Өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 19:05, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда ДСҰ мүше елдерге қойылатын басты талап- өнім сапасының жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету екені анық. Осыған байланысты Ресейде сапа жүйесін метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын жан жақты жетілдіру алға қойылған. Сапа жүйесін метрологиялық қамтамасыз ету нормативтік құжаттар сериясы түрінде рәсімделуі қажет, мысалы, кәсіпорынның стандарты түрінде. Өнімді шығарғанда метрологиялық сараптама, өлшеу әдістерін өңдеу, стандартталмаған өлшеу құралдарын аттестаттау, дайындағаннан бастап қабылдау бақылауына дейінгі өлшеу жүйелері сияқты сұрақтарға қатысты болуы керек.

Содержание

Кіріспе
1.1 Өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі
1.2 Салыстырып тексеру (калибрлеу) әдістері
1.3 Салыстырып тексеру (калибрлеу) схемалары
1.4 Сынау және калибрлеу әдістерінің жарамдылығын бағалау
2 ҚР-ның калибрлеу жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс.doc

— 166.50 Кб (Скачать документ)

Үлгілерді іріктеу процесінде сынақтар мен калибрлену нәтижелерінің сенімділігін қамтамасыз ету үшін бақыланып отыратын факторларды ескеру қажет. Егер бастапқы эталондар және стандарттық үлгілер тұрақты зертханадан тыс сынау, калибрлеу немесе үлгілерді іріктеу жүргізу үшін пайдаланса, онда қосымша процедуралар қажет болуы мүмкін. Егер зертхана сынау немесе калибрлеу үшін заттардың үлгілерін, материалдар немесе өнімдерді іріктейтін болса, онда зертхана үлгілерді іріктеу жоспары мен процедурасы болуы керек. Үлгілерді іріктейтін жерде үлгілерді іріктеу жоспары мен процедурасы болуы керек. Орынды болса,үлгілерді іріктеу жоспары статистикалық  әдістерге негізделуі керек.

 

 

 

 

1.4 Сынау және  калибрлеу әдістерінің жарамдылығын бағалау

 

Зертхана өз жұмысында қызмет аясына сәйкес әдістер мен процедураларды пайдалануы қажет. Олар үлгілерді іріктеуді, оларға қарауды, тасымалдауды, сыналатын және калибрленетін бұйымдарды дайындап, сақтауды және, егер ыңғайлы болса, өлшемдердің белгісіздігін бағалауды, сондай-ақ сынау мен калибрлеу деректерін статистикалық талдау әдістерін қамтиды.

Зертхана барлық  жабдықтарды  пайдалану және басқару, сыналатын  және калибрленетін бұйымдарға қарау  және дайындау жөнінде нұсқаулықтардың  болмауы сынақтар мен калибрлеудің нәтижелеріне күмән келтіретін жағдайларда пайдаланатын және басқаратын   нұсқаулықтар болуы керек.

Зертхана жұмысына қатысты  барлық нұсқаулықтар, стандарттар, басшылықтар  және сілтеме деректері көкейтесті етіліп, қызметкерлердің қолы жететін болуы керек. Сынақтар мен калибрлеулер жағдайынан кленттің рұқсатымен  және келісімімен ауытқуға болады.

Сынақтарды және калибрлеулерді қалай өткізу туралы қысқаша және жеткілікті ақпараты бар халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарнесесе басқа мойындалған техникалық шарттар ішкі процедура ретінде толықтырылуға немесе қайта рәсімделуіне мұқтаж емес, егер ол стандарттарды жарияланған күйінде  зертхана қызметкерлері пайдалана алатындай болып жазылса. Әдістің балама түрі немесе  қосымша толықтыру болған жағдайда қосымша құжаттаманы әзірлеу қажет болуы мүмкін.

Зертхана кленттерінің мұқтажын өтейтін немесе сынау мен  калибрлеуге жарамды үлгілерді  сұрыптау  әдістерін қоса, сынау  мен калибрлеу әдістерін пайдалану керек. Көбінесе халықаралық, аймақтық немесе ұлттық стандарттарды соңғы іс жүзіндегі басылымын пайдаланғандығына көз жеткізу керек, ол жарамаған немесе оны жасау мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда.

Қажет болғанда келісімді қолдануды қамтамасыз ету үшін     стандартқа қосымша толықтыруларды беруге болады. 

Егер клиент пайдаланатын әдісті көрсетпесе, зертхана халықаралық, аймақтық немесе ұлттық  стандарттарда  келтірілген беделді техникалық ұйымдар ұсынған, тиісті ғылыми мақалалардағы  немесе қабылданған әдістерді де қолдануы мүмкін. Таңдалынып алынған әдіс туралы клентті хабардар ету керек. Сынақтарға немесе калибрлеуге кіріспей тұрып,  зертхана стандарттық әдістерді дұрыс қолдана алатындығын дәлелдеуі керек.

Егер клиент ұсынған  әдіс жарамсыз немесе ескірген деп танылса, ол туралы клиентке зертхана хабарлауы қажет. Егер калибрленгенде бірқатар реттеуші  коэффициенттер енгізілуі қажет  болса, онда зертханада олардың көшірмесін тиісті деңгейде маңыздандыруды қамтамасыз ететін процедуралар болуы керек (мысалы,  компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етілуі).

Сынақтардың  және  калибрлеудің нәтижесін жоққа шығаратын  сынау мен калибрлеу жабдықтарын  реттеу, ақпараттық құралдар мен бағдарламалық  қамтамасыз етуін қоса жоюы тиіс.

Сынау мен калибрлеу  немесе үлгілерді іріктеу нәтижелерінің  дәлдігі мен сенімділігіне маңызды әсер ететін, сынау мен калибрлеу жұмыстары үшін пайдаланатын барлық өлшеу құралдары, қосалқы өлшеулерге арналған құралдарды қоса (мысалы қоршаған орта параметрлерін бақылау үшін пайдаланылар алдында тексерілуі (калибрленуі) тиіс).

Зертханада өлшеу құралдарына  тексеру жүргізу  үшін белгіленген  бағдарлама мен процедура  болуы  тиіс. Мұндай бағдарламада сынау мен  калибрлеу  жұмыстарын жүргізген  кезде пацдаланатын өлшеу және сынау жадықтарының физикалық шамаларбірлігінің эталондары ретінде қолданылатын стандарттық үлгілердің, физикалық шамалар бірлігінің эталондары ретінде қолданылатын стандартық үлгілердің, физикалық шамалар бірлігі этолондарын таңда, пайдалану, калибрлеу, тексеру,бақылау және енгізу.

 

 

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     2 ҚР-ның калибрлеу жүйесі    

1- сурет

 


 


 

 





 



 

 




 



 


 

 

 

 

 ҚР-да зертханааралық  салыстыруды жүргізуші Өкілетті  орган болып табылады – Мемстандарт,  болмаса өкілет берілген мекеме, болмаса жеке тұлға, іс-әрекеттің осы саласында техникалық білікті, бақылау зертханаларына тәуелсіз, бақылау нәтижелерінің құпиялығын берік сақтайтын. Қазақстан Республикасының өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің бірлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесінің негізгі қызмет шеңбері:

- калибрлеудің төңірегіндегі  құзыреттіліктің  мақсаты бар,  заңды тұлғалардың метрологиялық  қызметтерін тіркеу;

-   өлшеу құралдарын  калибрлеу;

-   негізгі қағидалары және ҚР-ның калибрлеу жүйелерін анықтау;

-  ұйымдастыру, әдістемелік және ақпараттық ҚР-ның калибрлеу жүйесінің қызметін қамтамасыз ету.

Өлшеу құралдарын калибрлеуді  аккредиттелген заңды түлғалардың  метрологиялық қызметтері өткізуге құқылы.

Аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылады.

Калибрлеу зертханасында заңды тұлғаның мәртебесі болуы керек және келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

- өлшеу құралдарының  калибрлеуде дербес шешім қабылдауға  тиісті құқығы болуы;

- тиісті міндеттердің  орындалуын қамтамасыз ететін метрологиялық қыметтің болуы;

-  калибрлеу шарттарына  сәйкес келетін келетін жұмыс  орнының болуы;

-  өлшеу құралдарын  калибрлеу үшін қажетті тиісті  техникалық базаның болуы;

- калибрлеуді ұйымдастыру  мен жүргізу тәртібін регламенттейтін  нормативтік құжаттардың болуы;

-  калибрлеу жұмыстарының құжатталған сапа жүйесінің болуы;

 

Калибрлеуші зертханада халықаралық бірлік жүйесіне дейін  зертханада жүргізілген өлшемдер мен  калибірлеудің қадағалануын қамтамасыз ету үшін жабдықтарды тексеру  бағдарламасы жасалып, жұмыс істеуі керек. Калибрлеу зертханасы ӨЖ бірлігінің алғашқы эталондармен байланыстыратын калибрлеу мен салыстырулардың үзілмес тізбегі арқылы өлшеу құралдарының және өзінің бастапқы эталондарының байланысын білдіреді. ӨЖ бірлігіне байланыстыру ұлттық эталондар арқылы жетілдіріледі. Ұлттық эталондар іргелі физикалық константа негізінде ӨЖ бірлігімен тең заңдастырылған немесе ӨЖ бірлігін алғашқы іске асыруы болып табылатын алғашқы эталондар, немесе басқа ұлттық метрология институты мен калибрленетін екінші эталондар болуы мүмкін. Өлшеу құралдарының салыстыру жөніндегі бөтен ұйымдардың қызметін пайдаланған кезде бірліктер мөлшерін тапсыру бұл қызметті өз құзыреттілігін, өлшеу мүмкіндігін, қадағалай алатындығын көрсете алатын зертханалар қамтамасыз етуі тиіс. Осы зертханалар берген тексеру туралы куәлік және калибрлеу туралы сертификаттар өлшеу қателігімен (немесе белгісіздікті) және белгіленген метрологиялық талаптарға сәйкестігінің константасын қоса, өлшеу нәтижелерін қосуы тиіс.

• Осы стандарт талаптарына сәйкес калибрлеу зертханалары білікті деп табылады. Калибрлеудің осы түріне байланысты осы стандартқа сәйкестігіне аккредиттелген калибрлеу зертханасы берген, аккрадиттеу жөніндегі органның белгісі бар калибрлеу туралы сертификат көрсетілген калибрлеу мәліметтерінің қадағалана алатындығының жеткілікті дәлелі болып табылады.

• ӨЖ жүйесінің бірліктерін қадағалауға тиісті алғашқы эталон арқылы (ВИМ-93,6,4 қара) немесе, ӨЖ тиісті бірліктері белгілерінде мағынасы белгілі және өлшемдер мен таразылардың бас конферениясымен (ӨТБК) және өлшемдер мен таразылардың халықаралық комитетімен (ӨТХК) ұсынылған табиғи константа арқылы жетуге болады.

• Іргелі физикалық константалар негізінде меншікті алғашқы эталондар немесе ӨЖ тарататын бірліктері бар калибрлеу зертханалары ӨЖ шамалар бірлігінің өлшемін тапсыруды қамтамасыз ету туралы тек ұлттық метрологиялық институттың басқа осындай эталондармен тікелей немесе жанама салыстырғаннан кейін ғана мәлімденуі мүмкін.

• «Белгіленген метрологиялық талаптар» термині- калибрлеу туралы сертификатынан өлшемдердің қандай техникалық талаптармен, осы талаптарды қосы немесе оларға бір мағыналы сілтеу жолымен орындалғаны анық көрсетіледі деген сөз.

• Егер «халықаралық эталон» немесе «ұлттық эталон» терминдері қадағаланумен байланысты пайдаланылса, онда бұл эталондарда ӨЖ жүйесі бірліктерінің жүзеге асыру үшін алғашқы эталондардың қасиеті бар деп есептелінеді.

Зертханада бар бастапқы эталондар, егер олардың сипаттамасы  күші жоқ деп мойындалмаса, басқа  мақсаттарға емес, тек калибрлеу  үшін пайдаланылуы керек. Бастапқы эталондар кез келген дәлелдемеге дейін және кейін тексерілуі тиіс. Аралық тексерулер стандарттық үлгілер, мүмкіндігінше, эталондармен немесе мемлекеттік стандарттық үлгілеріне сақталған, ӨЖ-нің өлшеу бірліктеріне байланыстырылуы керек.

Кәсіпорынның стандарттық  үлгілері техникалық және экономикалық орынды болғанша тексерілуі тиіс. Бастапқы, алғашқы эталондар, салыстыру эталондар  немесе жұмыс эталондары мен стандарттық  үлгілердің калибрлеу мәртебесіне  сенімділікті қолдауға қажетті тексерулер белгілі процедураларға және кестелерге сәйкес жүргізіледі.

Тасымалдау және сақтау зертханада ластануды немесе бұзылуды ескерту, және де оның тұтастығын сақтау үшін бастапқы эталондарды және стандарттық үлгілерді пацдалану, сақтау, тасымалдау, қауіпсіз қолданудың құжаттылығының процедуралары болуы тиіс.

                   

                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      

 

 

 

 

 

                                       Қорытынды

 

Елімізде енгізілген өнімді сертификаттауды қорыта келгенде өнім сапасын бақылау аккредиттелген зертхана калибрлеген өлшеу құралдарының көмегімен жүзеге асырылуы қажет.

Одан басқа, кәсіпорын мемлекеттік метрологиялық бақылаудан босатылғанымен, дамыған нарықтық қатынастарда нарықтық бақылауға кіреді және белгілі бір метрологиялық талаптарға бағынуы, пайдаланатын өлшеу құралдарының дәлдігін қадағалауы тиіс.

Сапа жүйесін метрологиялық  қамтамасыз ету нормативтік құжаттар сериясы түрінде рәсімделуі қажет, мысалы, кәсіпорынның стандарты түрінде. Өнімді шығарғанда метрологиялық сараптама, өлшеу әдістерін өңдеу, стандартталмаған өлшеу құралдарын аттестаттау, дайындағаннан бастап қабылдау бақылауына дейінгі өлшеу жүйелері сияқты сұрақтарға қатысты болуы керек. Калибрлеу міндетін ұлттық өлшеудің бірліктігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдық бөлігі деп қарастыру керек. Дегенмен, калибрлеуге жұмысшы өлшеу құралын ұлттық эталонға міндетті түрде  “байланыстыруды” талап етеді. Бұл талапты орындау, өлшеулер- ол техникалық  үдерістің бөлінбейтін бөлігі екендігінде, олар өнімнің сапасына тікелей әсерін тигізеді. Бұл тұғырда өлшеудің  бірліктерін мемлекеттік эталондарға берумен және заңнама нормалар мен ережелер арқылы жеткізіледі. Сатушыға сенімділік, өлшеу құралдарын калибрлеу туралы ұлттық метрологиялық мекеме атынан өнімге берілген сертификатпен бекітіледі.

Өлшеу құралдарын калибрлеу  туралы курстық жұмыста осы салаға қатысты заңдар мен нормативтік  құжаттарды қарастырдым және калибрлеу туралы мәселелер бойынша газет- журналдардың беттерін қамтыдым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1 Крылова Г.Д. Основы  стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов.-2-е издание.- М.: ЮНИТИ,2000,.-460 с.

2  «Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету туралы ҚР заңы» 09.06.04 ж. №558-ІІ ҚР

3 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента  качества: Учебное пособие /Авторский  коллектив- специалисты Алматинского  филиала ОАО «НацЭиС», ИльинаЛ.П.; Под научн. Ред. Ильиной Л.П.- Алматы: Казахстанская ассоциация  маркетинга, 2003.

4 Шишкин И.Ф. Основы  метрологии, стандартизации и контроля  качества: Учебное пособие.-М.:Изд-во  стандартов, 1988.

5 Лифиц И.М. Основы  сандартизации, метрологии и сертификации: Учебник.-М..:Юрайт,2000.

6 «Метрология» журналы

7 К.Е.Каржаубаев Метрология және өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі