Африка елдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 15:54, реферат

Краткое описание

Орографиясы жағынан әр түрлі және тым бөлшектенген Евра¬зияғаа қарағанда Африканың жері керісінше бет кұрылысы біркелкі және пішінінің карапайым болуымен ерекшеленеді. Оның рельефін¬де биіктігі 200 метрден 1000 метрге дейін баратын жазықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10 процентке жуығы ойпатты, ал 20 проценттен біраз астамы таулы болып келеді. Материктің шеткі бөлігі, әдеттегідей, ішкі аудандармен салыстырғанда көте¬ріңкі келеді. Олардың орташа биіктігі 750 метр кұрайды.
Африканың экватордың екі қапталындағы нсгізінен тропиктік-¬экваторлық кеңістік алабындағы орны жоғары температураның басым болуына себепші болса, ішкі бөліктерінің онша тілімденбеуі әрі тұйықтығы Африкаға тән континенттілік туғызады. Тегіс релье¬eфтiң басым болуы және географпялық орны зоналықтың айқын көрінуіне жағдай жасайды. Табиғат жағдайлары біршама біртектес болып келетін ендікті бойлай созылып жатқан жалпақ өңірлер экватордан солтүстікке және онтүстікке қарай бірін-бірі заңды түрде алмастырады. Зоналық құрылым, әсіресе, материктің ба¬рынша сом және рельефі бірсыдырғы солтүстік бөлігінде айқын көрінеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл