Волейбол
Курсовая работа, 25 Марта 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді.
Сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Енді осы ойынның адам организіміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.
Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболдың кқпшіліктің жаппай айналысуына жол ашты.
Содержание
Кіріспе ..................................................................................................................................2
1 бөлім
1.1 Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері...................3
1.2 Дене тәрбиесіндегі ойын әдісі......................................................................................6
1.3 Спорттың адам өмірінде алатын орны........................................................................8
Волейболдың дамуы және пайда болуы................................................................10
2 бөлім
2.1 Сабақ уақытында волейбол ойын тәсілдерін үйрету және оны жетілдіру жолдары............................................................................................................12
Тұрғын жайдары волейбол.....................................................................................17
2.3 Ойынның техникасы мен тактикасын оқыту............................................................18
2.4 Доп беруге оқыту методикасы...................................................................................21
2.5 Допты ойынға қосу......................................................................................................23
2.6 Шабуылдағы соққылар...............................................................................................26
3 бөлім
3.1 Қорғаныстағы ойын техникасы..................................................................................28
3.2 Қорғаныста ойнауға оқыту методикасы....................................................................30
3.3 Жарысты ұйымдастыру..............................................................................................32
3.4 Төрешілердің міндеті..................................................................................................34
3.5 Жарыс алаңы және керекті заттар........................................................................35
3.6 Воллейбол ойынының Қазақстанда дамуы...............................................................37
Қорытынды.........................................................................................................................38
Қолданылған әдебиеттер......................................
Прикрепленные файлы: 1 файл
валейбол.docx
— 106.27 Кб (Скачать документ)Мазмұны
Кіріспе ..................................................................................................................................2
1 бөлім
1.1 Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері...................3
1.2 Дене тәрбиесіндегі
ойын әдісі......................................................................................6
1.3 Спорттың адам өмірінде
алатын орны........................................................................8
Волейболдың дамуы және пайда болуы.........................
.............................. .........10
2 бөлім
2.1 Сабақ уақытында волейбол
ойын тәсілдерін үйрету және
оны жетілдіру жолдары............................................................................................................12
- Тұрғын жайдары волейбол......................
.............................. .............................. ...17
2.3 Ойынның техникасы мен
тактикасын оқыту..............
2.4 Доп беруге оқыту
методикасы....................
2.5 Допты ойынға қосу......................................................................................................23
2.6 Шабуылдағы соққылар...........
3 бөлім
3.1 Қорғаныстағы ойын техникасы..................................................................................28
3.2 Қорғаныста ойнауға
оқыту методикасы....................................................................30
3.3 Жарысты ұйымдастыру..............................................................................................32
3.4 Төрешілердің міндеті..................................................................................................34
3.5 Жарыс алаңы және
керекті заттар........................................................................35
3.6 Воллейбол ойынының
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер............................................................................................40
Кіріспе
Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді.
Сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Енді осы ойынның адам организіміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.
Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболдың кқпшіліктің жаппай айналысуына жол ашты.
Ал волейболшылардың организіміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде. Денеге аса күшті әсер ететін қимыл – жүгіру мұнда аз қолданылады. Волейбол ойнау реакциясы жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті қалыптастыруға көмектеседі, тыныс, жүрек, тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылады, жалпы алғанда организімге игі әсер етеді, волейбол адамды коллективтік қимылға, жеке бас мүддесінің команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді.
Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бірауызды пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор.
Сондықтан да осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс орны, тұрғын жайда берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.
Споттық ойын ретінде волейболдың пайда болуы және дамуы. Хақаралық барша бұқарасына волейболмен шұғылдануға жолдың ашықтығы. Халықты сауықтыруға және бұқаралық спортты дамытуға волейболдың міндеті. Соғыстың алдынғы жылдарындғы Волейболдыңдамуы. Волейбол республикалық кешендік спорт мектептерінің бағдарламасында. Соғыстан кейінгіалғашқы жылдарда және соғыстан деінгі жылдарда волейболдың дамуы салыстырмалы мәліметтер. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан волейболы. Қазақстан волейболшыларының Қазақстан және Орта Азия Спартакиядаларының бағдарламасының біріншіліктерге қатысуы.
1956-жылға дейінгі біріншіліктері
мен чемпионаттары. Қазақстан волейболшыларының
халқаралық жарыстарға қатысуы.
Қазақстан волейболшылары- Олимпиадалық
ойындар, Әлем және Европа чемпиондары.
Волейболдың дене тәрбиесі және тұрғындарды сауықтыру жүйесіндегі орны. Разрядты талаптардың және бақылау нармативтерінің ғыдыми әдістемелік негізі.
Спорттық разрят және дәреже алу үшін разрядтық талаптар және волейболшылардың техникалық-тактикалық дайныдығының нормативтері.
Дене шынықтыру иниститутунда жоғары дәрежелі мамандарды даярлау (оқытушылар және жаттықтырушылар) волейболдың арғы қарай дамуының маңзыды шарттардың бірі. Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.
1.1 Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің
маңызы мен міндеттері
Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене дайындығына, өмірге қажет әр түрлі қозғалыс іскерлігі мен дағдысының қалыптасуына дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Осы кезеңде оқушылар дене тәрбиесі және спорттық қимыл-әрекеттермен белсенді шұғылданбаса, олардың денесі жан-жақты, толық дамымайды. Дүниежүзі, Ресей және Қазақстан ғалымдарының пайымдауынша мектеп жасындағы оқушылардың қимыл белсенділігі аптасына 8-12 сағаттан кем болмауы қажет. Қимыл-әрекет белсенділігінің аздығы баланың денсаулығын нашарлатады, ағзаның қорғаныс күшін әлсіздендіреді, дене дамуын толық қанағаттандырмайды.
Бала ағзасының табиғи даму шыңы жоғарғы сынып жасына келетіндіктен негізгі дене қабілеттілігі мен функционалдық мүмкіншіліктерін осы мектеп жасында жетілдіру қажет. Барлық дене қасиеттерін дамыту және тәрбиелеуге ең қолайлы, тиімді кезең – мектеп жасындағы уақыт. Онан кейінгі кезеңдерде оларды дамыту өте қиынға соғады.
Мектеп жасындағы кезең әр түрлі қимыл-әрекеттерді үйретуге, жетілдіруге, өмірге қажет қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыруға ең қолайлы кезең болып есептеледі. Осы кезеңде үйренбеген қимыл-әрекеттерді, кейін адам денесі қатып, буын жылжымалығы, сіңір созылымдылығы азайып, қозғалыс шеберлігі нашарлап қалған кезде үйрену, жетілдіру қиынға түседі. Бала кезінде әр түрлі, көп үйренген, жетілдірілген, дағдыланған қимыл-әрекеттер адамға кеңістікте оңтайлы, епті, жеңіл қозғалуға мүмкіншілік береді. Жаңа, күрделі қимыл-әрекеттерді жылдам үйреніп алуға жол ашады. Ал мектеп жасын босқа, әрекетсіз өткізіп алған адамдардан мысал іздегіңіз келсе, дене тәрбиесі сабақтары дұрыс өтпеген мектептерді бітірген адамдардың ебедейсіз, орашолақ қимыл-әрекеттерін көресіз, солардан мысал табасыз.
Дене тәрбиесі сабақтары және спорттық жаттықтырулармен айналысқан оқушылардың бос уақыттары аз болады, олар әр минөттарын санап, қадірлеп өмір сүреді. Спортпен шұғылданатын балалар шылым шекпейді, ішімдік ішпейді, нашақор болмайды, бос уақыттарын үнемді пайдаланады, ондай келеңсіз іс-әрекеттермен айналысатын адамдардың арасында болмайды. Өйткені олардың бос уақыттары аз, адам ағзасына зиянды нәрселерді біледі, ондай әрекеттерге барса денсаулық нашарлайтынын, спортта жоғарғы нәтижеге жете алмайтындықтарын түсінеді.
Мектеп жасында балалардың ағзаларына әсер ететін дене тәрбиесі жұмыстары дұрыс ұйымдастырылса, ол оқушының дене және ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі деңгейінің көтерілуіне себеп болады. Осыған жетер жол дұрыс жоспарлануы, оқушылар белгілі білім негіздерін, әр түрлі ақпараттарды дұрыс алуы, меңгеруі, түсінуі керек. Оны түсінген оқушы өзінің дене және ақыл-ой, жұмысқа қабілеттілігі деңгейін жоғарылатуға тырысады, ұмтылады.
Дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі жұмыстары оқушылармен жүргізілетін басқа өнегелік, эстетикалық, еңбек, ақыл-ой тәрбиелерінің міндеттерін орындауды оңайлатады.
Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттері:
Сауықтыру міндеттері:
1. Денсаулықты нығайту, дұрыс мүсінді қалыптастыру, ағзаның барлық жүйелері мен функцияларын дамыту, жүрек қан-айналысы, тыныс алу, орталық жүйке жүйесін нығайту, зат алмасу үрдісін белсенді ету.