Электронды теодолиттер мен тахеометрлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 17:39, реферат

Краткое описание

Геодезиялық өлшеу деп өлшенетін шаманы бастапқы бірлік ретінде кабылданатын басқа бір шамамен салыстыру процесін айтады. Геодезиялық өлшеулерді негізінен үш түрге белуге болады:
-сызықтық-жер бетіндегі нүктелердің арақашықтықтарын анықтау;
-бұрыштық-горизонталь және вертикаль бұрыштардың мәндерін анықтау;
-биіктік (нивелирлеу)-жекелеген нүктелер арасындағы биіктік айырымдарын аныктау.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Биіктік өсімшелерін өлшеу әдістері...........................................................................4
Нивелир және оның құрылысы..................................................................................5
Нивелирлік рейкалар...................................................................................................7
Электронды теодолиттер мен тахеометрлер.............................................................8
Қорытынды.................................................................................................................10
Қосымша.....................................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

СӨЖ1 Нивелирлеуде қолданылатын аспаптар.docx

— 335.60 Кб (Скачать документ)

-арақашықтықтарды өлшеуге арналған  өлшеу ленталары, сымдар, рулеткалар, оптикалық кашыктык өлшеуіштер, жарық сәулелі қашықтық өлшеуіштер, т.б;

-бұрыштарды өлшеуге арналған  теодолиттер, буссольдар, гониометрлер  және т.б;

-вертикаль биіктіктерді өлшеуге  арналған нивелирлер, рейкалар, барометр-анероид,  т.б. жатады.

Геодезиялык жұмыстардың нәтижелері арнайы журналдарга жазылады да, дала жағдайында тексеріліп, түсірілетін  объектінің схемалық сызбалары жасалынады. Ол сызбаларды сұлба (арбис) деп атайды.

Жер бетінің әрқилы физика-географиялық жағдайлары жүргізілетін геодезиялық  өлшеулер дәлдігіне әсерін тигізеді. Сондықтан да қоршаған ортаның зиянды әсерін жою немесе әлсірету өлшеу  жұмыстары кезінде пайдаланатын аспаптарды, өлшеу әдістерін және жұмыс жүргізу тәртібін дұрыс  таңдауға тікелей байланысты.

Есептеу процесі өлшеу нәтижелерін бір жүйеге келтіріп, математикалық өндеуден және оларды пайдалануға неғұрлым жарамды түрге келтіруден тұрады. Есептеулерді жеңілдетіп, қажет нәтижелерді тез табуға және есептеулердің дұрыстығына көз жеткізу үшін, барлық есептеулер белгілі бір схемалар (ведомостер) бойынша жүргізіледі. Геодезиялық өлшеулердің әртүріне лайықты арнайы есептеу схемалары таңдалынып алынады. Есептеу жұмыстарын жеңілдету үшін әртүрлі қосымша қүрал-жабдықтар: кестелер, графиктер, электрондық есептеу машиналары, т.б. қолданылады.

Графикалық, процесс өлшеу мен  есептеу нәтижелерін белгілі  шартты белгілерді сақтай отырып, сызба  түріне келтіру. Алынған жазбалар жүргізілген  геодезиялық немесе маркшейдерліқ  жұмыстардың түпкі өнімі болып  саналады. Кейінгі әртүрлі инженерлік жобалау, есептеу және жобадан жергілікті жерге көшіру жұмыстары алынган  осы сызбалар негізінде жүргізіледі. Сондықтан, сызбалар мұқият тексеріліп, өте дәл мәліметтер нәтижесінде  жасалынуы қажет. Сонымен катар, графикалық жағынан сапасы өте жоғары болуга тиіс.

 

Теодолит — жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш елшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі — вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) — шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады.

Нивелир - екі нүкте биіктіктерінің айырмашылығын анықтауға арналған геодезиялық аспап; көлденең нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде тік орнатылған рейка көмегімен қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

                                                                    Нивелир

 

 

 

                                                                   Теодолит


Информация о работе Электронды теодолиттер мен тахеометрлер