикалық немесе жарық бейнелейтін жабылуларды  қолдану керек. Көгалдандыру жұмыстары АҚ "Благоустройство" келісімі бойынша жылы кезенде жүзеге асады.

Алматы қаласының сумен  қамтуы Алматы кен орнының (35 %-ға), Талғар кен орнының (40 %-ға дейін) жер асты сулары және Үлкен Алматы (23 %) мен Кіші Алматы (2 %) өзендері суларының есебімен іске асады. Жер асты сулары жоғарғы, ластануға қауіпті, зонада қоректену облысы 50 %-ға жетеді. АҚ "Алматы гидрогеология" мәліметтері бойынша Алматы жер асты сулар кен орны шегінде жоғарғы гидродинамикалық аралықтың (0150 м) тауалды жазықтықта 50 м қабатының ластануы бекітілген.

Мөлшерлі шекті шамадан (МШШ) асатын концентрациялар бар компоненттердің ең жиі кездесетін түрлері мұнай өнімдері, марганец, нитраттар болып табылады. 1997 және 1998 жылдары СЭС жүргізген зерттеулерінде ластануды бақылайтын жұмыстар 1984 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан Первомай мұнай базасы ауданынан басқа жер асты суларында мұнай өнімдері анықталған. Бақылаудың барлық кезеңінде мұнай өнімдерімен ластанудың жоғарғы деңгейі тіркеледі (1000 мг/дм3 концентрациясымен ластану ауданы 3-4 га-ға жуық).

Қаланың оңтүстік бөлігінде  балық шаруашылығы қоймасында көмірсутегілер және фенолдар нормаларының артқаны байқалады.

Өзен суларының ластану  деңгейі өзен бастауларынан сағаларына қарай ұлғаяды, негізгі ластаушы заттар болып әлі де азот құрамды заттар және мұнай өнімдері табылады /кесте 2/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 2           1995-2004 жж. Үлкен және Кіші Алматы өзендері ластануы

        күйінің сипаттамалары (МШШ үлестері бойынша) Алматы қаласы

                                         өзендерінің ластану күйі

 

Ластаушы заттар атауы

1995

1997

1999

2000

2004

Үлкен Алматы өзені

Нитриттер

13,5

8,2

2,0

2,2

2,75

Фенолдар

1,3

1,0

1,0

1,0

0,7

Мұнай өнімдері

4,2

2,6

2,5

4,1

2,4

Фтор

0,85

1,1

0,8

0,7

0,8

Кіші Алматы өзені

Нитриттер

15,0

17,0

4,0

12,0

5,5

Фенолдар

2,2

3,1

2,0

1,0

0,9

Мұнай өнімдері

2,5

2,1

2,2

3,0

2,2

Фтор

1,4

1,4

1,2

0,8

1,0

Информация о работе Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері