Электронды теодолиттер мен тахеометрлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 17:39, реферат

Краткое описание

Геодезиялық өлшеу деп өлшенетін шаманы бастапқы бірлік ретінде кабылданатын басқа бір шамамен салыстыру процесін айтады. Геодезиялық өлшеулерді негізінен үш түрге белуге болады:
-сызықтық-жер бетіндегі нүктелердің арақашықтықтарын анықтау;
-бұрыштық-горизонталь және вертикаль бұрыштардың мәндерін анықтау;
-биіктік (нивелирлеу)-жекелеген нүктелер арасындағы биіктік айырымдарын аныктау.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Биіктік өсімшелерін өлшеу әдістері...........................................................................4
Нивелир және оның құрылысы..................................................................................5
Нивелирлік рейкалар...................................................................................................7
Электронды теодолиттер мен тахеометрлер.............................................................8
Қорытынды.................................................................................................................10
Қосымша.....................................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

СӨЖ1 Нивелирлеуде қолданылатын аспаптар.docx

— 335.60 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................................3

Биіктік өсімшелерін өлшеу  әдістері...........................................................................4

Нивелир және оның құрылысы..................................................................................5

Нивелирлік рейкалар...................................................................................................7

Электронды теодолиттер  мен тахеометрлер.............................................................8

Қорытынды.................................................................................................................10

Қосымша.....................................................................................................................12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Кіріспе

 

Геодезиялық өлшеу деп өлшенетін шаманы бастапқы бірлік ретінде кабылданатын басқа бір шамамен салыстыру процесін айтады. Геодезиялық өлшеулерді негізінен үш түрге белуге болады:

-сызықтық-жер бетіндегі  нүктелердің арақашықтықтарын анықтау;

-бұрыштық-горизонталь  және вертикаль бұрыштардың мәндерін  анықтау;

-биіктік (нивелирлеу)-жекелеген  нүктелер арасындағы биіктік  айырымдарын аныктау.

Жергілікті жердегі  нүктелердің биіктіктерін немесе өсімшелерін  анықтау мақсатымен жүргізілетін өлшеулерді нивелирлеу деп атайды. Нивелирлеудің  геометриялық, физикалық, механикалық, стереофотограмметриялық деген  бірнеше әдістері бар.

Нивелир – жер беті нүктелерінің биіктік айырмасын, өсімшесін  өлшеуге қолданылатын аспап. Нивелир  өлшеу дәлдігіне қарай үш түрге  бөлінеді.

Нивелирлеуде сантиметрлік бөліктері бар екі жақты рейкалар қолданылады. Олар ұзындығы – 3-4 метр, ені – 8-10 см және қалыңдығы 2-3 см тұтас  ағаш тақтайдан жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Биіктік өсімшелерін өлшеу әдістері

Жергілікті жердегі нүктелердің  биіктіктерін немесе өсімшелерін анықтау  мақсатымен жүргізілетін өлшеулерді нивелирлеу деп атайды. Нивелирлеудің геометриялық, физикалық, механикалық, стереофотограмметриялық  деген бірнеше әдістері бар.

Геометриялық нивелирлеу екі нүкте  биіктіктерінің айырмашылығын (биіктік  өсімшесі) горизонталь нысаналау  сәулесінің көмегімен анықтауға  негізделген. Бұл жұмысқа дүрбісі  горизонталь нысаналау сәулесінің көмегімен анықтауға негізделген. Бұл жұмысқа дүрбісі горизонталь  орналасқан нивелир деген аспап  пен рейка қолданылады.

Тригонометриялық нивелирлеуде биіктік  өсімшесін сол екі нүкте арасындағы қашықтық пен көлбеу бұрышты өлшеу  арқылы анықтайды. Биіктік өсімшесін  тригонометриялық формулаларды қолданып есептейді. Нивелирлеудің бұл әдісі  көбіне тахеометриялық түсірісте тахеометр  мен рейканың көмегімен жүзеге асады.

Физикалық нивелирлеу жергілікті жердегі  нүкте биіктігі мен атмосфералық қысымға негізделген барометрлік  және бір-бірімен жалғасқан екі  ыдыстағы сұйық зат деңгейінің тең  биіктігіне негізделген гидростатикалық  нивелирлеу екі түрге бөлінеді.

Механикалық нивелирлеу велосипедке, автокөлікке орнатылған арнайы аспаптар көмегімен жүргізіледі. Мұндай аспап  жылжығанда, автоматты түрде жүрген жол мен нүктелердің биіктіктері  бейнеленген профиль сызылады.

Стереофотограмметриялық нивелирлеу биіктік өсімшесін бір жердің екі қос фотосуреті арқылы анықтауға  негізделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Нивелир және оның құрылысы

Нивелир – жер беті нүктелерінің биіктік айырмасын, өсімшесін  өлшеуге қолданылатын аспап. Нивелир  өлшеу дәлдігіне қарай үш түрге  бөлінеді.

1)Н-05 дәлдігі өте жоғары  нивелир, 1 км-лік қос жүрістегі  өсімшесін анықтаудың орташа  дәлдігі 0,5 мм-ге тең.

2)Н-3 дәл нивелир. Орташа  квадраттық дәлдігі – 3 мм.

3)Н-10 техникалық нивелир.  Өсімше анықтау дәлдігі 10 мм-ден  аспайтын нивелир түрі.

Енді геодезиялық жұмыстарда кеңінен қолданылып жүрген нивелирлер Н-3 пен Н-10-ның құрылыстарына тоқталамыз.

1.Н-3 нивелирі 3,4 – кластық және техникалық  нивелирлеу үшін қолданылады.  Оның негізгі бөлшектеріне: цилиндрлік  деңгей (6) қондырылған дүрбі (8), көтергіш  бұрамалар (3) бар қондырғы (2), штатив  бекіту үшін жасалған бұрама  оймасы бар серіппелі пластинка  (1) жатады.

Цилиндрлік  деңгеймен бір қорапта орналасқан призмалы құрылғы деңгей үлбіреуігінің  бейнесін көз алдына келтіреді.

Нивелирге қойылатын басты талап – нысаналау  сәулесінің горизонталь орналасуы. Оны горизонталь жағдайға дәл  келтіру элевациондық бұранда (3) арқылы жүргізіледі, яғни деңгей үлбуреуігінің  еғ шетін ұштастыру арқылы.

Цилиндрлік  деңгейдің сыртқы жабық төрт түзетпе  бұрандалары бар. Нивелирдің вертикаль  осін алдын ала тік бағытқа  келтіру үшін дөңгелек деңгей (12) орнатылған және оның үш түзетпе бұрамасы бар.

Ең  алдымен дүрбісінің көздегіші (7) мен  бекітпе (10) арқылы бағыттап, одан кейін  жетекші бұрама (11) көмегімен дәл  көзделеді. Дүрбідегі жіптер торының  анық көруін қамтамасыз ететін кремальера (3) бар.

Элевациондық  бұрандамен деңгей үлбіреуігінің екі  шеті ұштастырылғаннан кейін, жіптер торының  ортаңғысы арқылы рейкадан есеп алынады. Есеп қашанда төрт таңбалы сан  болып келеді, көрсетілген мысалда  есеп 1145 мм-ге тең.

Нивелир - екі нүкте биіктіктерінің айырмашылығын анықтауға арналған геодезиялық аспап; көлденең нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде тік орнатылған рейка көмегімен қолданылады.

Құралымының негізгі  типтері бойынша нивелирлерді цилиндрлік деңгейлі нивелир және компенсаторлы нивелир деп екі топқа бөледі, соңғыларында нысаналау сызығы горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі. Дәлдігі жөнінен нивелирлер, негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге арналған өте дәл, ІІІ және ІV класты нивелирлеуге арналған дәл нивелирлер, зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған техникалық нивелирлер деп бөлінеді. Н-05 — оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, биік айырымды 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден арпайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлері — дәл, 1 км екі мәрте жүрісте биік айырымды 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған, дәл аспаптар. Инженерлік-геодезиялық зерттеулерде, ІІІ және ІV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлері — 1 км-лік екі мәрте жүрісте биік айырымды 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар құрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсірістерде биіктік шама негіздерімен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қазіргі кездегі нивелир аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға келтіру деңгейі арқылы тексеріледі немесе авторедукциялық компенсаторлар арқылы өздігінен жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нивелирлік рейкалар

Нивелирлеуде сантиметрлік бөліктері  бар екі жақты рейкалар қолданылады. Олар ұзындығы – 3-4 метр, ені – 8-10 см және қалыңдығы 2-3 см тұтас ағаш тақтайдан  жасалады. Алып жүруге қолайлы бүктемелі  рейкалар да жасалынады. Тақтайлар  ақ майлы бояумен боялып, оларға сантиметрлік торкөз бөліктер түсіріледі. Онда әрбір дециметр жазылады, ал сантиметрлік бөліктер, есеп алуды жеңілдету мақсатымен, 5 см сайын топтарға біріктірілген. Мәселен, Е әрпіне сәйкес топ 50 см-ді көрсетеді, және оны санамай-ақ қойса  да болады. Рейканың ең кішкене бөлігінің  сандық шамасы рейка бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м-ге тең. Рейканың төменгі жағында  оны тез тозудан қорғайтын  болат пластинкадан жасалған табан  қағылған.

Рейкалар бір жақты немесе екі  жақты да болуы мүмкін. Екі жақты  рейкалардағы бір сантиметрлік бөліктер бір жағында қара, ал екінші жағында  қызыл түспен белгіленген. Рейканың қара жағында есептеу нөлден басталады  да, ол негізгі жағы болып есептеледі. Рейканың қызыл жағы алынған мәліметті  тексеру үшін қажет, оның табаны нөлден емес, басқа саннан, мысалы, 4687 не 4687 мм-ден басталады. Егер нивелирлеу кезінде  рейканың екі жағынан есептер  алынса, онда қызыл жағынан алынған  есептен қара жағынан алынған  есепті шегергенде, әрқашан 4687, 4687 саны қалып отыруы қажет. Бұл сан есеп алудың дәлдігін де, дұрыстығын да көрсетеді.

Жұмыс жүргізер алдында нивелирлік рейкалар тексерілуге тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электронды теодолиттер  мен тахеометрлер

 

Қазіргі кездегі дәлдігі  және өнімділігі жоғары геодезиялық  өлшеу аспаптарына электронды теодолиттер  мен тахеометрлер жатады. Олар арқылы барлық өлшеулерді автоматтандырылған режімде орындауға мұмкіндік  туды. Бұндай өлшеу аспаптары өлшеу  нәтижелерін тіркеу және сақтау, әрі  қарай ЭЕМ-де арқылы өңдеуге мүмкіндік беретін есептеу және ақпараттарды сақтау құралдарымен жабдықталған.

Дыбыс арқылы топографиялық-геодезиялық  ақпараттарды далалық жағдайда өңдеу  еңбек өнімділігін арттырады.Және есеп алушының қателерін азайтады.

Топографиялық түсіріс  және басқа инженерлік – геодезиялық  жұмыс түрлерін жүргізуде далалық  өлшеулерді автоматтандыру үшін жоғары дәлдіктегі электрондық тахеометрлер жасалып шығарылған. Электрондық  тахеометрлер құрылысы кодты теодолиттің  негізінде жасалған. Ол бұрыш өлшеу  бөлігінен, сәулелі арақашықтық  өлшеуіштен және біріктіріп орналастырылған  ЭЕМ-нан тұрады. Бұрыш өлшеуіш  бөлігімен горизонталь және вертикаль  бұрыштар өлшеніп, сәулелі арақашықтық  өлшеуіш арқылы ұзындық анықталады, ал ЭЕМ әр түрлі геодезиялық есептер  шығаруды, аспаптың жұмысын басқаруды, өлшеу нәтижелерін бақылауды  және оларды сақтауды қамтамасыз етеді. Мысал ретінде Ресейде шығарылатын  электрондық ТаЗМ тахеометрін атауға болады: ол арқылы горизонталь бұрыштарды, зенит аралығын, көлбеу аралықты 10 мм үйлеспеушілікпен анықтауға болады және горизонталь салындылар, өзара  биіктіктер, көздеу биіктіктері, координата өсімшелері немесе көздеу нұктелерінің координаталары анықталады.

Аспап үш режимде жұмыс  істей алады: жекеленген, жартылай автоматты, автоматты және бақылау режимінде. Геодезиялық есептер атмосфераның рефракциясын, жердің қисықтығын, температураны, қысымды, аспап штативтерінің және шағылыстырушылар биіктіктерінің айырмашылықтарын есепке ала отырып шығарылады.

Бұрыштық өлшемдер градустар  мен гон арқылы өлшенеді. Аспаптың бұрыштық сезгісі кодты жинағыш  типті болып келеді. Тахеометрдің жиынтығында шағылыстырулар, штативтер, ток көзі, заряд беру, зарядты  жою құрылғылары, аспапты түзету және күту жабдықтары кіреді.

Түнде жұмыс істеу үшін ТаЗМ тахеометрі электр жабдығымен қамтамасыз етілген. Цифрлық таблоға түсетін  оперативтік ақпаратты тахеометрдің жадысына немесе сыртқы жинағышқа енгізуге болады.

Ресейде шығарылатын 2Та5 тахеометрі ТаЗМ атқаратын жұмыстарды орындайды, бірақ оның техникалық сипаттамалары  өзгеше: горизонталь бұрыш өлшеу  қателігі – 5'', зенит аралығын өлшеу қателігі – 7'', көлбеу аралықты өлшеу қатесі – (5+3 D км) мм.

Шетелдік фирмалар (АҚШ, Германия, Швеция, Жапония және басқа) бұрыш өлшеу дәлдігі 0,5''-тан 20''-қа дейін, арақашықтық өлшеу дәлдігі 2-ден 10 мм-ге дейін, ішкі жады 10000 нүкте бойынша бақылау нәтижелерін сақтай алатын әр түрлі электронды тахеометрлер шығарылады.

Роботталған электронды тахеометрлер де баршылық, мысалы, «Геотроникс» (Швеция) фирмасының «Геодиметр-640» электронды тахеометрі берілген бағдарлама бойынша  шағылыстырушылардың орнын өзі  таба алады, оларға дейінгі аралықты, горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшейді және әр шағылыстырушыларының координаталарын есептейді. Карьерлерде  бұндай аспаптардың көмегімен карьер ернеулерінің, кертпештерінің деформацияларын  анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Геодезиялык өлшеулер тура және жанама болып келеді. Егер шама аспаптың көмегімен  тікелей анықталса, оны тура өлшеу  деп атайды. Егер шама есептеулер арқылы анықталса, онда ол өлшемдердің шама тәсілі болып есептеледі. Геодезиялык  жұмыстар далалық және өңдеу жұмыстары болып бөлінеді. Далалық жұмыстарда әр түрлі өлшеулер жүргізіледі, ал өндеу жұмыстары: есептеу мен графикалық процестерден тұрады. Далалық өлшеулерге пландар мен карталар жасауда немесе арнайы мақсаттарда барлау траншеялары мен құрылыстарын бөлу, трассалар салуда) жер бетінде жүргізілетін геодезиялық өлшеулер жатады. Өлшеулер кезінде қолданылатын аспаптарға:

Информация о работе Электронды теодолиттер мен тахеометрлер