Ядролық энергетика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2015 в 07:27, реферат

Краткое описание

Қарапайым шопан өміріне үзіліс жасаймыз деп біз, бәлкім, болашақтағы үлы даналыққа, жасампаз дүние жаңалықтарына бастайтын жалғастықты үзіп алған болармыз. Адамзат тарихында халықтың қалың ортасынан шыққан ұлы ойшылдар аз болмаған. Әр ғұмырдың өзіне лайық шынайы бағасын бере білу керек. Қиял-ғажайыпшылардың пайымдауынша, тіпті абайсызда басып кеткен кебелектің өзі біздің болашағымызды өзгертіп жіберуге елеулі себеп болады екен. Мүнда философиялық терең мағына бар. Өмірдің арзан-қымбаты болмайды. Өркениет үшін эрбір ғүмырға баға жетпейді.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Қасіреттің дүниеге келуі туралы бірер сөз.
Полигон және қоршаған орта.
Адам ағзасына радиацияның әсері.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

ядро123.docx

— 35.17 Кб (Скачать документ)

1953 жылдың 12 тамызында  халық қатты тітіркеністі бастан  өткерді. Биіктігі 33 метрлік мүнара  басында куаты 480 килотоннаға тең  термоядролық жарылыс өткізілді. Диаметрі 16 километрлік саңырауқүлақ  тәрізді шаң-тозаң бүлт 16 километр биікке

көтерілді. Ондаған мың тұрғындарды 9 күнге эвакуация жасап басқа жаққа көшіріп апарды. Кам кірпіштен салынған түрғын үйлер, мекткптер және басқа да ғимараттар қирап қалды, жарылыс эпицентрінен 130 шақырым жердегі облыс орталығында терезе әинектері үшып кетті, көптеген үйлердің кабырғалары жарылды.

1955 жылдың 22 қарашасында  бірінші сутегі бомба сынақтан  өтті, оның қуаты бірінші сутегі  жарылысьшан әлдеқайда күшті еді. Бүл жарылыс 1500 метрлік биіктікте өткізілді. Биіктігі 18 километр болатын саңырауқүлақ тәрізді алып шаң-тозаң бүлт аспанға көтерілді. Ядролық «күннің» сэуле шашқаны сонша, тіпті ол жүздеген километр жерден анық көрінді, ал толқын соққысы 500 километрлік қашықтықтан сезілді.

1956 — 1958 жылдары  полигонда үсті-үстіне сынақтар  өткізілді, ол ядролық қару-жарақтың  жаңа типтерін жасауға мүмкіндік  берді.

1959 —1960 жылдары  жарылыс болған жоқ.

1961 жылы елімізде  континентаралық баллистикалық  ракеталар жасалды да, оларға  қажет ядролық, зарядтарды сынақтан  өткізу міндеті қойылды. Сондықтан 1961 — 1962 жылдарда сынақтар жиірек  өткізілді. Жылына ауада жэне  жер бетінде 40—50 жарылыс болып  түрды.

1963 жылы ССРО, АҚШ  жэне ¥лыбритания араларында  ядролық қаруды атмосферада, космоста  жэне су астында сынаудан шектеу  туралы келісімге қол қойылды. Жер бетіндегі және ауадағы ядролық жарылыстар тоқтатылды. Келісім биосфераның радиоактивтік ластануын азайтты, бірақ ядролық қарулар шығару бәсекесін тоқтатқан жоқ. Семей полигоны өз жұмысын белсенді түрде жүргізе берді. Келісім ядролық жарылыстарды тек жер астына «алып кетті».

ССРО-да жер астындағы жарылыстарга дайындық 1959 жылы басталған болатын. Бірінші рет ядролық зарядты 200 метр тереңдіктегі көлбей қазылған кеңістікте сынау 1961 жылы өткізілді. Тек 1965 жылдан бастап сынақтар 500 метр және одан да терең тік қазылған шахталарда өткізіле бастады. Көлбей қазылған көңістіктерде қуаты аздау және шектеулі зарядтар сыналды, ал тік қазылған шахталардағы сынақтардың қуаты 150 килотонға дейін барды.

1965 жылдың ңаңтарында  Шаран мен Ащысу өзендерінің  қосылған жеріндегі далада жерді  «жарып шыгатын» ядролық жарылыс  жасалды — эскери ведомство  кезекті эксперимент ретінде  қолдан көл жасамақ болған. Тереңдігі 100 метрдей, диаметрі 400 метрлік ондай  көл пайда болды да кең даланың  төсінде айнадай жарқыраған көгілдір  су қоймасы бір көргенде қатты  қызықтырады. Ал шын мэнінде, халық  тауып айтқандай, «өлі көл» өзінің  жүмбақтығымен қорқынышты болатын. Ол маңынан өтетін ескі жолдар  жабылды, су қоймасы қоршалды. Жарылыс  үлкен аумақты бөлінгіш заттармен  ластады.

 

 

 

ПОЛИГОН ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА

 

 

Адам өзін қоршаран ортамен бірге өсіп, біте қайнап келеді, өзі де осы табиғаттың бір бүтағы болып саналады. Біз адам — әлеуметтік ақиқат иесі дейміз, бірақ оның биологиялық түрғыдан табиғатын толық танымаймыз немесе оны қайта қүрсақ дейміз.

Қоршаған орта: ауа, су, жер, ормандар сау болса ғана адамның өзі де сау болады.

Адам — Жердегі биологиялық түрлердің ең жақсысы. Жер адам пайда болудан миллиардтаған жыл бұрын жаратылған жэне, бэлкім, адам бір-бірімен жэне табиғатпен бейбіт өмір сүруді үйренбесе, адамзат өліп кеткен жағдайда, жер сонша уақыт тіршілік ете алады, Бірақта біз ғасырлар бойы жэне мыңдаған жылдардан бері табиғатты пайдалану үранын басшылыққа алып келеміз, яғни табиғатқа қарама-қарсы бағытта тәрбиеленіп келдік.

Табиғатпен жарастықта өмір сүру үшін, оның заңдарын үйрену керек және оны бүзбаған жөн, адам, өркениетін қоршаған әлемге аса сақтықпен қарап отырып, одан өз

орнын табуға тиіс.

Қоршаған ортаны «қайта пішу» жөніндегі желөкпе жобаларды жэне ойланбай істелген эрекеттердің зардаптарын кім білмейді? Аралдың апатты таяздауы, Байкалдың ластануы, үлан-ғайыр Қарақалпақстан жерінің түз бен батпаққа айналуы, су электр станцияларын салған кезде орасан үлкен аудаңдардың су астыңда қалуы — бү_л тек белгілі мысалдар ғана. Өзімізді қоршаған ортаны осынша ғаламат өзгеріске душар ету, өкінішке орай, адамның жаңа табиғи-климаттық және өндірістік жағдайға бейімделуіндегі экологиялық жэне элеуметтік мэселелерді шеше алмайды. Алайда қоршаған ортаға зорлықпен жасалған өзгерістердің ішіндегі ең ауыры Семей аймағында болған өзгеріс. Ол ешбір ақылға симайтын апат.

Полигонның ондаған жылдар бойы атқарған белсенді қызметі кезінде айналаның — топырақтың, атмосфераның, судың радиоактивті газ-тозаңдармен, азық-түліктің радионуклидтермен ластануы туралы ауыз ашпайтын эдет берік қалыптасқан болатын, ядролық сынақтардың қоршаған ортаға әсері туралы болжам теріске шығарылды. Ал бүл бағытта ешбір зерттеулер мақсаткерлікпен жүргізілген жоқ. Тек облыстағы жекелеген салалардың ведомстволық бақылауы мен шешімдері кейбір мэліметтер береді.

Тамақ өнімдерінен, ашық су қоймаларынан, малдардың сүйектерінен қорғасын —210 табылды, ол уран —238 ыдырауынан пайда болған изотоп. Ал Семей облысында уран кенінің жоқ, екені белгілі, ендеше оның ядролық жарылыстардан тарауы әбден мүмкін.

1989 жылғы зерттеулердің  мәліметтері бойьшша үсақ малдардың сүйегіндегі қорғасын —210 мөлшерден ондаған есе көп. Етті пісірген кезде 10 проценті сорпаға шығады, денсаулыққа зияны аз емес.

Шаруашылықтардың байырғы өрістерінде жайылып жүрген жэне полигонға таяу жерлерден су ішетін малдың еті мен сүтіндегі радионуклидтердің барлығы мөлшерден ондаған есе асып түседі.

Жер астындағы дүмпулерді алайық. Жер астындағы ядролық жарылыстан туған сейсмикалық қозғалыс күші зарядтьщ қуатына жэне сынақ алаңының геологиялық жағдайына байланысты.

Невада полигонында жер қабаттары туфтар деп аталатын қуыстары көп жыныстардан түрады. Олар жарылыс толқындарының сейсмикалық энергиясын сіңіріп алады да, жердің сілкінуі онша қатты болмайды.

Семей полигонының алаңдары гранит деп аталатын тектес жақпартастардан түрады. Граниттің сейсмикалық тербелістерді сіңіру қасиеті төмен. Сондықтан мүндағы жерасты жарылыстары айтарлықтаай төрбелістер туғызады. Қашықтықтары мен қуаттары бірдей жарылыстардың Невада полигонындағы сейсмикалық тербеліс күші Семейден 3—4 есе төмен.

Жер астындағы әрбір жарылыс, олардың саны аз емес —343, жердің қыртысын қозғалысқа түсіреді.

Ғасырлар бойы терең тыныштықта, бейне бір үйқыда жатқан жер қабаттары жер асты ядролық күшті жарылыстардан қозғалысқа келіп, олардың ежелгі (аналық) қүрылыстары бүзылады.

Сондықтан да жер астындағы ядролық қуатты жарылыстарға таулар да төзе алмайды.

Міне, сондықтан жер астындағы судың табиғи ағыны зақымданып, бағыты өзгеріп кетеді, немесе қүрып қалады.

Полигонға іргелес аудандардың шаруашылықтарында осындай суы тартылған құдықтар әрбір жарылыс сайын пайда болып отырады. Соңғы жылдары поселкелер мен малды сумен қамтамасыз етіп түрған 700 қүбырлы құдық істен шығып қалды. 

 

 

АДАМ АҒЗАСЫНА РАДИАЦИЯНЫҢ КЕРІ ӘСЕРІ.

 

 

Адам ағзасы ұшан-теңіз клеткалардан (улпалардан) түрады. Мөлшермен ол 100

триллионға тең. Адам дегеніміз, айтарлықтай жоғары дамыған сезімтал механизм. Бірақ, өкінішке қарай, ол сәуле эсеріне ұшырағанын білмей қалады. Барлық клеткалар жэне тері радиация энер-гиясын еш ауырсынбай сіңіре береді. Осы кезде ағзаның иондануы басталады. Тағы бір теріс әсер — атомдардың қозуы. Клеткалар мен тері заттарының қозған атомдары аса жоғары химиялық белсенділікке ие. Содан барып қалыпты, сау ағзаға тән емес жаңа химиялық қоспалар қү-рылады, олар клеткалар мен терідегі алмасуға қажет күрделі биохимиялық процестердің бұзылуына апарып соғады.

Бір сөзбен айтқанда, радиация туғызған физикалық процестер — иондану және атомдардың қозуы ағзаның өмірлік маңызды функцияларына тікелей бүзушылық әсерін тигізеді жэне адамның түрлі мүшелерінің жүйелерін істен шығарады.

Адам ағзасының клеткалары әдетте түрлі ауруларды туғызатын сыртқы және ішкі бөгде заттарды жуытпай кері тебу қасиетіне ие. Сөйтіп ол иммундың қорғаныс жүйесін қүрайды.

Адамның аса шапшаң көбейетін клеткалардан түратын иммундық жүйесі жүздеген ғасырлар бойына жасалып, қалыптасты. Ол маңызды міндет атқарады — қоршаған ортаның тікелей әсерінен ағзаның тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, яғни адам денесі ішінде қажетті жағдай-лар туғызу жолымен ағзаның қоршаған орта эсерлеріне төтеп беруіне жетіседі. Бір сөзбен айтқанда, иммундық жүйе адамды сан қилы аурулардан табандылықпен қорғайды.

Алайда табиғаттың осы құдіреті Семей аймағында оншалықты түрақты болмай шықты.

Неліктен, не болып жатыр?

Жоғарыда айтқанымыздай, радиация клеткаларды, ең бірінші кезекте иммундық жүйенің клеткаларын жаралайды.

Рас, иммундың жуйе клеткаларының бір бөлігі өз бетімен дербес құриды, бүл — олардың генетикалық табиғатына тэн қүбылыс. Өйткені, олар аса шапшаң көбейетін клеткалар жәрдемімен қайта қалпына келеді. Әйтседе радиация әсерімен иммундық клеткалардың өлуі ондаған және жүздеген есе шапшаңдайды — осының салдарынан ағзаны иммундың қорғау әлсірейді, иммундық тапшылың жағдайы дамиды. Яғни адамның табиғи қуаты азаяды. Ақыры адам түрлі аурулар алдында әлсіз немесе қор-ғаныссыз куйге үшырайды.

Бәрінен де жүқпалы ауруларға қарсы түратын иммундың жүйе осалдық жасайды. Ағзаның шын мәнісінде барлық жұдпалы ауруларға қарсылық көрсетуі кемиді. Қатерлі ісіктерге қарсы иммундык, жүйенің бөлінуі едәуір уақыт өткен соң — сәуле алғанына 5 жылдан 40 жылға дейін және одан да көп уақыттан соң білінеді.

Жоғарыда айтылғандай, табиғат бұзылған иммундың жүйені қалпына келтіру үшін ағзаға қажетті уақыт беріп қамқорлық жасайды. Соған сәйкес бүлінбеген клеткалар бүлінгендерін алмастыра алады. Алайда сәуле әсеріне қайта у_шыраған шақта сол сау клеткалардың өздері бүлінуі мүмкін. Мұлдай жағдайда ағзаның қалпына келуі тежеледі, немесе ұзақ жылдарға созылады. Радиация адам ағзасының басты қаруы — иммундық жүйені құрту, әлсірету барлық ауруларға данғыл жол ашып береді. Сөйтіп,еэуле эсеріне ұшыраған адамдар иммундық жүйенің тапшылығына душар болады. Радиологиялық диспансердің деректеріне қарағанда полигонға жапсарлас аудандарда тұратын халықтың 70—80 проценті иммундық тапшылық зардабын тартуда. Бақылау топтарында бүл көрсеткіш 5—10 процент аралығында.

Адам ағзасының әрбір мүшесінің өз клеткалары болады жэне олардың әр-қайсысы өз бойында хромосомдар деп аталатын тұ_қым қуалау (генетикалық) механизмін сақтайды. Әр клетка хромосомдарының өзіндік кескін-кейпі болады. Яғни адамның әр мүшесі тек өзіне ғана тэн хромосомаларға ие.

Түқым қуалау механизмі — сонау палеозой дэуірінен бері көп мыңдаған жылдар ішінде өмір сүрген ұрпақтардың, өмірлік тәжірибесінің жемісі. Осы ғажайып клеткалар бізді барлық тіршілік қүбылыстарынан бүкіл ағзаның аса күрделі жүйелерін кешенді әрекет істеуге жүмылдыру арқылы аман сақтап келеді.

Адамның туқым қуалау механизмі шын мэнінде үлағасыр зор жүмыс жасайды. Олар — аталық және аналық клеткаларда орналасқан аса күрделі молекулалар, түқымдық белгілерді сақтаушылар жаңа тіршілік иесіне қүрылымдарды, барлық бағдар мен ақпаратты, өзінен бүрын барлық ұрпақтың жадындағыларды мүра етіп береді. Мысалға бір улттың немесе тайпаның бір топ адамын алайық. Олардың бэріне сырт ұқсастық тән. Егер жеке отбасына келсек, одан да көп үқсастық көрінеді. Балалар ата-анасына, ал кейде бабаларына айнақатесіз үқсайды. Мүның бәрі — түдым қуалау механизмінің жемісі. Осы ғажайып механизм осылайша тынымсыз жу_мыс істейді. Оған ешқандай альтернатива жоқ.

Дегенмен табиғат, осындай қайталанбас механизмді жасай отырып, неліктен екені белгісіз, оны толық аяқтамаган. Оған күйрете соққы беру үшін көп нәрсе қажет емес. Мысалы, радиациялың әсердің көзге көрінбейтн жэне жанға батпайтын қас қағым сәті ғана түқым қуалау механизміне ондаған тіпті жүздеген жылдарға жететін ауыр соққы береді.

Иондаушы радиация әсерінен түқымдық белгілерді сақтаушы хромосомдар қайтып қалпына келмейтін жағдайға душар болады, яғни хромосомдық аппарат істен шығады. Бүл өзгеріс радиадиялың сәуле алған адамда үрпақтан урпаққа — баланың баласына көшеді. Содан барып нәрестелер сан түрлі кемістермен, кемтарлықпен өмірге келеді.

Иондаушы радиацияның тіпті болымсыз өте кішкене мөлшерінің адам ағзасы клеткаларына генетикалың ауыр бүлдірулер тигізетіні анықталды. Мүндай жағдайда сау клеткалардың биолоиялық заңды көбеюі орнына сәуле алған клеткалардың қалай болса солай жэне басқа хротикалық мутация деп аталады. Басқа, кері қасиетке ие мосомдық сапада көбеюі өрістейді. Бүл процесс — сома болған клеткалар өздерінің бұл қасиеттерін дүниеге келетін нәрестеге береді, сөйтіп түрлі патологияны (түрдің, кескін — кейіптің басқаша өзгеруін) туғызады.

Радиация әсерінен пайда болған соматикалық мутациялар беймәлім ұзақ мерзімге болашақ үрпақтарға беріледі және табиғи жағдайда осы үласпалы дертті жою мүмкін емес дейді Семей аймағы практикасына сүйенген ғалымдар.

Жапон ғалымдары соңғы жылдарда соматикалық мутациялар санының сәуле алу мөлшеріне тікелей сәйкес келетінін анықтады. Мәселен, 15—20 бэр сәуле алу 10 бәр мөлшерінде алғандарыдан 3—4 есе көп соматикалық мутациялар туғызаты көрінеді. Ал Семей облысының полигон төңірегіндегі түрғындары 150—250 бәр жэне одан да жоғары сәуле алды.

Информация о работе Ядролық энергетика