Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 00:09, автореферат

Краткое описание

Осы мақсатқа жету және ұсынылған болжамның дұрыстығын тексеру үшін мынандай зерттеу міндеттері анықталды:
− зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми көпшілік әдебиеттерге талдау жасау.
− оқытуда шығармашылық есептерді пайдалану арқылы оқушыларының физикаға қызығушылығын арттырудың әдістемелік негізін айқындау.
− физикалық шығармашылық есептердің жүйесіне, мәніне, мазмұнына талдау жасау және оларды шығару жолдарын жетілдіру шараларын қарастыру.
− шығармашылық есептер негізіне қойылатын талаптар мен критерийлерді тұжырымдау.
− шығармашылық есептерді пайдаланудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексеру.
− зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар даярлау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая менинки.doc

— 291.00 Кб (Скачать документ)

ӘОЖ 373.5.016.026.6:53 (574)                                           Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 САРИЕВА АЙГҮЛ ҚАМЗАҚЫЗЫ

 

 

 

 

Шығармашылық  есептер арқылы мектеп оқушыларының

физикаға қызығушылығын  арттыру әдістемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

13.00.02 – Оқыту және  тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (физика)

 

 

 

 

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу  үшін дайындалған диссертацияның

 

 

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

 

Жұмыс Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

 

 

                                                                           

Ғылыми жетекшісі                                                        

физика-математика ғылымдарының докторы Ерматов С.Е.

 

 

 

Ресми оппоненттер:

педагогика ғылымдарының докторы

Құрманов М.Қ.

 

педагогика ғылымдарының кандидаты 

Қаймолдина Ә.Қ.

 

 

Жетекші ұйым 

М.Х. Дулати атындағы Тараз  мемлекеттік университеті


 

 

 

 

Диссертация 2009 жылы ____________ сағат _____Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.08.05 диссертациялық кеңесінде өтеді.  Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, 4-қабат, 415-бөлме

 

 

Диссертациямен Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық  университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30)

 

 

 

 

Автореферат 2009 жылдың ___________ таратылды.

 

 

Диссертациялық кеңестің   

ғалым хатшысы                                              Ж.Ә. Шоқыбаев


 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңындағы өзгерістер орта мектептегі білім мазмұнының құрылымын әдістемелік жағынан толықтыру мен дамытуды қажет етеді. Осы орайда бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі мектеп оқушылардың ой өрісінің даму деңгейін көтеру, олардың ғылыми танымдық іс-әрекеттерін белсендіру, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін жасау болып табылады.

Физика пәнінің мазмұны мен әдістемелік жүйесінің қоғам дамуының жаңа кезеңдерінде құрылымы жағынан да, мазмұндық жағынан да үнемі жетілдіріліп отырылуын  отандық ғалымдардың да (С.Е. Ерматов, Қ.Жаңабергенов, Т.К.Кенжебаев, А.Б.Мәженова, Д.М.Қазақбаева, У.Қ.Тоқбергенова, А.Қ. Қаймолдина және т.б.), шетелдік ғалымдардың да (В.Г.Разумовский, Ю.И.Дик, О.Ю.Овчинников, А.В.Усова, т.б.) бірқатар зерттеу еңбектерінен аңғарамыз.

А.Е.Әбілқасымова, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.Н.Занков, А.Н.Леонтьев, Э.М.Мамбетакунов, М.И.Махмутов, С.Л.Рубинштейн және т.б. ғалымдар өмiрдiң өзгермелi жағдайларында еркiн бағдарлай алатын, алған бiлiмiн толықтырып, дамытуға, сол арқылы өз мүмкiндiктерiн iске асыруға және адамгершiлiк тұрғыда өзбетiнше дұрыс, жауапты шешiм қабылдауға қабiлеттi тұлғаны  іс-әрекет үстінде қалыптастыру мен дамытудың тиімді жолдарын зерттеген.  

Физика есептерінің мазмұны мен әдістемесі туралы (Р.И.Малафеев, В.Г.Разумовский,) алғашқы еңбектерде сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың техникалық шығармашылығын қалыптастырудың жолдары көрсетіліп, әдістемесі жасалды. Соңғы жылдары мәселенің мән-жайы шығармашылық іс-әрекетті өндіріс орындарындағы техникалық қондырғыларды мектептегі физика-техникалық үйірмелерде модельдеп көрсету арқылы (В.П.Басаргин, В.Н.Косов, А.П.Смыслов), физика сабағында олимпиадалық есептер шығарту және физикалық есептерді өз бетінше көбірек орындату арқылы (Н.М.Евсеева, Л.М.Чечин О.Ю.Овчинников,), оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру; оқушылардың ғылыми ойлау қабілеттерін (Б.Е.Акитай, Н.М.Зверева, М.С.Слепцова), компьютерлік техника негізінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін белсендіру (Н.В. Разумовская Н. Керімбаев, М.Б.Шабад) жолдары қарастырылған.

Біздің ғылыми және әдістемелік  әдебиеттерге жасаған талдауымыз физиканы оқыту әдістемесінің үнемі жетілдіріліп отыратынын көрсетті.  Алайда, қазіргі білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде үнемі туындап отыратын жаңа талаптарға сәйкес оқушылардың шығармашылығын, пәнге қызығушылығын шығармашылық есептерді қолдану арқылы оқыту әдістемесінің  теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттелінуінің жеткіліксіз орын алып отырғандығы байқалды. Физикалық шығармашылық есептерінің оқушылардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыру мен дамытудағы мән-мағынасының, маңыздылығының сыры ашылмай, назардан тыс қалып отыруы; оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерінің, көбінесе, сабақтан тыс уақыттарда, факультативтік сабақтарда жетілдіру әдістемесінің басым болуы; физика сабақтарында оқушылардың білімін шығармашылық есептер арқылы  дамытуға арналған зерттеу жұмыстарының жеткіліксіз қарастырылуы «Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі» атты зерттеу тақырыбын таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің  мақсаты − шығармашылық есептер арқылы оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыруды әдістемелік тұрғыдан негіздеу және ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету бағытындағы материалдарды тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізу.

Зерттеу нысаны – мектепте физиканы шығармашылық есептер негізінде оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні – мектепте шығармашылық есептер арқылы оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру.

Зерттеу болжамы – егер оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру шарты ретіндегі шығармашылық есептерді шығарудың әдістемесі жасалып, іске асырылса, онда мектепте физиканы оқытудың тиімділігі артатын болады, өйткені ондай есептер тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерінің дамуына және пәнге қызығушылығының дамуына ықпал етеді.

Осы мақсатқа жету және ұсынылған  болжамның дұрыстығын тексеру үшін мынандай зерттеу міндеттері анықталды:

− зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми көпшілік әдебиеттерге талдау жасау.

− оқытуда шығармашылық есептерді пайдалану арқылы оқушыларының физикаға қызығушылығын арттырудың әдістемелік негізін айқындау.

− физикалық шығармашылық есептердің жүйесіне, мәніне, мазмұнына талдау жасау және оларды шығару жолдарын жетілдіру шараларын қарастыру.

− шығармашылық есептер негізіне қойылатын талаптар мен критерийлерді тұжырымдау.

− шығармашылық есептерді пайдаланудың әдістемесін жасау және оның    тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексеру.

− зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар даярлау.

 Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мынандай зерттеу әдістері қолданылды.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; оқушылардың қызығушылығын арттырудың құралы болып отырған шығармашылық есептердің мазмұндық жүйесіне талдау жасау; шығармашылық есептерге қойылатын талаптар мен критерийлерді анықтауда ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқулықтар мен оқу құралдарын талдау; диагностикалық сауалнамалар, бақылау жұмыстарын әзірлеу; оқушылар және мұғалімдермен әңгімелесу, сабаққа қатысу; алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді пайдалану; әртүрлі мазмұндағы шығармашылық есептерді құрастыру; педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижесін математикалық жолмен қорыту.

Зерттеудің  негізгі кезеңдері. Бірінші кезеңде (2002-2004ж.ж.) психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер мен ғылыми зерттеу еңбектеріне жан-жақты талдау жасалды. Мұғалімдердің мектеп практикасында шығармашылық есептерді қолдану жағдайын, оқушылардың физикалық есептерді шығару қабілеттерінің бастапқы көрсеткіштерін айқындау үшін әлеуметтік зерттеу әдістері пайдаланды. Зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері анықталды. Зерттеу жұмысының теориялық негіздері анықталды.

Екінші кезеңде (2004-2007ж.ж.) физиканы оқытуда  шығармашылық есептерді қолдану негізінде  мектеп оқушыларының пәнге қызығушылығын арттыруға ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдер анықталып, шығармашылық есептерді шығару біліктіліктерін қалыптастыруды ұйымдастырудың дидактикалық тұрғыдан әдістемесі жасалынды.

Үшінші кезеңде (2007-2009ж.ж.) зерттеу жұмысының негізгі бөлігі орындалды. Дайындалған әдістеменің мазмұны талданып, қызығушылықты арттыруда шығармашылық есептерді қолдану әдістемесін жетілдірудің тиімділігі эксперимент жүзінде тексерілді. Зерттеу жұмысының қорытындылары және эксперимент нәтижелері өңделіп, әдістемелік нұсқаулар тұжырымдалды.

Зерттеу жүргізілген  тірек оқу орындары: Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 жан-жақты профилді гимназиясы, №86 мектеп гимназиясы, Шығыс Қазақстан облысының Аякөз қаласындағы №5 орта мектебі, Аякөз ауданының Ақшәулі орта мектебі.

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

-оқушылардың қызығушылығын  арттыруда шығармашылық есептердің мүмкіндігі анықталып, олардың классификациялануы іске асырылды;

-шығармашылық есептердің  мазмұнына, құрылымына қойылатын  талаптар мен критерийлер жасалды;

-шығармашылық есептер  арқылы оқушылардың қызығушылығын  арттырудың әдістемесі жасалды;

-шығармашылық есептер арқылы оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі тәжірибелік сынақтан өткізілді.

Зерттеудің  практикалық маңыздылығы. Алынған мәліметтер мұғалімдерге шығармашылық есептерді пайдалану жолымен оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру бойынша нақты кеңестер ұсынуға мүмкіндік береді, оқушылардың шығармашылық есептерді шығаруға ынтасын қалыптастыруға жағдай жасайды. Орта мектепте  физиканы қызықты оқыту негізінде алынған зерттеу мәліметтері және солардың негізінде алынған ұсыныстар келесі жұмыстарды іске асыруға қажетті қорытынды мәліметтер болып табылады: орта мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыруда, оқу-ағарту саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру семинарларында пайдалануда, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жасалатын әдістемелік ұсыныстар мен бағдарламалар жасауда және т.б.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

-физикалық шығарашылық есептердің классификациясы;

-шығармашылық есептердің  мазмұнына, құрылымына қойылатын  талаптар мен критерийлер;

-шығармашылық есептер  арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың әдістемесі;

-шығармашылық есептер  арқылы оқушылардың физикаға  қызығушылығын арттыру бойынша  эксперимент қоюдың нәтижесі.

Зерттеу нәтижелерінің  дәлелділігі мен негізділігі зерттеудің міндеттеріне сәйкес әдістерді пайдаланумен; зерттеу кезінде алынған қорытындылардың жалпы  орта білім беретін мектептердің іс-тәжірибесіне сәйкестігімен; ауыл және қала мектептерінде жүргізілген педагогикалық эксперименттік жұмыстың кезеңділігімен, тиімді ұйымдастырылуымен және оның нәтижелерімен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерінің сынақтан өткізілуі және тәжірибеге енгізілуі эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты. Зерттеу нәтижелері Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясының  жаратылыстану пәндерін оқыту лабораториясының мәжілістерінде (1994-1998ж.ж.), Алматы қалалық педагог кадрлардың білімін көтеру және қайта даярлау институтының ғылыми теориялық конференцияда (Алматы, 1999ж.), «ХХІ ғасырда білім беру және тәрбие жұмыстарының жүйелерінің дамуының басым бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент, 2001ж.), «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіз дамудың 10 жылдығы» атты халықаралық конференцияда (Қызылорда, 2001ж.), «ХІ ғасырда орта білім беру: жайы және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Астана, 2002ж.), ІІ Республикалық педагогикалық оқулардың материалдарында  «ХХІ ғасырдағы орта білім: ізденістер, мәселелер, болашағы» (Алматы, 2004ж.), сондай-ақ баспа беттерінде жарияланған ғылыми еңбектерде, мектеп практикасында көрініс тапты.

Диссертация құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындылар мен тұжырымдамадан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Физиканың табиғат заңдарын терең түсіндіруінің арқасында, ол ғылым ретінде қоршаған ортаны жіті танып, жан-жақты көзқарастар қалыптастырған адам баласының тыныс-тіршілігінің басқа да көптеген салаларына әсер етуде. ТМД және шет елдер тәжірибесінде физика ғылымының орта мектепте пән ретінде орны мен маңызын ғылыми-техникалық прогрестің келер онжылдықтағы жетістіктеріне байланысты бағалау қабылданған. Мәселен, бұл жөнінде халықаралық сарапшылардың болжамы мынандай: адам қызметінің барлық сферасына компьютерлер енеді; миллиондаған мамандықтар лазерлер мен роботтармен байланыста болады; адам қызмет сферасының кеңеюі (денсаулық сақтау, гигиена, өндіріс, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, күрделі индустриялық әскери жабдықтар және т.б.) жаңа технологияларды енгізілуімен байланысты болады.

Психологиялық-педагогикалық  теорияларда қызығушылықты жіктеудің  бірнеше түрі бар: дүниеге деген қарым-қатынасының сипаты, мазмұны мен кеңдігі, күші (белсенді, немқұрайды), тұрақтылығының дәрежесі (тұрақты, тиянақсыз), пайымдауы мен тереңдігінің дәрежесі бойынша және т.б.

Информация о работе Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі